400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын тәжірибе арқылы дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне керек болады. Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ТӘЖІРИБЕ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Қазіргі XXI ғасырда оқушылардың функционалдық сауаттылығы, яғни алған білімін өмірде қолдану дағдысы маңызды. Осыған байланысты өз жұмысымды оқушылардың зерттеушілік дағдыларына бағыттадым. Инновациялық педагогикалық әдіс-тәсілдердің ішінде зерттеушілік қызмет ерекше орын алады. Оқушылардың білім, білік, дағды, өздігінен танымдық қызметінің фундаменті бастауыш сыныптарда қалыптасатыны белгілі. Зерттеушілік қызметтің негізгі мақсаты – нәтижесі танымдық дағдысын қалыптастыру болып табылатын, оқушылардың арнайы дайындалған танымдық, шығармашылық қызметі. Ал бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметі дегеніміз өздігінен жетілу, өздігінен реттелу арқылы шығармашыл тұлға дамыту үшін жағдай жасау дегенді білдіреді. Мақсатқа жету жолдары төмендегі міндеттерге байланысты:- Қоршаған ортаға деген қызығушылығы (ғылым, техника, табиғат, өнер және т.б.; Оқушының мотивациясын құру; - Өздігінен шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;

Бастауыш сыныптарда зерттеушілік жұмыстың спецификасы мұғалімнің жүйелі түрде бағыттаушы, мотивациялаушы және түзетуші рөлін атқаруда. Ең бастысы мұғалімге «қызығушылығын ояту» және «жетілдіру» және оқушының өз-өзіне деген сенімдерін арттыру болып табылады. Балалар табиғатынан білімге, білуге құмар болып келеді. Сондықтанда әр баланы тәжірибе жасауға тарту арқылы олардың зерттеушілік дағдыларын арттыруға талпынамын. Мысалы, жаратысылтану мен дүниетану сабақтарында табиғаттағы заттар мен денелердің, табиғи және жасанды денені зерттеу арқылы ажыратып үйрендік. Оқушылар бидайды топыраққа отырғызды. Ол бірнеше күннен кейін топырақты жарып сабағы шықты. Оқушылардың қызығушылығы соншалық, күнделікті сыныпқа келіп, бидай сабағының қанша сантиметрге өскенін, судың мөлшерін, кабинет суық па жылы ма – осының барлығын зерттеуге алды. Ал пайдалы қазбаларды өткен кезде біз барлығын зерттеуге алдық. Мысалы, көмірді сыныпқа өздері әкеліп үш топқа бөлініп, қасиеттерін сипаттап үйренді. Оқушылардың айтуынша, ол қатты, қара, жанғышпен қатар, суды бояйтын, сурет салуға болатын,оны сындыру үшін үлкен күшті қажет ететін зат. Және көмір жанады, себебі олар жер астындағы шіріген ағаштардан жиналады екен деген де ақпаратты тауып айтты. Ал металдарды өткенді түсті және түссіз металды магнитпен ажырату оларға оңайырақ болды. Ал күз және көктем мезгілінде оқушыларыммен бірге табиғатты бақылауға шықтық. Құстардың ұя салатын мезгілі, өсімдіктердің қардың асытнда тамырларын жылы сақтайтыны және олардың қыс мезгілінде өлмейтіні, қар жылу сақтайтыны туралы қызығушылықпен зерттеп келеді.

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалдыптастыру барысында төмендегі жағдайларды ерекше назарда ұстау қажеттілігі анықтадым:

  1. Мотивация – оқушыларға олардың шығармашылық қызметінің мән-мағынасын түсінуіне көмек беру қажет.

  2. Мақсатқа бағытталған және жүйелік – зерттеушілік қызмет сабақта және сабақтан тыс да уақытта жүргізіледі. Жұмыс барысында бағдарламада берілген материал және қосымша түрінде, не себепті, неліктен сұрақтары арқылы ізденіс тапсырмасын беру.

  3. Шығармашылық орта – мұғалім үнемі және үздіксіз шығармашылық ортаны құру және қызығушылықтарын арттыра білуі тиіс.

  4. Психологиялық комфорт – оқушыларды үнемі мадақтау, шығармашылық ізденіске талпындыру, Әр оқушының өзіне деген сенімін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізу және әр оқушының қажеттілігін ескеру.

  5. Жас ерекшелігі – жұмыс баланың жас ерекшелігіне сәйкес күрделі емес, қызықты, тануға, зерттеуге, бақылау жеңіл болуы тиіс.

Білім алушыларымды 1-сыныптан бастап, «зерттеймін», «зерттеу» деген сөзге жаттықтырудамын және бұл сөздің мағынасында себебі, осыған орай, өйткені деген пайымдау сөздері жатыр. Мысалы, крахмалдан басқада зат алуға бола ма? Бұл жұмыс тіпті де тиімді, міне, зат пен дене айырмашылығы жатыр. Картоп – ол дене, ал картоптан не алуға болады. Бұл да үлкен тәжірибені талап етеді. Міне, осы тұсты да жаратылыстану сабағында зерттеп көрдік. Балалардың қуанғаны соншалық, крахмалдың кәдімгі табиғи денесі ол картоп. Сонымен, үй тапсырмасы «Крхамалды тұрмыста не үшін пайдаланды?» деген сұрақ шешімін табу болды. Үздіксіз зерттеу деп міне осыны айтады. Бұл зерттеулердің нәтижесі ретінде оқушыларымның жетістіктерін айта аламын. Жұмыс өтілім биылғы оқу жылын қосқанда 3 жыл, бірақ, педагогикалық өтілімді осы зерттеушілік қызметтен бастаған болатынмын.

Зерттеушілік қызмет оқушылардың зерттеушілік дағдысымен қатар, журналдармен, кітаппен, анықтамалықтармен, интернет желісімен жұмыс жасау дағдыларын да арттырады. Жұмыс күрделі және үздіксіз, бірақ оқушылардың шынайы функционалды тұлға болып қалыптасуына аталған зерттеушілік дағды ең маңыздысы деп есептеймін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
3 қыркүйек
1141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі