Оқушылардың шығармашылығын арттыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың шығармашылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен жұмыс мəліметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Бегендікұлы атындағы №4 орта мектеп















Ағылшын тілі пән апталығының мәліметі















2017/2018 оқу жылы

Ағылшын тілі пән апталығының мәліметі

С.Бегендікұлы атындағы №4 орта мектебінде 2017/2018 оқу жылының 20-24 қараша күндері ағылшын тілі пән апталығы болып жарияланды.Осыған орай мектебімізде ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдасқан түрдегі түрлі сабақтары өтті.Алғаш 20.11.2017ж апталықтың ашылу салтанаты қткізілген болатын.Апталыққа барлық сынып оқушылары қамтылды.Оқушылардың құттықтау сөздерінен басталған ашылу салтанаты,ағылшын тіліндегі ән мен биден жалғасын тапты.Ашылуда барлық оқушыларды мектебімізде апта бойы өтетін суреттер мен қабырға газеттер байқауына қатысуларына шақырды.Апталық жоспары жасақталып,сол бойынша бірлестік ұстаздары жұмыстанды.Мектеп дәліздері мен ағылшын тілі кабинеті безендіріліп,арнайы тақта ұйымдастырылды.Апталықтың алғашқы сайыс сабағын ағылшын тілі пән мұғалімі Назарова Алмагүл өткізді.2-сыныппен өткізген сайыс сабақта,оқушыларды топқа бөліп,оқушарға жаңа технологияны меңгерту мақсатында планшет арқылы сұрақтарға жауап бергізді.Оқушыларды мадақтап,марапаттады.Сабақ бір ауыздан «жақсы» деп бағаланды.

Келесі күні ағылшын тілі пән мұғалімі Худайбергенова Гульдана 4ә-сыныбымен «Polyglot» жарыс сабағын өткізді.Сабаққа жарты топ алынып,оқушыларды «Fruits»,«Vegetables»,«Flowers» деп үш топқа бөлді.Оқушыларға түрлі танымдық сөздер қою арқылы білімдерін анықтады.Үш тілдік жүйені қолданды.Сабақ ағылшын тілі бөлмесінде көрінекіліктермен өтті.Сабақта жаңа технологияны қолданса жақсы болар еді деген ой айтылды.Слайд арқылы сұрақтар қойғанда өте жақсы болар еді.Сабақ «жақсы» деп бағаланды.Сонымен қатар осы күні 9a-сыныбымен Эндирова Жаңыл мен Қожамедова Мехрибан бірлесіп сайыс сабақ өткізді.Сабақ жаңа технологиямен көрінекіліктермен өтті.Сынып оқушыларын топқа бөліп,жарыстырды.Сұрақтары түрлі бағытта болды.Сабақ «жақсы» деп бағаланды.

Келесі күні жас маман Көлдеубаева Айнұр 3a-сыныбымен топқа бөліп танымдық жарыс сабақ өткізді.Сабақ атауын «Sweet kids» деп алып,яғни тақырып атауына сай топты тәттілер атауына байланысты «Twix»,«kit kat»,«snickers» деп бөлді.Кезеңдерге бөліп,үш тілде өткізді.Сабақ соңы марапаттап,оқушыларға топ аттарына сай тәтті таратты.Сабақ жетістігі мен қатар кемшіліксіз де болмады.Жас маман екені ескеріліп,әдістемелік көмек алу ұсынылды.Оқушылар шулы болып,кейбір жерлер естілмей жатты.Алғашқы сабағы екені де айтылып «жақсы» деп бағаланды.

Дәл осы күні,яғни 24.11 күні жабылу салтанаты мен сайыс сабақты ұштастыра отырып ағылшын тілі пән мұғалімдері Түйебаева Жұмай мен Джалмагамбетова Алтынгүл бірлескен ұйымшылдықпен 9-сынып оқушыларымен «Junior Competition» атты сайыс сабағын ұйымдастырды.Сабақ мектеп акт залында кең көлемде өтті.Сайыс сабаққа мектеп оқушылары қатыстырылып,концеттік номерлерде қамтылды. Сабақ мақсаты-оқушыларымыздың білімін саралап,танымдық қабілеттерін арттыра отырып,ізденімпаздыққа,ұйымшылдық пен тапқырлыққа тәрбиелеу болды.Сабақ кезеңдерге бөлініп,әр кезең соңы ұштастырылған түрде қорытынды болып отырды.Сайыс сабақ ерекше марапатталып,Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» аясында оқушылар постер қорғау арқылы оқушылар ойын қорытты.Бейнероликтер көрсетілді.Сайыс сабаққа мектеп басшысынан құралған топ қатысып,«өте жақсы» деп бағаланды.

Жалпы ағылшын тілі апталығы жақсы деңгейде өтіп,мектеп басшылығы тарапынан жақсы бағаланды.

Апта соңында сонымен қатар қабырңа газеттер мен суреттер байқауы қорытындыланып марапатталды.Атап айтсақ,қабырға газеттер байқауында 6а,6в,10а-сыныптары марапатталса,суреттер байқауы бойынша 8а-сынып оқушысы Жанұзақова Альфияның туындысы ерекше марапатқа ие болып,орын берілсе,және 2е,5а,ә-сынып оқушылары ерекше белсенділіктері үшін марапатталды.Сонымен қатар мектепшілік олимпиада бойынша орындарға ие болған оқушылар да қоса марапатталды.

Апталық барысында тек ағылшын пән мұғалімдері Джумағалиева Қарлығаш пен Зийнедулаева Айнұр ешқандай сабақ өткізбей,шаралардан тыс қалды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
401
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі