400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқушыларға арналған психологиялық жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған психологиялық жаттығулар жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг «Маған сүйен»


Бұл жаттығу сабақ кезінде жүргізіледі. Қатысушалардың біреуі ұл, біреуі қыз бала болса тіптен жақсы.

Ұл бала қыздың артында тұрып, қолын оның арқасына тіреп қояды. Сосын: «маған сүйен, мен сені құлатпай ұстаймын, қорықпа. Ақырындап сені төмен түсіремін, дәл осы қалпында бүгілмей тұруыңды сұраймын деп қызға өзіне сенуіне мүмкіндік береді. Бұл жаттығу адамдардың арасындағы сенімділікті, сенушілікті нығайтады. Ұл бала қызды қорықпай айқалап қолын сермітпей, ақырын төмен түсіре бастайды. Арасында сәл үзіліс жасап, қыз баланың өз ішіндегі үрейін жеңуге мүмкіндік жасайды. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады, сондағы траектория ұзындығын ұлғая түсуі де мүмкін. Осы жұптардың арасынан тек бір екеуі ғана жаттығуды ойдағыдай орындауы мүмкін. Қыз баланың аяқ киімі де маңызды рөл атқарады, себебі аяқ киім ыңғайсыз болса оның құлап кетуі мүмкін. Жаттығуды орындау барысында арқа сүйенген адамның не сезініп тұрғанын ашып айту маңызды. Жұптардың бір бірімен алмасуына мүмкін, сондай жағдайда оқушылар әлдеқайда сенімді басқа біреуді таба алады.












Тренинг «таң қалу»


Жаттығу жұп құрылып орындалады. Жұптағы бір оқушының көзін жақсылап жауып, екінші оқушының маңдайын, самайын, төбесін қолымен ұстап зерттейді. Кейін көзі жұмулы тұрған оқушы не сезіп тұрғанын, көзімен көрмегенді қолымен сипап сезі арқылы байқағанын айтады. Содан соң сол оқушының бетін зерттей бастайды, оны таң қалдырған жағдайларда ашып айтуы керек. Бірақ зерттелуші оқушы өз бетіндегі қандай аймақтарды зерттелмеуін қалайтынын айтуға болады. Жаттығу аяқталған соң, оқушының көзін ашып, оның не сезгенін, не таң қалдырғаны жөнінде баяндайды.






















«Заттарды есте сақтау» тренингі


14-18 ұсақ-түйек заттар: қайшы, тиындар, кәмпиттер, ақша купюрлары, қарындаш, т.б. бетін қағазбен жауып немесе көрінбейтін салафанға салынады. Өзін тексергісі келген оқушы көзін жұмып, жаңағы заттарды тек ұстап қана көреді. Сонда оқушы барынша көбірек заттарды есіңде сақтап қалуға тырысуы керек. Кейін көзін ашып есінде не қалғанын айтады. (заттар көзін ашқанға дейін қайта жасырылуы керек).


























Отбасыңда сенің рөлің (сауалнама)


  1. Отбасындағы жақын адамың?

  2. Ата-анаң сенімен пікірлесе ме?

  3. Кімге көп сенім артасың?

  4. Өз мінезіңе көңілің тола ма?

  5. Мінез-құлқыңның ауытқуына отбасындағы жағдай әсер ете ме?

  6. Отбасыңа ренжіген кезде бірінші болып кешірім сұрауға шамаң жете ме?

  7. Мінезіңнің аумалы-төкпелі өзгерісіне қандай себептер бар?

  8. Жағымды мінез қалыптастыруда кімге еліктер едің? ( атана, мұғалім, дос, қоғамдық орта)

  9. Қандай ақпарат көздеріне көңілің ауады?

  10. Отбасыңдағы құрметке лайық адам.....



Берілген сұрақтарға жауап бере отырып оқушы өз отбасындағы өз беделін, олармен қарым-қатынасын анықтай алады.














Көру арқылы есте сақтауды анықтау.


Алдымен оқушылар ол параққа аты-жөндерін, сыныбын, бүгінгі күнді толтырады. Оқушыларға нұсқау оқылып, олардың көру арқылы есте сақтауларын анықтау үшін диагностика жүргізіледі.

Нұсқау: «Қазір сіздерге 12 екі таңбалы сандар жазылған плакат 30 сек. уақыт көрсетіліп алынып тасталынады. Зейін салып мұқият қарап сол сандарды есте сақтауға тырысыңыздар.Плакат алынып тасталынған соң екі таңбалы сандарды еске түсіріп кез-келген қатарда парақтарыңызға жазасыздар?.

34

23

54

68

97

50

64

47

77

38

19

76


Нәтижелерді өңдеу: Егер 8-9 сан дұрыс жазылса онда,

бұл көру арқылы есте сақтаудың жақсы деңгейде екенін көрсетеді.
















Есту арқылы есте сақтауларын анықтау.

Оқушылардың есте қалдыру есте сақтауларын анықтау үшін диагностика жүргізіледі.

Нұсқау: «Қазір сіздерге 12 сөз оқылады. Сіздер зейін салып тыңдап, сол сөздерді есте қалдыруыңыз керек. Мен белгі бергенде параққа есте қалған сөздерді кез–келген қатарда жазыңыздар» (Осы жерде магнитофонға жазылған сөздерді қолдануға болады).


Жарық

Көңіл-күй

Жұмыс

Ауа-райы

Қанжар

Кітап

Машина

Үй

Әйнек

ағаш

Қасқыр

Көру


Нәтижелерді өңдеу: Дұрыс қайта жаңғыртылған сөздер 8-9 болса, онда есту арқылы есте сақтау жақсы деп есептелінеді. Соңынан оқушылардан жауап парағын жинап алу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11.03.2025
181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі