жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқушылырдың өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және танымдық қабілеттерін дамыту.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасының артуындағы міндеттердің бірі осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндеттті»- делінген.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі-білімде.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Оқушыс жаңаша өмір сүріп қоймай, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғам мен тығыз байланыста болуын дамыту.
Осы аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік :
1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау
2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру
3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады. Оқушылардың танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
игерілген білімді тасымалдай білуі;
өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады.Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.
Ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі – баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады.
Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі – терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі (ізденушілік) – оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді.Ол - есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы.Оқушыларды математикалық зерттеу әдісіне үйрету, оларға зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы математикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады.
Физиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеттін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты физика сабағында құрал жабдықтардың , физикалық есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.
Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.
Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты борышымыз.
Зертеушілік әдісте қолдану дағдысы тұлға дамуының негізі: керекті ақпарат, фактіні жинау, түрлі көзқараста сараптау дағдысы, қорытынды жасап, пайымдау .
Ғылыми жобалау әдісіндегі іс-әрекететуші тұлға, зертеушілік шығармашылдық, ролде ойнаушы, іздемпаз тұлға.
Жобалаудың жалпы құрылымы :
1) алдымен жобаның тақырыбын типін таңдау ;
2) зерттеудің маңыздылығы;
3) міндеттерді топтарға бөлу, зеттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау
4) зерттеулердің, шығармашылдық міндеттері бойынша өздік жұмысы, бақылау
5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу
6) қорғау
Жобалау әдісіне қойылатын талаптар
-зерттеудегі шығармашылық жоспардың проблемалары мен міндеттерін кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету.
-практикалық , теориялық , танымдық нәтижелердің көрсеткіштері
-оқушылардың өздігінен іс-әрекет етуі.
-жобалаудың мазмұнының құрылымы.
Жобалау әдісінің алгоритмі
1.Проблема
2.Жобалау
3.Ақпарат көздерін іздестіру
4.Нәтижені қорытындылау
5.Презентация.
Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өндіруге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.
Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті баланы өзіндік ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның танаымдық қабілетін түрлі әрекете көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет .
Қорытынды:
Оқу тапсырмаларының үлгі кезеңдеріне бағытталуы (дидактикалық аспект);
Әр түрлі деңгейлілікті және әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеру (педагогикалық аспект)
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы жүйелікті сақтауды төмендегі негізгі жағдайлар қажет етеді;
Оқушылардың парасаттылығын қалыптастыруда, ойлау әрекетінде шығармашылық, ақпараттық мәдениет және сауаттылық қызмет байқалады;
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың түйінді мәселелерін шешу мұғалімінің кәсіптілігімен байланысты шеберлігінде дамитыны сөзсіз.
Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші.Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.
«Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012.
2. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы –Астана ,2004.
3. Әбілқасымова А.Е. « Студенттердің іздемпаздығын қалыптастыру» Алматы ,1994
4. «Математика және Физика» журналы 2010,№5

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген