Материалдар / Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
МАД тобы және 1 - сынып оқушыларына тренинг сабақ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту

1. «Танысу» жаттығуы

Мақсаты: бірінші сынып оқушылармен танысу.

Тренинг барысы:

Психолог балалармен амандасады.

  • Балалар, мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Міне сендер мектепке келдіңдер, осы мектеп сендер көптеген жаңа және қызықты нәрсе білетін орын болады. Бұл мектепте сендер неше түрлі қиын сұрақтарға жауап аласыңдар. Және де бұл жерде сендер көп жаңа дос тауып жатсыңдар. Ал мен сендерді жақсы тану үшін біз қазір сабағымызды бастаймыз. Ал сабақ басталсын десек алдымен келесі сөздер болады, тыңдаңдар:

  • Бір, екі, үш – тыңда да қара!

  • Үш, екі, бір – сабаққа дайындал.

  • Қазір сендер үстелдеріңнін қасына тұрыңдар. Маған қарап мен көрсеткен қимылдарды жасаңдар. Менін айтқан сөздерімді де қайталаңдар.

  • Бір, екі, үш (алақан соғады) – тыңда да (құлағын көрсетеді), қара (көзін көрсетеді).

  • Үш, екі, бір (алақан соғады) – сабаққа дайындал (қолдарын бір бірінің үстіне қояды).

  • Рахмет, енді өз орындарыңа отырып маған қараңдар.

Мен психологпын. Мен сендердің аттарыңды білмеймін бірақ барлығыңды білгім келеді. Мен «Бір-екі» дегенде барлығың өз аттарыңды қатты айтасыңдар. Қане, көрейік! Ой-ой-ой. Қатты айғаласаңдар да, мен бір де бір атты естімеппін.

Қане, басқалай көрейік! Егер қатты айтқаннан түк шықпаса, онда сыбырлап көрейік! Тағы да түк шықпады. Ешкім айғайлаған жоқ, сонда да бір де ат естіген жоқпын.

  • Барлықтарың бір уақытта қосылып айтқандыкі шығар. Қосылып жұмыс істеген, ойнаған, ән айтқан жақсы, ал қосылып жауап берген жақсы емес: бәр әр түрлі сөздерді бір мезгіл айтып тұрғанда, түк түсінбейсін. Қане, кезекпен айтып көрейік, бір біреуден және ұлдар мен қыздардың аттарын мен естейін. Мен кезекпен әр қайсыңа келіп кімнің иығына қолымды тигіземін, қатты және анық өз атын айтады.

2. «Бір-екі» жаттығуы

Келесі міздің жаттығуымыз ең мұқият балаларға арналған, ал сендер барлығың мұқият бола аласыңдар. Жаттығу «Бір немесе екі» деп аталады. Өздеріңді, өз денелеріңді мұқият қараңдар, беттеріңді сипаңдар. Сендер білесіңдер ғой, адамда қолы екеу, ал мандайы – біреу екенін?

Мен дененін бір мүшесін айтамын, егер мен адамда біреу ғана болатын мүшесін айтсам, қыздар тұрады, ал егер ондай мүше адамда біреу емес екеу болса, онда ұлдар тұрады. Барлығыңа түсінікті ме?   

Мұрын

Аяқ

Ауыз

Көз

Құлақ

Тіл

Иық

Тізе

Шаш

Саусақ

Жарайсыңдар, сендердің сондай мұқият болғандарың маған ұнайды.

3. "Молекула" жаттығу

Мақсаты:

Жылдамдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту. Барысы: Бөлмеде қатысушылар шашырап жүреді. Жүргізуші алақанын қанша соқса, сонша қатысушы бірігеді. Мысалы: жүргізуші 5 деп айтса қатысушылар әр жерге бес-бесеуден шоғырланады т.с.с. ... ойын осылай жалғаса береді.

4.«Допты түсіріп алма» жаттығуы

Мақсаты: оқушылар арасында бір-біріне деген сенімділікті арттыру, балалардың қол бұлшықеттерін дамыту. Орталық жүйкесі, көз мөлшері, қозғалыс үйлесімділігін дамыту:

Сабақтың барысы: Оқушылар жұп жұп болып қатарға тұрады. Қолдарына ақ мата беріледі, сол ақ матаны бүгіп оқушылар түрлі түсті доптарды түсіріп алмай келесі оқушыларға береді

5. Суреттерді құрастыру

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Барысы: Оқушыларға түрлі түсті кеспе парақтарға қырқылған суреттер беріледі. Оқушылар суреттерді құрастыру керек.

Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ? Оқушыларға сұрақ қойылады сол сұраққа оқушылар жауап береді.





Жақсы!

Бір қалыпты!

Онша емес!


Өте жақсы!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!