жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқушылардың танымдық процестерін жетілдіру
Мектеп оқушыларының танымдық процесін жетілдіру.
Ж. М. Ширимбекова
№7 IT мектеп-лицейі.
Жалпы орта мектептерде білім беру жүйесінде оқушыларды психологиялық дамыту, педагогтардың психологиялық білімін арттыру мақсатында мектеп психологы іс-әрекет етеді.. Тікелей әсер ету деп психологтың оқушылармен тікелей қатынас жасауын айтамыз. Жанамалы психологиялық қызметте психолог мұғалім арқылы оқушыларға, ата-аналарға әсер етеді. Осылайша , психолог педагогтармен бірлесіп іс-әрекет етеді, яғни психологтың ең бірінші мақсаты – педагогтармен тіл табысу, өзара бірлесе әрекет ету. Бұл өте күрделі әрі қиын үрдіс, ол үшін өзара қарым-қатынастың тең құқылы әріптестік формасын құру қажет. Психолог пен педагог оқушылар туралы ақпараттармен алмасып, оқыту және тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін қарастырады.
Әдістемелік семинарларда психолог оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психология ғылымының жетістіктері туралы айтып, педагогтарды әдебиеттермен таныстырып, мектеп өмірінен нақты жағдайларды мысалға алып психологиялық әсер ету арқылы оларды түзетуге мүмкіндігіне жеткізуі керек. Психолог педагогикалық ұйымның бір мүшесі және ол балалардың психикалық дамуын, психологиялық денсаулығын қамтамасыз етеді. Психолог өз жұмысында кәсіптік біліміне, индивидуалды психикалық дамуына, психологиялық іс-әрекет пен адамның мінез-құлық мотивтеріне, тұлғаның онтогенез кезіндегі дамуына сүйенеді. Практик психолог балалар бақшасында, мектепте, интернатта жұмыс істей отырып, әр-түрлі жас аралығындағы оқушылармен жұмыс жүргізді. Өзіндік жағдайды анықтауда психологиялық даярлық біртіндеп, баланың туғаннан бастап – үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді [2,9]. Психикалық даму заңдылықтарының зерттеу нәтижелері психикалық үрдіс ерекшеліктерімен, соны-мен қатар оқу іс-әрекет ерекшіліктерін нығайтудағы психологиялық әдістердің негізінде жатыр.
Үрдістердің сенсорлы - перцептивті зерттелінуі, жадының, ойлаудың, қызығушылық қызметтің құрылулары және оның дамуы ерекшіліктері заңдылық аймақтар және психомоторлық мінездемелер кіші оқушылардың ерекшеліктерінің аймақтарын айқындауға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып жастағы оқушылардың мотивациялық аймағы, сана-сезімнің және өзін-өзі бағалаулары, мінез-құлық, әлеуметтік хабардар болулардың және т.б даму ерекшеліктері көрсетілген [6, 7].
Бұл күнде осы сөздің авторы Ян Амос Коменскийді көпшілік қолдайды. Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика » кітабында оқыту мақсаты , әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі жазылды. Ол басты мақсат –адамшылдық, оған жету жолы-білім беру және оқыту деп санаған . Қазіргі таңда мәселеміз – білім беру, білім алу қандай түрде болуы керек? Болып жатқан өзгерістер әсері қандай? Ал өзгерістер деп отырғанымыз:
- толық он бір жылдық білімді енгізу және он екі жылдық оқуды талқылау;
- жаңа оқу дисциплиналарын (пәндерінің) пайда болуы;
- мемлекеттік және жеке меншік мектептердің құрылуы т.б.
Өкінішке орай, барлық жаңа ашылымдар жеткілікті түрде ойластырылып, негізделмеген. Бірінші сыныпқа алынған оқушылардың ата-аналары оның оқу біліктілігі, санай алу, әріптерін жаза алуын тексергенде, бұның барлығы мектеп мойнында емес пе деп ойлайтындар да баршылық. Бұдан: қандай бағдарламамен оқушылар оқу керек деген сұрақ туындайды. Осы сияқты сұрақтар жауапсыз қала беруі де білім берушілерге деген сенімсіздік тудырады. А.Г. Асмолова айтуы бойынша білім - қоғамды дамытады [8. 9].
Жалпы
білім саласында психологтың
жұмысы жүруі үшін мектепке қабылданар
баланың психологиялық даярлық деңгейін
тексеру; диагноз қою;
— дамыту жолдарын
белгілеу – қысқа мерзімдік диагностикалық
шара болып табылады. Осы даярлық
диагностика мазмұнын үнемі жаңа
ізденістермен жетілдіріп отыру –
теорияның жемісі. Сондықтан да мектепке
психологиялық даярлықты анықтау мазмұнын
теориялық ғылым, тәжірибелік іс-әрекет
ретінде қарастырады.
— мектеп жасына
дейінгі балалардың психофизиологиялық
ерекшеліктерін зерттеу.
— мектеп
жасына дейінгі балаларда танымдық
процестерінің денгейлерінің
диагностикасы.
— баланы мектепке
дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін
қолданудың психологиялық мүнкіндіктерін
айқындау.
Зерттеу әдістері-танымдық
процестерді зерттеуге арналған стандартты
әдістер комплексі:
— түрлі әңгіме
әдістерін қолдану.
— шағын тестік
тапсырмалар
Мектепке дейінгі балалық
шақта (үштен жеті жасқа дейін) организімнің
қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы
өсумен қатар тканьдар мен мүшелердің
анатомиялық қалыптасуы және функциялық
дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп,
бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу,
қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен
маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350
грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары
қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми
қабығы астындағы орталықтарды бақылуы
арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда
болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші
сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене
дамуы баланың дербестігінің арта түсуі
үшін, тәрбие мен оқыту процесінде
қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары
игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Егер
сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің
дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың
ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала
бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен
әрекет жасап үйрене алмайды, олардың
дамуында жол көрсететін, өмірге
бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу
керек. Қандай адамзат баласы болмасын
баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін,
үйрететін ата-анасы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
танымдық процестерінің дамыту үшін
өткізілген эксперементалдық
жұмыс
Балалардын ойлауын сезімін,
еркін зерттеу керек болса, бұл үшін
психолог қандай болмасын бір әрекет
ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері
бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын
үстіндегі балалардың психологиялық
ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият
талдау жасалынады. Осы зерттеуде
балалардың жас ерекшелігіне байланысты
ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің
ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі,
балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған
сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып
қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп
толық және мағыналы бола түсетіндігі
де байқалған.
В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады. [7, 9].
Білім беруде екі басты іс-әрекет жасаушы – мұғалім және оқушы. Бірақ педагог пен балаға психологиялық кеңес беруді қажет етеді. Неге мектепте балалар пән мағлұматтарын меңгеріп үлгермейді, неге қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі, неге кейде агрессивті, жалқау. Осы және тағы басқа сұрақтар ата-аналар мен педагогтарды ойландырады. Осындай мәселелермен олар психологқа жүгінуге даяр. Ал психолог бұл мәселелерді шешу үшін келесі талаптарды орындауы қажет.Психологиялық кәсіптілік – бұл психологиялық мәселелерді шеше алу және оларды көріп қорытынды жасау болып табылады. Л.С. Выготский педагогикалық және әдістемелік айырмашылықтарды көріп, оны психологиялық жағынан қарастырды. Педагогикалық анализдің, педагогикалық үрдістің міндеті – оқыту актісінің дамуы емес, мектептегі оқытудың ішкі даму үрдісіне әсері [6]. Қазақстанда С. Елеусізова, Р. Қарамұратова зеттеулеріне сүйене отырып, оқыту мазмұнына байланысты үрдістік бірнеше жағдайларды бөліп көрсетті:
1) Оқытудың негізін базалық білім құрауы қажет;
2) Оқытудың мазмұнына базалық біліммен жұмыс істеу тәсілі жатуы қажет;
3) Білімді меңгеру, оқыту тапсырмаларын шешу формасында орындалып, бұл оқытуды ешқандай жаттаусыз-ақ қамтамасыз етіліп, есте сақтау қорытынды негізінде қалыптасуы керек;
Қазіргі кездегі мектептердегі психологтордың алдында мектеп әкімшілігі жағынан танымдықтары мотивтенген балаларды іздестіру тапсырмасы тұрады. Біздің пікірімізше бұл тапсырманы басқалай құрастыру жөн: іздеу емес, танымдық мотивацияны құру. Себебі, танымдық мотивацияны құру арқылы оқушылардың мотивацияларын дамыту дұрыс. Мектептерде мәселесінің мазмұны баланың танымдық ерекшеліктері мен тұлғалық эмоционалды сферасын диагностау мәселесімен тікелей байланысты.
Мектепке қатысты идеалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты кірістіру, алайда бұнда бұл әрекетті қолдану мүмкіндігі аз. Біздің ойымызша, ең мүмкін болар шешім: психологтың мұғалімдермен жұмысы. Осылайша мектептегі психологиялық қызмет туралы ғана емес, психологиялық –педагогикалық бірлескен іс-әрекет туралы сөз ету орынды.
Педагогикалық ұйымда, сол сияқты жанұяда үнемі әр түрлі қақтығыстар болады, көбінде ересек адамдардың психологиялық хабарсыздығынан, бірін-бірі тыңдай алмауынан, тыңдағысы келмегеннен, түсінбеуден, кешірмеуден болады. Сондықтан да, тәжірбиелі психологқа балалармен жұмыс істейтін адамдардың психологиялық мәдениетін көтеру қажет.
Психологиялық ағарту – бұл үлкендердің және балалардың психологиялық біліммен қатынасы. Психологиялық ағартудың негізгі мағынасы:
1) Баланың психикалық дамуының сәтті шарттарымен мұғалімдерді, ата-аналарды таныстыру;
2) Жаңа психологиялық зерттеулерді талқылап көпшілікке таныту;
3) Психологиялық білімдер қажет-тілігін құрып, оны жұмыс кезінде баланың немесе өзіндік тұлғалық дамуда қолдану;
4) Оқушыларды өзіндік таным және өзіндік тәрбие туралы түсініктердің негіздерімен таныстыру;
5) Практик психологтың сол мекемеде керек екендігін түсінуге қол жеткізу.
Психологиялық ағарту әр түрлі формада болуымүмкін: дәріс, практикалық сабақтар, семинар, әңгімелеу, көрме, әдебиеттерді талқылау тағы басқа. Бұл жұмыстарды барлығын психолог өзі жүргізбей-ақ басқа мамандарды шақыруына болады. Барлық жұмыстардың мазмұнын психолог өзі қамтамасыз етуі, тиіс, және өтетін жұмыс түрлерінің нақты жұмысқа байланысты мәселелері қаралған жөн. Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консультациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі [ б] Психолог балалармен жұмыс істей отырып, ол балалардың типологиялық ерекшеліктері мен жасын білу қажет және онтогенездегі жеке тұлғаның динамикалық дамуы туралы мағлұматтары болуы керек. Оған жұмыс үстінде әртүрлі даму деңгейдегі мінез-құлықтарының, ақыл-ойының, оқушылармен қарым-қаты-насының ауытқуларымен кездеседі және ол оның шығу себептерінің психологиясымен таныс болуы өте маңызды. Баланың дамуы көбінесе жанұясының тәрбиесіне байланысты болғандықтан, психологқа жанұясының тәрбиесін білуі қажет. Балаға көмектесу үшін біріншіден баланың жөнделем деген пиғылы болуы керек, яғни өзінің танымдылығын, өзіндік оқуын, тәрбиесін түзеткісі келу. Психологиялық ағартудың формалары әр түрлі болады: лекция, сұхбат, семинар. Психологиялық ағартуды психологиялық білімді, өмірлік мәсе-лелерді шешу мәселелеріне қатысты беретін болса, жұмыс эффективті болады.
Сонымен психологтың білім беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Зимняя И.А. Педагогическая психология / И.А. Зимняя. – М.: «Феникс», 1997. - 384 с.
2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании / Е.И. Рогов. – М.: «Владос», 1995. -529 с.
3. Фридман Л.Ф. Психологический справочник учителя / Л.Ф. Фридман, И.Ю. Кулагина. – М.: «Просвещение», 1991. – 287 с.
4. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба, вопросы теории и практики / И.В. Дубровина. – М.: «Педагогика», 1991. – 230 с.
5. Зязюна И.А. Основы педагогического мастерства / И.А. Зязюна. – М.: «Просвещение», 1989. – 246 с.
6. Самаукина Н.В. Первые шаги школьного психолога / Н.В. Самаукина. – Дубна: «Феникс», 2000. – 250 с.
7. Мектептегі психология. № 4, 2007ж
8. Жас ерекшелік психологиясы. Қарағанды 2005ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген