Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Жақыпбек Аяулым Шалхарқызы, химия-биология пәні мұғалімі
Андатпа. Бұл мақалада оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылады. Автор дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің маңызын, олардың қабілеттерін ашуға ықпал ететін мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен жаңашыл педагогтердің тәжірибесін қолдану қажеттілігін айқындайды.
Кілт сөздер. Шығармашылық қабілет, дарынды оқушы, мұғалімнің кәсіби біліктілігі, инновациялық тәжірибе, танымдық белсенділік, тұлғалық даму, педагогикалық шеберлік.
Аннотация. В данной статье рассматриваются пути развития творческих способностей учащихся. Автор подчёркивает важность работы с одарёнными учениками, необходимость использования профессиональной компетентности учителя и опыта новаторских педагогов для раскрытия их способностей.
Ключевые слова. Творческие способности, одарённый ученик, профессиональная компетентность учителя, инновационный опыт, познавательная активность, личностное развитие, педагогическое мастерство.
Abstract. This article examines the ways of developing students’ creative abilities. The author highlights the importance of working with gifted learners and emphasizes the need to apply teachers’ professional competence and the innovative practices of educators to foster their abilities.
Keywords. Creative abilities, gifted learner, teacher’s professional competence, innovative practice, cognitive activity, personal development, pedagogical mastery.
Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Сондықтан білім берудің мақсаты жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Бұл жұмыс аясында оқу-тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау, оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру, оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру міндеттері қойылған.
Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар – мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау, білім, біліктілігін арттыру, еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу, мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету.
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады. Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
-
оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау;
-
күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
-
өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
-
ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
-
оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
-
тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
-
ата- аналармен ынтымақтастық құру.
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық
тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа
негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары
деңгейде білу;
- оқушы дарындылығының моделін білу;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл
бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл
бөлу;
- дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға
шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Сонымен қатар мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар келесі:
- дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
- дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған
бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе
алуы;
- дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
- дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына
жетекшілік етуі;
- дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке
жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби қасиеттері: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық десек, дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.
«Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», - дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше.
Ал, сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек:
-
сабақ құрлымының ұйымдастырылуы,
-
сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық,
-
оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
Қорытынды. Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Б.А.Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000.
-
Л. А. Федосеева Педагогикалық тәрбие тұжырымдамасы
-
Е. В. Бондаревская / / Заманауи ғылыми зерттеулер мен инновациялар. – 2019.
-
Ю.Д.Бабаева, Дарындылықтың динамикалық теориясы. Шығармашылық пен дарындылықтың негізгі заманауи тұжырымдамалары. М., 2021ж.
-
Н. Д. Хмель, Мұғалімнің кәсіби дайындығының теориялық негіздері. - Алматы. «Ғылым». 1988 (2018) ж
-
Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз