жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқушылардың өз-өзіне сенімділігін арттыруға арналған (тренинг- сабақ)
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы ,
Тасшағыл орта мектебінің психологі
Төкеш Жанагүл
Тақырыбы: Оқушылардың өз-өзіне сенімділігін арттыруға арналған
(тренинг- сабақ)
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тануын, өзіне баға беру дағдыларын қалыптастыру. Топпен жұмыс жасау дағдысын бекіту
«Өрмекші торы» жаттығуы
Домалақ жіпті бір-біріне беріп есімдері арқылы комплимент айту
«Сенің ойың...» жаттығуы
1. ҰБТ тапсыруға дайындығың өзіңді қанағаттандыра ма?
2. ҰБТ-ден қанша балл алатын мүмкіндігің бар?
3. Таңдау пәнінің болашақтағы мамандығыңа әсері бар ма?
Әрбір ҰБТ тапсырушы төмендегідей психологиялық талаптарға ұмтылу керек
“Мен істеймін”. Мен ҰБТ тапсыра аламын, емтиханға қалмай, атқарылатын жұмыстардың тетігін табамын. Сенімділік ұялату.
“Мен үшін керек” мақсатына жете алатынына көздерін жеткізу. “ҰБТ мен үшін керек” деп талаптану арқылы өз іс-әрекетін бағалай білу, ізденсе, оқыса өзі қойған мақсатына жете алатынына көзін жеткізу, өзіндік түйсігін ояту.
“Мен істей аламын” деу арқылы өз іс-әрекетіне сенімділікпен қарау, қоғам талабына бағыну керектігін сезіну, өзін және өзгені сыйлау қажеттілігін ұғыну. Алға қойған мақсатқа жету үшін төзімділікке тәрбиелеу
«Мамандықты тап» жаттығу
Нұсқау: Берілген мамандықты анықтау. Талдауға 30 секунд.
Менің мамандығым оңай сияқты, бірақ барлық ұжымның жұмысы маған байланысты. Мені бет жағымнан көп көре бермейді. Арқа жағымнан көп көреді. Менің мамандығымды анықтаңдар. (Дирижер)
Менің мамандығым күшті талап қояды. Ол денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Бұл саладағы мамандар гипотония ауруына шалдығады. Яғни қан қысымының төмендеуі. Мен жеке өмірімде алдын ала жоспар құра алмаймын, себебі мен әр кез үйде бола бермеймін. (Бортпроводник)
27
Мен 60-90 градус ыстықта аяғымнан тік тұрып жұмыс істеймін. Бұл мамандықты ешқандай оқу орнында оқытпайды. (Әйнек үрлегіш)
Мына жәшікте еңбек құралы бар. Ол музыкант- дәрігер- аспаз қолданатын құрал. Жәшікте не бар? (Қасық- дәрігер үй жағдайында адамның тамағын қасықпен қарайды)
“Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал” диагностикасы
Нұсқау: Бұл жұмыста сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
-Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
Сурет салу тапсырылғанда, “Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?” деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Әр затты салуға мейлінше аз уақыт (5-10 сек) беріледі.
Үй- адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл оқушы – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жайт қонақжай екендігін білдіреді.
Жол- адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жайт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
28
Жылан- “Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?” деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретіндеріңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынан көрініп тұрса, онда Сіз “Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен” деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, “Басқалардың мен туралы ойы жаман емес” деген ұстанымдасыз.
Бокал- адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайлы болғаны.
Шалбар мен орамал- адамның түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
“Мен басқаның көзімен” жаттығуы
Мақсаты: топтағы ұйымшылдықты арттыру. Қажетті құрал-жабдықтар: ақ бет, қалам.
Жұмыс барысы: қатысушыларға парақ таратылып, оның төменгі бөлігіне аттарын жазу ұсынылады. Кейін жүргізушінің берген сұрағына қарай әрбір адамға сипаттама жазылады.
Сұрақтар:
Егер бұл адам қандайда бір жануар түрі болса...
Егер бұл адам жыл мезгілі болса...
Егер бұл адам табиғат құбылысы болса...
Жиһаз түрі болса...
Жеміс-жидек болса...
Киім түрі болса...
Құс болса...
Ойыншық түрі болса...
Машина түрі болса...
Аптаның бір күні болса...
Әнші болса...
Түстің түрі болса...
29
Ыдыс-аяқ түрі болса...
Биші болса...
Талқылау: қатысушылар өз еріктеріне орай алған әсерлерімен бөліседі.
“Жасырын хат” топтық ойыны
Барысы: Қатысушылар топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде... Әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізесіздер. Әр топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі. Берілген тапсырманы ақ қағазға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
“ҰБТ-да жетістікке жетейік” әнін орындау
Арман,мақсат бір болған соң тілегіміз,
ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз
Білім болған бастау алар тірегіміз,
Әннен шашу шашайық.
Қайырмасы:
Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,
Орындалсын үміт толы тілегіміз.
Бәріміз де дайым,
Көрмей қайғы-уайым,
ҰБТ-дан жетістікке жетейік.
Жанымызға сенімділік серік болсын,
Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.
Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,
Асулардан асайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген