Оқушылардың рухани - адамгершілік дамуына « Өзін - өзі тану» сабағының ықпалы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың рухани - адамгершілік дамуына « Өзін - өзі тану» сабағының ықпалы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың рухани - адамгершілік дамуына « Өзін - өзі тану» сабағының ықпалы.

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» С. А. Назарбаева

Бұл бағыттың негізгі міндеті – оқушының бойында жалпы адамгершілік қағидаларын сақтауға тырысуын қалыптастыру, адамдыққа, ізгілікке жат нәрселерге белсенді рухани қарсылық көрсету қасиетіне тәрбиелеу.

Өзін - өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін - өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар - намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.
Осы талаппен «Өзін - өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік - рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 12 шілдедегі №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін - өзі тану» курсы жобасын әзірлеу және апробациялау бойынша эксперимент табысты іске асырылуда.
Жеті жылдық эксперименттік апробациядан кейін «Өзін - өзі тану» бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде педагогикалық және ата - аналар жұртшылығының белсенді қолдауына ие болды.
Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік - рухани қайнарын сіңіріп, мінез - құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.
Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде уақыт талабына сай болу С. А. Назарбаеваның «Өзін - өзі тану» атты білім жобасының негізінде оқу жоспарына жаңа пәннің енгізілуінің қажеттілігін айқын аңғартып отыр.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез - құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған тұлға. Адамдар тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Тұлға дегеніміз адамның мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Өзін - өзі тану пәнін жүргізудің мақсаттары:
1. Өзіндік рухани дүниені саналы түсінуге жақындату.
2. Өз көз қарастарын қорғауға және дәлелдеуге үйрету.
3. Әр түрлі көзқарастар орын алған жағдайда қарым - қатынас жасау дағдысын дамыту.

«Өзін - өзі тану» пәнін жүргізу барысында өзіндік бақылау әдістерін қолданды. Мысалы, сабақтар бойынша әр тапсырманы талдау жасалынып отырды. «Өзін - өзі тану» сабақтары оқушылардың білімдерін, дағдыларын, құндылықтар жүйесін дамытуда өте тиімді. Жалпы барлық сабақтарда дискуссиялық сұхбат тәсілі қолданылды. Сыныптарда парталар топпен жұмыс жасау ыңғайлы болатындай етіп қойылған.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір - қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.

Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
«Адам мен адамның бір - бірімен араласу, өзара қарым - қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады»,- дейді философ М. М. Бахтин. Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да көрсетеді. Тұлғаның белсенділігі, өзін - өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бірлескен қарым - қатынас негізінде оқушы - оқушы, мұғалім - мұғалім, оқушы - мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.

Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.
Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады. Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден - бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы.

Осы орайда Д. Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушының да пайдалана білуі жүзеге асырылады. Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну маңызды шарт. Өйткені оқытудағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2018
373
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі