400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық қызығушылықтарын кеңейту деңгейінде әртүрлі технологиялар мен әдістерді қолдануды қажет етеді. Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны сақтаған, жағымды микроахуалда, табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда тәрбиеленгені жөн.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Төртүй ауылы

Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп

Психолог:Сагинбаева Гулмира Жаксылыковна



Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру жаттығулары

Қазіргі заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық қызығушылықтарын кеңейту деңгейінде әртүрлі технологиялар мен әдістерді қолдануды қажет етеді. Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны сақтаған, жағымды микроахуалда, табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда тәрбиеленгені жөн. Әрбір оқушы тұлғаның қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үдерісінде игеріледі. Бала- ол шығармашылықтың қайнар көзі. Табиғат ананың берген сыйы. Ендеше, балалардың шығармашылықтарын дамыту, белсенділігін, іскерлік қасиеттерін арттыру мақсатында жүргізілетін бірнеше жаттығу-тренингтерді ұсынамын.

«Бірге жасаймыз» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету.

Оқушылар жұппен тұрып допты бірге ұстайды. (әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жүргізушінің берген белгісінен кейін балалар бір мезетте отыруы, допты қолдарынан түсіріп аламай бөлме ішінде жүруі, секіруі керек. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.

«Сиқырлы қарындаш» жаттығуы.

Оқушылар бұл жаттығуда қолдарына өздеріне ұнаған қарындаш пен қағаз алулары керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығудың орындалу шартымен таныстырады. Ойынға қатысушы бала қарындашты қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрықпен «Жоғары!», «Төмен!», «Оңға!», «Солға!» деген бұйрықтар беріледі. Бұйрық бойынша қарындаш қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қарындаштың барлық қадамдары бірдей болуы керек. Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қарындашқа ол бұйрықтарды орындауға көмектеседі. Барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қарындашпен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қарындашқа бұйрық беріп отырады. Ең алдымен қарапайым фигуралар (шаршы, үшбұрыш т.б) салынады. Кімнің бұйрық беретіне отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады. Бір-бірінің қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.

«Керісіншілер елі».

Мақсаты: ойша әрекет ету қабілетін дамыту.

Балалар шеңбер бойымен отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды. (қол- лоқ, көз-зөк, бас-саб, сан-нас т.с.с) . Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.

«Тоғайдағы ағаштар» ойыны.

Мақсаты: оқушыларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Әуен ойналып тұрады.

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір-біріңнің соңдарыңнан тұрындар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылады. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді. Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып тұрғандай қимыл жеңіл болуы қажет.

Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... . Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғап, сипай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.01.2025
229
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12