400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың өзін өзі мектепте ұстау тәртібі

Материал туралы қысқаша түсінік
фывапролджэхзщшгнекуц
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың өзін-өзі ұстауы, тәртібі

Мәтіндік есеп




Адамдардың қоғамдағы мінез-құлқы белгілі бір ережелерге бағындырылады. Мектеп тәртібі осы қоғам адамдары арасындағы қатынасты білдіреді. Мектеп төртібі біздің қоғамымыздық жағдайында қоғамда қалыптасып отырған қатынастардан ешбір ерекшеленбейді. Тәртіптің негізгі қасиеттері: жауаптылық, саналылық -мектеп тәрбие жұмысының бағытын, мазмұны мен методика әдістемесін анықтап береді. Тәртіп - мақсат, әрі ойдағыдай тәрбиелеу мен оқытудық қажетті құралы және барлық оқу тәрбие процесінің нәтижесі. Тәртіп пен жауапкершілік сезім болмайынша оқуға дұрыс көзқарас тәрбиелеуге, сабақта үйге берілген тапсырмаларды орындау кезінде тәртіп сақтауға үйре-туге болмайды. Жауапкершілік сезімді арттыру бұл оқу-тәрбие жұмысына керекті жағдайлар жасау болып табылады. Тәрбие жұмысында дұрыс бағыт ұстау үшін, мұғалім мектеп төртібінің ерекшеліктерін біліп қана қоймай біздің қоғамымызда қандай адамды толық мәнінде тәртіпті адам деп атауға болатындығы жайлы да түсінігі болуға тиіс. А.С.Макаренко: кімді-кім әрқашан неғұрлым қоғамға пайдалы мінез-құлық көрсете алса, сол адам ғана біздің қоғамымызда тәртіпті адам деп саналады деп жазды.
Оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеудің негіздері мен әдістері
Оқудық алғашқы күнінен бастап сыныпта жақсы тәртіп қалай орнатуға болады. Ең алдымен педагогика тәртіпті арнаулы өткізген кейбір іс-шаралар ғанаемес, мектептің барлық тәрбие жұмысы жүйесінің нәтижесі деп қарайтынын ұғынған жөн.
Балалар өмірін ұйымдастыруды, жеке басының тәртібін:
1) Оқушылармен өзінің арақатынасын егжей-тегжейлі ойластырған мұғалім ғана оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеуде табысқа жете алады.
2) Іскерлік, белсенділік етек алған, салдыр-салақтың пен тәртіпсіздікке жол бермеген мектепте ғана тәртіпті, белсенді жоғары саналы адамдар тәрбиеленеді.
Мұғалім саналы тәртіпке тәрбиелеудегі өзінің рөлі мен дәрежесін жақсы ұғынуы шарт.
Егер мұғалімнің жұмыс жүйесі өзінің белсенділігіне және оқушылардың үнсіз тіл алуына негізделген болса, ондай жүйенің, көмегімен саналы тәртіпті тәрбиелеу мүмкін емес.
Іс-әрекеттегі саналы тәртіптілікті тәрбиелеу
Адамның тәртіптілігінің аса маңызды белгісі - бұл онда ұйымдасқан мінез-құлықтың берік дағдылары мен әрекеттерінің болуы. Олар оқыту мен түрліше қоғамдық пайдалы еңбек процесінде қалыптасады.
Тәртіпті мінез-құлыққа үйретуде оқу еңбегінің ерекше мәні бар.
Балаларды сыныпта тыныш отыруға, мұғалімді зер салып тыңдауға, жолдастарына бөгет жасамауға, үйге берілген тапсырмаларды орындауға, мектеп шеберханасында, мектеп жанындағы учаскеде ұйымшылдықпен жұмыс істеуге үйретеді.
Бұл жерде мұғалімдер тарапынан қойылатын талаптардың бірлігін қамтамасыз етудің үлкен мәні бар. Мысалы: тәртіпті күшейтуге оқу процесін дұрыс ұйымдастыру, сабақта оқушылардың қолы бос болмауы және белсенділігі, танымдық ықылас, оқу жұмысына әуестік айтарлықтай болады. Тәртіпсіздік - сабақты жаман ұйымдастырғандық.
Саналы тәртіпке тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы еңбектің мүмкіндігі зор.
Қоғамдық еңбек процесінде оқушылар ыждағаттылыққа, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға, еңбекті сүюге, өмір жолындағы қиындықтар мен бөгеттерді жеңуге деген табандылық пен шеберлікке тәрбиеленеді.
Мектеп ауласын көгалдандыруға қатыса отырып олар ұйымшылдық, орындағыштық тәжірибесін алады, өз қолдарымен отырғызған ағаштар мен бұталарды күтіп, баптап сақтайтын болады. Соның нәтижесінде оларда тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімі тәрбиеленеді.
Жақсы ұйымдастырылған еңбекте мектеп оқушылары дұрыс мінез-құлық, педагогтар мен оқушылар ұжымы органдарының дәл орындау дағдыларына ие болады, әрі нығайтады, өзара жауапкершілікке, тыңғылықтыққа үйренеді. Еңбек және қоғамдық пайдалы іс-әрекет тек қана дағдылар мен әдептерді емес, сонымен бірге оқушы өзін тәртіп талаптарына сай ұстауға бағыттайтын ізгілікті мотивтерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.















Әлеуметтік педагог:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі