Оқушылармен бірге өзгеру, өсу және оларды қалай шабыттандыруға болады? эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылармен бірге өзгеру, өсу және оларды қалай шабыттандыруға болады? эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Хасихан Елик қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, оқу ісі бойынша орынбасар «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хасихан Елик

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,

оқу ісі бойынша орынбасар

«Ақмола облысы білім басқармасының

Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі

Макинск қаласының №2 жалпы орта білім

беретін мектебі»КММ







Оқушылармен бірге өзгеру, өсу және оларды қалай шабыттандыруға болады?



Бүгінгі заман мұғалімі тек білім беруші ғана емес, оқушымен сенімді, конструктивті қарым-қатынас орнату арқылы оның тұлғалық дамуына ықпал ететін, үнемі кәсіби және рухани тұрғыда өсіп отыратын жетекші болуы тиіс. Осы жолда педагог өзіндік философиясын қалыптастырып, әр баланың жүрегіне жол таба білуі керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні осы серіктестіктің негізіне айналып, адамгершілікке, рухани кемелдікке, өмірлік ұстаным қалыптастыруға жол аша алады. Өзгермейтін бір шындық – бала тек сенімге құрылған қатынаста ғана ашылады, дами алады. Сондықтан бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты – оқушымен диалог орната отырып, бірге өзгеріп, бірге өсу.

Әр бала – зерттеуші, әр оқушы – шығармашыл тұлға. Мен өзімнің 25 жылғы ұстаздық қызметімде алдымда отырған әр баланың бойынан жылт еткен қабілетті, дарынды іздедім. Жай ғана сабақ беріп қоймай – әр баланың бойындағы ұшқынға дем беріп, шабыттандырып, алауға айналдыруға тырыстым. «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген халық нақылы менің бойтұмарыма айналды. Оқушыларымның жеңісі, қуанышы, эмоциясы, шабыты маған үлкен жігер сыйлады. Оқушының жеңісі– бұл марапат қана емес, біле білсеңіз, бұл өзін таныған баланың көзіне от біткен шабытты шағы, шығармашыл тұлғаның оянған сәті. Сондықтан да мен оқушылармен сенімді конструктивті қарым-қатынасты орнатуға және кәсіби өсуге мүмкіндік беретін өзімнің педагогикалық философиямның келесі тәсілдерін қалыптастырдым:

Біріншіден, педагогикалық философия – сенім мен серіктестікке негізделген көзқарас. Менің педагогикалық философиямның өзегі – әр бала бірегей тұлға және ол сенім мен қолдау арқылы ғана ашылады деген ұстаным. Оқушымен сенімді қарым-қатынас орнату үшін ең алдымен мұғалім оның ішкі жан-дүниесіне үңіле білуі керек. Мұны жүзеге асыру үшін мен «тыңдай білу» және «сезіне білу» тәсілдерін қолданамын. Мысалы, сабақта кері байланыс кезінде оқушы пікірін толық қабылдап, оны талқылауға уақыт бөлу — қарым-қатынасты нығайтады.

Екіншіден, өзгеру – оқушы мен мұғалімнің ортақ процесі.

Менің тәжірибемде әр оқушы – менің кәсіби даму жолымдағы айна. Олардың сұрақтары, қызығушылығы мен белсенділігі маған үнемі жаңа әдістерді меңгеруге, өзімнің шеберлігімді шыңдауға түрткі болады. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды эссе жазуға баулу арқылы мен өзім де жазу мәдениетін жетілдіремін. Бұл – өзара үйренудің ең тиімді тәсілі.

Үшіншіден, шабыттандыру – мақсат қою мен қолдау арқылы жүзеге асады. Менің басты әдісім – назар аудару мен мақтаудан бастаймын. Оқушының кішкентай жетістігін мойындап, соны үлгі ету арқылы оны келесі мақсатқа шабыттандырамын. Бұл – баланың өз күшіне сенуіне, оқушымен сенімді конструктивті қарым-қатынасты орнатуға тиімді тәсіл.

Әр баланың дарыны мен қабілетін байқап, соған сай тапсырмалар беру – шабыттың негізі. Мысалы, әдеби шығармаларды талдағанда оқушыларға «егер сен кейіпкердің орнында болсаң, не істер едің?» деген сұрақтар қою — олардың ойлау қабілетін дамытып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға жетелейді.

Төртіншіден, кәсіби өсу – үздіксіз ізденіс пен рефлексия. Мұғалімнің кәсіби өсуі — бұл тек курстар мен семинарларға қатысу ғана емес, әр сабақты бағамдап, өз әдістерін үнемі жетілдіру. Мен әр оқу тоқсаны соңында өз сабағыма рефлексия жасаймын: қай әдіс тиімді болды, қай тапсырма оқушыны қызықтырмады, неліктен? Бұл өзін-өзі жетілдірудің басты тетігі.

Қорытындылай келе, қазіргі педагогтің кәсіби болмысы – үнемі өзгеруге, өсуге, оқушыны шабыттандыруға дайын болуы керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні – шабыт пен рухтың, тәрбие мен ұлттық сана-сезімнің алтын кілті. Осы жолда мұғалім тек оқытушы емес, оқушы жанын түсінетін, бірге өзгеретін, бірге өсетін серіктес болуы керек. Тек сенім мен ынтымақтастық атмосферасында нағыз білім алу мүмкін болады, бұл оқушының да, мұғалімнің де өсуіне әкеледі.








.



























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.00.2025
52
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі