"Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беруде диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру"баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беруде диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру"баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беруде диагниостикалық сауалнамаларды пайдалау тәжірибесі жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беруде диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру»


Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, өзгермелі жағдайда дені сау, білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылатын талап күн сайын өсуде. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар. Олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отыр. Жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығушылығына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Біздің мақсатымыз:

  • оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына көмек беру;

Осы мақсаттардың орындалуы үшін төмендегі міндеттерді орындау шарт:

-оқушыларға мамандықтар әлемі туралы біртұтас мағлұмат беру,

-оқушылардың қызығушылығын, бейінін, қабілетін анықтау үшін арнайы сауалнамалар жүргізу,

-кәсіптер бойынша адам қасиеттерінің ерекшілігімен таныстыру,

-оқушының өзінің танымдық және жеке бас ерекшеліктері мен таңдаған кәсіптік саласына қажет кәсіби сипаттамаларды ұштастыра отырып, кәсіби жолын анықтауына жағдай туғызу;

 

Нәтижесінде: оқушы өзінің табиғи әлеуеті мен танымдық мүмкіндігін таниды, мамандықтар туралы білімі артады, мамандықтардың маңызын, ерекшеліктерін анықтай білуге үйренеді; ішкі қажеттіліктері негізінде кәсіби жолын таңдайды.

Жалпы мектепте оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарының жоспарын мен 5 бөлікке бөлдім. Олар:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары,

  2. Ақпараттық бағыт,

  3. Кеңес беру, диагностикалық бағыт,

  4. Белсенді-дамытушы бағыт,

  5. Кәсіби бағыт-бағдар беруге байланысты сынып жетекшілерінің жұмыстары. 5 бағыт бойынша жұмыстар оқушы, мұғалім, ата-анамен жүргізіледі.

3-бағыт- Кеңес беру, диагностикалық бағыт бойынша оқушыларға, ата-аналарға кеңес беру, түсіндірме жұмыстары, сауалнамалар алу , мониторинг, талдау жұмыстары жоспарға енгізілген.



Жоспар бағыты

Реті

Жұмыстың түрі

Орындалатын мерзімі

Жауапты





Кеңес беру, диагностикалық бағыт

1

«Өзіңді таны»

5-6-7-сынып оқушыларының қызығушылығын анықтауға байланысты сауалнама алу

Қыркүйек

Бейінді оқыту орынбасары

2

«Бейіндік оқыту – мақсаттар мен міндеттер» 8- 9-сынып ата-аналарына түсіндірме жұмысы

Қазан

Бейінді оқыту орынбасары

3

Мұғалімдермен жұмыс: бейіндік білім беру пәндері, пәндік және элективті курстар бойынша жұмыс бағдарламаларының мазмұны бойынша кеңестер

Тамыз

Бейінді оқыту орынбасары

4

«Мамандыққа апарар жол» әдісі арқылы 7-9-сынып оқушыларының кәсіби қызығушылықтарын анықтау;

Қараша

Бейінді оқыту орынбасары

5

Бағдаралды сынып  оқушыларының пәнге бейім

ділігін, икемділігін анықтау

«Дарындылық картасы» (5-6-сынып)

Қараша

Бейінді оқыту орынбасары

6

«Дарындылық картасы» (8-9-сынып)

Қараша

Бейінді оқыту орынбасары

7

Оқушының психологиялық саулығын бағалау шкалалары (Эссе)

«Мен таңдаған өмір» /10- сынып/

«Болашаққа хат» /11- сынып/

Қараша

Психолог

8

«Кәсіптік бағдар: Кім болғым келеді?» тренингі


Әр тоқсанда

Психолог

9

Бастауыш  сынып  оқушыларының пәнге қызығушылығын, бейімін анықтайтын жұмыстар. (Әңгіме, анкета)

Жыл бойы

Бейінді оқыту орынбасары

10

Ата-аналарға арналған сауалнамалар

Жоспарға сәйкес жыл бойы

Бейінді оқыту орынбасары

11

«Кәсіпті таңдау мотивтері»

Жоғары сынып оқушыларының оқу орындары мамандарымен кездесуін ұйымдастыру

Ақпан

Бейінді оқыту орынбасары

12

10-11- сынып оқушыларының ата-аналарымен баланың таңдау пәні ерекшелігі және таңдаған мамандығы жайлы пікірлесу

Жыл көлемінде сұранысқа сәйкес

Бейінді оқыту орынбасары

13

Бейінді оқыту сыныптарындағы оқушылардың оқыту мазмұнының  мониторингі

Әр жартыжылдықта

Бейінді оқыту орынбасары

14

Қорқыт ата атындағы Кызылорда мемлекеттік университетінің рекрутинг орталығы мамандарымен кездесу

Ақпан

Бейінді оқыту орынбасары

15

««Келешек ғасыр бізге не дайындайды»,» ақпарат,кеңес \Өзгермелі уақыт талабына бейімдеу\

Наурыз

Бейінді оқыту орынбасары

16

11-сынып оқушыларымен «Болашаққа көзқарасың қандай?» сауалнамасы

Қазан


Бейінді оқыту орынбасары


17

Ата-аналарға арналған оқушылардың кәсіби бағыттылығын анықтауға арналған сауалнама алу /5-8-сынып/

Желтоқсан

Бейінді оқыту орынбасары

18

Дж.Холланд әдістемесі бойынша тұлға типтерін анықтау /7-9-сынып/

Ақпан

Психолог


Диагностика әр түрлі әдістердің, тәсілдердің, қабылдаулардың көмегімен бақыланатын немесе зерттелетін объектінің жай-күйі туралы ақпарат алу процесі.

Диагностикалық ақпарат объектінің жай-күйі, оның нормаға сәйкестік дәрежесі, оның даму үрдістері туралы мәліметтерді қамтиды. Біздің жағдайда диагностика оқушының өзін-өзі тануы, өзінің бейімділігі мен қабілетін тани алуы, бағалауы деңгейін анықтау.

Осы 3-ші бағыт бойынша мен сауалнамаларға тоқталамын.


Сауалнама алудағы мақсат- оқушылардың қызығушылығын, көзқарасын, ішкі ойын, өзі-өзінің қабілетін, бейімділігін шынайы танып, бағалай алуын білу. Оқушының қажеттілігін, сұранысын анықтау арқылы кеңес, бағыт-бағдар беру.


Сауалнама түрлері:

  1. «Дарындылық картасы» 5-9-сыныптар

  2. «Сенің кәсіби ой-ниетің» 9-10-сыныптар

  3. «Мамандық туралы хабарың» 9-сынып

  4. Е.А.Климовтың «Дифференциалды диагностикалық сауланамасы» 7-8-сыныптар

  5. «Ынта-ықылас картасы» 8-9- сыныптар

  6. «Бейінділік әдістемесі» 10-сынып

  7. Бастауыш сынып оқушцыларының қызығушылығын анықтауға арналған сауалнамалар

  8. 5-сынып оқушыларының қызығушылығын анықтауға арналған сауалнама

  9. 5-сынып оқушыларының пәндерге көзқарасын анықтау сауалнамасы

  10. «Түлектің сауалнамасы» 11-сынып


Ата-аналарға :

  1. «Сіз қандай ата-анасыз?»

  2. «Келешекке арман»



«Дарындылық картасы» сауалнамасының 35, 50, 80 сұрақтан тұратын бірнеше варианттары бар. 35 сұрақтық вариантын 5-6-сынып оқушыларынан алуға болады, 50 сұрақтық вариант 6-8-сыныптарға, 80 сұрақтық вариант сұрақтары 8-10-сынып оқушыларына лайықты күрделене түседі. Қандай да бір сауалнаманың қорытындысы шығарылып, талдау жасалады. Сауалнама қорытындысымен оқушылардың қандай пәнді ұнататыны, келешекте қай кәсіптің түрімен айналысқысы келетіндігі, қандай бағытқа, қай кәсіп саласына қызығушылығы басым екендігі, таңдаған кәсібі мен мамандығы жайлы қаншалықты түсінігінің бар екендігі, қандай көмекті қажет ететіндігі көрінеді. Соған байланысты оқушы мен ата-анаға кеңес беруге болады. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне оқушылардың қызығушылығы мен сұраныстары жайлы кеңес беріледі.

Оқушыларға берілетін кәсіптік бағыт-бағдар қазіргі кездегі сұранысқа сай жүргізілуі тиіс. Оқушы мектеп қабырғасынан шығысымен белгілі бір мамандық алмаса да, мамандыққа бағыт-бағдар алып шығуы қажет. Яғни, оқу орнына бармаған жағдайда жұмыссыздар санын көбейтпей, өзінің кәсібін жасауы тиіс. Оқу орнына барған жағдайда өзінің икемділігіне, қызығушылығына сай мамандықты дұрыс, саналы таңдауы керек. Мамандықты дұрыс таңдау еңбек сапасы мен өнімділігіне әсер етеді. Нәтижесінде мектеп бітірушілердің кәсіпорындағы жұмыстарында жеткен еңбек жетістіктері мамандық таңдау жетістігінің басты критерийі болып саналады. Мамандықты және жұмыс орнын дұрыс таңдап, өзінің таңдауына қанағаттанса, онда ол басты психологиялық критерий болып саналады. Тәжірибе көрсеткендей, оқушыларға кәсіптік бағдардың дұрыс жүргізілу нәтижесінде кәсіпке оқытылып, өмірге сай бағдары болып, нақты еңбек етіп дайындалса ғана жетістіктерге жете алады. Өмірде өз орнын табуына өте қажетті кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастырып, өткізуде баршаңызға сәттілік тілеймін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2025
280
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі