Материалдар / Оқушылармен өткізілген сыныптан тыс іс- шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылармен өткізілген сыныптан тыс іс- шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдың сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2021
1020
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Интеллектуалдық ойын «Зерделі»

Мақсаты: Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды математика, физика, информатика пәндерінен алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

Көрнекі құралдар: ZOOM платформасы

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

Іс-шараның барысы.

І жүргізуші:  Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Бүгін 9-10 сынып оқушыларының арасында «Зерделі» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

«Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.


І жүргізуші:  Сайысқа қатысушылармен танысуға рұқсат етіңіздер.


ІІ жүргізуші: Бүгінгі интеллектуалды ойын үш кезең тұрады:

1 кезең: Бәйге

2 кезең:Дода

3кезең:Жорға

Ойынның барысы:

І жүргізуші: 1 кезең: Бәйге

ІІ жүргізуші: 1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 10 ұпай есептеледі.

Сұрақтар:

  1. Қиылыспайтын екі түзу (параллель)

  2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

  3. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)

  4. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса)

  5. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)

  6. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

  7. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

  8. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

  9. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

  10. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)

І жүргізуші: Әділ - қазылар ұпайларыңызды бағалау парақтарына қатысушылардың тиісті ұпайларын беріп отырыңыздар.

ІІ жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Дода» Жасырын сөзді дұрыс тауып оны орыс - ағылшын тілдеріне аударуы керек. Сұрақтың тек қазақшасын тапқан жағдайда 5 ұпай, қазақша – орысша жауаптары 10 ұпай, толық жауап 15 ұпай.

Ең аз ұпай жинаған 1 катысушы ойыннан шығарылады.

Тиісті сөздің үш тілде аудармасын айту. 

  1. .... атасын білмеген жетесіз. (Жеті – семь - seven)

  2. Мұқағали Мақатаевтың биыл неше жылдығы атап өтілді? (84 – восемьдесят четыре - eighteen four )

  3. .... - үлкен мектеп (Өмір – жизнь- laif)

  4. ... - білім бұлағы (оқу – учеба - )

  5. .... алды – қызық тіл (өнер – искусство- )

  6. Жүз сомың болғанша, жүз ... болсын (дос – друг –friend

  7. Отыз ..... шыққан сөз, отыз елге тарайды. (тіс – зубы - teeht)

  8. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі .... ішеді (су – вода - water)

  9. ... – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга - book)

  10. Қыстың қамын ... ойла (жаз – лето - summer)

І жүргізуші: Әділ - қазылар ұпайларыңызды есептеп ұпайы аз бір ойыншымен қоштасамыз.

ІІ жүргізуші: 3 кезең «Жорғада» оқушылар өзі білем деген ұяшықтан біреуін таңдап , егерде жауап берген жағдайда сол ұпайлық жүйе беріледі. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

Информатика: 10 - Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін ол әркез де ақтайды (Ж. процессор)

20 - Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жобасын жасады.)

30 - Microsoft  фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)

40 - Windows сөзінің қазақша бламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)

50 – БЕЙНЕ СҰРАҚ Подкаст дегеніміз не?

Физика:10 –Вакум деген не? (Ж. ауасыз бос кеңістік)

20 –Микроскоп қанша есе үлкейтіп көрсете алады? (Ж: 500-600 есе)

30 –Жылу берілудің қандай түрлері бар? (Ж: 3 түрі)

40 –Конвекция дегеніміз не? (Ж: сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі)

50 – БЕЙНЕ СҰРАҚ

  1. Геометрия: 10 – Трапецияның қандай түрлері бар? (Тік бұрышты, тең бүйірлі)

20 – Тікбұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 30 градус болса, қалған бұрыштарын табыңдыр? (Ж: 60, 90 градус)

30 – Ромб пен квадраттың негізгі айырмашылығы? (Ж: бұрыштарында)

40 –Үшбұрыштың орта сызығы қалай анықталады? (Ж: табанын екіге бөлгенде)

50 – БЕЙНЕ СҰРАҚ

І жүргізуші: Әділ - қазылар ұпайларыңызды есептеп ұпайы аз бір ойыншымен қоштасамыз.

ІI жүргізуші: Бүгінгі ойынның жеңімпазын анықтау үшін Әділ – қазылар алқасын қорытынды сөз кезегі беріледі.

Қорынытынды. «Зерделі» сайысындағы зерделі оқушы анықталады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!