400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Оқушылардың зейінін дамытуға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оны күнделікті өмірде қолдануды әдетке айналдыру. Міндеттері: - Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру; - Оқушыларды әртүрлі адамгершілік қасиеттермен таныстыру; - Оқушыларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, жақсы қылықтарды үйренуге , жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық тренинг


Мақсаты: Адамгершілік  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оны  күнделікті  өмірде  қолдануды  әдетке  айналдыру.

Міндеттері: 

-         Мұғалім  мен оқушылар  арасында  жылы  қатынас  тудыру;

-         Оқушыларды  әртүрлі адамгершілік  қасиеттермен  таныстыру;

-         Оқушыларға  мейірімділік  пен  қатыгездікті  айыра  білуге,  жақсы  қылықтарды  үйренуге ,  жаман  қылықтардан  аулақ  болуға  үйрету.

Интерактивті  стратегиялар: пікір  талас,  шағын  топтармен  жұмыс, әңгіме, ойын  «Мен  және айна»,  «Құпия  сурет».

Жетекші  топ  мүшелеріне  арнап  сұрақ  даярлайды.  Топқа  аяқталмаған  сөйлем  әдістемесі  бойынша  сөйлемді  аяқтау  тапсырылады.  Топтың  әрбір  мүшесі  ортадағы  жәшіктен қағазды  кезектесіп  алады, онда  жазылған  ойды  аяқтауы  керек.

«Жақсы  қасиет» деп  ---------------------------------- ?

«Жаман  қасиет » деп  ----------------------------------?

Адамдардың  бойындағы  қасиеттер--------------------?

Ақылсыз  болу  деп ---------------------------------------?

Ақылды  болу  үшін не  істеу  керек--------------------?

         Түйін .  Оқушылар  өз  ойын  айтуға дағдыланды,  ой- пікір қалыптасты.  Тез  ойлап,  шешім  шығара  білуге,  шын  көңілден  жауап  беруге  үйренеді.

«Ой  талқы» .

 

 

 

 

  

Жақсы  адам  деп  қандай  қасиеттерге лайық  адамды  айтады?  Күн  сәулесінің  шығуына  жақсы  адам  деп  қандай  адамдарды  айтатындарын  жазу.

Мысалы: Мейірімді,  ақкөңіл,  сыпайы,  т.б.

Түйін. Жақсы  адам  Күндей  айналасына  жылу  береді.

Әл  Фараби  бабамыздың  « Ақыл  дегеніміз  адамның  екі  жақсы  нәрсенің  жақсырағын  таңдап  алу   қасиеті»  демекші , ақылдың  атқаратын  жұмысы, -ол  салыстыру.  Осыған  байланысты  қасиеттерді  салыстыру  тапсырылады. 

«Мен  және  айна»  жаттығуы.

Бұл  ойында  оқушылар  бір-біріне  қарап  отырады. Әр  жұптағы  оқушылар  біреуі  жағымсыз  қасиеті  бар  адам  туралы  айтса,  оны  екіншісі жағымды  қасиетке айналдырып  отырады.

І  раунд.

1.     Орман  емшісі  ( Тоқылдақ)

2.     Абай  жолының  роман  авторы  кім? ( Мұхтар  Әуезов)

3.     Қыз  қуу,  ханталапай,  көкпар  нелер? ( Ойын)

4.     10  квадраты  неше? ( 100)

5.     Сәуле  не? ( Бір  жағы  нүктемен  шектелген  түзу)

6.     Санды  нөлге  көбейткенде  неше  болады? ( 0)

7.     ҚР – ның  бірінші  президенті  кім? ( Н. Ә. Назарбаев)

8.     Жер  серігі не?  ( Ай)

9.     Ыбырайдың  туған  жылы? ( 1841)

10.                        Әнұранның  авторлары? ( Н.Ә. Назарбаев,  Қ. Мырзалиев)

ІІ раунд.

1.     Қазақстанда  неше  облыс  бар? ( 14)

2.     Әліппенің  атасы? ( А. Байтұрсынов)

3.     Шаршы  не? ( квадрат)

4.     Оттан  да ыстық? ( Отан)

5.      Дос  сөзінің  антонимі? ( Дұшпан)

6.     Қазақтың  үш  биін ата? ( Төле би , Әйтеке би,  Қазыбек  би)

7.     Мұхиттарды  ата?  Қайсы  үлкен?

8.     Төлегеннің  ғашығы  кім? ( Қыз  Жібек)

9.     Мемлекеттік  тіл?  ( Қазақ  тілі)

10.                        Түйенің  пірі  ( Бота)

«Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшінпсихикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет.

Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылып, толығырақ, ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақтауымыз үшін қажет.

Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады.

Зейін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.

Б.Г.Ананьевтің зерттеулері бойынша зейін көлемінің ең жоғары деңгейі 33 жаста, ал төменділігі 19-21 жаста, ауысуы 24 жаста болғаны байқалады, тұрақтылығы 34 жаста деп тұжырымдады.

Сонымен бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу , т.б.) жақсы көрінеді.

Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінін арттыру мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекеттінәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
1445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі