жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқушылардың құзіреттілігін арттыру
КІРІСПЕ
Жобаның көкейкестілігі: Оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру амалдары қазақ тілінің білім мазмұны арқылы жүзеге асыруы тұрғысында қарастырамыз. Бұл орайда алдымен, түйінді құзыреттілік ұғымын және оны қалыптастыру амалдары категориясын зерттейтін ғалымдардың еңбектерін саралау көзделеді. Қазақ тілі сабағында оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру арқылы білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне шығу, яғни, жеке тұлғаның түйінді құзыреттілігін жүзеге асыру.
Құзыреттілікті зерттеген ғалымдардың еңбектерін талдау, жинақтау және феномендігін айқындау барысында, біз төмендегідей қайшылықтарды анықтадық:
-
Оқушылардың түйінді құзыреттілігін ғылыми тұрғыда зерделеу бүгінгі заманға сәйкес келе бермейді;
-
Оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру жете қамтылмаған;
-
Оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру амалдары аса айқындалмаған.
Жоғарыдағы қайшылықтарды шешу мақсатында, біз тақырыпты былай деп таңдадық: «Оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру амалдары».
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру амалдарының ғылыми-теориялық негіздерін саралау.
Зерттеудің нысаны: Оқушылардың түйінді құзыреттіліктері.
Зерттеудің пәні: Қазақ тілі.
Зерттеудің болжамы: Оқушылардың түйінді құзыреттілігін ғылыми тұрғыда бүгінгі заманға сәйкес зерделесе, түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру жете қамтылса, түйінді құзыреттілігін қалыптастыру амалдары айқындалса, онда оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру амалдары жүзеге асады.
Зерттеудің міндеттері:
-
Оқушылардың түйінді құзыреттілігін ғылыми тұрғыда зерделенуін анықтау;
-
Оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруды жүйелеу;
-
Оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру амалдарын айқындау.
Зерттеудің жетекшілік идеясы: Оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру амалдарының ғылыми-теориялық негіздері.
Зерттеудің әдістері: талдау, жинақтау, феноменін табу, силлогизм, суггестивтік, жалпылау, жалқылау және т.б.
Зерттеудің жаңалығы:
-
Оқушылардың түйінді құзыреттілігін бүгінгі заманға сай ғылыми тұрғыда зерделеу;
-
Оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру;
-
Оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру амалдары.
І. Түйінді құзыреттілік туралы ғалымдардың ой-пікірлері
Латын тіліндегі «компетенс» сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты (құзіреттілікті) білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез - құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық(құзіреттілік) маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа (құзіреттілікке) бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені, құзырлылыққа (құзіреттілікке) бағытталған үлгіде білім алушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыру - басты мақсаты » - деп көрсетеді.
«Құзірет» және «құзіреттілік» ұғымдарын педагогикалық үрдіске енгізу бағытында ғалымдар зерттеу жұмыстарын арнап, әдіснамалық мәнін ашып, өздерінің әртүрлі түсініктемелерімен сипаттауда. Аталған ұғымдардың табиғи мәніне жетуге байланысты Е.В.Бондаревская, А.А.Деркач, И.А.Зимняя, А.К.Маркова сынды ғалымдар оқытудың түпкілікті нәтижесін баяндау және маманның білім алу үрдісінде қалыптасқан тұлғалық әртүрлі қасиеттері түрінде қолдану десе, И.Н.Алмазова құзырет – адамның іс-әрекеті саласындағы білімі мен іскерлігі, ал құзыреттілік – маман құзырлық қасиеттерін сапалы қолдана алуы тұрғысында пайымдайды.
К.В.Шапошников: «Кәсіби құзіреттілік категориясын: қоршаған ортамен өзара әрекет етуінде адамның кәсіби іс – әрекетін жобалау және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттері, білімі, іскерлігі және тәжірибесінің біріккен жиынтығы »,- деген.
Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық қырларын Ш.Х.Құрманалина (колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б.Т.Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Г.Ж.Меңлібекова (болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігі), Б.Қасқатаева (болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы),С.И.Ферхо (мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайдалана білу құзыреттілігі) және т.б. ғалымдар зерттеген. Ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдарын саралай келе, құзыреттілік түрлерін төмендегідей жіктелуінің жиі кездесетінін аңғардық. Құзыреттілік түрлері өте көп, бірақ солардың арасында түйінді құзыреттіліктерді ажыратуға болады.
Құзыреттілік иерархиясы:
-
Түйінді құзыреттіліктер – жалпы білім мазмұнына жатады (мета-пәндік);
-
Жалпыпәндік құзыреттіліктер – оқу пәндерінің және білім саласының нақты ортасына жатады;
-
Пәндік құзыреттіліктер – құзыреттіліктің алдыңғы екі деңгейіне қарағанда жекелеу, нақты сипаттамасы және оқу пәндерінің аясында қалыптасу мүмкіндігі бар.
Түйінді құзыреттіліктерге мыналар жатады:
-
Әлеуметтік құзыреттілік – қоғамда басқа адамдардың көзқарасын ескере отырып іс-әркекет ете білу.
-
Коммуникативтік құзыреттілік – түсінікті бола алу мақсатында қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігі.
-
Пәндік құзыреттілік – адами мәдениеттің жеке салалары тұрғысынан талдау және әрекет ету қабілеттілігі.
-
Ақпараттық құзыреттілік – ақпараттың барлық түрлерімен жұмыс істей білу, ақпараттық технологияларды игере білу қабілеттілігі.
-
Автономизациялық құзыреттілік – өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі білімдендіру, бәсекеге түсу қабілеттілігі.
-
Математикалық құзыреттілік – сандық ақпаратпен, сандармен жұмыс істеу қабілеттілігі.
-
Нәтижелі құзыреттілік –өз өнімін шығаруға, ол үшін шешім қабылдау мен жауапкершілікті өз мойнына ала білу, еңбек ету мен пайда таба білу біліктілігі.
-
Ұстанымдық құзыреттілік – дәстүрлі ұстаным заңдылықтары бойынша өмір сүруге дайындығы, қабілеттілігі.
Оқу-тәрбие үрдісіне құзыреттілікке бағытталған тәсілдерді енгізу бағдарламасына сәйкес, келесі түйінді құзыреттіліктер анықталды.
1. Танымдық құзыреттілік:
– оқу
жетістіктері;
– зияткерлік тапсырмалар;
– оқуға қабілеттілігі және білімін іске жарата
білу.
2. Тұлғалық құзыреттілік:
– жеке қабілеттері мен талантын дамыту;
– өзінің мықты және әлсіз тұстарын білу;
– рефлексияға қабілеттілігі;
– динамикалық білім.
3. Өз білімін жетілдіру құзыреттілігі:
– өзін-өзі оқытудың жеке тәсілдерін ұйымдастыру
және өздігінен білімденуге қабілеттілігі.;
– өз білімін жетілдіру әрекеті деңгейіне жауапкершілік;
– тез құбылмалы жағдайда білім, білік және дағдыны қолдана алу
икемділігі;
– үнемі өз-өзіне талдау жасау, өз әрекетін бақылау.
4. Әлеуметтік құзыреттілік:
– ынтымақтастық, топта жұмыс жасау, коммуникативтік
дағдылар;
– өздігінен шешім қабылдай білу, өз қажеттіліктері мен мақсаттарын
ұғынуға ұмтыу;
– әлеуметтік тұтастық, қоғамда тұлғалық рөлін анықтай білу
қабілеттілігі;
– жеке қасиеттерін дамыту, өзін-өзі реттеу.
5. Өз денсаулығына көңіл бөлу құзыреттілігі:
– соматикалық денсаулық;
– клиникалық денсаулық здоровье;
– физикалық денсаулық;
– валеологиялық білім деңгейі [6].
ІІ. Түйінді құзыреттілікті қалыптастыру амалдары
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа
идеяларды әр сабақта жан- жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді
жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Бүгінгі біздің
шәкірттерімізге сапалы білім беріп, қоғамнан өз орындарын табуға,
қоғамдық дәстүрлерді жалғастыруға дайындығы, оларды қалыптастыру
үрдісінің басты субъектісінің бірі - мұғалімге, оның кәсіби
шеберлігіне тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздар қауымы өз
білімдерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. К.Ушинский «Мұғалім –
өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды,
ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады», - деген өз
даналығында. Сондықтан әрбір ұстаз білім беру барысында үздіксіз
ізденуде болуы шарт. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім
«білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу
үрдісінің жетекшісі, ұйымдастырушысы, бағдарлаушысы, сараптаушысы
болуы тиіс.
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар,
окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың
тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін
қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекетін
ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Жаңа технологияларды
жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз
мамандығына, пәніне деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін
бағалауы ерекше орын алады. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді
жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды.
Еуропалық стандартқа сай жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер оқушының
түйінді құзіреттілігін дамытуда маңызы зор екендігі
дәлелденген.
«Құзыреттілік – оқушының іс-әрекеттердің әмбебап тәсілдерін
меңгерумен көрінетін білім жүйесі , ал құзырет дегеніміз - алға
қойған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді
іске асыруға дайындық, оқушының білім беру жүйесіне деген
әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын
қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әректке дайындығы» деп
көрсетілген. Сонымен қатар, құзыреттілікті тәсілге де төмендегідей
анықтама берілген: құзыреттілікті тәсіл – оқушылардың түйінді
құзыреттерді қалыптастыруға бағдарлануы, күтілетін нәтижелерге қол
жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру
мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру
процесін ұйымдастыру мен бағалаудың жиынтығы. Тұлғаның түйінді
құзыреттілігін дамыту үшін мұғалімнің құзыреттілік тәсілдерді
меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіру қажет екендігін ескере
отырып, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін пайдалануы
жоғары нәтиже береді деген болжам жасауға
болады.
Оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді амалдары ретінде мына әдістерді атап айтуға болады: «Мәтінді кодтау», «Мәтін индексі», «Блум таксономиясы», «Алты қалпақ», «Графикалық журнал», «Педагогикалық шеберхана».
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.
Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.
Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады.
Оқшыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда РАФТ, INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.
Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымызда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді.Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын жиі қолданамыз. Шығарма бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
«V»- білемін;
«-»- білмеймін
«+»- мен үшін жаңа ақпарат
«?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын ашық білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын тапсырмалардың бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру». Балаларға дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөліп, мәтінді оқи отырып:
Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды,үзінділерді жазады.Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.
Әр оқушы мәтінмен танысып, дәптерлеріне жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен, одан кейін топпен талқылау ұйымдастырылады.Топ ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды.
Осындай сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға үйретеді. Мәтінді өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды.Сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.
«ИНСЕРТ» стратегиясы
С
із үшін жаңа болып
табылатын немесе аз не көп мәнде қолданылатын сөздер мен
сөзтіркестерін дөңгелетіңіз.
Маңызды ақпараттың астын сызыңыз (мәселен, орталық идеяны дамытатын ақпаратты). _____
Келіскен нәрсенің жанына немесе үстіне белгі қойыңыз. ✔
Келіспеген нәрсенің жанына немесе үстіне "Х" белгісін қойыңыз✖
Күдіктенген нәрсенің жанына сұрақ белгісін қойыңыз (немесе түсінбеген не түсініксіз нәрсенің жанына. ?
Ұ
қсас ақпараттарды
байланыстыру үшін қолданыңыз (ұқсас немесе бір бірінен ерекше;
басқа да нәрсе үшін қолайлы болып табылатын нәрсе және
т.б.)
Өзіңіздің түсінетініңізге көз жеткізу үшін белгілі бір сөз тіркестерін, қосымша бөліктерді немесе толық сөйлемдерді өз сөздеріңізбен түсіндіріңіз.
Ақпарат арасындағы байланыстарды түсіндіріңіз (әр түрлі сөйлемдерде немесе параграфтарда) [5].
«Мәтінді кодтау» стратегиясы
|
Кодты таңбалау |
Мазмұны |
|
|
Сіз үшін жаңа болып табылатын немесе аз не көп мәнде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін дөңгелетіңіз. |
|
_______
|
Маңызды ақпараттың астын сызыңыз (мәселен, орталық идеяны дамытатын ақпаратты).
|
|
✔
|
Келіскен нәрсенің жанына немесе үстіне белгі қойыңыз. |
|
✖
|
Келіспеген нәрсенің жанына немесе үстіне "Х" белгісін қойыңыз
|
|
?
|
Күдіктенген нәрсенің жанына сұрақ белгісін қойыңыз (немесе түсінбеген не түсініксіз нәрсенің жанына)
|
|
|
Ұқсас ақпараттарды байланыстыру үшін қолданыңыз (ұқсас немесе бір бірінен ерекше; басқа да нәрсе үшін қолайлы болып табылатын нәрсе және т.б.)
|
«Графикалық журнал» әдісі.
Алма туралы
Бірінші бөлім
Алма (лат. malus) – раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Жер шарында алманың 36 түрі белгілі . Қазақстанда Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар.
Екінші бөлім
Алма пайдалы заттарға бай. Алма құрамында А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады. Жемісі – ағзаны ауыр металл заттардан тазалайды. Қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеге қолданады.
Графикалық журналды толтырыңыз.
|
Жаңа сөздерді жазыңыз |
Маңызды ақпаратты жазыңыз |
Тақырыпқа сай мақал-мәтел немесе тақпақ жазыңыз |
|
Сиверс, Недзвецкий Малус, ағзаны, қан бұзылу |
Алма пайдалы заттарға бай. |
Алма кетті
домалап |
|
|
|
|
Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын құру әдістемесі
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.
Блум таксономиясы оқыту нәтижелілігін бағалау әдістемесі ретінде.
Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия – берілген нысандарды олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Оқушылар:
-
Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
-
Нақты фактілерді біледі;
-
Жұмыстың орындалу ретін біледі,
-
Негізгі ұғымдарды біледі;
-
Ережелерді, қағидаларды біледі.
Тапсырмалар түрі:
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
ІІ. Түсіну.
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Оқушылар:
-
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
-
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
-
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
-
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
Тапсырмалар түрі:
Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
ІІІ. Қолдану.
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Оқушылар:
-
Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
-
Теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
Тапсырмалар түрі:
Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.
ІV. Талдау.
5. Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар орындау.
Өзін-өзі бақылау үшін арналған сұрақтар:
1. Б.Блум деген кім?
2. Блум таксономиясы неше бөліктен тұрады?
3. Блум таксономиясының білу,түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау деген түрлерін
қалай түсінесіз?
Ұсынылған әдебиеттер:
Бенджамин Блум (англ. BenjaminBloom, 21 февраль 1913 — 13 сентябрь 1999) — америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы.
Бенджамин Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категориялары.
Негізгі категориялар
1. БІЛІМ
Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді.
Оқу материалы деп әртүрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады.
Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.
Жалпыламаланған оқу мақсаттарының мысалдары
-
Оқушылар:
-
қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды); нақты фактілерді біледі; әдістер мен жұмыстың орындалу ретін біледі (процедурасын);
-
Негізгі ұғымдарды біледі; ережелер мен қағидаларды біледі.
2. Түсіну.
Оқу материалын түсінгендіктің көрсеткіші ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
-
Трансляция –яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мәселен математикалық формуланы сөзбен айтып беру немесе керісінше; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
-
Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша баяндау;
-
Жорамалдау - оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Мұндай оқу нәтижелері материалды есте сақтау деңгейіне қарағанда анағұрлым жоғары болады.
Оқушылар:
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді; Берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал
салдарын сипаттайды.
3. Қолдану
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Оқушылар:
-
Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
-
Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты
ситуацияларда қолданады; әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс
қолданатындығын көрсетеді;
4. Талдау.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу:
Бүтіннің бөліктерін ажырату; Бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара
байланыстарды анықтау; Бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын
сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезіну мен қатар оның ішкі құрылысы қалайша құралатындығын білуді меңзейді.
Оқушылар:
жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады; ойдың өрбуінен қателер
мен олқылықтарды айқындайды; фактілер мен олардың салдарының
арасын ажыратады; фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
5. Жинақтау.
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді [4; 486].
Оқушылар:
Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады; тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады; Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
6. Бағалау.
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру.
Мұнда шәкірттің пайымдаулары нақты критерийлерге негізделуі керек:
- ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан;
-сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан.
Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Оқушылар:
оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындайды; жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Бенджамин Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі.
Түрі бойынша үш түрге бөлінеді: білу,түсіну, қолдану.
Білу түрінің мазмұны:
Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
Түсіну түрінің мазмұны:
Мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру; есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау. Ұқсастықтарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу.
«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:
1. Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: ”Қалай? Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену, ”Салыстырыңыздар”, ”Айырмашылығын көрсетiңiздер” тапсырмаларын орындау.
2. Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру: формуланы сөзбен айтып беру, графиктi оқып беру, суреттi түсiндiру, мәліметті өз сөзiмен мазмұндау.
3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi.
4. Анықтамалар – атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу, таныс және түсiнiктi сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе оқулықта келтірілгендерді қайталамауы керек).
Қолдану түрінің мазмұны:
Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру. Оқушы/студент мұғалiмнiң/оқытушының көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек. Ұстаз тек шешiмге емес, шешу процесiнiң құралуына да назар салуы керек, өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.
Талдау (анализ) түрінің мазмұны:
Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу. Оқушы/студент әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi.
Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, игерумен ерекшеленедi.
Талдаудың түрлерi:
Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру. Болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
Жұмыс және нәтиже түрлерi:
-
Шығармашылық жанрлар.
-
Жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу.
Бағалау түрінің мазмұны:
Даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдеу.
Оқушылар /студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздеуi қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет.
«Педагогикалық шеберхана» инновациялық технологиясы
«Педагогикалық шеберхана» ең алғаш француз және орыс педагогтерінің «Педагогтер әлем мен өзара түсіністік» Халықаралық қоғамы мүшелерінің бастамасымен құрылған. Бұл технологияның негізгі идеялары әйгілі психологтер Поль Ланжевен, Анри Валлон, Жан Пиаже, т.б. технологияның негізгі идеясы:
-
Дәстүрлі педагогикаға түрткі салу. Дәстүрлі педагогика адам әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермейді. Ол біржақты білім беруді ғана көздейді. Сондықтан білім берудің жаңа формасы қажет.
-
Жаңа дүниетанымдағы тұлға.
-
Барлық адам қабілетті.
-
Тұлғаның оқуы мен дамуындағы белсенді әдістер.
-
Педагогтің жаңа түрі.
-
Педагогикалық идеяның жоғары қуаттылығы, психологиялық әсерінің күштілігі.
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады:
І. Индуктор – қызығушылығын оятатын түрткі. Бұл ассоциативті және бейнелі ойлауға аппеляция.
Тапсырмалар әр түрлі сипатта болады. Бұл тапсырмалар оқушыларға күрт, күтпеген және құпиялы жеке өзіне қатысты мәселелерге шығарады.
-
Сөз;
-
Зат;
-
Сурет;
-
Еске түсіру;
ІІ. Реконструкция немесе интерпретация. Материалмен жұмыс.
ІІІ. Кульминация немесе шарықтау.
Инсайт, бір ойдың кенеттен жарқ етуі (озарение). Затты, құбылысты жаңаша көруі, жаңаша түйсінуі. Ол үшін тұлғаға компьютер, сөздіктер, әдебиеттер қажет болады. [3; 42]
Қорытынды
Қорытындылай келсек, бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу — білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян. Демек, Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып – тәрбиелейтін мұғалім – шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші болса, онда жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың бойында түйінді құзыреттілікті қалыптастырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты жоғарыда аталып кетілген амалдарды, тапсырмаларды орындатуға болады.
Қорыта келгенде өзге ұлт
өкілдеріне қазақ тілін үйретуде түйінді құзіреттілікті
қалыптастыру — заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман
талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын
жеткізе алатын, кез-келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе
алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы
үшін оның бойында түйінді құзыреттілікті дамыту ұстаздың
қолында. Демек, педагогтарымыз осы ақпараттық
қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше
ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы -
бұл қазіргі заманның талабы.
Әдебиеттер мен ғаламтор көздерінің тізімі:
1. ҚР Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, бір болашақ». Астана, 17.01.2014.
2. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010.
3. «Педагогикалық шеберхана» инновациялық технология ретінде» шеберлік сағаты. Шабажанова С.Қ. Павлодар, 2015.
4. Білім беру қызметкерлерінің бірінші республикалық педагогикалық оқулары «Педагогтың кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты», Алматы,2013.
5. Жаңа инновациялық әдістер мен технологияларын қолдану. Жаннат Анесова. 19 сәуір 2015ж. // Ped.kz
6. Формирование ключевых компетентностей учащихся. Даньшина А.В. //festival.1september.ru
Қосымша 1
Сабақ жоспары
|
Тарау тақырыбы: Піл |
|||||||||||||||||||
|
Мектеп: жалпы білім беретін орта мектеп |
|||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||
|
Сынып -4 |
Қатысып отырғандары- |
Келмегендер саны- |
|||||||||||||||||
|
Осының алдындағы оқу |
«Піл». |
||||||||||||||||||
|
Стартер: |
Сабақ тақырыбына шығу: «Слоненок» «Алты қалпақ» арқылы бағалау. |
||||||||||||||||||
|
Кіріспе: |
«Слоненок» мультфильмінен үзінді көру. Сұрақтарға жауап беру. |
||||||||||||||||||
|
Оқыту мақсаты |
Жануарлар модулі бойынша алған білімдерін толықтыру Оқушылардың сауаттылықтарын қалыптастыру |
||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілуге тиіс мақсаттар |
Мультфильм бойынша үзіндінің негізгі идеясын түсіну, оқулықпен жұмыс. Тірек сөздер мен фразаларды қолданып, кейіпкерлерді сөйлету. Үзіндіні аяқтау. |
||||||||||||||||||
|
|
Барлық оқушылар істей алады: үзінді мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. |
||||||||||||||||||
|
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады: үзінді мазмұнын түсінеді, диалог дайындайды, үзіндіні аяқтайды. |
||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар істей алады: үзінді мазмұнын түсінеді, мазмұнын айта алады . |
|||||||||||||||||||
|
Табыс критерийі |
|||||||||||||||||||
|
Үзіндіні түсінеді. Тірек сөздер мен фразаларды қолданады. |
Үзіндіні түсінеді. Тірек сөздер мен фразаларды қолдану барысында қиналады. |
||||||||||||||||||
|
Даму |
«Слоненок» мультфильмнен үзінді көрсетіледі |
||||||||||||||||||
|
Ой қозғау |
«Инсерт» әдісі |
||||||||||||||||||
|
Мәтінді оқып, кодтау. Оқылым әрекетіне арналған тапсырма. Піл – құрлықтағы ең ірі, ауыр салмақты жануар. Оның салмағы 9 тоннадай болады. Азу тісінің салмағы – 220 кг. Ересек пілдер бір күнде 140 кг өсімдік жейді. Пілдер тәулігіне 100-200 литр су ішіде. Олар 70-80 жыл өмір сүреді. Миының салмағы – 4,5 кг. Бүйрегінің салмағы – 16кг. Ішегінің ұзындығы – 30 метр. Піл баласын 22 ай күтеді. Пілдің Отаны – Африка мен Үндістан.
ІІ. Белсенді әдіс-тәсілдер негізінде тапсырма дайындаңдар. Тапсырма сөйлесім әрекетіне бағытталған. Диалогты досыңмен оқы
-Сәлем,Данияр! -Сәлем , Вова ! - Сен қайда барасың ? - Мен зоопаркке барамын. - Онда аңдар ма? -Иә,бар. - Қандай аңдар? -Түрлі аңдар. - Сен нені көруге бара жатырсың? - Мен пілді көруге бара жатырмын.
|
|||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||
|
Тапсырманы аяқтау. Тапсырма жазылым әрекетіне бағытталған
|
|||||||||||||||||||
|
Пленарий |
Ертегіні аяқтау |
||||||||||||||||||
|
Нақтылау. Тілдесім әрекетіне бағытталған. Сандарды сөйлет |
9 тонна 140 кг
|
||||||||||||||||||
|
Бағалау. Алты қалпақ әдісі арқылы
|
|||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||
|
Тапсырма. Сұраққа жауап жаз. Айтылым әрекетіне бағытталған.
|
Бағалау – сіз ілгері басуды/ оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыстар, АКТ қолдау. Құндылықтар. |
|||||||||||||||||
|
сәйкестендіру
|
Топтық жұмыс. Бірін-бірі бағалау. Модель алмасу. « Алты қалпақ» арқылы бағалау. |
Суерт, жаратылыстану пәндері |
|||||||||||||||||
|
Рефлексия |
Сабаққа қатысу барысында өз байқағандарыңызды жазу үшін пайдаланасыз. Сабағыңыз туралы берілген сұрақтарға жауап беріңіз |
||||||||||||||||||
|
- Оқу/сабақ мақсаттарына қол жеткізілді ме? - Оқушылар бүгін не үйренді? - Оқу ахуалдары қандай болды? - Оқушылар арасындағы айырмашылықты анықтау бойынша іс-әрекеттер сәтті болды ма? - Мен уақыттық графикті дұрыс ұстандым ба? Мен жоспардан ауытқуларға жол бердім бе? Берілсе, неліктен? |
1.
|
||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау |
|||||||||||||||||||
|
Сіздің әрекетіңіз сәтті шықты? Нәтижелі болды!
Оқыту мен оқу барысында қай әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз? Сабақ барысында мен сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім? Келесі сабаққа дайындалуға маған осы ақпараттар қандай көмек көрсетеді? 1. Абай , сабаққа қатысу барысында белсенділік танытты. 2. Күрделенген тапсырмалар жасауға ой тасталды.
|
|||||||||||||||||||
Қосымша 2
Сабақ жоспары
|
Тарау тақырыбы: Жолбарыс |
|||||||||||||||||||
|
Мектеп: жалпы білім беретін орта мектеп |
|||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||
|
Сынып -4 |
Қатысып отырғандары-14 |
Келмегендер саны-0 |
|||||||||||||||||
|
Осының алдындағы оқу |
«Жолбарыс». |
||||||||||||||||||
|
Стартер: |
Сабақ тақырыбына шығу: «Жолбарыс пен жайын» атты атты термені тыңдату арқылы ашу. (тыңдалым әрекеті) «Бағдаршам» арқылы бағалау. |
||||||||||||||||||
|
Кіріспе: |
««Жолбарыс пен жайын» атты атты термені тыңдату. Сұрақтарға жауап беру. |
||||||||||||||||||
|
Оқыту мақсаты |
Оқушылардың жануарлар жайлы 3- сыныпта алған білімдерін толықтырып, сөздік қорларын байыту Оқушылардың сауаттылықтарын қалыптастыру |
||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілуге тиіс мақсаттар |
Жаңа сөздермен танысу, есте сақтау |
||||||||||||||||||
|
|
Барлық оқушылар істей алады: Мәтіндегі үзінді мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. |
||||||||||||||||||
|
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Мәтіндегі үзінді мазмұнын түсінеді, диалог дайындайды, үзіндіні аяқтайды. |
||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар істей алады: Мәтіндегі үзінді мазмұнын түсінеді, мазмұнын айта алады . |
|||||||||||||||||||
|
Табыс критерийі |
|||||||||||||||||||
|
Үзіндіні түсінеді. Тірек сөздер мен фразаларды қолданады. |
Мәтінді түсінеді. Тірек сөздер мен фразаларды қолдану барысында қиналады. |
||||||||||||||||||
|
Даму |
«Джунгли кітабы» мультфильмнен үзінді көрсетіледі |
||||||||||||||||||
|
Ой қозғау |
«Инсерт» әдісі |
||||||||||||||||||
|
Мәтінді оқып, кодтау. Оқылым мен тыңдалым әрекетіне арналған тапсырма. Жолбарыс- өте күшті жыртқыш аң. Ол 9-10 метр жерге секіреді. Жолбарыс қабанды, сиырды, жылқыны оңай өлтіреді. Ол аюды да өлтіре алады. Жолбарыс сағатына 80 км жүгіре алады. Ертеде Іле, Балқаш, Шу, Сырдария, Зайсан сияқты өзен, көлдерінің жағасында жолбарыс көп болған.
ІІ. Белсенді әдіс-тәсілдер негізінде тапсырма дайындаңдар. Тапсырма сөйлесім әрекетіне бағытталған. Мәліметтерді оқып, оларды сұраулы сөйлемдерге айналдыру. Ең ірі маймыл- горилла Ең ірі бақа- голиаф Ең кіші кенгуру- валлаби Ең жүйрік сүтқоректі – гепард Ең ірі қолтырауын- Ніл қолтырауыны Ең ірі көбелек- агриппина
|
|||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||
|
Тапсырма тілдесім әрекетіне бағытталған. Мәтін бойынша 5 сұрақ әзірлеп, жұптасына қою. Тапсырма жазылым әрекетіне бағытталған. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрау . |
|||||||||||||||||||
|
Пленарий |
Сергіту сәті. Видео көрсетіледі. Балалар сергіту сәтін жасайды. |
||||||||||||||||||
|
Нақтылау. Алты қалпақ әдісі арқылы «Жолбарыс» жайлы алған мәліметтерін бекіту.
|
|
||||||||||||||||||
|
Бағалау. Бағдаршам әдісі арқылы
|
|||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||
|
Тапсырма. Сұраққа жауап жаз. |
Бағалау – сіз ілгері басуды/ оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыстар, АКТ қолдау. Құндылықтар. |
|||||||||||||||||
|
сәйкестендіру
|
Топтық жұмыс. Бірін-бірі бағалау. Модель алмасу. « Бағдаршам» арқылы бағалау. |
Суерт, жаратылыстану пәндері |
|||||||||||||||||
|
Рефлексия |
Сабаққа қатысу барысында өз байқағандарыңызды жазу үшін пайдаланасыз. Сабағыңыз туралы берілген сұрақтарға жауап беріңіз |
||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау |
|||||||||||||||||||
|
Сіздің әрекетіңіз сәтті шықты? Нәтижелі болды!
Оқыту мен оқу барысында қай әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз? Сабақ барысында мен сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім? Келесі сабаққа дайындалуға маған осы ақпараттар қандай көмек көрсетеді? 1. Ваня, Милана және Влада сабаққа қатысу барысында белсенділік танытты. 2. Күрделенген тапсырмалар жасауға ой тасталды.
|
|||||||||||||||||||
21






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген