15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі
БАЯНДАМА:
Мектеп өміріндегі педагогтардың, әсіресе жас мамандардың негізгі қиындық тудыратын мәселесі - бұл үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Әрине, қанша біз тырыссақ та, бес саусақ бірдей емес деген ұғым бар. Ол шындық. Әр сыныпта жоқ дегенде 1 үлгерімі төмен оқушылар болады. Ал, үлгерімі төмен оқушылар дегеніміз кімдер?Оларға қандай оқушыларды жатқызуға болады? Үлгерімі төмен оқушыларға – ой қабілеті әлсіз дамыған, есте сақтау қабілеті төмен,өз ойын толық жеткізе алмайтын, үй тапсырмасын жиі орындамай келетін, сабаққа деген ынта- жігері төмен, жаңа материалды тез меңгере алмайтын және сабақтан себепсіз көп қалатын оқушылар жатады. Оқушылардың сабақ үлгерімінің нашарлауы – бүгінгі күрделі мәселенің бірі. Жалпы, ғылыми тұрғыдан алғанда оқушылардың сабаққа үлгермеушілік мәселесі әлі толық зерттелген жоқ. Педагог үшін ең алдымен оқушыларының сабаққа үлгермеушілік себебін анықтап алуы өте маңызды. Сабаққа үлгермеушілік себептеріне тоқталсақ, оларға мыналарды жатқызуға болады:
Жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;
Үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы;
Мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;
Мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;
Тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі;
Бағалаудағы біржақтылық;
Оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;
Сабақтан жиі қалуы;
Оқушының ауырып қалуы;
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің төмендігі (баласынажағдай жасамауы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмендігі);
Отбасындағы жайсыз жағдайлар (отбасындағы түрлі кикілжіңдер);
Ойынның аздығы (баланың құрдастарымен қарым-қатынасқа түсіп, ойнай білмеуі);
Мінез-құлқындағы түрлі ауытқулар (психопатия, мінездің ұстамалығы, ұялшақтық, мазасыздану, т.б);
Интеллектуальдық деңгейінің жетіспеушілігі (зейін,ойлау, қабылдау,т.б қабілетінің төмендеуі)
Жоғарыда
көрсетілген себептердің барлығы
оқушылардың сабақ үлгерімінің нашарлауына
ықпал етеді. Баланың теріс мінез-құлқының
қалыптасуына алып келетін ең маңызды
фактор – сабаққа немқұрайды қарауы,
материалды меңгерудегі қиындықтар,
сәтсіздіктерді үнемі сезінушілік. Ол
мынадай теріс қылықтарға әкеп соқтырады:
үй жұмысын орындаудан қашады, кітаптарын
тығып қояды, мектеп талаптарына
бағынбайды. Олар сабаққа қатысуды қояды,
ата-анасына өтірік айтады, «үй жұмысына
ештеңе берілген жоқ» деп алдайды, ал,
мектептегі ұстазына «кітаптарымды
ұмытып кетіппін» деген сияқты сылтауларды
көп айтады. Сыныптағы оқушылармен
төбелеседі, жаман сөздерді көп қолданады.
Сабақтан қашады. Қарап отырсақ, осындай
іс-әрекеттер оқушының мінез-құлқын
теріс жағына бұрады. Үлгерімі нашар
оқушылардың бойында теріс мінез-құлықтың
қалыптасуына мұғалімдер мен ата-анадарда
ықпал етеді. Мұғалімдер ондай оқушыларға
қатал қарау, намысына тиетін ауыр сөздер
айту, адамгершілік қасиеттерін төмендету,
ата-аналарына шағымдану, оқушы мен
мұғалім арасында түсініспеушілік пайда
болуына әкеледі, оқушының мұғалімге
деген сенімі жоғалады. Осыдан кейін
оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас
бұзылады. Міне, осы жағдайлар да оқушының
сабаққа немқұрайды қарауына жол ашады.
Баланың ішкі жан дүниесіне үңіле білген
педагог қана оқушының көңіл-күйін
түсініп, жақсы немесе жаман жағын ұғынып,
көмектесе алады. Үлгерімі төмен
оқушылардың ата-аналарында да күрделі
мәселелер туындайды. Ата-аналардың
мектеп туралы көзқарастарының жағымсыз
болуы, баланың көзінше мұғалімнің
дәрежесін түсіру баланың оқу мотивациясын
төмендетіп, оқу іс-әрекетіне жағымсыз
көзқарас пайда болады. Ата-аналардың
да баласына деген көзқарасы өзгереді.
Баласынан сабақтан кейін үй жұмысын
орындауды талап етеді, ойын ойнауына
тиым салады, физикалық жазалау шараларын
қолданады. Баланың ата-анасының сенімінен
айырылуы оның мінез-құлқына әсер етіп,
психологиясына орасан зор зиян әкеледі.
Оқушы бойындағы ұяңдық та оқу үлгеріміне
әсер етеді. Мұндай оқушылар сабақты
түсінбесе мұғалімнен сұрауға ұялады.
Біліп тұрса да сабақ айтпайды. Сабақ
кезінде өз ойын ашып айтуға қымсынады.
Осындай ұяңдықтың салдары оқушының
сабақ үлгерімінің нашарлауына әкеп
соқтырады.
Үлгерімі төмен оқушыларды зерттеу
кезінде танымдық қызметтің қандай да
бір құрылымдық бөліктерінің әр алуан
қалыптасу деңгейімен байланысты дамудың
көп түрлілігі анықталған. Бұл
үлгермеушілікті туғызатын көптеген
себептердің айқын көрінісі. Оқушы
бойындағы оқуға деген кері қатынасты
тудыратын себептер өздігінен болмайды,
олар әртүрлі қолайсыз жағдайлардың
үйлесуі арқылы пайда болады. Педагогикалық
қателіктер жіберіліп жатқан жағдайда
бұл себептер белсенді түрде өзара әрекет
ете бастайды.
Үлгермеушіліктің
негізгі үш себебі:
1. Физиологиялық;
2. Психологиялық;
3. Әлеуметтік
Физиологиялық – жиі
ауру, денсаулығының әлсіз болуы,
инфекциялық аурулар, жүйке жүйесі және
тұқым қуалайтын аурулар, қозғалыс
қызметтерінің бұзылуы.
Психологиялық
себептер – зейін,
есте сақтау, ойлаудың даму деңгейі,
қабылдаудың төмендігі, сөйлеу
қабілетінің жеткілікті деңгейде
дамымауы, таным қызығушылықтарының
қалыптаспауы, дүнетанымының тарлығы.
Әлеуметтік себептер–әлеуметтік жағдайдың төмен болуы, отбасындағы кикілжіңдер,қаңғыбастық, күн тәртібінің дұрыс ұйымдастырылмауы.
Оқушылардың үлгермеушілігінің себебі ретіндегі психологиялық ерекшеліктерге мыналар жатады: сана мен мінез; дербес және әлеуметтік тәжірибе; мұқтаждықтар мен мүмкіндіктер; мақсат-міндеттер және оған қол жеткізу барысындағы жанжалдың пайда болуы; аурулар мен басқа да қолайсыз жағдайлардың салдарынан жалпы дамудағы кешеуілдеу; тұлғаның жекелік ерекшелілігі; физиологиялық кемшілік түрінде көрініс табатын тұқым қуалаушы ауытқушылықтар. Оқушының оқу іс-әрекетіне жағымды және тұрақты мотивтің болмауы оқу үлгерімінің төмендеуінің басты себебі болып табылады. Мектептегі және отбасындағы психологиялық білімнің жетіспеушілігінен кей оқушылар тәрбие мен оқудың жалпы жүйесінен қалып қояды. Олар педагогикалық ұжымның әсерін тиісінше қабылдамай, нәтижеде өздерінің интеллектуалды және рухани дамуында артта қалады.
Ата-аналардың басты проблемасы – бұл әлсіз педагогикалық-психологиялық білімдер және үйде педагогикаға қарама-қайшы тәсілдердің қолданылуы. Олар:
ата-аналар мен туған-туысқандардың баланың шынайы мүмкіндіктері мен күштерін асыра бағалауы;
отбасылық тәрбие жалған идеяда құрылады: балалық шақ қиыншылықсыз және міндеттемелерсіз өту қажет деген пікір;
ересектердің балаға бар жақсыны беруі;
оқудағы басты жауапкершілік мектепке жүктеледі деген ата-аналардың жаңсақ ойы;
баланың оқу қызметіне дұрыс емес қатынасы, бала кемшілігінде тек мұғалімді кінәлауы.
Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған, білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек.
Үлгермеуші оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруде мұғалім қандай тапсырмалар мен жаттығуларды қолдана алады? Олар:
Ең әуелі баланың бойында «ашықтық» сезімін күшейтуден бастаған жөн.
Балада таңдау жағдайларын қолдану. Өйткені таңдау жағдайлары оқушының шешімді қабылдай білуін, әр түрлі түрткілерді үйлестіре және бағындыра білуді берік етеді.
Оқушылардың мақсатқойғыштығына көңіл бөлу. Оқушылар өз мүмкіндіктерін айыра білуді, өз жұмысына психологиялық баға беруді, сол арқылы алға қойған мақсаттың шынайылылығын анықтайды.
Мадақтау. Мұғалімнің мақтауы оқушыны әрі қарай әрекет етуге итермелеуі мүмкін. Мұғалім оқушының жетістіктерін өзге оқушылардың жетістіктерімен емес, оның бұрынғы нәтижелерімен салыстырады. Мұндай жағдайда әлсіз оқушы өзін табысты сезінсе, күшті оқушы сәтсіздікті сезінеді.
Мақсаттардың тұрақтылығы. Мақсатты сақтап қалуға кедергілердің соңынан іле-шала оқу қызметін қайта құруға бағытталған тапсырмалар септігін тигізеді. Кедергілерді жеңу дағдыларының тууына әр түрлі кедергілерді көп реттік қайталау тапсырмалары әсер етеді.
Психолог тарапынан жүргізілетін эмоционалды тренинг қауіп-қатерлерді жою, оңды эмоцияларды нығайту, өз қызметін жоспарлай білу және оның қиындықтарын көре білу жаттығуларынан тұрады.
Сабақ шеңберінде үлгермеуші оқушылардың оқу мотивін қалыптастыруға бағытталған жеке әрекет жүргізіледі. Түзету жұмысын қысқа уақытта (1 апта көлемінде) іске асырылатын мақсаттардан бастау қажет. Себебі бұл – мұғалім мен оқушыға алғашқы позитивті (оңды) нәтижелерді жылдам көруге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, оқу мотивациясын және үлгермеуші оқушылардың оқи білу қабілетін қалыптастыру келесі бағыттардан тұрады:
ең алдымен, оқуға және жеке оқу пәндері мен сабақтарға оңды қатынастың қалыптасуы;
мұндай қатынасты оқушылардың табыстағы сенімділігін қолдайтын тапсырмаларды шешуден бастауды ұйымдастыру;
оқушының шағын жетістігін қолдап, сұрау, төзімділік таныта тыңдай білу.
Үлгермеуші оқушыларда өзіндік оқи білу қабілетін нығайту үшін мына жұмыстарды басшылыққа алу қажет:
білімдегі проблемаларды жою;
білім қорын байыту;
білімді барлық параметрлер бойынша (толықтығы, жүйелілігі, әрекеттілігі, беріктігі) дамыту;
оқушыларды нұсқауларға сәйкес әрекет етуге үйрету;
күрделі қимылдарға арнайы үйрету;
түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана білу және оларды қолдану;
жоспарлар мен көрнекіліктер қолдану.
Жеке дара айырмашылықтар адамдардың танымдық ортасына да қатысты. Біреулерінде көру есінің қабілеті, тағы біреулерінде – есту, үшіншілерінде – көру-қозғалысты естің түрі басым. Кейбіреулерде көрнекі-образды, біреулерде – абстрактілі-логикалық ойлау жақсы дамиды. Сондықтан да бірі материалды көру қабілетінің көмегімен, бірі – есту арқылы жеңіл қабылдайды. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мән бермеу оқыту мақсаттарына қол жеткізуде қиындықтардың пайда болуына әкеледі.
Қазіргі таңда танымдық қызметтің арнайы және логикалық тәсілдерінің тұтастай жоспарын құрастыру қажеттілігі туындап отыр. Олар әрбір оқу пәнін үйрену кезінде қалыптасуы керек. Тәсілдер мазмұнын талдау әрқайсысының басқалармен салыстырғанда жаңаша түрін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай жоспарлардың болуы және меңгеруді басқару жағдайларының жүзеге асырылуы оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Деңгей бойынша сараптау ой еңбегінің дамуына байланысты саралаудың қазіргі педагогикадағы оң аспектілері мұғалімге нашар оқитын оқушыларға көмектесуге жол ашады.
Сараланған тапсырмалар - бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сараланған тапсырмалар тақтада, кәртішкеде, слайдтарда, таблицаларда жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі міндетті тапсырмалар, дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс қолдануға ықпал етеді; олардың көлемі шектелген болуы керек және әр оқушының шамасы келетін тапсырмалар болуы тиіс.
Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі қажет.
Оқу материалын қорытындылап, бір жүйеге келтіру іскерлігін қалыптастыру үшін күрделілігі әр алуан кестелер мен сызбалар түріндегі тапсырмалар беріледі. Мысалы, математикалық ұғымды әр түрлі деңгейде оқытудың «Туынды» тақырыбы бойынша үлгерімі төмен оқушыларға дайын кестені толтыруды, орташаларға кестені құруды, ал үлгерімі жақсыларға кестені құрып толтыруды тапсыруға болады. Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолдануға болады. Білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп, өз жұмысында әр түрлі бақылау формаларын : тесттер, сұхбат, диференциалдық тапсырмаларды орындату. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетіне баулиды. Оқушылармен жұмысты оқу тәрбие процесіне қойылған жаңа талаптарға сай құрайды. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін және қабылдауларын ескере отырып сабақты құрастыру. Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізуде әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Деңгейлік дифференциацияны қолдану жағымды нәтиже береді. Бақылау жұмысын өткізуде түрлі формаларды қолдануға болады. Әрбір оқушының оқып үйрену мүмкіншіліктерін анықтау негізінде олардың жеке бас ерекшеліктерін терең білу, сонымен қатар оны іс-тәжірибеде ескеру қажет.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс және жұмыс жасау кезіндегі ұстанатын ұстанымдар мен кеңестер
Оқушыларды озат деп, үлгілі, не болмаса орташа деп жікке бөлу оқушылардың оқу үлгеріміне әсер етіп қана қоймай, психологиялық, тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Сондықтан балалардың мүмкіндігіне сай, ерекше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жан дүниесіне жол тауып, жеке-жеке бейімдеуді алдыға мақсат етіп қойсақ жөн болар еді. Аталған факторлардың барлығы оқушының психологиясына әсер етіп, ішінде алапат күштің бұғып қалуына себеп болады. Яғни, тұлға болып қалыптасуы тежеледі. Кейбір үлгерімі нашар оқушыларда «Болашақта көресіңдер, мен бәрінен де мықты боламын!» секілді кекшіл көзқарас туындайды. Осының әсерінен мектепті бітірген соң бар күш-жігерін жинап, үлкен табыстарға жетіп, биік шыңдарды бағындырады. Ал, көбі өмірден өз жолын таба алмай адасып кетеді. Мамандар осының барлығын ескере отырып, оқушылар мен ұстаздардың, ата-аналардың мектепте алған бағаның қаншалықты дұрыс екендігін түсініп, білім сапасын арттыруы үшін жағдай жасауы тиіс екендіктерін айтады. Мұнымен қатар, озат оқушы немесе үлгерімі нашар оқушы деген көзқарас туындамауы керек.
«Үлгермейтіндерге арналған ереже»:
Былтырғы жылғы шектес пәндер бойынша бағаларды талдау. (Бұл мәліметтер бірінші сабақтан бастап қауіптенетін оқушыларды арнайы бақылауда ұстауға көмектеседі).
Үлгере алмай артта қалған оқушылардың себептерін зерттеуге және оларды мүмкінінше жою.
Ата-аналар және оқушылармен бірге күн тәртібін жоспарлау.
Балаларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Ата-аналармен тығыз байланыста болу және ата-аналарға өз балаларына жүйелі түрде көмек көрсету дағдыларын үйрету.
Нашар оқитын оқушылар үшін сәттілік жағдайын туғызу.
Оқушыларға үй тапсырмасын орындау және оқулық мәтінімен жұмыс жүргізу жүйесін үйрету.
Қосымша жұмыс жүргізу.
Меңгерген тапсырма мөлшері мен мүмкіншіліктерін ескере отырып жеке тапсырмалар беру.
Ата-аналармен келісіп, нашар оқитын оқушылардың оқу жұмысына үнемі бақылауды ұйымдастыру.
Өз пәні бойынша балаларды белсенді түрде сабақтан тыс жұмыс жүйесіне қатыстыру.
Мұғалімнің жеке жұмысы мен үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан нашар оқитын оқушыларына оңтайлы байланыстырылған көмек ұйымдастыру.
Тақта алдында немесе жауап беру кезінде оқушыға көмекші құралдыр ұсыну
Оқушылардың мүмкіншілігін ескере отырып жеке үй тапсырмаларын беруді қолдану.
*****
Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды.
Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру
Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы
Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.
Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек
Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек
Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру
Оқыту тиімділігін арттыру үшін не істеуге болады?
Әр түрлі жағдайларға сәйкес мұғалім өз жеке ережесін қолдануы керек
Мұғалім сынып тазалығын бақылауы керек
Мұғалім тәртіпті қадағалауы керек
Сыныпта мұғалім үнемі қозғалыста болуы керек
Мұғалім ашық және эмоционалды түрде жанжал жағдаяттарын сабақта шешпеуі керек (нұсқау: Көзбе-көз сөйлесу).
Мұғалім оқушымен жеке жұмыс жүргізген кезде, берген тапсырмасы оқушыны қызықтырды ма , соған көңіл бөлу керек
Мұғалім көбіне оқушыларға тапсырма берген кезде, белгілі бір ережелерге сәйкес, оқушыларға үнемі көмек бермеуі керек
Оқушының жіберген қателігі үшін қатты сөкпеуі керек
Сұраққа
жауап беру кезінде оқушыға қателігін
өзі дұрыстауы үшін уақыт беруі
керек
Үлгерімі
нашар оқушылардың мықты жақтары да
болады:
үйде олар оқшауланбай жұмыс жүргізе береді;
олардың белсенділігі кеш пайда болады, әрі көпке дейін сақталады;
олар бірізділік жұмысқа бейімделуі байқалады;
Олар
өздері жеке өз жұмысын ұсынуға мүмкіндігі
бар, тапсырмаларды орындау қабілеттері
бар
Үлгерімі
нашар оқушының оқу үлгерімін жақсарту
мақсатында ата-аналарға бірқатар
кеңестер:
Ең алдымен үлгерімі нашар оқушыны сабақтан кейін демалдыру керек. Мүмкіндігінше баланың мектептен кейін далада серуендеп, ойнап, өзі қалаған ісімен айналысуы маңызды.
Бала үй тапсырмасын орындау кезінде, мүмкіндігінше ата-анасы көмектесуі керек. Ата-анасының баласына көңіл бөліп, қолдауы өте қажет, олардың қолдауын сезінген бала кез-келген қиындықтардан қиналмай өтеді.
Балалар бойындағы ұяңдық баланың нашар оқуына ықпал етеді. Ондай қасиеттен дер шағында құтылу үшін балаға ең алдымен бөтен адамдарға сұрақ қойғызып үйрету керек. Мысалы, дүкенге ертіп барыңыз да сатушының алдына баланың өзін жіберіңіз. Көшеде бейтаныс адамдардан сағаттың неше болғанын сұратқызыңыз. Сабақ кезінде мұғалімнен түсінбей қалған жерлерін сұрауға болатынын айтып түсіндіріңіз.
Сабақ үлгерімі нашар оқушылардың ата-анасы баласынан сабаққа көп көңіл бөлуді талап етеді. «дұрыстап оқы», «қайтала» деп ұрсады. Бұндай талап қойғаннан баланың оқу үлгерімі жақсармайды. Баланың сабаққа үлгермеушілік себебін анықтап алу өте маңызды.
Сауалнама
Мектеп сайтының дизайны сізге ұнайды ма?
Иә,
ұнайды
Орташа
Жоқ,
ұнамайды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген