400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОҚУШЫЛАРҒА SCRATCH БАҒДАРЛАМАСЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫН ЖӘНЕ АНИМАЦИЯ ҚҰРУДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ОҚУШЫЛАРҒА SCRATCH БАҒДАРЛАМАСЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫН ЖӘНЕ АНИМАЦИЯ ҚҰРУДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

« №2 оқушылар сарайы» КММ











ОҚУШЫЛАРҒА SCRATCH БАҒДАРЛАМАСЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫН ЖӘНЕ АНИМАЦИЯ ҚҰРУДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ





Web дизайн үйірмесінің оқушысы:

Раджанұлы Ескендір

Ғылыми жетекшісі:

Ембергенова Аяужан Ерсайновна













2022 жыл

ОҚУШЫЛАРҒА SCRATCH БАҒДАРЛАМАСЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫН ЖӘНЕ АНИМАЦИЯ ҚҰРУДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ



Бүгінгі күнгі экономиканың инновациялық дамуының алдында тұрған басты мәселелердің бірі білім беруді, оның ішінде техникалық шығармашылықты дамыту болып отыр. Ал техникалық шығармашылық облысындағы инновациялық салалардың бірі білім берудегі робототехника болып табылады. Білім берудегі робототехника техника негіздерін және заманауи бағыттарды: ақпараттық модельдеу, бағадарламалау, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды оқытуды көздейді.

Қазақстан Республикасы Президенті өз Жолдауында: «Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап көрсеткен. Осы жолдаудың төртінші басымдылығы индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу деп аталған. Онда «Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты. Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды» делінген.

Олай болса бүгінгі жастар техникалық сауатты, мобильді және инновацияларды өмірге енгізуге дайын болулары қажет.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын 5 сыныптарда информатика пәнінен машық кезінде Біздің өміріміздегі алгоритмдер бөлімі бойынша оқушылардың санасында «Атқарушы» белгілі бір жиынтықтағы командалардың орындаушысы болып табылатынын және «Дербес компьютер- бұл да орындаушы» деген түсінік қалыптасты. Бұл жерде біз - имитациялық модельдеу әдiсiн пайдаландық. Оқушылардың Спрайт ролiне енiп, өзi жазған алгоритмдi орындап шығуын да - имитациялық модельдеудiң тұрпайы түрiне жатқызуға болады. «Лабиринт» виртуалды ойынын ойнау арқылы оқушылар машина түсінетін командалар тізімін (алға, артқа, оңға бұру, солға бұру және артқа) анықтады, сондай-ақ тармақталған алгоритмнің схемасымен танысты.

"Скретч" бағдарламалау тілі.

Бағдарламалау-компьютерлік бағдарламаларды құру процесі.

Никлаус Вирт бағдарламалау тілдерінің негізін қалаушылардың бірі "бағдарламалар = Алгоритмдер + деректер құрылымы"

Бағдарламалау бағдарламалардың бастапқы мәтіндері жазылған бағдарламалау тілдерін қолдануға негізделген.

Бағдарламалау тілі-компьютерлік бағдарламаларды жазуға арналған ресми тіл. Бағдарламалау тілі бағдарламаның сыртқы түрін және орындаушы (әдетте компьютер) басқаратын әрекеттерді анықтайтын лексикалық, синтаксистік және семантикалық ережелер жиынтығын анықтайды. Алғашқы бағдарламаланатын машиналар пайда болғаннан бері адамзат сегіз мыңнан астам бағдарламалау тілдерін (эзотерикалық, визуалды және ойыншық тілдерін қоса) ойлап тапты. Жыл сайын олардың саны артып келеді. Кейбір тілдерді өз әзірлеушілерінің аз ғана бөлігі қолдана алады, ал басқалары миллиондаған адамдарға белгілі болады.

Келесі Пайымдау және программалау бөлімінде Менің алғашқы программам тақырыбында оқушылар атқарушыны таңдап, оған қатысты алгоритм құрып, компьютерде орындады. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін Scratch бағдарламасын пайдаландық.

Scratch – бұл объекті-бағдарлы орта болып табылады, оның ішінде Лего
конструкторындағы түрлі-түсті кірпіштерден жиналатын машиналар немесе басқа да объектер сияқты бағдарламаның блоктары түрлі-түсті командалық кірпіштерден құралады. Сонымен қатар, оның ішінде қазіргі заманғы Delphi типті визуалды бағдарламалау орталарының идеяларын табуға болады және
тіпті тұсаукесерлер жүйелерінен де табуға болады.

Scratch – бұл мультимедиалық жүйе. Тіл операторларының көбісі
графика және дыбыспен, анимация және бейне әсерлермен жұмыс істеуге
бағытталған.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі