Материалдар / Оқушылардың өзіндік ізденістерін қалыптастыру

Оқушылардың өзіндік ізденістерін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке тұлғаның ой-өрісінің дамуы, белсенділігінің артуы, білім алу қажеттілігін түсінуі,оның өмірде іс тәжірибесіненде қолдана білуі, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешу құралдарының бірі болып оқушылардың өзіндік жұмысы саналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оқушылардың өзіндік ізденістерін қалыптастыру.«Ергер сіз болашақты бір жыл бұрын ойласаңыз ,онда күріш егіңіз. Ал екі жыл бұрын ойласаңыз,онда ағаш отырғызыңыз. Ал көп жылға бұрын ойласаңыз, онда адам оқытып тәрбиелеңіз»- деп қытай данышпан айтқандай еліміздің болашағы үішін бала оқытып тәрбелеу міндетін арқалап жүрген ұлы тұлға ол -Ұстаздар қауымы. Тәуелсіз Қазақстан үшін зерде-дейіні, ақыл-ойы, интелектісі жоғары, өз бетімен ізденіп шығармашылықпен қызымет атқара алатын азамат қажет. Осы қажеттілікті қажырлы еңбектін арқасында ,білім сапасын көтеру, оқу әдісін жандандыру мақсат болып отырған қазіргі кезде өзіндік жұмыс белсенділігін арттыруға , жетілдіруге сан түрлі жұмыстар жасалуда. Солардың бірі оқшылардың өздіндік ізденістерін жандандыру болып табылады. Жеке тұлғаның ой-өрісінің дамуы, белсенділігінің артуы, білім алу қажеттілігін түсінуі,оның өмірде іс тәжірибесіненде қолдана білуі, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешу құралдарының бірі болып оқушылардың өзіндік жұмысы саналады.Оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу мақсатына Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтар ерекше назар аударған. «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызыметі оның білімінің, шеберлігінің керек орыны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолды қысқару үшін,ол жолдан балалар қиналмай оқу үшін, керек білімің кешікпей, кезінде алып отыру үшін « балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін»-дейді А.Байтұрсынов оқушылардың өзіндік жұмысының мәні жайлы.Оқушылардың өздігінше жұмысы оқытудың ең басты құралдарының бірі. Ол мұғалімнің бақылауымен оқушының ешкімнің көмегісіз тапсырманы орындауы болып табылады. Дидактикалық әдебиеттерде өздігінше жұмысқа төмендегідей анықтама береді. Оқушының өздік жұмысы дегеніміз «оқушы қызыметінің , барынша белсенділігінің ,шығармашылығының,ынталығының сипаты-деп түсіндіреді. Өздігінше жұмыстың маңызды міндеттерінің бірі-оқушының жеке тұлға ретінде шығармашылық танымдық қызыметін қалыптастыру болып табылады. Өзіндік жұмысты кез -келген оқушы орындай алады деп дөп айту ,әрине ,қиын. Дегенменде , мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушының сабақ барысында, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында қалыптасады. Өзіндік жұмыстың түрлерін орындай отырып оқушы өз бетімен білім алады, ізденеді, функционалдық сауаттылығы жоғарлайды. Өзіндік жұмыстың сыныптан тыс орындалатын реферат, баяндама, ЭССЕ түрлерін орындауда тапсырмаларды алдын ала беру арқылы оқушыларға материалдарды алудың,табудың жолдарын көрсете кеткен жөн. Әсіресе қазіргі кезде оқушылар интернет желісіндегі түрлі сайдтарда еркін жұмыс жасай алатыны ерекше байқалады. Яғни олар кез келген тапсырманы еркін орындай алуына мүмкіндіктері мол дегенді білдіреді. Оқушылардың өзіндік жұмыс жасау арқылы әдебиетке деген биімділігі, үнемі ізденісте болуы, қызығушылығының тереңдігі байқалады. Осылайша тапсырмалар күрделеніп, ғылыми ізденіске ұласады. Қазіргі оқу процессінде мұғалім тек бағыт-бағдар беруші ретінде қызымет етсе , ал оқушы өздігінен біліп алып ізденуші. Яғни өзіндік жұмыстың маңызы зор.

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы«Жекеленген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернаты»Бастауыш сынып мұғалімі Курмашева Амина Берикбаевна
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ