«Оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсету»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсету»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға мамандық таңдау бойынша кеңестер беріп, мамандықтарды таңдау маңыздылығын түснідіру. Мамандық таңдаудағы қателіктерін талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсету»


Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау бойынша кеңестер беріп, мамандықтарды таңдау маңыздылығын түснідіру.


Міндеттері:

  • Жеке тұлғаның сан алуан мамандықтарға деген ынта ықыластарын ашу

  • Мамандық таңдаудағы қателіктерін талдау


Сабақ барысы:


Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Қызығушылықты ояту кезеңі.

«Бұл кім?» тренингі.


(тақтада ілінген белгілі бір кәсіп иелерінің суреті көрсу)

- Сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы түрде қалай айтуға болады?

- Мамандық



Сынып сағатымыздың тақырыбы мен мақсаттарымен танытсыру




Оқушылар өз ойларын ортаға салады.





«Мадақтау сэндвичі»






Тақырыптық суреттер

Сабақ ортасы

«Мамандық таңдау»

1. «Миға шабуыл» - ой қозғау:

Мамандық дегеніміз не? /Әр топ өз ойын айтып, жауап береді/

«Мамандық» сөзіне анықтама беру. /Мұғалім толықтырады/


Профессия - мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.


Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң.

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз.

Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.


Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет.

Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек.

Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.

Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.

Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.


2. «Білеміз бе?»

Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар

І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар

ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар

ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды /білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз/


3. Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін дәлелдейді.

Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.

Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек.

Ақша болса, мамандық қажет емес

Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет

Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды

Мамандық таңдау – күн көріс қамы








Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды










Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.


















Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.








Мұғалім кері байланыс беріп отырады










«Алақан-жұлдыз»
















«Ең үздік жауап»



















«Өзін-өзі бағалау»










Ақпараттық мәтін











Үлестірмелі қағаздар
















Суреттер

















Тірек-сызбалар







Кесте







Сергіту сәті

«Мамандықты тап» сергіту сәті. /жұмбақтар шешу/

Үлгілерге қараймын,

Үй іргесін қараймын.

Өрнектерді оямын,

Терезесін қоямын. (Құрылысшы)

---------------------------

Елде сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып.

Қуантады қашан да,

Дәрігерлік мамандық

Денсаулығын баланың,

Бенсаулығын ананың.

Денсаулығын қарттың да,

Қамқорлыққа алады.

---------------------------

Өндіріске көптеген

Өрісі мол ток берген.

ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын

Мен арқылы өткерген. (Инженер)

Оқу- білім арнасы,

Кім ол- оның анасы.

Дамытады ол адамның,

Ақыл- ойын, санасын. (Ұстаз)






Жұмбақтардың шешімін тауып, мамандыққа

Сипаттама

береді.










«Ең үздік жауап»





Жұмбақтар










Мамандық суреттері



ОҚУШЫЛАРҒА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР

  • Мамандықты дұрыс таңдау сіздің шығармашылық әлеуетіңізді іске асыруға, көңілсіздіктен аулақ болуға, өзіңізді ертеңгі күннің белгісіздігінен қорғауға мүмкіндік береді.

  • Қандай мамандық таңдауды дұрыс деп санауға болады? Біріншіден, болашақ жұмыс ауыртпалықта емес, қуанышта болуы керек (Мен қалаймын)

  • Екіншіден, сізде бұл жұмысты таңдау үшін кәсіби маңызды қасиеттер жиынтығы болуы керек (мүмкіндік)

  • Үшіншіден, бұл мамандық еңбек нарығында сұранысқа ие болуы керек (қажет).


МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАҒАНДА:

  • Мүмкіндігінше көп кәсіптерді, еңбек нарығының құрылымын білу;

  • Өз мүддесі үшін шешім қабылдау;

  • Қандай оқу орындарында белгілі бір мамандық алуға болатындығын білу;

  • Кәсіби таңдаудың негізгі және қосалқы нұсқаларын білу;

  • Кәсіби сынамалар тәжірибесі бар (жақсырақ).

  • Адамның психологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау (бейімділік, қабілет, темперамент, мінез, денсаулық жағдайы);

  • Әр аймақта өзіндік ерекшелігі бар кадрларға қажеттіліктің аймақтық құрылымын білу;

  • Еңбек қызметінің мазмұндық ерекшеліктері мен шарттарын білу керек.











Кеңестермен танысып, басты назарға алып, тлдау жүргізеді
















Қорытынды

«Жарқын болашақтың кепілі - жаныңа жақын кәсіп таңдау» дегендей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді.

Сондықтан да қазіргі кезден бастап, өз - өздеріңді, бір - бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар.

Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.

Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін! - дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсаңдар.




Кері байланыс












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2024
254
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі