Облыстық арнайы
мектеп-интернаты
Педагогикалық
оқу
Тақырыбы: «Оқушылардың
танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы
арттыру»
Орындаған:Карасаева
Н.Т.
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі
бөлім
2.1. Оқушылардың танымдық
қызығушылығын арттырудағы ойынның алатын
орны
2.2. Білім беру жүйесіндегі
ойынның ерекшеліктері
2.3. Нашар еститін балалардың
тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
ІІІ.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
Кіріспе
Білім беру-аса күрделі
әлеуметтік-экономикалық механизм.Оны реформалаудың мәселелері де
сан қырлы.Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру
жүйесін реформалау ісі осы саланың
экономикалық-ұйымдық,құқықтық,құрылымдық жақтарын түбегейлі
өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз
байланысты.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан
халқына арналған Жолдауында «біздің жас мемлекетіміз
өсіп,жетіліп,кемелденеді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз
онымен бірге ержетеді.Олар бабаларының игі дістүрлерін сақтай
отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге
даяр.Олар қазақ,орыс тілдерін еркін меңгереді,олар бейбіт,жылдам
өркендету үстіндегі,күллі әлемге әйгілі,әрі сыйлы өз елінің
атриоттары болады» деп көрсетілгендей,ертеңгі келер күннің
бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға
апаратын құдіретті күш-білім нәрі.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың
даму бағытында жан-жақты дамыған,сауатты,саналы азамат тәрбиелеу
мәселесі жүктеліп отыр.Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие
жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек,жас жеткіншектердің
білімді,білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.Қазіргі кезде
«ойын» ұғымының мағынасы кеңейіп,тұрмыс пен мәдениеттің түрлі
салаларын қамтуда.Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика
мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе,қазіргі таңда
ойын проблемасы
психология,әлеуметтану,мәдениеттану,әдебиеттану,т.б. салалардың
көкейтесті мәселесіне айналып отыр.Ойын арқылы оқушы білім
алуға,оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға
болады.
Ойын-оқытуда жаңа
технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына
түсініктеме берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізінде іс-әрекеттің бір түрі.Ойын-адамның өміртанымының алғашқы
қадамы.Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер
алып білімін жетілдіреді.Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз
бетінше зерделейді.Соның нәтижесінде өзі көрген
жағдайларды,отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады.Ойын
балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін
қалыптастырады.Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің
дамуы,бір-біріне деген сыйластық,қажеттіліктермен санасуы әр
оқушының жеке әрекетінен туындайды.Ойынның басты шарты жеңіске жету
болса,әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып,бір-біріне
деген сенімін арттырады.
2.1. Оқушылардың
танымды