Материалдар / Оқушылардың психологиялық есте сақтау қабілетін анықтау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың психологиялық есте сақтау қабілетін анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен ата аналамен қарым қатынасын жақсарту байланыстарын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
1567
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т анысу ойсергектері

«Қане танысайық!»

Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына тоқталуға болады.

Біз бір – бірімізбен таныстық. Енді өзімізді өзіміз білеміз бе?

«Өзіндік таным»

Нұсқау: Әр қатысушыға карточкалар таратылып беріледі. Ондағы

«Мен» дегенді ары қарай жалғастырады.

  1. Мен ..........................

  2. Мен ..........................

  3. Мен ..........................

  4. Мен ..........................

  5. Мен ..........................

  6. Мен ..........................

  7. Мен ..........................

Мен туралы басқалар не деп ойлайды? ..........................................................


«Орныңды жылдам ауыстыр»

Н ұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді . «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.

Әрбір ұстаз кез-келген жағдайлардан, педагогикалық әрекеттен өзінің шеберлігімен жол тауып шыға білу керек емес пе?

Олай болса біздің қазіргі ойын жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға, сондай-ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға көмектеседі.


«Менің есімім» атты жаттығу.

Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т.б.

«Карусель» жаттығуы

Ішкі және сыртқы шеңбер құрып бір шеңбер айнала отырып бірі-бірін қысқаша таныстырады.


«Менің сүйікті ісім» жаттығуы

Әркім өздерінің істейтін сүйікті істерін айта отырып бір-бірімен топтасады.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергектер

Айна

Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.

Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!

Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады.Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.

Сүйікті адамыңызға тілегенді – өзгелерге тіле!“

Б ұл ойсергек алдыңғыға ұқсас.Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдына елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді.Содан кейін оқушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек.

«Атомдар мен молекулалар»

Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

«Қызықты сұрақ»

Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады. Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса, жауабын мұғалімнің өзі айта отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: Неліктен? Ол кім, бұл не? сипатында болып келеді.

«Еден-төбе-мұрын»

Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

«Мен таптым»

Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

«Белгісіз басшы»

Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

«Дирижер»

Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.

«Жыланша»

Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап,келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.

Психологиялық тренинг

Оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның туылған айы қандай, мінез - құлқына қарай байланыстыру. Сонан кейін жыл жүйесі бойынша орындарын ауыстыру ұсынылады. Қайтадын оң жақтағы отыратын көршіге қарап, ол адамның айы неге сондай екенін түсіндіреді

Жер сілкіну“

-Үш адамнан ұстасып үй соғады, ортасында бір адам тұрады, 1-қимылдайды адамдар десе ішіндегі адамдар жүгіріп, келесі үйдің ішіне кіріп кетеді.2- қимылдайды – қимылдайды үйлер қимылдайды десек үйлер жүгіріп барып тұрған адамды қоршайды,3- жер сілкінді десек үйлер қолын түсіріп, басқа үйлермен үй соғады. Кезек –кезек ауысып тұрады.

«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.

1а) Интерпритация

Қызыл қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш қуаттың төмендеуі

Ақ –анықталмаған көңіл-күй.

2а) Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

«Әнмен бой сергіту».

Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат бригаданың әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды.

«Мимикалық ситуация».

Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.

«Ақ тілек»

Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады. Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.

«Өзіңді таны» тақырыбында психологиялық тест түріндегі ойсергектер

Менің қасиеттерім қандай?

Студенттерге мына аң-жануарларды тігінінен жазуды тапсыру қажет: қасқыр, ит, мысық, тышқан. Бірінші жолға осылардың ішінен ең ұнайтынын жазып, екінші және үшінші жолдарға азырақ ұнайтындарын келтіріп, төртінші жолға осылардың ішінен ең ұнамайтынын жазу керек. Осылайша тізімді тігінінен келтірген соң, әр аң-жануардың тұсына олардың қандай бір қасиетінің ұнайтындығын немесе ұнамайтындығын жазу тапсырылады. Мәселен:

Мысық – жұмсақтық,

Қасқыр – батылдық,

Ит – адалдық,

Тышқан – ұсақтық.

Осыдан кейін студенттерге бұл психологиялық тестің жауабы келтіріледі. Жоғарғы жолға жазған қасиет - өзімізге жетіспейтін қасиет, біз оны өзіміздің тұла бойымызда арттыруға, жетілдіруге ұмтыламыз. Екінші жолға жазылған қасиет - өзімізде бар деп есептейтін қасиетіміз, біз өзімізді осылайша түйсінеміз. Үшінші жолдағы қасиет басқа адамдардың бізді қалай қабылдайтындығымызды білдіреді, ел көзіне біз осылайша көрінеміз. Ал ең төменгі жолға жазылған қасиет біздің неден қашқақтайтындығымызды көрсетеді, біз тұла бойымызды бұл қасиеттен арылтуға ұмтыламыз.

Мұндай тестер әзілге негізделетіндігін ұмытпау керек.

«Оң ба, сол ма?»

Адам миының екі жарты шары әртүрлі әрекет атқарады. Адам мінезі мидың қай жарты шары жетекші болатындығына тәуелді деп есептейді ғалымдар. Төмендегі психологиялық тест мидың қай жағы басты қызмет атқаратындығын анықтап, мінездің кейбір ерекшеліктерін айқындау мүмкіншілігін береді.

1. Бірнеше рет екі қолыңыздың саусақтарын айқастырып, біріктіріңіз. Байқағаныңыздай, бір қолдың бас бармағы үнемі жоғарғы қалып отырады. Егер сол қолдың бас бармағы үстінде болса, онда Сіз эмоционалды адамсыз, ал егерде оң қолдың саусағы жоғарыда болса, ол Сіздің миыңызда талдау (аналитикалық) сипаты басым екендігін білдіреді.

 2. Қалам немесе қарандаш алыңыз. Бір нысана таңдап, соны екі көзіңізбен қалам немесе қарандаштың ұшы арқылы көздеңіз. Енді көздеріңізді кезекпен жек-жеке жұмыңыз. Егер нысана сол көзді қысқанда қатты ауытқитын болса, онда сол көзіңіз Сіздің жетекші көзіңіз екен. Бұл жәйт мінездің жұмсақ және көнгіштігін меңзейді екен. Ал егер оң көзіңізді жұмғанда нысана ауытқыса, жетекші көзіңіз оң болғандығы. Бұл дегеніңіз Сіздің мінездің қатқыл әрі бірбеткейлі екендігін көрсетеді.

3. Екі қолыңызды кеуде тұсында айқастырыңыз. Егер жоғарыда оң қолыңыз тұрса, онда Сіз қарапайымдылық пен мейірімге жақынсыз, ал егер сол қол үстінде болса, онда Сіз мақтануды ұнатасыз.

4. Қол шапалақтағанда оң қолыңыз «соғушы» болса, онда Сіздің мінезіңізде жігер басым, ал сол қол белсенді болса, онда Сіз шешім қабылдағанда көп толғанатын адамсыз.

Енді осы төрт тест нәтижесін О (оң) және С (сол) әріптерімен көрсетіңіз. Төмендегі жауаптардан өз мінезіңіздің ерекшеліктерін тауып алыңыз.

ОООО: Сізге тұрақтылық пен көп тараған пікірлерге құлақ түру тән. Сіз жанжалдасу, дау-дамай мен кикілжіңдерді ұнатпайсыз

ОООС: Сіздің мінезіңіздің негізгі ерекшелігі – жігерсіздік.

ООСО: Сізге жігерлілік, әзілқойлық және артистизм тән. Мінездің бұл түрі өте көпшіл болып есептелінеді.

ООСС: Мінездің бұл түрі сирек кездеседі, ол алдыңғы түрге жақын, алайда оған қарағанда жұмсақтау.

ОСОО: Мінездің бұл түрінде терең ой мен мінез жұмсақтығы ұштасады, оған жаңалыққа баяу үйрену мен сақтық тән.

ОСОС: Мінездің сирек кездесетін әлсіз түрі. Ондай мінезді адамдар ықпалдарға бейім болып, көп жағдайда өздерін қорғай алмайды.

СООО: Мұндай мінез жиі кездеседі. Оның негізгі ерекшелігі – эмоцияларға берілу, табандылықтың жетіспеушілігі. Сіз бөтен ықпалға бой алдырасыз және өмірдің әртүрлі жағдайларына оңай бейімделе аласыз. Адал достарыңыз көп, адамдармен тез тіл табысып кетесіз.

СООС: Сізге жұмсақтық пен сенгіштік тән. Сіз өзіңізге ерекше ықылас жасағанды талап етесіз.

ССОО: Сіздің мінезіңіз ашық әрі ақкөңіл. Сізге қарапайымдылық, қызығушылықтарыңыздың бір жақты болмауы, өзіңізге өзіңіз іштей есеп беру тән.

ССОС: Сіздің мінезіңізде ақпейілділік, жұмсақтық және адамдарға сену басым. Бұл өте сирек кездесетін мінез түрі.

СССО: Сіз сезімдерге беріліп кететін, пысық әрі жігерлі адамсыз. Алайда жиі жағдайды шиелендіре түсетін асығыс шешімдер қабылдайсыз. Сізге ішіңізде сенімді «тежеуіш» қалыптастырған жөн.

СССС: Мінездің жаңалықтарға құмар түрі. Сіз ескі заттар мен жәйттерге жаңаша қарай аласыз. Сізге эмоцияларға берілу, менмендік, өзімшілдік тән.

СОСО: Мінездің ең мықты түрі. Сізді бір нәрсеге иландыру мен сендіру қиын. Сізге өз көзқарасыңызды өзгерту қиынға соғады. Алайда Сіз өте пысық әрі жігерлісіз, өз мақсаттарыңызға жетуде табандысыз.

СОСС: Алдыңғы түрге ұқсас мінез. Өз мақсаттарына жетудегі табандылық, өзінің әрекеттерін талдауға бейім болады. Алайда достар табу қиыншылық туғызады.

ОССО: Сіздің мінезіңіз жайлы әрі жеңіл. Сіз жанжалдарды болдырмайсыз, саяхаттауды ұнатасыз. Достарды оңай табасыз. Алайда қызығушылықтарыңызды жиі өзгертіп отырасыз.

ОССС: Сізге тұрақсыздық пен тәуелсіздік тән. Сіз сырт көзге жұмсақ көрінесіз, алайда күрделі мәселелерде Сіз талапшыл әрі табандысыз.

(Бұл ойсергек Тадахико Нагао және Исаму Сайтоның «Кокология. Психологиялық ойындар» (Kokology. The Game of Self-Discovery), 2002 кітабынан алынды)

«Мен кіммін?»

Сіздің қиын жағдайдан шығуыңызға бар болғаны 1-2 минут қана уақытыңыз бар. Сіз елсіз аралда тұрасыз. Сізге қандай да бір объект, өсімдік немесе жануар түріне еніп, әлгі қауіптен құтылуыңыз керек. Қиын жағдайдан шығып және одан аман қалу үшін қандай да бір объектіні немесе қандай өсімдік пен жануарды таңдайтыныңызды ойланып айтасыз.

Талқылау:

  1. Сізде қандай қиын жағдай болды?

  2. Қандай объекті, өсімдік немесе жануар кейпіне ендіңіз?

  3. Не үшін таңдадыңыз?

Біз өзімізді, өзгелерді танып біліп жатырмыз. Ендігі кезекте бір-бірімізге есте қаларлықтай сыйлық жасайық.

Оқушылардың зейіндерін бақылауға арналған тренигтер

Тренинг «Тормоз» деп аталады

Тренинге қатысушылар дөңгеленіп отырады қолдарын шапалақтап,

шапалақ ауаға 2 – рет ұрылады,

санға 2- рет ұрылады, өз есімін қысқартылған күйде айтады Мыс: (Айгерім, Айка- Айка деп Фарида болса, Фара- Фара,) Дөңгелек отырған адамдар ары- қарай жалғастыра береді, кім жаңылысып қалса сол адамға «тормоз» деген ат беріледі

Тренинг «Сантики-Фантики Лимпопо»

Тренингке қатысушылар шеңбер болып тұрады.

1-жүргізуші сыртқа шығып, қалған қатысушылар сантики- фантики лимпопо деп бір жаттығудан бастайды, кірген жүргізуші қай адам жаттығуды жасатып жатқан адамды табуы керек егер таппаса онда қайтып сыртқа шығып кетеді, ал егер кіріп тауып алса онда тапқан адам шығып кетеді ойын осылай жалғаса береді


Логикалық ойлауға негізделген ойсергектер

Тақырыпты жасыру!(Анаграмма немесе Адасқан әріптер)

Сабақ тақырыбы тақтаға әріптерінің орны ауыстырылып жазылады, мәселен:

«Ққааз тнңііееидб удма рікееедңз» - «Қазақ әдебиетінің даму кезеңдері».

Оқушылар жасырылған тақырыпты табу керек.

Жұмбақтарды шешу

Оқушылардың ойлау қабілеттерін сабақ тақырыбына жұмылдыру үшін оларға қысқа уақыт ішінде (1-2 минут) қызықты жұмбақтарды шешу жұмысын тапсырған орынды.

Сөз төркіні

Орыстың «лошадь» сөзі қазақ (түркі) тіліндегі қандай екі сөзден құралған?

Жауабы:аласа ат (фонетикалық сыңары: алаша ат)

Сөзді тап

Оқушылар шағын топ құрамында бір минуттың ішінде келесі сөздік есептің шешімін табу керек «Жақша ішінде тасталып кеткен сөзді табыңыздар».

ақпан (қала) алқоры

рақымшыл (.....)қамқорлық

Жауабы: Қармақ

«Сөз тізбегі»

Кез келген сөздің соңғы буынынан жаңа сөз құрастырады.

«Пирамида»

Кез келген сөзден сөз тіркесін ,

сөйлем, мәтін, әңгіме құрастырады.

Сергіту сәттері

1.Мама мама не не не

Қонақ келді, мейлі мейлі,

Қонақтар сәлемдеседі сәлемдеседі,

Балалар күреседі, күреседі,

Қонақтар дем алады.

2.Шәйнекте қақпақ бар,

Қақпақта түйін бар,

Түйінде тесік бар,

Тесіктен түтін шығады,

Түтін шығады тесіктен

Тесігі түйінде

Түйін қақпақта

Қақпақ шәйнекте.

3.Балалар анау қараңдаршы күн шығып тұр

Сол күнді қолымызға адлайықшы

Күнмен жылынып бірінші қолымызды жылытайық, сосын бетімізді жылытайық сосын ішімізді

жылытайық аяқтарымызды жылытайық денемізді жылытып енді күнді орнына шығарып салайық.

4.Банан аламыз банан тасимыз бананды тасимыз

Оңі жағын тазалаймыз

Сол жағын тазалаймыз

Енді бар жағын тазалаймыз.

Қайтіп өзіміз қайталаймыз.

5.Қане балалар барлығымыз отырған орнымызда қолдарымызды айқастырайықшы енді бос қолдарымызбен сурет салайық суретіміз бір жерден шықсын бұл сергіту сәті, Орнымыздан тұрайық,

Қолды –қолға ұрайық

Орнымызға отырып

Біз суретші болайық,


Қол ұстасып тұрамыз

Керегені құрамыз

Уықтай боп иіліп

Киіз үйді құрамыз

Ұзын мұртты құмырсқа

Бара жатты жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты жолына

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Оң жағына қарады

Сол жағына қарады

Үлкен тау деп ойлады

Жағдаяттар жинағы.


"Сіз құмыра сындырдыңыз"

1. Үйде ешкім жоқ. Сіз жаңа сатып алған волейбол добымен ойнап жүріп, қымбат құмыраны сындырып алдыңыз…

Тапсырма: Ата - анаңыздың реакциясын көз алдыңызға елестетіңіз. Қандай жағдай болуы мүмкін. Ата - анаңыз не дер еді? Сіз олардың орнында болсаңыз не дер едіңіз? Қандай іс - әрекет қолданар едіңіз? Осы жағдайдан қалай шығуға болады?

"Мұғалім ескертуі"

2. Мектеп үзілісі. Әдеттегідей дәлізде айқай - шу. Бір - бірімен сөйлесу үшін сендер де бір - біріңе айқайлап сөйлеулерің керек болады. Сол кезде бір мұғалім келіп,сіздерден: "өздеріңді дұрыс ұстаңдар, айқайламаңдар" деп талап етеді.

Тапсырма: Үш позицияда бағалап айтып беріңіздер. (Мен - ата-ана, мен - ересек, мен - бала).

"Вандализм"

  1. Балалар орман жайылымында келеді. Керемет! Айнала жап - жасыл, гүлдердің хош иісі аңқиды. Бұл көктемгі табиғат бейнесі көз алғысыз! Бірақ балалар қолдарындағы ағаштарымен шөптердің, гүлдердің басын қылышпен шапқандай қырып келеді. Тіпті қатты соққыдан жас қайың, шыршалардың басы да ұшып жатыр.

Тапсырма: Өзіңді осындай "әскери жорықта" жүрмін деп елестетші. Не үшін осындай іс - әрекет жасадыңыз? Кейін осындай ісіңізге өкінесіз бе? Бұндай іс - әрекетті қалай болдырмауға болады?

"Новелла - жағдаяттар"

Шұңқыр.

  1. Аңыз бойынша латын қаласының патшасы өзінің туыстары Ромул мен Ремді Тибр өзеніне тастатқызады.Ол балалар өскен соңөзінен тақты тартып алады деп қорқады.Сол кезде өзен суына тасталған балалар кәрзеңкесі ағашқа ілініп қалып, оны аналық қасқыр құтқарып емізеді. Кейін балалард бір қойшы таүып алып, өсіріп тәрбиелейді. Балалар батыл, күшті, ержүрек батырлар болып өседі. Кейін олар патшаға көтеріліс жасап, орнынан тайдырып, жаңа қала тұрғызбақшы болады. Ромул қаланың сыртынан зындан қазып қабырға көтермекші болады.Бірақ оған Рем кедергі жасады. Сөйтіп арада ұрыс - керіс болып, Рем зынданнан секіріп өледі.

Ремді жерлеп Ромул қала соғуға кіріседі. Сол кезде әр нәрсенің бастамасы қандай да бір салт - дәстүрмен байланыстырылған. Олар алдымен үлкен шұңқыр қазып, онда жеміс ағаштарының көшеттерін, дәнді дақылдарды сеуіп, үстіне әр адам өздері туылған жерлерінен бір шөкім топырақ тастаған.

Сұрақ. Бұл жерде әр жерден әкелінген топырақ нені білдіреді?

Жауабы: Әркімнің өздерінің туған жерлерінен әкеліп, топырақ тастаған жер "мундус" деп аталады. Ол жер қаланың ортасы болып саналады. Бұл дәстүр қаланың болашақ тұрғындарының "біз қайда туылсақ та бәріміз біргеміз " деген мағынаны білдіреді.

Төлем ақы.

  1. Ромул бірнеше сабиндік қалаларды қиратқан соң, әскер бетін Римге бұрды. Олардың әскери басшысы Тит Таций болып, Римге жақын қамал Капитолийге жақындады. Капитолий биік жарқабақта орналасдықтан, оған шабуыл жасап жеңе алмайды. Сонда оларға рим горнизонының басшысының қызы Тарпея көмектесті. Ол құпия түрде жауларына келіп, әскерді қамалға кіргізуге уәде берді. Бірақ ақысына "әр жауынгер сол қолындағы заттарды берсін,"- деп айтып білезікті көрсетеді. Тит Таций биік жарқабақтарға қарап Тарпеяға келісім береді. Түнда Тарпея қамалдың қақпасын ашып, ішіне жау әскерлерін кіргізеді. Сөйтіп Тит Таций Капитолийді жаулап алады. Соңынан Тарпея Титтен өзінің төлем ақысын сұрайды.Ол сатқындықты пайдаланып мақсатына жетті, бірақ…….

Сұрақ: Ары қарай оқиға қалай өрбіді деп ойлайсың?

Жауабы: Тит Таций сатқындарды жек көрген. Сондықтан өзінің уәдесін орындау үшін "Берген уәделеріңді орындаңдар, сол қолдарыңда не бар соның бәрін ортаға мен сияқты тастаңдар" деп алтын білезік пен қалқанын шешіп алып Тарпеяға қарай лақтырады. Басқа жауынгерлер солай лақтырады да, Тарпея ауырды көтере алмай өліп кетеді.

Жарқабақ.

  1. Капитолийдегі сатқын Тарпея қаза болған жарқабақ "Тарпея жарқабағы" деп аталады.

Сұрақ: Римдіктер "Тарпея жарқабағын" ары қарай қалай қолдануы мүмкін?

Жауабы: Бұл жарқабақтан римдіктер өлім жазасына кесілген қылмыскерлерді лақтырған болатын.

Календарь.

  1. Календарьға көз жүгіртейік. Қазіргі 9- ай - сентябрь. Септембер-латынша "septem" - "жеті", тоғызыншы ай - октябрь, латынша "окто" - "сегіз", он бірінші - ноябрь; новембер-латынша novem - тоғыз; декабрь-децембер - decem (он) деген мағынаны білдіреді. Ал декабрь бізде 12- ай.

Сұрақ: Римдіктер үшін бірінші ай қандай болған?

Жауабы: Алғаш римдіктер жаңа жылды 1- мартта тойлаған. Сондықтан декабрь оларда 10-шы ай болған.

Қақпа.

  1. Римде Янусқа арнап бірнеше храмдар соғылған, соның ең үлкені Форумда. Ол үлкен аркадан және де әр аркада қақпа орналасқан. Екеуі екі жақ қабырғамен байланысқан. Егер соғыс болса Янустың қақпалары ашылып, барлық жауынгерлеросы храмның аркалары арқылы өткен екен. Ал храмның қақалары соғыс аяқталмағанынша жабылмаған.

Сұрақ: Қақпа не үшін жабылмағанын айтып көріңізші?

Жауабы: Янустың қақпасы соғысқа кеткен жауынгерлерді аман - есен жеңіспен оралғанын күтіп жабылмаған. Ал бейбітшілік кезінде қақпа жабық тұрған. Соңғы кезде бұл қақпа үнемі ашық болған екен. Бірақ Помпилии патшасы Нумның кезінде Янустың қақпасы бірде бір рет ашылмаған. Ол патша болып 43 жыл тұрғанда халықтар арасында сыйластық, ауызбіршілік, бейбітшілік болған.

Аяқ киімді шешіңіз.

  1. Ежелгі римде үйге және далаға арналған аяқ киім болған. Олар аяқ киім салтын өте қатты сақтаған. Қызыл, қысқа, биік өкшелі етікті консулдар, империя кезінде - императорлар киген. Алдында айқастырылған белдемшесі бар қара аяқ киімді сенаторлар киген. Сандалиді белгілі римдіктер үйде киген. Тамақ ішер алдында олар аяқ киімді шешіп, soleas deponere (солеас депонере), яғни "сандалиді шешейін бе?" яғни "тамаққа келіңіз" дегенді білдіретін сөзді айтқан. Тамақ ішіп болған соң, малайларына soleas porcere (солеас порцере) яғни "кетеміз бе" деген.

Сұрақ: Бұл нені білдірген?

Жауабы: Ертедегі римдіктер тамақты жатып ішітін, сол кезде аяқ - киім оларға кедергі жасаған.


Тамақтану

  1. Бірде Цезарьді Альпыдағы астанасы Галий қаласының бір бай тұрғыны күтеді. Ол қонақтарға спаржаға тазаланбаған олив майы құйылған тамақты ұсынады. Сонда барлық қонақтар ренжіп, ашық өздерінің кейістерін білдіреді.

Сұрақ: Бұл жағдайда Цезарь не деді?

Жауабы: "Цезарь: тамақты жемесеңдер орнына қойыңдар. Әркім өзінің мәдениеттілігін еөрсете алмай тұрып, біреудің мәдениеті туралы айтуға құқығы жоқ",- деді де тамағын жеуге кірісті

Бүркеніш (Маскировка, Месопотамия)

  1. Ертедегі Шумер кодексінде әкесіне баласын сату құқығы берілген жазба бар. Ата - анасының көбіне баласын сатқаны туралы жазылған келісім шарттар біздің күнімізге дейін жеткен. Дегенмен кейбір адамдардың құжат жағынан бұрмалаған (маскировка) акттар да сақталған.

Сұрақ: Баланы сату заңын қалай бұрмалап көрсетуге болады?

Жауабы: Бұл бұрмалау көбінесе баланы асыраумен негізделген. Асырап алған адам баланың әкесіне ақша төлеген. Міне, осы бала сатудың жасырын түрі болған

Жауапкершілік (Вавилон)

12. Хаммурапидің заңы бойынша құрылысшы соғылған үйдің сапасына жауап берген. Егер сапасыз соғылған үй құлап, онда үй иесі қайтыс болса, құрылысшы өлім жазасына кесілген. Егер құлаған үйдің астында қожайынның баласы қалса, онда…..

Сұрақ: Сонда не істеген? Егер құлаған үйдің астында малайы қалса ше?

Жауабы: Егер үйдің астында бала өлсе, құрылысшының баласын өлтірген. Егер құлы өлсе, құрылысшы өз құлын берген. Бұл заң кек алу "галион" заңы деп аталады.

Әр түрлі сәлемдесу (Парсы)

  1. Егер көшеде парсы парсымен кездессе олардың сәлемдесуін көру өте қызық. Біреуі бірін - бірінің ернінен сүйген. Екіншілерібетінен сүйсе, ал үшіншілері бірі екіншісінің аяғына жығылған.

Сұрақ: Неге олай амандасқан?

Көшеде кездескен екі парсының әлеуметтік жағдайын бірден білуге болады. Егер әлеуметтік жағдайы тең болса - еріндерінен, егер бірі екіншісінен сәл төмен болса - беттерінен, ал егер, бірі екіншісінен әлдеқайда төмен болса - онда аяғына жығылған.

  1. жасқа дейін

  1. Ежелгі парсы елінде баланы 5 жасқа дейін әкесіне көрсетпеген. Бала оған дейін анасы, әпкесі, апасының қолында өскен.

Сұрақ: Неге баланы 5 жасқа дейін әкесіне көрсетпеген?

Жауабы: Егер бала осы жасқа дейін шетінесе, әкесі қайғармасын деген.


Әлем кереметі

15. Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан "Александр шырағы" әлемнің жеті кереметінің бірі. Қазір тарихшылар оның биіктігі - 56, 100, 550 метр деген дау айтуда. Шырақ - адамзаттың арманы мен іс - әрекетінің көрінісі. Міне сол шырақтың құылыс жұмысы аяқталуға жақын қалғанда, шырақтың жаратушысын император өзіне шақырады.

  • Сен шрақта менің атымды қалдырасың! - деп бұйырады император. Барлық өмірін, шығармашылығын осы шыраққа сарп еткен құрылысшы не істемек? Шыраққа қолының ұшы тимеген императордың айтқанын істемесе басы кетеді. Оның атын халық ғасырлар бойы айтып өтсе, ал соған еңбегі сіңген құрылысшыны бәрі ұмытып кетпек пе? Бұл әділдік емес деп ойайды да, құрылысшы…

Сұрақ: Құрылысшы қандай айла - тәсіл қолданды?

Жауабы: - Мүмкін императордың атын шырақтың сыртына жазып, ішіне өзінің атын жазса ше?

  • Егер шырақтың ішінен құрылысшының атын көрсе бәрібір оның басы алынады. Ол үшін патша өз атын көру керек, содан соң құрылысшының атын оқу керек . Ол үшін не істеуге болады? Құрылысшы өзінің атын таспен қалап жазып, оның үстін әктеп, әктің үстіне императордың атын үлкен етіп жазады. Әк 20 - 30 жылдан кейін түсіп қалатынын ол біледі. Әлем кереметімен салыстырғанда 30 жыл түк те емес. Ұрпақтарға құрылысшы: "құдайлар және теңізшілердің амандығы үшін Книдадан Дексифонның ұлы Состратос соққан" деп жазған. (Для богов и во имя спасения моряков построил Состратос из Книда, сын Дексифона.)


Теңізге батқан құмыралар

  1. Ертеде Жапонияда мынандай оқиға болды. Императорға өте бағалы жүк жіберіледі. Бірнеше қайықпен өте бағалы, жұқа етіп жасалған фарфор құмыралар дауылға тап болып, су астына кетеді.Бұл оқиға жағалауға жақын, балықшылардың лашықтары тұрған жерде болған. Құмыралар есебі жетпес бағалы зат болғандықтан, көбісі оны су астынан шығаруға тырысқан Бірақ ол жер терең болғандықтан ешкім аумен де, қармақпен де, арқанмен де ала алмаған. Қазіргі кездегідей су асты қайықтары да болмаған. Ал біраз уақыт өткен соң, құмыралар балықшылардың лашықтарында пайда бола бастады.

Сұрақ: Құмыралар қалай жағалауда пайда болды?

Жауабы: Құмыралар су астында ашық жатқан. Балықшылар су сатына арзан құмыраларды тастап сегізаяқтарды аулайды. Сөйтіп оны судың бетіне тартып шығарып, сегізаяқты қайтадан су астына түсіреді. "Қуысқа" тығылғысы келген сегізаяқ қымбат құмыраға кіреді. Сөйтіп оларды құмырамен қоса тартып шығарған.


Картина экспертизасы (детективті оқиға)

  1. Австрия музейі франсуз атақты суретшісінің картинасын сатып алмақшы болады. Бірнеше сарапшылардың тексеруімен жұмысты түпнұсқа деп, артына нотариус мөр қояды. Ол Австрия музейіне өте сақтықпен жеткізіледі де, тағы да тексеріледі. Сонда сурет көшірме де, мөр түпнұсқа болып шығады.

Сұрақ: Сурет неге көшірме болып шықты?

Жауабы: Бір багетте екі холст болған. Біреуі түпнұсқа да, екіншісі көшірме. Бұл трюкті Умберта Ломбарди деген суретші; галереяның бұрынғы иесі шығарған. Яғни біріншісі түпнұсқа да, екіншісі көшірме болған. Сарапшылар түпнұсқаны көріп, мөрді көшірмеге басқан.


Мына атақты әйелдердің атын атаңдар

Птоломей ұрпағы

17. Бұл әйел - өте әдемі болмаса да өзінің болымысымен, жүріс - тұрысымен, ақылымен елді таң қалдырған. Тек варварлармен ғана тілмаш арқылы сөйлеспесе, қалған жат елдіктер: араб, мидиилер, троглоидтер, эфиоптармен өзі келіс сөз жүргізген.

Оның шын негізінде әдемі еместігі теңгеде де көрсетілген. (құс мұрынды, иегі алға шығыңқы)

Ол бірінші рет өзінің улкен інісіне күйеуге шығып, ол таққа отырады. Ол өлген соң екінші інісіне күйеуге шығып, інісі патша болады. Екі күйеуінен де бала сүймейді.

Цезарь Египетті жаулап алғанда оған үйленіп, өзінің хан екендігін өрсетеді. Кейін Антонииге күйеуге шығып, ол да патша болады. Ол Цезарьге ұл, Антониге ұл және қыз тауып береді.

Өзімшіл Антонии оны Октавианмен соғысуға мәжбүр етеді де, жеңілістен соң ол өзін - өзі өлтіруге мәжбүр болады. Ал бұл батыл әйел біреудің күңі болғысы келмейді де, оны жылан шағып өлтіреді. Ол Птоломейдің ұрпағы Македонияның басшысының қаны бар ніл қызы болған.

(Клеопатра, Египет)

Әлемге танымал

  1. Ол Аменхотеп /// фараонның қаза, Эхнатонның әйелі және қарындасы. Үйленген соң Эхнатон 17 жыл ел басқарды да өмірден өтеді, одан кейін мұрагері ұлы қайтыс болады. Сөйтіп таққа таласқан ашкөздердің ортасында ол жалғыз қалады. Кейінгі өмірін Атонмен өткізеді.

Оның әдемілігі Амарда неміс экспдициясы тапқан портреттік мүсінге байланысты бүкіл әлемге әйгілі болып мойындалған.Бұл өмірде жазылған мақтау жазуы бір де бір ханшаға арналмаған шығар. Онда: тақтың мұрагері, адамгершіліктің, әсемдіктің, махаббаттың символы, Оңтүстік пен Солтүстіктің билеушісі, Атонның сүйіктісі, фараонның бірінші әйелі, Екі Жердің ұлы билеушісі, мәңгі жасаушы.

(Нефертити, Египет)

Княгиня

  1. Бұл әйел өте ақылды, жылдам шешім қабылдайтын болған. Бұл қасиет оның күйеуінің трагедиялық жағдайда қайтыс болғаннан кейін пайда болды. Ол көтеріліс шығарғандардан күйеуі үшін кек алады.

Ол Коростеня жұртшылығына үш көгершін, үш торғай әкел деп салық салады. Ондай арзан салыққа қуанған халық тілегін орындайды. Ханым әкелген құстардың аяқтарына сабан байлауды бұйырады да, түнде оны жағып, ұшырып жібереді. Құстар жаны қиналып, өз ұяларына барып бас сауғалайды. Сол кездерде үй шатырлары сабан болғандықтан, барлық қора - қопсы өртене бастайды. Көп ұзамай Коростень өртке оранады. Өрттен қашып, қаладан шыққан халық жау қолына тап болады. Бәрі басылған соң ол әскері және ұлымен барып, барлық ауыл, қалаларға үлкен салықтар сала бастайды. Ақылда ханым енді оған ешкім қарсы шықпайтынын түсінді. Оның ең үлкен еңбегі - ол князі жанұясынан бірінші болып христиан дінін қабылдады.

(Княгиня Ольга, Ежелгі Русь.)


Педагогикалық жағдаяттар.

  1. Сіз сабақ беруге кірістіңіз, барлық оқушылар тынышталды, кенеттен сыныпта біреу қатты күлді. Сіз еш нәрсеге түсінбей, күлген оқушыға таңдана қарадыңыз, ал олсіздің көзіңізге тіке қарап, былай деді: "Сіз сабақты бастаған кезде, мен сізге қарап әрқашан күлкім келеді". Мұны сіз қалай қабылдайсыз?

Төменде берілген варианттардың қайсысын өзіңіздің көзқарасыңыз бойынша дұрыс жауапдеп ойлайсыз, сол жауапты кз өрсетіңіз.

  • Мәс, саған!

  • Неменеге саған күлкілі?

  • Құдай үшін!

  • Сенің есің дұрыс па?

  • Көңілді адамдарды жақсы көремін!

  • Сенің көңіліңді көтергеніме қуаныштымын!


  1. Оқушы сыныпқа кіре берген мұғалімді көріп, оған былай дейді: "Сіздің қатты шаршағаныңыз көрініп тұр". Мұны мұғалім қалай қабылдауы керек?

  • Менің ойымша, сен жақтан мұндай ескерту жасау дұрыс емес деп ойлаймын.

  • Иә, мен өзімді нашар сезініп тұрмын.

  • Мен жайлы ойлама, одан да өзіңе қара.

  • Ешнәрсе ойлама, бұл біздің сабағымызға кедергі жасамайды.

  • Сен өте ықыластысың, қамқорлығыңа рахмет.

  1. Мұғалімнің жасаған ескертуіне оқушы былай дейді: "Бұл оқу пәнін игеруге көп жұмыс істеуімнің қажеті жоқ, өйткені мені өте қабілетті адам деп есептейді". Мұғалім қалай жауап беруі қажет?

  • Сенің бұл ойға келуің екіталай.

  • Осы уақытқа дейін сенің көрген қиындықтарың мен алған білімнің бұл ойды куәландырмайды.

  • Көп адамдар өзін жеткілікті қабілеттімін деп санайды, ал шын мәнінде іске келгенде олай болып шықпайды.

  • Сені өзің жайлы жоғары ойда болғаныңа өте қуаныштымын.

  • Бұл ой сенің оқуыңда үлкен күш жұмсауыңды күштеуі қажет.

  • Бұл ой өзінің қабілеттігіне сенбейтін сияқты болып естіліп тұр.


  1. Оқушы мұғалімге былай дейді: "Мен тағы да дәптерімді әкелуді ұмытып кетіппін" (үй тапсырмасын орындауы және т.с.с.). Мұны мұғалім қалай қабылдауы керек?

  • Міне тағы да!

  • Бұл саған жауапсыздық емес пе?

  • Менің ойымша, сен іске тиянақты қарағаның жөн.

  • Мен неге екенін білгім келеді?

  • Шын мәнінді оған сенің мүмкіншілігің болмады ма?

  • Қалай ойлайсың, неге мен әрқашан да мұны есіңе саламын?

  1. Қайрат аулаға шықты. Онда балалар ойнап жүр еді. Кенет сол жерге ересек балалар келді де біреуі Қайратты ұстап алып : „Анау балалардан бізге допты алып кел, біз ойнаймыз“,- деді. Қайрат ересек балалардың қорқытқанына қарамастан оларға қарсыласып, кішілерді қорғауға тырысты. Кішілерді қорғауда Қайрат қандай қулық ойлап табуы мүмкін?

  2. Мұғалім математика пәнінде оқушыларға тапсырма берді. Бұл тапсырманың өзіндік ерекшелігі бар еді. Мұғалімнің түсінігі бойынша балалар бұл ерекшелікті таппай, қате шығарған сияқты болды.

  • Кімнің жауабы 27 – ге тең болды?- деп сұрады ол. Сонда үш оқушы қол көтерді. Олар: Айгүл, Арман және Талғат еді. Арман алдында отырған Талғаттың қолын тартып қалды, бұны мұғалімнен басқа ешкім байқамады. Ал балалар осы үшеуіне күлді. Сонда Талғат тұрып тапсырманы тақтаға жазып, өз ойын дәлелдеді.

Мұғалім үш балаға қандай баға қою керек?

  1. Еңбек сабағы басталды. Бүгін балалар ойыншық жасаулары керек еді. Мұғалім олардың заттарын түгелдегенде бірнеше оқушының құралдары жоқ болып шықты. Заттары түгел балаларды мұғалім мадақтап, заттары түгел еместерге ескерту жасады да жаңа сабақты түсіндірді. Балалар жұмысқа кірісті. Бірақ заттары жоқтары еш жұмыссыз отырды, себебі оларға қалғандары ешнәрсе бермеді. Мұғалім осындай жағдайда не істеуі керек?

Адам және табиғат

  1. Археолог жерді қазып, шұңқырдан бағалы заттарды табамын ба деген үмітпен жұмысқа кірісті. Бірақ ол бағалы заттың орнына алма қалдығы, жүгерінің сотасы, жұмыртқаның қабығы және т.б. қалдықтарды тапты. Бұл жаңа бастаған археолог үшін тосын жағдай еді. Жас археолог неге сондай „байлықтарды“ тапты? Бұған кім кінәлі?

  2. Жағажайда күнге қыздырынып жатқан қыз кітап алып оқып жатып, семішке шағып жатты. Осы жағдайды қалай бағалаукерек? Осы жерде бұл қыздан кейін сендер демала аласыңдар ма? Сендер қандай талап қояр едіңдер?

  3. Тапшанда отырған анасы қызына жүзім береді. Сөйтіп: - Қызым, жүзімнің сүйектерін жерге тастай бер, - дейді. Ал қызы болса, барлық сүйектерді жерге түкіріп тастап отырды. Осы жағдайда сендер қандай ереже ойлап табар едіңдер? Анасы дұрыс айтты ма?


  1. Сыныпта екі дос бар. Олар үнемі бірге және де барлығы оларды нағыз достар деп санайды. Асқар өте жақсы ал Нұрлан нашар оқиды. Әсіресе математикадан нашар. Нұрланның анасы ауырып қалды да, сол кезде математикадан бақылау жұмысы болды. Сыныпқа мұғалім кіріп, тапсырманы жазып, балалар жұмысты жазуға кірісті. Асқар жылдам өз нұсқасын жазды да , әлі шығара алмай қиналып отырған досына көмектескісі келді. Ол жұмысты қағазға жазып, Нұрланға қарай лақтырып жіберді. Бұл жағдай ары қарай қалай өрбиді деп ойлайсың?


  1. Талғат сыныпта әжесі сыйлаған әдемі қарандашын тастап кетеді. Ертеңіне таңертең Асқар бірінші келіп, қарандашты тауып алады да сөмкесіне салып қояды. Асқардың бұл ісін қалай бағалар едің?


  1. Сыныптағы барлық оқушылар жиналып, циркке бармақшы болды. Сөйтіп барлығы ақша жинап, бір балаға бермекші болды. Сонда Жандос: „Ақшаны маған беріңдер, мен ертең ертерек келіп, барлығыңа билет алып қоямын“,- деді де барлық ақшаны жинап алды.

Ертеңіне оқушылар таңертең келеді, бірақ Жандос көрінбейді. Олар күтеді де Жандос келмеген соң, өздері ақшаларын жинап билет сатып алмақшы болады. Бірақ екі балаға билет алуға ақша жетпей қалады. Сағат 9 – да Жандос келіп, еш қам жемеңіздер, қазір барып билет сатып аламын, деп мақтанады. Сонда кассада „Бүгінге барлық билет сатылып бітті“ деген кесте ілініп тұрды.

  • Сіздің ойыңызша, балалар не дер еді?

  • Жандосқа қандай мінездеме берер едіңдер?

  • Бұндай жағдайда қандай мақал қолданар едіңіз?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!