400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуіне қолдау көрсетуде ынталандыру материалдарын пайдалану"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуіне қолдау көрсетуде ынталандыру материалдарын пайдалану" тақырыбындағы коучинг жоспары жалпы білім беретін мектептерде жас мамандармен жұмыс жүргізу мақсатында коучтерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оспанова Улдай Темурхановна «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖҚБАРИ


Коучинг жоспары

Коучтың аты-жөні

Оспанова Улдай Темурхановна

Қызмет орны

Қызылорда облысы, Арал қаласы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің химия-биология пәні мұғалімі

Коучинг тақырыбы

Оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуіне қолдау көрсетуде ынталандыру материалдарын пайдалану

Мақсаты

Мұғалімдердің оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуіне қолдау көрсетуде ынталандыру материалдарын пайдалану туралы әдіс- тәсілдерін жетілдіру

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдердің оқу мен оқытуды тиімді ұйымдастыруда ынталандыру материалдарын пайдалану дағдысы қалыптасады.

Сілтеме

МАН «Оқудың ынталандырушы және аффектілік теориялары» 32-36 бет

Түйінді идеялар

Оқу мен оқытуда оқушыларды ынталандыруды тиімді ұйымдастырудың жолдарын үйрену

Табыс критерийлары

1 «Ой шақыру» стратегиясы бойынша ынталандыру тақырыбына берілген сұрақтарға жауап бере алады.

2.Арнайы топтық жұмысты орындай алады

3 «Желпуіш» әдісі арқылы ынталандырудың түрлерін ұсына біледі

4. СТО стратегиясын қолдана отырып бейнетаспалардағы көріністерден оқушыны ынталандыру әрекеттерін сипаттай алады.

Қолданылатын ресурстар

Үлестірмелі материалдар, А4 қағаздары, стикер, АКТ, түрлі түсті маркерлер, бейнетаспалар



Өтілу кезеңдері

Уақыты

Коучингке қатысушылардың іс-әрекеттер

Коуч мұғалімнің іс- әрекеті

Амандасу

2 мин

Коучингке қатысушы әріптестер дөңгеленіп тұрады

Коуч қатысушыларға арыстан, тиын, керік, маймылдын суретін таратады

Сергіту сәті

2мин

1.«Бананға кім бұрын жетеді?» ойыны арқылы топқа бөлінеді

-Бананға неліктен маймыл бұрын жетеді?

-Неліктен қалғандары бананға бұрын жетуге ұмтылмайды? деген сұрақтарға жауап береді

Коуч қатысушыларды диалогқа шақыра отырып, сұрақтар қою арқылы коучингтің тақырыбы мен мақсатын ашады


Білу

Топтық жұмыс «Ой шақыру»


5 мин

І топ- Ынта деген не?

ІІ топ- Ынтасыз бала болуы мүмкін бе?

ІІІ топ- Неліктен оқушылар ынталандыруды қажет етеді?

ІҮ топ- Оқуды ынталандырудың қандай аффектілік теориялары бар?

Мұғалім әріптестер өз ойларын, пікірлерін ауызша жеткізеді

Коуч оқуды ынталандырудың аффектілік теориялары туралы түсініктеме береді: дерек көзі:

А.Маслоу- «Қажеттіліктер иерархиясы»

К.Роджерс- «Мен тұжырымдамасы»

А.Бандура- «Өзіндік тиімділікті қалыптастыру»

Л.Выготский- «Оқудың әлеуметтік- мәдени теориясы»

Түсіну

Топтық тапсырма

15 мин

А.Бандураның өзіндік тиімділікті қалыптастыру тұжырымдамасы бойынша

1-топ:

«Тәжірибе-Қол жеткізілген нәтиже»

Тапсырма:мұғалімдер өз тәжірибелерінен мысал келтіреді

2-топ:

Модельдеу-«Жанама тәжірибе»

Тапсырма:Көрініс көрсету

3-топ:

Адамдардың пікірлері

Тапсырма:

Жарыссөз ұйымдастыру

4-топ:

Физиологиялық факторлар

Тапсырма:

Жағдаяттан шығу

Коуч әріптестерін диалогқа шақыра отырып, өзіндік тиімділікті арттыру тұжырымдамасын пысықтап отырады



Коучингке қатысушыларды ынталандыру

1 мин

Топтар тапсырманы орындап болған соң ортақ конференцияға топтарға немесе жеке қатысушыға бірін бірі ынталандырып, қолпаштап отыру үшін жағымды пікірлер жазады, мыс: «маған Батиманың мұғалімнің ролінде ойнағаны қатты ұнады, образға кіре білді» немесе «Эльмира оқушыларды өзін- өзі реттеуге үйретуіміз керек» деген құнды пікір айтты»

Қолдану

Жеке жұмыс

2 мин

КҚ желпуіш жасай отырып, әр қыртысына ынталандырудың түрлерін жазады. Мыс: мадақтау, қолпаштау, ата-анасына «Алғыс хат» жазу, сенім арту т.б

Коуч «Желпуіш» әдісі арқылы өздері сабақта қолданатын ынталандырудың түрлерін атауды тапсырады

Сергіту сәті

1 мин

КҚ арасынан ағылшын тілі пәні мұғалімі шығып сергіту сәтін ұйымдастырады

Коуч үштілділікті дамыту мақсатында «Дене мүшелерін ағылшынша үйренейік» сергіту жаттығуын ұсынады

Талдау


Топтық жұмыс





15 мин

СТО стратегиясын қолдана отырып бейнетаспалардағы көріністерден оқушыны ынталандыру әрекеттерін сипаттайды, талқылайды

І топ- «Ералаш»

ІІ топ- «Үй тапсырмасын орындатудың тиімді жолдары»

ІІІ топ- «Емтихан сәтінен көрініс»

ІҮ топ- «Ынталандыруды тиімсіз пайдалану мүмкін бе? »

Топтық жұмысты коуч таңдаған спикер қорғайды


Жасырын стикер жабыстыру арқылы спикерді таңдау.

Коуч стикерді баяу қатысып отырған топ мүшелерінің бірінің арқасына жабыстырады

Жинақтау

5 мин

КҚ: Неліктен біз оқушыны ынталандыру үшін бар күш жігерімізді жұмсаймыз? деген сұраққа өз ойларын, пікірлерін жеткізеді.

«Еркін микрофон» әдісі. Коуч микрофонды кезектестіріп ұсынады.

Топтарды бағалау

3 мин

Топтар берілген дескрипторлар арқылы өзара бағалайды.

Дескриптор:

1 «Ой шақыру» стратегиясы бойынша ынталандыру тақырыбына берілген сұрақтарға жауап бере алды.

2.Арнайы топтық жұмысты орындай алды

3 «Желпуіш» әдісі арқылы ынталандырудың түрлерін ұсына білді

4. СТО стратегиясын қолдана отырып бейнетаспалардағы көріністерден оқушыны ынталандыру әрекеттерін сипаттай алды.

Коуч бағалау дескрипторларын ұсынады, бағалау нәтижелерін тыңдайды

Рефлексия

3 мин

«Бес саусақ» арқылы коучингке қатысушылар кері байланыс береді.











Коучинг сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» курсы бойынша алған теориялық білімімді одан әрі ұштау, өз әріптестеріммен бірге оқу мен оқытудағы кедергілерді анықтау, тиімді жолдарын іздестіру мақсатында «Оқушылардың қалай оқу керектігін үйренуіне қолдау көрсетуде ынталандыру материалдарын пайдалану» тақырыбында коучинг-сабақ өткіздім. Себебі, оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер әр адамның өсу әлеуеті гуманистік психологияға негізделетіндігін дәлелдейді. Яғни, жеке еркіндік, таңдау, ынта, сезім - түсінуді дамытуда маңызды факторлар деп есептелінеді. Оқуды ынталандырудың аффектілік теорияларына сүйенсек А.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы бойынша оқушыны қажеттіліктер деңгейі қанағаттандырмаса, К.Роджерстің «Мен» тұжырымдамасы бойынша метатанымы жоғары, зияткерлікке, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін мінез-құлқы қалыптаспаса, А.Бандураның тұжырымдауынша өзіндік тиімділікті арттыратын факторлар болмаса оның жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін үлкен кедергі екендігі анық.

Коучингтің жоспарын құруда «Блум» таксономиясын негізге алдым. Мақсатым мұғалімдердің оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуіне қолдау көрсетуде ынталандыру материалдарын пайдалану туралы әдіс- тәсілдерін жетілдіру. Коучингті ұйымдастыру барысында алдымен қатысушыларды төрт топқа (маймыл, арыстан, тиын, керік) топтастырдым. Топтастыра отырып оларды сыни ойлауға, бәсекеге қабілетті болуға жетелеу үшін «Биікте тұрған бананды кім бірінші болып алады, арыстан ба, әлде тиын ба, керік пе, әлде маймыл ма?» деген сұрақ қойдым, коучингке қатысушылар «Кімнің ынтасы жоғары, сол алады» деген ортақ пікірге келді. Осылайша коучингтің тақырыбы ашылады.

Топтар өзара бағалау жүргізу үшін табыс критерийлері бойынша жасалған дескрипторды ұсындым. «Ой шақыру» стратегиясы арқылы «Ынта деген не?», «Ынтасыз бала болуы мүмкін бе?», «Неліктен оқушылар ынталандыруды қажет етеді?», «Оқушының ынтасына қандай факторлар әсер етеді?» сұрақтары төңірегінде әріптестерімнің пікірін білгім келді және олардың ойларын негіздеу үшін оқуды ынталандырудың аффектілік теориялары (А.Маслоу- «Қажеттіліктер иерархиясы»,К.Роджерс- «Мен тұжырымдамасы», А.Бандура- «Өзіндік тиімділікті қалыптастыру», Л.Выготский- «Оқудың әлеуметтік- мәдени теориясы») туралы түсініктеме беріп отырдым. Осы теориялардың ішінде А.Бандура атаған өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін 4 факторға ерекше тоқталып, мағынасын тереңірек түсіну үшін 4 топқа топтық тапсырма бердім, себебі, бұл факторларға мұғалім тікелей ықпал етеді. Оқу процесі кезінде ынталандырудың әдіс- тәсілдерін жетілдіру мақсатында заманауи үлгілерді қолдандым, яғни қатысушыларға ұялы телефондары арқылы бір-біріне жағымды пікірлер жолдауға ұсыныс жасадым. Олар бір-біріне коучинг барысында белсенді қатысып, құнды пікірлер мен ұтымды ой айтқан әріптестеріне «Сен кереметсің!», «Постер қорғау кезінде топтың ойын дұрыс жеткізе білдің» деген сияқты смс жолдай бастады. Осындай әдіс-тәсілдерді сабақ кезінде қолдансақ, оқушыларда да көп оң өзгерісті байқауға болатындығын айтып өттім. Нәтижесінде әріптестерімнің оқу мен оқыту әдістерін өзгертуге деген құлшыныстары жоғарылады. Оқушылардың жетістіктерін осылайша бағалап, мадақтап отыру жақсы нәтиже беретіндігін түсінді. Әріптестеріме жеке тапсырма «Желпуіш» әдісі арқылы өз тәжірибелерінде ынталандырудың қандай түрін қолданатындарын жазуды тапсырдым. Бұл әдіс арқылы әріптестерімнің ынталандыру әдістерін қаншалықты меңгергендігін зерделедім. Одан әрі топтық жұмысқа бейнетаспалардағы көріністерден оқушыны ынталандыру әрекеттерін сипаттап талқылауды ұсындым. Бейнетаспадағы көріністерді бақылай отырып менің әріптестерімде оқушыларды оқыту барысында өз тарапымыздан жіберіліп жатырған кемшіліктер немесе ынталандырудың тиімді әдіс-тәсілдері және үй тапсырмасын орындатуда ата-ананың ролі туралы жаңаша тың идеялар туындап, осы идеяларымен топтар өзара ой бөлісті. Ойды қорыту, жинақтау үшін «Еркін микрофон» әдісі арқылы «Неліктен біз оқушыны ынталандыру үшін бар күш жігерімізді жұмсаймыз?» деген сұраққа әріптестерім позитивті жауаптар берді. Коучинг соңында топтар бірін- бірі дескриптор арқылы бағалап, мұғалімдердің бүгінгі коучингтен алған әсері, нені үйренгені, не ұнады, не ұнамады және өзінің ұсынысы туралы біліп алдағы уақытта көшбасшылық әрекетте ескеріп жүру мақсатында «Бес саусақ» әдісімен кері байланыс берді.

Коучинг нәтижесінде мұғалімдердің оқу мен оқытуды тиімді ұйымдастыруда ынталандыру материалдарын пайдалану дағдысы қалыптасып, оқушылардың оқуға деген ынта- жігеріне жол ашып, білім сапасын ілгерілететініне сенімім мол.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 қазан
475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі