400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жолдары. (дөңгелек үстел)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыруда,зерттеуде мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы
















Тақырыбы: Оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жолдары.

(дөңгелек үстел)





























Оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жолдары.


«Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы»білімді өзбетімен ала алатын және оны өмірдің түрлі жағында қолданабілетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуі талабын қойып отыр.

№1 сұрақ

Құзіреттілік дегенді қалай түсінеміз?

Құзіреттілік анықтамасымен таныстыру

Құзырлылықтың (құзіреттілік) латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді - деп көрсетеді педагог-психолог Б.Тұрғанбаева

Құзыреттілік дегеніміз- тұлғаның бойында білім,дағды,іскерлік,ерік күш-жігердің болуы.


№2 сұрақ

Құзіретті тұлғаны қалыптастыру үшін,яғни білім-білік дағдысын жоғары деңгейге көтеру үшін мұғалімнің жан-жақты білімі қажет.Мұғалімнің бойында сіздің ойыңызша қандай қасиеттер болуы керек?

Жауап:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Оқушылармен ортық тіл табыса алатын;

  • Білімді,іскер,шебер болу керек.


№3 сұрақ

Адамның өз мамандығы аясында ғана жетік болуы, бірақ қарым-қатынас жасау жөнін білмеуі, өзін дамыту жолындағы міндетті жүзеге асыра алмауы мүмкін. Яғни оның мамандық жағынан жоғары құзіреттілігін , ал әлеуметтік және тұлғалық жағынан құзіреттіліктің әлсіз екенін пайымдауға болады. Бұл әсіресе жас мамандарда болуы мүмкін қасиет. Осыған байланыста қандай ой-пікір, кеңес айтар едіңіздер! Мұғалім педагог-психолог болуы қажет па?


№4 сұрақ

Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,орындаушы болса,ал қазіргі оқушы өздегінен білім іздейтін жеке тұлға. Келісеміз ба?Салыстыру


Қазіргі оқушы

  • Дүниетаным қабілеті жоғары

  • Дарынды,ізденімпаз,өзіне талап қойғыш

  • өз алдына мақсат қоя алатын


№5 сұрақ

Қазіргі кезде білім парадигмасы

Жеке,дара тұлғаның еркін қалыптасуына мүмкіндік беруіміз қажет»дейді қазіргі мамандарымыз. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен » менталитетін қалыптастырады. Бұл біздің ұлттық менталитетімізге сай келе ме?

Білім толықтыру саясатындағы түбегейлі өзгерістер күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмаларды өз бетінше жұмыс түрін ұйымдастырудан бастау қажет екендігі айқын көрсетуде.

Оқушылар оқытушы қауымнан өз бетінше жұиыстар арқылы білімге ғана емес,өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.

№6 сұрақ

Құзіреттіліктің бірнеше түрін атауға болады:

1.Ақпараттық құзірет;

2.Коммуникативтік құзірет;

3.Әлеуметтік- құқықтық құзірет.

Осының ішінде ақпараттық құзірет оқушылардың арасында кең дамыған. Бұл құзіреттіліктің басқа құзіреттіліктерге қарағанда баланың бойында басым болуы қалыпты құбылыс па? ,жоқ әлде оның теріс жақтары көп пе?


Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.

^ Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

Әлеуметті-құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.

№7 сұрақ

XXI ғасырды ақпараттық технология ғасыры деп атаймыз. Математика, физика,химия сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндерде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі қандай?

8сұрақ

Бастауыш мектеп – үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы және оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі.

1-2 сынып оқушылары мен 3-4 сынып оқушыларының өсу динамикасы, яғни қабілеттерінде көп айырмашылық болады ма?

Айырмашылық болған жағдайда болашақ жеке тұлғаны тәрбиелеудің қандай жолдарын ұсынар  едіңіз?


Қорытындылау

Еліміздің саяси,экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай білім беру ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері,бәсекеге қабілетті, кең ауқымды,жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипатының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін,кәсіби білімі мол мамандарды қажет етеді.

Соңғы жылдары болашақ мамандардың құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелері жайлы көптеген пікірлер айтылып жүр.Соларға сүйене отырып,мұның өзі болашақ мамандарды қаршаған дүниені,табиғатты,қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану,әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау,талдау,маңыздысын ажырата білуге,адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.

Еліміздің болашақта көркейіп,бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты.ел президенті Н.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында: «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға- «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі»,- деген болатын. Олай болса,республика оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған,саяси сауатты,терең теориялық біліммен қаруланған,адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау міндеті тұр.


Өз бетінше жұмысты ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда  құзіреттіліктің  маңызы:
   · білім сапасын арттыруға  негізгі жол салады;
   · жеке, дара тұлғаның еркін қалыптасуына мүмкіндік береді.
   Себебі, білім саясатындағы түбегейлі өзгерістер күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмаларды өз бетінше жұмыс түрін ұйымдастырудан бастау қажет екендігі айқын көрсетуде. Оқушылар оқытушы қауымнан өз бетінше жұмыстар арқылы  білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт - бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.
 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі