400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Оқушының ғылыми-зерттеу жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге ғылыми жұмыс жазу барысында көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

Кіші Байсерке ауылы


МЖД ШОБ №40 ЖББ

 

 

 

Бағыты: «Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі»

 


Тақырыбы: Наурыз көженің дәрумендік құрамы және оның пайдасы. (Бенто ланч қораптағы Наурыз көже)


 

Секциясы: Биология

 


 

 


 

Орындаған: Асентай Салауат, 11А,

МЖД ШОБ №40 ЖББ,

Кіші Байсерке ауылы 

 

Ғылыми жетекшісі: Ахметова Гульзира Романовна биология пәні мұғалімі


Ғылыми кеңесшісі:Жақсыбаев М.Б.-б.ғ. к,

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

биология кафедрасының меңгерушісі




2019 жыл

МАЗМҰНЫ

Абстракт............................................................................................3бет

  1. КІРІСПЕ..............................................................................................7

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМІ.................................................................................9

2.1.Наурыз көженің шығу тарихы және шығыс елдерінің наурыз көжені дайындау дәстүрі................................................................................9

2.2. Наурыз көженің дәрумендік құрамы және пайдасы...................11

2.3. Наурыз көжені даярлау әдісі.......................................................19

  1. Зерттеу бөлімі.....................................................................................21

3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы......21

3.2. Бенто қораптағы Наурыз көже...................................................24

  1. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................28

ҚОСЫМШАЛАР..............................................................................29

































АБСТРАКТ

Тақырыптың өзектілігі: Наурыз — достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата — үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» — деп бата береді.Мектеп асханасында дүкендерде ,үйде газдалған сусынның орнына наурыз көже сатылымда болса.өйткені Наурыз көже айран және басқада түрлі дәндерден,сүр еттен жасалғандықтан құнарлылығы жоғары және В1,В2,В 6 дәрумендеріне бай. Қазақы сусындар, әсiресе көженiң суы шөлдi де қандырады, аңқаның кепкенiн де басады. Денсаулыққа да өте пайдалы.

Зерттеудің мақсаты: Наурыз көженің дәрумендік құрамын анықтап,оның пайдасын зерттеу.Наурыз көженің қоспаларын бенто қораптарда дайындап,Қазақстандық бренд болуына ұсыну.

Зерттеудің міндеттері:

  • Наурыз көженің шығу тарихымен танысу.

  • наурыз көженің дәрумендік құрамын анықтау.

  • Мектеп оқушыларымен саулнама жүргізу.

  • наурыз көже дайындау барысында оның құрамымен танысу

  • наурыз көженің шикі қоспаларынан «бенто ланч» жасау.


Болжам: Бенто ланч ретінде,бірақ қазақи нақышта жасалынған қораптарда көженің 7 түрлі қоспаларын салып, наурыз көженің құрамындағы дәрумендік қасиетін және пайдасын оның сыртына мәліметтерін жазып,әрбір сауда орталығында сатуға қойса,Қазақстанда жасалынған экологиялық таза өнім ретінде жалпы халық сатып алады деп болжамдаймын

Зерттеудің кезеңдері:

Дайындық кезең: тақырыпты анықтау, мақсатын, болжамын айқындау, зерттеу әдіс – тәсілдерін меңгерту;

Теориялық кезең: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді жинақтау, оқу, талдау, қажетті деректерді іріктеу;

Қорытынды кезең: жинақталған материалдарды саралау, жүйелеу, ғылыми тұрғыдан зерделеу. Ғылыми жоба сайысына даярлық кезеңі.

Зерттеу нысаны: наурыз көже бенто ланч

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі:

  • Наурыз көженің дәрумендік құрамын анықтау;

  • Мектеп оқушыларымен саулнама жүргізу;

  • Наурыз көженің қоспаларын Бенто қораптарға салып Қазақстандық бренд өнімі ретінде насихаттау және өзіндік үлес қосу.











































АБСТРАКТ

Актуальность темы: Наурыз - это праздник дружбы, труда, мира. В великий день нации люди забыли забыть друг друга и помолились за себя и за остальных. Главным на столе была наурыз көже. Он состоит из семи разных блюд. «Наурыз коже надо есть и сушить круглый год». Рано утром молодые люди получили благословение взрослых. Бата - это желание пожилых людей заботиться о подрастающем поколении. Старейшины говорят: «Пусть люди будут хорошими»? Пусть небо будет белым, и пусть оно будет там, где все остальные! "

Цель: Определить питательную ценность наурыз көже и изучит их преимущества: приготовление наурызских ингредиентов в бенто-коробках и предложение их под брендом Казахстана

Гипотеза:

В качестве бенто ланч , я полагаю, что все население будет покупать как экологически чистый продукт, произведенный в Казахстане, но в 7 различных ингредиентов в казахских подливках, добавлять свойства и преимущества и продавать его в каждом торговом центре.

Этапы исследования:

Период подготовки: определение предмета, определение цели, прогноз, методы обучения;

Теоретический период: сбор, изучение, анализ и отбор необходимой научной литературы по предмету исследования;

Заключительный этап: дифференцированные материалы, систематизация, научные исследования. Период подготовки к конкурсу научных проектов.













ABSTRACT

Actuality of the theme Nauryz is a holiday of friendship, work, peace. On the great day of the nation, people forgot to forget each other and prayed for themselves and for the rest. The main thing of the table was marijuana. It is made of seven different dishes. "Nauryz kozhe must be eaten and dried up all year round". Early in the morning, young people received the blessing of adults. Bata is the desire of older people to take care of younger generations. The elders say: "May the people be good"? Let the sky be white, and let it be where everybody else is! "

Aim:Identify the nutritional content of Nauryz mushrooms and study its benefits. Preparation of Nauryz cereals in bento boxes and presentation of Kazakhstani brand

Hypothesis:

As a benton lunch, I suppose that the whole population will buy as an ecologically clean product made in Kazakhstan, but in 7 different mixes of mushrooms in Kazakh gravy boxes, put in the mushroom herbal properties and benefits, and sell it in every shopping mall

Stage research:

Preparation period: definition of the subject, definition of purpose, forecast, study methods;

Theoretical period: Collecting, studying, analyzing and selection of the necessary scientific literature on the subject of research;

Final stage: differentiated materials, systematization, scientific research. Preparation period for the scientific project competition.













  1. КІРІСПЕ

Наурыз мейрамы шығыс Азия елдерінде 22 наурыз күн мен түннің теңелу кезінде тойланады.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. [1] Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.[2]

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Наурыз мерекесінде әрбір қазақ отбасында міндетті түрде наурыз көже дайындаған. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.

Жалпы, неден жасалса да көженiң пайдасы көп. Асқазанның дұрыс жұмыс iстеуiне де, адамның шектен тыс семiрiп кетпеуiне де дәннен әзiрленген көжелердiң көмегi көп. Көже – жеңiл тамақ. Асқазанға салмақ салмайды. Сiңуi де, қорытылуы да оңай.

Қазiр дүкен сөрелерiн замандық сусындар жаулап алды. «Кока-Кола» мен «Фантаның» денсаулыққа өте қауiптi екенiн академик Төрегелдi Шарманов үнемi айтып жүр. Себебi, олардың құрамында 30 пайыз қант бар, ал сулары болса, газдалған. Бұларды жиi iшу диабетке, семiздiкке, остеопорозға, қатерлi iсiк ауруларына апарады екен. Әсiресе, әйелдер мен балаларға қауiптi көрiнедi. Сол сияқты, бөтелке iшiндегi басқа да заманауи сусындардың пайдасынан зияны көп екенi де талай сөз болды. Сусынның зияндылығы зиялы қауым өкiлдерi, ғалымдар бас қосқан талай алқалы жиынның күн тәртiбiне де қойылды. Осындай сақтандыруға қарамастан, ондай сусындарды шығаратындар да, пайдаланатындар да әлi азаймай отыр.

Базарда немесе дүкендерде азық-түлiктiң бәрi бар. 1 келi дәндi (бидайды, жарылған жүгерiнi, күрiштi, арпаны) сатып алып, күрiштен басқасын алдымен жарылғанша суға бөктiрiп, сосын қайнаған суға салып, тағы да бiр мәрте қайнатып жiберiп, суытып қою керек. Салқындағасын айран қосып, араластырып iше берсе болғаны. Қазақы сусындар, әсiресе көженiң суы шөлдi де қандырады, аңқаның кепкенiн де басады. Денсаулыққа да өте пайдалы. [3]















  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Наурыз көженің шығу тарихы және шығыс елдерінің наурыз көжені дайындау дәстүрі

Наурыз мейрамының басты тағамы – Наурыз көже. Наурыз көже тағамының қазақ салт-дәстүріне енуі тектен-тек емес. Наурыз көженің түп мағынасында адамдарды достыққа және бірлікке шақыру жатыр. Және де осы туралы көптеген аңыздар бар. Ертеде ашулы адамдар халық арасына іріткі салып, бүлік болыпты. Еркектер өз араларында келіспеушілікке тап болып, кішілері үлкендерді тыңдамапты. Шаруашылық бұзыла бастайды. Осы уақытта әр жерден ақсақалдар жиналып, кеңес жасапты. Жиын Наурыз мейрамына тұспа-тұс келеді. Олар ең үлкен қазанға, жиналған қауымды тамақтандыратын ас пісіргізіпті. Тамақтанып болған соң, ақсақалдар арасында ең беделдісі тұрып, былай депті: «Ит екеш иттің өзі, күшік кездерінде бір анадан сүт ішіп, бір-біріне туған бауыр екендерін сезінгендіктен, өзара тістесіп, таласу дегенді білмейді. Осы мейрамда біз де бір ананың сүтін ішкендей, бір қазаннан астың дәмін таттық. Бүгіннен бастап ғасырдан-ғасырға туған бауырлар секілді бір-бірімізді құрметтеп, сыйлап өтейік!». Осыдан соң адамдар бұрынғы өкпе-реніштерінің барлығын ұмытып, қайтадан бірлікте және татулықта өмір сүрген екен. Наурыз көжені халық арасында "тілеу көже", "көп көже” деп те атай береді. Қазақтың өзгермес салты наурыз көже дайындау – қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігі мен қонақжайлығын ғана емес, сонымен қатар адамдарының бірлікке, ынтымақтастыққа бағытталуын көрсетеді. [4]

«Наурыз – қазақша жыл басы. «Наурыз қазақтардың ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артық-ша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі». Мағжан Жұмабаев: «Қазақ Жаңа жылы – жазғытұрғы күн мен түннің теңелген күні (22 март) болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл реттен қазақ Жаңа жылы ғылым қойнына да басып кіріп қалады. Қазақ Жаңа жылын «Наурыз» дейді. Наурыз әулиенің, әнбиенің аты болмаса керек. Сондықтан, қазақтың Наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл, адамдармен... ұйымдастыратын мейрам ету керек. Әр халықтың өзінше Жаңа жылы, жыл басы болады. Азияда Жаңа жыл-жазғытұрым, қазақ елінде – наурыздың жиырма екісі. Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма деп болжам жасайды». Қырғызстан. Қырғыз елі де «нооруз кёджё», «ауз кёджё», «кавут» атты ұлттық тағамын дайындап, аулаға шығып, ұлттық киімдерін киіп, мереке-сайран құрады.

Иран. Ирандықтар Наурыз мерекесін бірнеше күн тойлайды екен. Олар аулаға от жағып, оған май құяды. Жеті ақ кесемен ұлттық көжесі "сумалакты" қонақтарға ұсынады.

Түркия. Түріктер мейрамға 2 аптадай уақыт қалғанда бидай өсіріп, "сумаляк" ұлттық тағамын дайындайды. Ирандықтар секілді олар да от жағады. Сол оттан адам 7 рет аттап секіруі керек.

Әзірбайжан. Бұл халық мейрам күні дастарханға 7 тағамнан жасалатын көже дайындайды. Ол сумах, скэд (сүт), сирке (сірке), сэмени (бидайдан жасалған ботқа), сабзи (шөп) және т.б. тағамнан жасалады.

Түрікменстан. Түркмендердің дастарханында міндетті түрде 7 тағамнан тұратын көже болады. Олар: сипанд (рута дәні), себ, (алма), сиахдане (қара дәнектер), санджид (жабайы зәйтүн), сирке (сірке), сир (сарымсақ) және сабзи (бидай).

Орта Азия. Орта Азия елдерінде Наурызда міндетті түрде палау жасалады. Және сумаляк пен гуджа атты тағам да болады.

Ауғанстан. Ауғанстанда әулеттің әйелдер қауымы жиналып сумаляк дайындайды. Көже дайындау бастаңғыға айналып, әңгіме-дүкен, шай ішуге ұласады. Солай түнді өткеріп, таңертең сумалякты таратады.

2.2.Наурыз көженің дәрумендік құрамы және оның пайдасы

Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына : «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін.

Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылған. Сондықтан бұндай сусындар қан диабетімен ауыратын адамдар үшін өтте қауіпті. Тек диабет ауыратын адамдар үшін еместе тағы бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусының орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн. Картопты «Фри» - құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид көміртеке өте бай . Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты «Фри» - де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм.

Бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей болдық. Гамбургер. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір күндік норма. Және бұдан басқа 25 % калорий және холестирин. 15 % көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Катлетер грилде дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Гамбурге арналған етте арнайы қоспалар болмауыда мүмкін. Бірақ тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін конденсаторлар, калий пропаны. Гамбурге арналған соус құрамында : қант, сироп, майлар, пропиленгликоль альгинат, бензоаты натрий және калий.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады. Ырымшыл қазақ халқы әу бастан киелілікке, қасиетті сандарға мән берген. Сол себепті бұл тағамды жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткен.

Су.Табиғат бастауы су ғой. Сусыз тіршілік болмас. Сондықтан Наурызкөженің де негізі су болып табылады. Судың біз біле бермейтін жиырмадан астам өзге де қасиеттері бар:

1. Иммунитет жүйесінің негізін салатын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді.

2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.

3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.

4. Эритроциттың жұмыс өнімділігін артырады.

5. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.

6. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.

7. Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады.

8. Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.

9. Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.

10. Дене температурасын реттейді.

11. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.

12. Жүрек ауруы мен сал болу (параллич) ауруынан сақтайды.

13. Мидан бөлінетін гормонардың жасалуы үшін қажет.

14. Су адам зейінін ашады.

15. Жұмыс өнімділігін арттырады.

16. Ешқандай жанама әсері жоқ.

17. Стресс пен депрессияны басады.

18. Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды кеті-реді, теріні жұмсартады.

19. Көздерге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді.

20. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.

21. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.

22. Етеккірден бұрын келетін сырқат пен дене қызуын басады.

23. Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.

24. Салмақ қосуды жеңілдетеді.

25. Жүктілікте жүрек айнуын азайтады.

26. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.

Ет.Қазақтың ең жақсы көретін, негізгі ас дәмдерінің бірі – ет. Қашанда қазақы дастарханның берекесін ет келтіреді. Сол себепті Наурызкөжеге қазақтың төл асы – ет қосылады. «Ұзынсарыға» сақталған сүрі етті қазан толсын, ас мол болсын деген ырыммен тұтастай Наурызкөжеге салып қайнатады. Ет – адам ағзасының ұлпаларын құру үшін, зат алмасу мен синтезі үшін қажет жануар текті толық құнды ақуыздардың көзі, жүйке ұлпасы, В тобының дәрумендері мен микроэлементтердің физиологиялық функциясында қатысатын фосфор көзі. Көжеге қосатын ең маңызды тағам - жылқының сүр еті. Алдымен осы жылқы еті туралы сөз қозғайық. Жылқы етінің ең басты қасиеті - жүрек, қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сырқатын емдеуге, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері. Ағза жасушаларын жаңартып отырады, бұл - қартаймаудың басты қағидасы. Ілгеріде жылқы еті жуылған суға қыз-келіншек басын жуған екен. Бұл шаштың берік болуына, оның түсіп, қурап кетпеуіне сеп болатын бірден бір «табиғи бальзам» екен. Жылқы еті жуылған сумен шомылу тері ауруын емдейді, белсіздіктен қорғайды. Жылқы етінде негізінен минералды заттар, оның ішінде темір көп. Әсіресе, жылқы бауыры темірге, А1, В2, В12 дәрумендеріне бай. Бұл дәрумендер адамның есте сақтау қабілетін жақсартады, жылқы жүрегі мидағы миллиондаған жасушаларды жаңартып, есте сақтау қабілетіне жауап беретін талшықтарға көмек береді. Ал қақталған сүр ет бүйрек жұмысына пайдалы. Сүрленген етті әбден пісіріп, сүтпен бірге ішіп-жеу бүйрек пен несеп жолдарына оң әсерін тигізеді. Бұл - дәрілерден жүз есе пайдалы. Тек үзбей жеу керек. Қан қысымының алдын алғыңыз немесе емделгіңіз келсе, жылқы етін жеп, майынан ас дайындаңыз. Ол инфаркт сырқатын тудыратын холестериннің мөлшерін азайтып, қан қысымының жоғарылауын тежейді. Сүйек сынып, буын былқылдап тұрса жылқының майын жағу керек. Оның құрамында тін жасушалары мен жілік майын жақсартатын пайдалы элементтер бар. [5]

Ет – сіңімділігі жоғары өнім, тез өңделеді. Еттің құрамына 52-78% су, 16-21% ақуыз, 0,5-49% май, 0,4-0,8% көмірсулар, 2,5-3% экстрактивті заттар, 0,7-1,3% минералды заттар, ферменттер, дәрумендер(В1,В2,В6),минералды тұздар, экстрактивті заттар бар.

В1 ағзада зат алмасу үшін қажет.Бұл дәрумен жетіспегенде адам дел-сал болады.Ас қорыту процесі бұзылады.В2жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді.Сонымен қатар еттің құрамында белок, амин қышқылдары,дәрумендер өте мол.Фосфор,темір,мырышқа өте бай.

Еттің тағамдық құндылығы ақуыздардың, майлардың, дәрумендердің, минералды заттардың мөлшерімен, қатынасымен және олардың адам ағзасына сіңу дәрежесімен сипатталады, ол сонымен қатар еттің энергетикалық мөлшері мен дәмдік қасиетіне негізделген. Ақуыз бен май мөлшерінде болатын ет жақсы сіңеді және жоғарғы дәмдік қасиетке ие болады.

Тұз.Ағзаға қажетті минералды тұздардың бәрі дерлік әдетте тағамда жеткілікті мөлшерде болады.Онда натрии хлориді ғана жетіспейді.Сондықтан тамаққа ас тұздын саламыз. Ас тұзы, натрий хлориді, NaCІ — түссіз кристалды зат. Балқу 8010С, қайнау 14130С, тығызд. 2,161 г/см3 (200С). Суда, сұйық аммиакта, спирттерде, этиленгликолда, құмырсқа қышқылында ериді, ал тұз қышқылында ерімейді. Судағы қаныққан ерітіндісі (28,41г NaCІ) 108,70С темп-рада қайнайды.А. т. табиғатта галит минералы (тас тұзы) түрінде, мұхиттар мен теңіз, сондай-ақ көл және жер асты суларының құрамында кездеседі.

Наурыз көжеге ағарған,яғни айран,қатық,құрт салады.

Айран.Айранның құрамында пайдалы дәрумендермен қатар калий мен кальций бар. Бұлардың қандай рөл атқаратыны да белгілі. Д дәрумені де бар. Сүйектің беріктігін қатайтып, бұлшықеттерді нығайтады. Бұл аз десеңіз, асқазан жолдарын емдеп, ішек ауруларын жазады. Көздің көрі қабілеттілігін арттырады. Ал А дәрумені тері қабатының жұмсақ әрі әдемі болуына жағдай жасайды. Ал фосфор түрлі инфекциялардың алдын алып, жұқпалы дерттерден сақтайды.

Құрт – кептірілген сүт өнімі. Оның құрамында кальций, А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері бар. Құрт – ақуызға бай, құнарлы тағам.

Қатық. Көбінесе қойдың, ешкі мен сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытқан аса қою айран. Оны әзірлеу әдісі былай: піскен сүт қан жылым дәрежесіне дейін салқындатылады да, бұрынғы айраннан ұйытқы құйып (бір шелекке бір кесе) араластырады, одан кейін бетін қымтап жауып қояды. Ұйыған уақытта қатықтың бетін (жазда 2-3 сағат, күзге таман салқын түскен кезде 3-4 сағатта) ашып, біраз салқындатады. Жақсы ұйыған қатыққа шанышқан қасық тік тұрады. Оның қатық аталуы да осыдан. Ал бабына келмеген қатық қатық саналмайды. Аспазға сын қойылады. Қатықты сол күйінде ішеді. Бұл - қарын аштырмайтын өте жұғымды әрі сіңімді тағам

Көжеге үшінші - дәм арпаны қосады. Арпа дәнінде 45 – 67% крахмал, 7 – 26% белок, 7 – 11% пентозан, 1,7 – 2% сахароза, 3,5 – 7,0% клетчатка, 2 – 3% май, 2 – 3% күл болады. Арпаның емдік қасиеті жайлы бәріне белгілі. Арпаны жиі пайдаланатындардың қаны бұзылмайды дейді білгіштер. Ирак тәуіптері бұл дәнді «ғажап құтты дән» деп атаған. Көптеген ауруларға шипалы. Сонымен қатар тойымды болып келеді. Арпамен қоса, тары, күріш сияқты дәнді дақылдар қосылады. Жалпы, Наурызкөжеге дәнді дақыл қосудың бір мағынасы – бір тамырдан өсіп-өнген дәндей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек. Наурызда берілетін бата нышаны осы Наурызкөжеде де сайрап тұр. Көжеге міндетті түрде айран немесе ақ құяды. Бұның да негізінде – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болсын деген ниет жатқан болар. Қазақтың ұлттық тағамдарының көбіне осы сүттен жасалады. Ұлттық тағам – Наурызкөжеге де қосылуы заңдылық па дейміз. Қазақтың ұлттық тағамдарына кіретін құрт та көженің дәмін келтіріп, ерекшелендіреді. Кез келген тағамның дәмін тұз келтіреді. Наурызкөжеге де дәм беретін тұз жетінші тағам ретінде қосылады. Әлбетте, наурызкөжеге белгілі бір тағам түрін қосу керек деген арнайы нұсқау жоқ. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды. Тіпті кейде көкөністер де, жемістер де қосатындар бар. Дәм саны жетеу болса болғаны. Осылай, Наурыз мерекесінде қазандар көжеге толып, ауыл тұрғындары бір-біріне қонақ болған. Бұрынырақта әйелдер өздерімен ыдыс ала жүрген. Әр үйден көже құйып алып, өз үйінің қазанындағы көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, көже секілді мидай араласып, көжедей дәмді қатынаста болайық, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдірген. Көжені ыдысқа толтырып құйып береді, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді. Наурызкөже ішілерде ақсақалдар: Қарық қып құтты Наурыз,Қазанға толсын сары уыз.Қайнасын Наурызкөже де,Толтырып ішкей кесеңе.Ұлыстың ұлы күнінде,Көппенен бірге күлімде.Көбейсін жаңа достарың,Молайсын елге қосқаның.Жарасып көңіл хоштығы,Бекісін халық достығы.Ішінде жүрсе азғана,Шайылсын өкпе, наз-нала.Алдыға сыймай сәбилер,Құшағын жайсын жаңа үйлер.Жастардың самсап отауы,Мейірім төксін Отаны.Әспеттеп ата дәстүрін,Әсем боп өссін жас буын.Кірбің тартпасын кәрілер,Барыңның дәмді нәрін бер! - деп бата берген.

Жүгері.Жүгерінің құрамы моно және дисахаридтерге, қанықпаған май қышқылдарына, су, крахмалға өте бай. Сондай-ақ оның құрамында В9, Е, РР, В1, В2, В5, С дәрумендері және ниацин, холин бар. Бұл өнім – құрамындағы темірдің көптігінен чемпион. Жүгерінің пайдалы қасиеттері: Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, жүгерінің жоғары тағамдық және биологиялық белсенділігі дәлелденген. Егер сіз осы өнімді күнделікті рационыңызға қоссаңыз, ағзаңызда зат алмасу процессі айтарлықтай жақсарады. Нәтижесінде денсаулығыңыз да жақсарып, иммунитетіңіз күшейеді. Қуырылған жүгеріге қарағанда, қайнатылған жүгері пайдалы болады. Қайнатылған жүгері терінің қартаюын тежейді және қатерлі ісік дамуын болдырмайды. Сонымен қатар зат алмасу бұзылған кезде, бауыр ауруы, жүрек-қан тамырлары ауруын емдеу кезінде пайдалы. Жүгеріні өт тасы, холангит және холецистит белгілерін жеңілдету үшін пайдалануыңызға болады. Гастрит кезінде ұнтақталған жүгері сорпасын пайдалану ұсынылады. Оның асқазанның шырышты қабатына да пайдасы көп. 
Бидай.Бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.

Май. Майлар –тағамның қажетті және ең коллориялы құрамдас бөліктері.Мал майының өткірлік,дәмділік,емдік қасиеттері бар. Майдың тағы бір қасиеті ол өзімен бірге пайдаланылған басқа тағамдардың жақсы қорытылып сіңуіне ықпал жасап, оларға жағымды дәмділік пен хош иіс береді. Май ағзаға тек энергиялық қуат үшін ғана емес, пластикалық мақсат үшін де қажет. Ол дегеніміз жаңа клетка құрылымын жасау керек. Адам майлармен бірге А. Д. Е. дәрумендерін де алады.

А дәрумені — көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет. Ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. Егер бұл дәрумен жетіспесе, адамның жүзі солғын тартады, терісі, шашы құрғақтанып, қабыршықтанады, безеу бөртпелері пайда болып, тырнақтары сына береді, жарықтан жасқанып, көзі күндіз көріп, түнде көрмейді. А дәрумені малдан алынатын тағамдарда, майда, ірімшікте өте көп кездеседі.

Д дәрумені — ағзада кальций мен фосфор тұздарын сіңіруге көмектеседі. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда бала мешел ауруына шалдығады.

Е дәрумені — бұлшық еттердің қызметін жақсартады, Ол маймен қатар, жұмыртқада, сүттің құрамында болады.

Ақуыз – қозғалысты қамтамасыз етеді, яғни бұлшық еттердің жиырылуы мен жазылуы. Өкпеден сіңіріп алған оттегін бүкіл денеге таратады. Ақуыз мал мен өсімдіктен алынатын өнімдерде кездеседі. Олардан алынатын ақуызды дұрыс ұштастыру арқылы ақуызы жеткілікті тағам әзірлеуге болады.

Көмірсу – бұлшық еттің, жүйке жүйесінің, жүректің, бауырдың қызметі үшін ағзаның майды қалыпты сіңіруі үшін өте қажет. Тамақ құрамында көмірсу болмаған жағдайда тамақтағы май толық сіңбейді де денсаулыққа зиян келтіреді. Көмірсу өсімдік өнімдерінде өте көп сонымен қатар сүтте, бауырда болады.Аз мөлшерде дәрумендер мен калий, кальций, магний, фосфор, темір тұздары болады.







2.3. Наурыз көжені даярлау әдісі

Наурыз көже – Наурызек құсы оралып, ел жиналғанда жасалатын жеңсік ас.

Көне түркілік дүние танымда "жеті" шартты ұғым есептеледі. Мысалы, қазақ – жеті қат жердің үстін мекендеп, жеті қат аспаннан нұр емген, жеті атаға дейін қан араластырмайтын, жеті қазыналы еліміз деп санайды. Әр жетінші күні, яғни жұмада жеті шелпегін таратып, садақа-зекет жасайтын, тапқан несібесін адалымен жейтін дегдар халық екенімізді күллі әлем біле бастады.

Наурыз көже де дәл сондай шартты түрде аталатын жеті дәмнен жасалады. Алдымен қыстан қысылып, көктемге жеткен, отардан ер-азаматтары аман-есен оралып, жаңа жыл басталғанда күллі жұрт жан-жаққа хабар жіберіп және хабар алып шүйіншілейді. Әр әулет не ауыл жиналып, "Бауыр аман-сау келді" деп бауырсақ пісіреді, наурыз көже жасайды.

Наурыз көжеге от анасы қыста сойған соғымнан сақтаған сүрісін асып, дәнді дақылдарды салып, пісірген. Ол жеті дәмді әркім әр түрлі айтар. Ең маңыздысы оның "Жетеу" екендігінде. Шартты ұғым. Жақсы ырым.

Жеті дәм бұрынғы заманда: Ет, тұз, дән, құрт-ірімшік, тәтті-дәрмек, айран-сүт, жеміс-жидек делінсе қазір түрлері одан да көбейген.

Мысалы, дәнге арпа, бидай, тары түрлері кіреді. Еттің де түрі көп. Құрт-ірімшіктің түрлері ретінде ақ жарманы, малтаны, қызыл ірімшікті, мәйек ірімшік, ақ ірімшікті, сүзбені айтады. Тәтті-дәрмектен қантты, мұзқант (науат), шекерді, кейде дәрумен ретінде кей шөптерді де қосатын болған. Ал жеміс-жидек түрлерін жақсы білеміз.

Жалпы осы жеті түрлі дәмнің әрқайсынан барын қосатыны белгілі. Қандай да бір белгіленген өлшемі жоқ. Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы деген тақырыпқа қызығып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ең алғашқы бастауы кітапханадан, қажетті кітап, газет алып таныса бастадым. Сараптау талаптары бойынша сүтке органолептикалық баға бердік. Тексерілген сүт сынамасын органалептикалық көрсеткіштері, сонымен қатар химиялық зертеулер бойынша қышқылдылығын тексердік. Сүт – ақ сұйық зат, тәттілеу, иісі жағымды, бөтен иіс жоқ, таза, ластанбаған. Сонымен қатар бруцеллез және басқа жұқпалы ауруларға тексеру жасалды.Екінші сынама ретінде, біз етті тексердік. Органолептикалық көрсеткіштері бойынша еттің сыртқы түсі қағаз тәріздес, шытырлап тұрады. Ақшыл, қызыл түстес консистенциясы тығыз серпімді иісі өзіне тән. Сонымен қатар, қайнату сынамасы арқылы, сорпаның хош иісін анықтадық. Наурыз көже туралы дерек, ақпарат алып, үй жағдайында, анам екеуіміз көжені пісірдік. Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмыз. Наурыз көжеде ең алдымен етті, қазыны баппен пісіріп алдық. Қазының майы шығып сорпасы дәмді болды. Піскен етті сүзіп алып, сорпасына алдын - ала бұқтырылған арпаны салып пісірдік. Біз сорпаға әдемі әр беру үшін сәбізді қостық. Суытылған етті турап, сорпаға салдық. Сорпа аздап салқындағаннан кейін езілген құрт және сүт араластырдық. Наурыз көжені мол етіп пісіріп, оны тоңазытқышта бір аптаға дейін сақтауға болады. Менің тәжірибе жасаған уақытымда үш рет пісірілді.Ашық болсын қос қабақТаспен атқанды аспен ат.Бейтаныс та, таныс та,Бүгін төрде бас қонақ.Арпа, бидай, тары бар,Қатық, малта, ағы бар.



















3. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы

Мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама алынған еді:

1. Наурыз көжені күнделікті қолданасың ба?

2. Наурыз көжені асханада дайындаса ішер ме едің?

3.Наурыз көженің денсаулыққа қандай пайдасы бар?

4.Наурыз көжеде қандай дәрумендер бар?

Сауалнамаға барлығы 145 оқушы қатысты.Сауалнама нәтижесін саралай келе көзіміздің жеткені, біздің мектептің оқушылардың 100% күнделікті қолданбайтындығы анықталды. Оқушылардың 80% пайдалануға дайын екені анықталды. Оқушылардың 70% наурыз көженің құрамындағы дірумендерді білмейтіндігін айтқан. Ал оқушылардың 30 % наурыз көженің адам ағзасына пайдасын білмейтіндігі анықталды. Оқушылардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша наурыз көжені тек Наурыз мерекесінде ғана қолданатынын анықтадық





Сауалнаманың қорытындысы бойынша біздің мектеп оқушылары Наурыз көженің дәрумендік қасиетін толығымен білмейтініне көзім жетті.Наурыз көжені тек мерекеде ғана емес күнделікті қолданса шет елден келген фаст фуд өнімдерін сауда орындары мен асханалардан ысырып осы ұлттық асымызды жарнмаласақ болар еді.Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының көпшілігінің семіздікке бой алдыра бастағанын байқауға болады. Мұның себебін фаст -фуд тағамдарынан деп есептеймін.Алдағы уақытта осы жұмысымды тереңірек зерттеп, өз достарыма, өз халқыма көмегім тисе екен деп армандаймын. Сол себепті менің жұмысымның ең басты идеясы жапон еліндей өзіміздің ұлттық брендтерімізді шет елге таныту үшін Наурыз көжені бенто ланч қораптарында жасап барлық сауда,асхана,дәріханаларға т.б. сатуға қойылса деген арманнан туындаған еңбегім еді.











3.2.Бенто қораптағы Наурыз көже

Жапон халқы ешқашан семірмейді деуге болады, өмір салты мен тамақтану тәртібінің арқасында оларға артық салмақ төніп тұрған жоқ. Түскі ас кезінде және кешкісін, жапондардың ұзақ жұмыс уақыты аяқталғанда, Токио мен басқа қалалардың мейрамхана және дәмханаларында ұзын-сонар кезек пайда болады – бос үстел атымен жоқ. Жапондар көп тамақ жейді, тағам талғамайды, дене бітімі туралы тіпті бас қатырмайды да. Жапондардың салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануға қатысты өз дағдылары мен танымы бар.

Бенто ланч дегеніміз жапон елінің дәстүрлі құнарлы бір порциялы қорапта қапталған түскі асы. Бенто ланчтар жапон елінде ең алғашқы рет «Бенто бако» деген қорап болып шыққан.



Қазіргі таңда "Күн шығыс елінде" бенто баконың ең қымбат түрінен арзан түріне дейін сатылады.Бенто неше түрлі формада және көп қабатты болып келеді.Бенто бакода дәруменге бай калориясы мол тағамдар жиналып салынады.

Қазақстан қазіргі дамыған ел болғандықтан көпшілік халықтың жұмыстан қолдары босай алмай жатады.Сол себепті Наурыз көжені бенто ланч бокс сияқты,бірақ қазақша нақышта киіз үйдің макетінен қорап жасап.Сол қорапқа көженің 7 түрлі құрамын салып дайындап сатылымға қойса.Тұтынушылар алып еш ойламай не керек? не алу керек?демей сол бенто ланчтан алып Наурыз көжені дайындар еді. Мен өзім көріп жүрмін Наурыз көжені осындай дәруменге бай асты тек мерекеде ғана жасап ішеді.Ал менің тағы бір ұсынысым бойынша Бенто ланч қораптарын студентер мен оқушыларға пісірілген қоспалармен де жасап сатуға болар еді.Себебі дәрумендік қасиетке бай Наурыз көжені аптасына 1 рет болса да ішіп отырса,жастардың денсаулығы мықты болады.

Бұл – керемет идея. Егер барлық кафе, мейрамханалар төл мерекеміздің қарсаңында наурызкөжені өздерінің ас мәзіріне енгізіп қойса, ол халықтың қызығушылығын туғызып, ұлттық сусындарымызға деген сұраныс арта түсер еді. Оның үстіне, ұлттық тағамдардың адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Тіпті мен тек дәмханаларға ғана емес, ауруханаларға да енгізуді жөн деп санаймын. Онда қазірше айран мен сүт қана береді. Неге осыны ұйымдастырмасқа? Бірақ мұны іліп әкететін басшылар болса ғой, шіркін. Өкінішке қарай, бізде ұлттық сусындарға деген көзқарас өте нашар. Есесіне, елімізде «Кока-кола» мен «Фанталардың» жарнамасы самсап тұр. Олардың адам ағзасына зиян екендігін, неше түрлі химиялық қоспалар қосатынын мамандар қанша көтерсе де, әлі де одан арылу тыйылмай тұр. Біз қазір ұлттық сусындардан «Наурыз көже», «Бидайкөже», «Нұркөжелерді» өндіреміз. Олар экологиялық таза, табиғи өнім. Бұған ешқандай химиялық қоспалар қосылмайды. Осы салада жүріп бір байқағаным, ұлттық сусындардың бүйрек, жүрек, өкпе ауруларына қарсы айтарлықтай оң ықпалы бар екен. Тек соны елге түсіндіріп, насихаттауымыз керек.













4.ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Сондай-ақ "Жұмыспен қамту-2020", "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламалары бар. Ал "StartapBolashak" бизнес-жобалар байқауы ғылым мен технология, инновацияға жақын жас қазақстандықтардың танылуына мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде Наурыз көженің дәрумендік пайдасы өте мол екенін осы зерттеу жұмысымды зерттегенде көзім жетті. Болашақта осы менің бенто қораптағы Наурыз көжені шығарып Қазақстанда жасалынған өнім ретінде басқа елдерге экспортқа шығарса жапон елінің БЕНТО ЛАНЧ БОКСтары сияқты Қазақстандық бренд болатынына сенемін.Мен болашақ Қазақстан жастар атынан Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал.































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



1.ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » 2007, ақпан ҚР

2.12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл

3. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2007, наурыз «Ақиқат» журналы 1993, № 42

4. С.Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» Алматы, 2004

5.«12 жылдық білім» Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал 2006, № 4

6.«Наурыз» Аруна баспасы, 2001

7.К.Хикмет «Даналық сүрлеуі» «Қасиет» баспасы , Алматы, 2006 8.А.Жүнісов «Фәниден бақиға дейін» «Қайнар» баспасы, Алматы 1994

















































ҚОСЫМШАЛАР

Наурыз көжені даярлау әдісі

Picture 2 Picture 6

Picture 2 Picture 5 Picture 3 Picture 5





Бенто қораптағы –наурыз көже



Picture 3 Picture 2



Picture 5 Picture 2





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
972
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі