Шымкент
қаласы А. Байтұрсынов атындағы №50
мектеп-гимназиясының педагог-психологы
Каратаева Салтант Сайлаубековна
әдістемелік көмек ретінде ұсынады.
Тақырыбы:
Оқушылардың қарым-қатынасын, коммуникативті
мәдениетін дамыту жаттығулары
Мақсаты:Оқушыларды
айналадағы ортамен үйлесімді қарым
–қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру,
мәдени сөйлей білуді үйрету, өзара
жағымды қарым- қатынас шеңберін арттыру,
ұйымшыл тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушыларды
қоғамдық ережелерді дұрыс сақтауға,бір-бірін
түсінуге үйрету;
Қарым-қатынас
ережелері мен коммуникативті іскерліктерін
қалыптастыру;
Оқушылар
ұжымында қақтығысу жайттарын болдырмау.
Тренинг
барысы:
1.«Қолмен
кездесу » жаттығуы.
Нұсқау:
Қолдар кездесу үшін жұптасып , бір-біріне
қарама-қарсы тұруға да немесе ыңғайлы
отыруға да болады.Жүргізушінің нұсқауымен
қолмен кездесу үшін іс әрекеті орындалады.
Көздеріңізді
жұмыңыздар, ал енді қолдарыңыз:
1.Бірін-бірі
тапсын; 2.Таныссын; 3.Жылылық сезімін
білдірсін; 4.Билесін; 5.Жәйлап жұлқылассын;
6.Татулассын; 7.Қоштассын.
Талдау:
жаттығулардың әр кезеңінде өзіңізді
қалай сезіндіңіздер?
2.
Шығармашылық тапсырма.
«Қарым- қатынас
ортасы» сызбасын қарастыру.
Сызбадағы
әр адаммен қалай сөйлесер едіңіз.
3.«Сөздердің
сәйкесін тап» жаттығуы.
Мақсаты:
Шешендік
сөздер арқылы оқушыларға
адамгершілікті,имандылықты
ғибрат ету.
Бос
сөз сөйлеуден жирендіру тауып сөйлеуге
төселдіру.
Нұсқау:
сөздерді
сілтемемен дұрыс сәйкестендіру.
4.
«Сиқырлы сөздер әлемі» жаттығуы.
Мақсаты:
оқушылардың тапқырлығын, ойлауын, сөздік
қорларын дамыту, жағымды қарым-қатынасты
қалыптастыру.
Нұсқау:
Оқушыларға сөздер ұсынылады, сол сөздерге
байланысты мысалдар, өмірден жағдаяттар
келтіру тапсырылады.
5.«
Эмоциялық бейнелеу» жаттығуы.
Нұсқау:
Бірнеше оқушыға адамның түрлі көңіл-
күйдегі бет бейнесі салынған сурет
беріледі. Қарым-қатынас жасағанда әр
түрлі көңіл- күйде боласыздар, сол көңіл-
күйді мимика, жест арқылы бейнелеңіздер,
қалған оқушылар сол эмоциялық бейнені
табады.
Сұрақ:
Сіз қарым-қатынас жасағанда қандай
көңіл- күйді қалайсыз?
6.
«Сөйлемді аяқта» жаттығуы .
Мақсаты:
оқушылардың «мен» бейнесінің жақсы
жақтарын қалыптастыру, сөз қорын дамыту.
Нұсқау:
Жақсы мінез- құлық, тәртіп түрлерін
айтып , сөйлемді аяқтайды.
Мен
... болғым келеді.
Мысалы:
мен ақылды, әдемі, күшті, батыр, сұлу,
әдепті, сыпайы т.б болғым келеді.
Окушы
өзіне ұнаған сапа- қасиеттердің неге
ұнатқанын түсіндіру керек.
Қорытынды:
Тренинг
жаттығуымызда өзімізді мәдениетті
қарым-қатынас жасауға, тәрбиелеуге
болатын жолдарды қарастыра алдық деп
ойлаймын.
Адамдармен
қарым-қатынас жасаудағы ұнайтын алтын
алты ереже:
1-ереже.
Басқа адамдарға шын ниетпен ықылас
білдіріңіз.
2-ереже.
Күлімсіреңіз.
3-ереже.
Қасыңыздағы адамның есімі қай тілде
болсын оның құлағына жағымды естілетінін
естен шығармаңыз.
4-
ереже.
Жақсы тыңдаушы бола біліңіз .
Өзге
адамдарды өздері туралы көбірек айтуға
ынталандырыңыз.
5-ереже.
Әңгімелесуші
адамыңызға қызықтыратын тақырыпта
әңгіме айтыңыз.
6-ереже.
Әңгімелесуші
адамды оның өмірде алатын өзіндік орны
бар екендігіне сендіріңіз және оны шын
ниетпен жасаңыз.