Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық сыныптарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту


Қазіргі білім берудің басты мақсаты шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Міндет - оқушылардың шығармашылылық ойлау қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.

Шығармашылық дегеніміз - оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін - оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық ойлау қабілетін дамыту жолдарын төмендегі кезеңдер арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші кезең жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.

Екінші кезең - қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең - оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену - шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.

1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).

2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).

3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).

Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.

Шығармашылық  - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.

Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі.

Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Баланың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық - тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді.

Оқушының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез - келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез - келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгертетін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығарма - шылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың көп тәсілі бар:


Әңгіме бойынша сурет салу

Оқушылардың жаңа ғана айтылған ертегі немесе нақылға орай қандай да болмасын сурет салуды сұраңыз. Бала өзін бейнелеу өнерінің шебері ретінде сезінеді, сонымен бірге әңгіменің мазмұнын есінде жақсы сақтап қалады. Өйткені ол әңгіменің мазмұнын ішкі сезімімен жеткізуді көздейді.

Белгілі бір суретке қарап, соның суретін салғызуға болады. Ол үшін:
1. Суретті мұқият қарауға уақыт беру.
2. Оқушыларға берілетін тірек - схемалар:
- Сенің ойыңша мына сурет қашан салынған?
- Суретші қандай көңіл күйде болған?

Осы сияқты тағы басқа да суреттер бойынша әңгіме құрастыруға болады.
Жалпы адамзаттық құндылықты бейнелеу. Сабақтың тақырыбы бойынша балалардан адамның әлдебір сапасы туралы айтатын бір нәрсені бейнелеуді сұраңыз.
Мүмкін бұл оларға алғашқыда қиын тапсырма болып көрінер. Алайда, балалар уақыты келгенде кез - келген шығармашылық ойды қағаз бетіне түсіруге болатынын түсінеді және оны өзіндік пікірмен қоса, әсерлі жеткізуді мақсат етеді. Сабақтың тақырыбы бойынша балалардан адамның әлдебір сапасы туралы айта - тын бір нәрсені бейнелеуді сұраңыз. Мүмкін бұл оларға алғашқыда қиын тапсырма болып көрінер. Алайда, балалар уақыты келгенде кез - келген шығармашылық ойды қағаз бетінде түсіруге болатынын түсінеді және оны өзіндік пікірмен қоса, әсерлі жеткізуді мақсат етеді. Біздің ойымызша бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.
Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:

Біріншіден, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы, біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жан ұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа!

Екіншіден, баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым - қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.

Үшіншіден, шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже береді.

Төртіншіден, ең негізгі шарт - бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек.

Мұндай қызығушылық, қажеттілік, табысқа жетудің бірден - бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың бесінші шарты шығады. Еркіндік - ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық» ашуға жағдай жасауымыз керек.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.01.2019
923
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12