400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың ортаңғы буынға өтудегі психолог көмегі жайлы

Материал туралы қысқаша түсінік
психолог мамандарына қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың ортаңғы буынға өтердегі психолог көмегі жайлы.

Мақсаты: оқушылардың бастауыш буыннан ортаңғы буынға өтердегі психологиялық дайындығын қалыптастыру бірін-бірі тыңдауға, түсіне білуге, достық қарым-қатынасын жақсартуға тәрбиелеу. Өтпелі кезеңдегі қорқыныштан өту.

Тренинг барысы: ұйымдастыру.

4-сынып жетекшісі, 5-сынып жетекшісі, педагог-психолог оқушылар мен бірге дөңгеленіп отырады.

Балалар бізде бүгін ерекше сабақ. Сынып жетекшілері және 5-сыныпта болатын сынып жетекшілері де бірге отырады.

  1. Сәлемдесу.

Мақсаты: жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын арттыру, эмпатия сезімін дамыту.

Ал орындарымыздан тұрып бір-бірімізбен амандасайық. Ол үшін көршіңізге қарап жымиып қолын қысуыңыз керек, ол одан әрі жалғастыра береді.

  1. «Мен өзімді...... мақтаймын» жаттығуы.

Мақсаты: Өзіне деген бағасын арттыру, эмпариясын дамыту.

Орындарына отырып, әркім өзі туралы жақсы 1-2 жақтарын айтып, ойыншықты көршісіне береді.

  1. Жаттығу. Кім нені?

Мақсаты: Топта өзара сенім-ділікті арттыру, өзін-өзі тануға және ашылуға ұмтылдыру.

Балалар орындарынан тұрып менің айтқанымды істейді

  1. Кім тәтті жақсы көреді? 1 қадам алға шығады.

  2. Кімнің үйінде мысық бар? Оң қолын көтереді.

  3. Кімге футбол ойыны ұнайды? Сол отырады.

  4. Кім би билеуді ұнатады? 2 қолын көтереді.

  5. Кім 4-сыныпты аяқтап, 5-сыныпқа барғысы келеді? Екі қолды көтеріп алақай десін.



Мінеки балалар, біз бәріміз 5-сыныпқа барғалы тұр екенбіз. Бүгінгі тренинг «5-сыныпқа Ақ жол » деп аталады.

  1. Жаттығу «Еске түсіру ».

Мақсаты: іштегі жағымды, жағымсыз жайттарды сыртқа шығару.

Қазір орындарына отырып көздеріңді жұмып 1-сыныптан, 4-сыныпқа дейін ең қызықты, қандай да бір кезеңді еске түсірейік, кімнің есіне түседі көзін ашады, бірақ барлығыңыз көздеріңді ашқанша үндемей отырасыздар.

Ал бәріміз болсақ, есімізге не түсті әркім айтып шығады.

  1. Міне біздің бастауыш сыныптан сумкамыз.Бұның ішінде бастауышқа керекті барлық кітап, дәптеріміз, бастауышта алған білімдерің сыйып тұр. Ал мынау сумка орта буынға барғанда ұстайтын сумкаларың. Сумкаларды бірінің ішіне салғанда, әлі де бос орын бар. Ал осы бос орынды толтыру үшін не істеуіміз керек? (Білім )

  2. Сауалнама:

  1. 5-сынып туралы ойлағанда сен қорқасың ба?

  2. 5-сыныпта саған не қиындық туғызуы мүмкін?

  3. Қандай пәннен қиналам деп ойлайсың?

  1. Релаксациялық жаттығу.

Мақсаты: оқушыларда эмпатия сезімін және сенімін дамыту.

-Балалар, денелеріңізді бос ұстап, өздеріңе ыңғайлы отырыңыздар. Көздеріңізді жұмыңыздар. Қазір бізді 5- сыныпта не күтіп тұр, соны қиялдап көрейік. Мен не айтамын, соны көз алдарыңа елестетіп көріңіздер.

Сіздер 1 қыркүйек күні мектепке 5-сыныпқа келдіңіздер. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші.

  1. Кім қарсы алды сіздерді?

  2. Кім сабақ беріп жатыр?

  3. Қандай сезім алдыңыздар?

Мен 5-ке дейін санаймын. 1,2,3,4,5 міне өз бөлмемізге оралайық.

-Міне, балалар, ортаңғы буында қызықты, көңілді мектеп өмірін өткізуге сендерде өте тамаша маңызды қасиеттеріңіз бар. Сондықтан сіздерге әрқашан «Ақ жол! » тілейміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қыркүйек
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі