Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыларға арналған тренинг "Дос және достық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал психологтарға ұстаздар ұжыммен жұмыс жасағанда керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақмола облысы Зеренді ауданы

«Қанай би негізгі мектебі» КММ
















Тренинг: «Дос және Достық»

Дайындаған: Педагог-психолог Нұрмұхамбетова А.С.




























2020-2021 оқу жылы

Достық әдеп сыйласым,

Дос өмірлік қимасым.

Дос арыңдай қымбатты,

Достық сезім тым тәтті,-деп бүгінгі «Дос және достастық» атты тренинг-сабағымызды бастаймыз.


Мақсаты: Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында достық шынайы сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточка, музыка.

I. Оқушылар өз есімдеріне сын есім қосып айтады .


Әдепті – Ермахан Әдемі-Гүлназ
Жағымды –Дәриға Мейірімді – Бекзат
Нұрдай –Дина Оқымысты- Әлішер
Ынталы –Арнұр Ажарлы – Рәзима
Жайдарлы – Айбар
Айбатты -Әлішер
Жақсы – Гүлнұр
Ғажайып – Диана
Нұрлы – Айжан

Күндей-Жадыра

Гүлдей-Ақнұр Мерейлі-Мөлдір

Жігерлі-Дастан Ақкөңіл-Жанат

Сымбатты-Айдана

Сүйкімді-Айзат Шырайлы-Гүлназ

Өнерлі-Гүлназ Көрікті-Дамир

Тәртіпті-Әділ

Сұлу-Анар Инабатты-Махаббат

Кеңпейілді-Ақмарал Кішіпейіл-Дина

Салмақты-Бекбол Сабырлы-Ілияс

Еңбекқор-Елдар Әзілқой-Сәбит

Көңілді-Мағзұм


ІІ.Оқушы аудиториясы не дейді?
Тақырыпты ашу сұрақтары.
1) Дос деген кім?
2) Достық дегенді қалай түсінеміз?
3) Досың бар ма? Ол қандай?
4) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
6) Достық жасқа байланысты ма?
7) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8) Досыңды неге теңер едің?
9) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
10) Достарың көп болу үшін не істеу керек?

Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
“Енді оны қалай ажырата аламыз” дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.

ІII. Тақырып бойынша жұмыс:

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.

Ашық айтқанда, маған әлі қиын...

Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...

Ашық айтқанда, маған ұнамайды...

Ашық айтқанда, мен қуанамын...

Психолог:

-Біз барлық адамдарға ойымызды ашық айта аламыз ба?

-Қолдарыңды көтеріңдер, кімде сенімді дос бар?


ІІI.Хабарландыру «Дос іздеу».

Психолог:

-Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда ,онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып,

хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу».

-Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады.

Хабарландыру жиналып алынады, одан кейін оқылады.Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді.

Талдау.- өз ойын ашық айту оңай ма? - Өзің туралы жазу оңай ма?


IV. “Сиқырлы орындық” жаттығуы
Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.
V. «Досыма хат» жаттығуы

Жағымды әуен ойнап тұрады.Оқушылар достарына хат жазады.


VI. Дос туралы «Әзілдесу» ойыны
Бір-біріңізге ренжіген уақытта неше түрлі реніш сөздерін айтасыздар.Ал кімде болса ренжітпейтін сөздер айтып ұрыстыңыздар ма? Қане сондай күйде айтысып көрейік.Бұл сөздер жеміс-жидек,көкөніс,ыдыс-аяқ атаулары болуы мүмкін.Мыс: «Сен-сәбізсің» және т.б.
Балалар доп лақтыру арқылы ренжітпейтін сөздермен әзілдеседі.2-3 минуттан соң бір-біріне жылы сөздер айтады. Мыс:Сен менің күнімсің!

Адал достардың бойында қандай қасиеттер болады?

Бауырмалдық, кеңпейілділік .т.б

VII. «Бала мен алма» слайд көрсетіледі

Сұрақтар:

Бала ағаштың достығын бағалай алды ма?

Достықтың шегі бар ма?

Бала ағаштың достығына сай ниет танытса не болар еді? (ағаш кесілмес еді, жайнап, жемісін беріп тұра берер еді)

Балаға қандай тілек айтасыңдар?

Досыңды сатпа, т.б

Сондықтан да балалар әрдайым адал дос болуға тырысыңыздар, дос табудың ең жақсы жолы-дос бола білу дейді.

Адал дос әрдайым іздегенде қасыңнан табылады.

VIII. «Жан досым» әнімен сабақты аяқтау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.11.2020
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11