Оқушыларға арналған психологиялық тренингтер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқушыларға арналған психологиялық тренингтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған көңілді психологиялық тренингтер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық тренингтер

Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылары арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және т.б жағдайлары кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге де байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесу «Танысу» тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылық пен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жәй ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады.

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі» ойыны тренингке қатысушылардың сөзді мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді. Ойынның ережесі: қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз болшақтың кәсіби білімді маманымыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуынышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойыннан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды.

«Комплимент» ойыны. Жаттығудың тапсырмасы қатысушылардың бірін-бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірін-бірі толық тануын дамыту. Тренинг қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Коплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды. Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдейді. Тренинг аяқталғанан кейін қорытынды кезеңде «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салады. Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.

Танысу

Қатысушылар: жоғарғы сынып оқушылары

Мақсаты: Тренингке қатысушылардың қарым – қатынас жасауға ниетін арттыру , көңіл – күйін көтеру. Әр қатысушының ерекшелігін, жеке тұлғалық қасиеттерін анықтау.

Қолданылатын құралдар:

  1. Музыка

  2. Таза парақшалар

  3. Нөмерленген жүректер

«Кел танысайық!»

Мақсаты: Тренинг қатысушылардың бір-бірімен танысуға жағдай жасау, араларында жағымды қарым-қатынас орнату.

Нұсқау: әрқайсыларыңыз шеңбер бойыша өзіңіздің есіміңізді айтып және сол есімнің бас әріпіне байталатын бір тағамды айтады. Келесі қатысушы алдында айтылған есімді қайталап, өзі әрі қарай жалғастырады. Мысалы: Сараи – сорпа, Батыр – бесбармақ, Қаламқас – қуырдақ және т.б. Тапсырма аяқталғаннан соң жүргізуші , психолог, қысқаша тапсырманың орындалуы бойынша өз пікірін айтады.

«Молекула»

Мақсаты: Қатысушылар көңіл – күйін көтеру, жалпы жақсы эмоциалық ахуалды жақсарту, жылдамдық реакциясын, зейінділігін дамыту.

Нұсқау: ойынды жылдам музыка ойналу керек. Қатысушылар музыкаға билеп тұрады. Музыка тоқталған соң, жүргізгізуші 1-ден 10-ға дейін (сан қатысушылары санынан аспауы керек) бір санды айтады. Сол мезетте қатысушылар сол айтылған санға сәйкес «молекула» сияқты «жабысып» қалуы керек. (Ойынды әрі қарай жалғастыру үшін молекула құралмай қалған ойыншыларды ойыннан шығаруға болады). Солай бірнеше рет қайталайды.

« Менің әлемім»

Мақсаты: Психологиялық сипаттамаларды айқындауға және талдауға икемділігін дамыту.

Нұсқау: Оқушыларға қағаз беріледі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.08.2024
292
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі