ОҚУШЫНЫҢ ЖАҢА МЕКТЕПКЕ АУЫСУДАҒЫ АДАПТАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОҚУШЫНЫҢ ЖАҢА МЕКТЕПКЕ АУЫСУДАҒЫ АДАПТАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада басқа мектепке ауысқаннан кейін оқушылардың бейімделу мәселелері мен оның мұғалімдердің әрекетімен қалай байланысты екені туралы қарастырылған. Оқушылардың жаңа мектепке бейімделуіне оң әсер ететін шешуші фактор мұғалімдердің оқушыларға жеке көрсеткен көмегі болып табылады. Оқушыларды жаңа мектепке бейімдеу үшін мұғалімдердің тағы бір маңызды әрекеті-оқушылармен достық қарым-қатынас, оқушылармен жақсы танысу, әділ бағалау және мадақтау, мектеп талаптарын түсіндіру, оқушыларды оқиғалар туралы хабардар ету, оқуда қиындықтарға тап болған балаларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚУШЫНЫҢ ЖАҢА МЕКТЕПКЕ АУЫСУДАҒЫ АДАПТАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


Жолтай Жанерке Исаханқызы

Пед. ғылымдарының магистрі

209 мектеп-гимназиясы

Алматы қ., Қазақстан

erkeisahanovna@gmail.com


Аннотация: Бұл мақалада басқа мектепке ауысқаннан кейін оқушылардың бейімделу мәселелері мен оның мұғалімдердің әрекетімен қалай байланысты екені туралы қарастырылған. Оқушылардың жаңа мектепке бейімделуіне оң әсер ететін шешуші фактор мұғалімдердің оқушыларға жеке көрсеткен көмегі болып табылады. Оқушыларды жаңа мектепке бейімдеу үшін мұғалімдердің тағы бір маңызды әрекеті-оқушылармен достық қарым-қатынас, оқушылармен жақсы танысу, әділ бағалау және мадақтау, мектеп талаптарын түсіндіру, оқушыларды оқиғалар туралы хабардар ету, оқуда қиындықтарға тап болған балаларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық жасау.

Кілт сөздер: басқа мектепке ауысу, оқушылар адаптациясы, мұғалім әрекеті.


Мақала мәтіні

Оқушылар объективті және субъективті себептермен бір мектептен екінші мектепке ауысу туралы шешім қабылдайды. Көбіне әсер ететін субъективті себептер. Субъективті себептер (мысалы, сапалы білім алуға ұмтылу, оқытудың нақты қажеттіліктері, жеке отбасылық жағдайлар) бірқатар оқушыларды бір мектептен екінші мектепке одан да көп рет ауысуға мәжбүр етеді. Осылайша, мектепке көшу білім беру жүйесі үшін маңызды мәселе болып табылады. Бұл мәселені шешу мектеп әкімшіліктері, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер (әлеуметтік педагогтар), психологтар, оқушылар және олардың ата-аналары секілді көптеген адамдардың мүдделеріне сәйкес келеді.

Ғылыми басылымдарды талдау мектепке көшуге бағытталған зерттеулердің екі айқын тенденциясы бар екенін анықтауға көмектесті:

1. Мектепке көшудің оқушылардың академиялық және әлеуметтік жұмысына әсері, оқушылардың алдында тұрған қиындықтарды анықтауға баса назар аударады;

2. Оқушылардың жаңа мектеп ортасына бейімделуіне ықпал ететін, қолайлы мектеп ортасын қамтамасыз ететін стратегиялар.

Бейімделу топтарындағы оқушылар бірінші мәрте ауысу кезінде қандай қиындықтармен кездессе, екінші және үшіншілерінде де дәл сондай қиындықтарға тап болады. Бұлар:

1. Академиялық: мектеп жүктемесінің үлкендігі, оқу стандарттарының жоғарылығы, мектеп бағасының төмендігі, т. б.

2. Әлеуметтік: құрдастарымен күрделі қарым-қатынас, мектептегі қақтығыстар.

3. Психологиялық: стресс, мазасыздық, депрессия, жалғыздық сезімі.

Аталған мәселелерге қарасақ бұл мектеп ауыстыру мен нашар оқу үлгерімі байланысты дегенге саяды. Алайда, көптеген зерттеулер бұл болжамның болу аймағының шектеулі екенін көрсетті. Көптеген оқушылардың бағасы өзінің қалыпты мектебінде жүріп-ақ төмен көрсеткіште, және өздерін жайсыз сезінеді. Ал, кейбір екінші мектепке ауысқан оқушылардың сәтті бейімделіп, жоғары білім көрсеткішіне ие болған жағдайдарда тіркелген. Сәйкесінше, жаңа ортаға түсу оқушының оқу үлгеріміне тікелей әсер етеді деу ақылға қонымсыз. Басқа мектепке ауысуды тәуекел факторы ретінде қарап, оқушыға бейімделуге кедергі мәселерді шешуге көмек көрсету түрлерін қарастыру қажет. Бейімделуді (адаптацияны) оқушы мен жаңа мектеп ортасы арасындағы сәтсіздікті жоюға бағытталған процесс ретінде қарастырамыз. Бұл процесс бейімделудің академиялық, әлеуметтік және психологиялық аспектілерін қамтиды. Бейімделу нәтижесі-оқушы мен мектеп ортасы арасындағы сапалы өзара әрекеттесу, олардың қарым-қатынасының үйлесімділігі мен тепе-теңдігі. Бұл үйлесімділікке ұмтылуда оқушының да, мектептің де бірлескен күш-жігері өте маңызды. Оқушы өзінің табиғатына және жаңа ортаға сәйкес келетін жаңа рөлін қабылдауы қажет. Алайда, бұл талаптар анық және ақылға қонымды түрде, өсіп келе жатқан тұлғаның дербестігі мен қадір-қасиетін есепке ала отырып қойылуы қажет. Мұғалімнің іс-әрекеті, мінез-құлқы оқушының жаңа мектепке бейімделуіне және оның нәтижесіне тікелей байланысты. Оқушылардың бейімделуі жаңа ортада оның (академиялық, әлеуметтік, психологиялық) қажеттіліктерін қаншалықты қанағаттандыра алғандықтарына байланысты. Егер бұл қажеттіліктер қанағаттандырылса, оқушы өзіне де, айналасындағыларға да қиындық туғызбай жұмыс істейді, жаңа мектебіне оң көзқарасымен қарайды.

Мектеп ортасындағы өзгерістер көбінесе оқушылардың жаңа мектепке бейімделу мәселелерін түсіндіреді. Егер мектеп ортасы оқушының қажеттіліктеріне сәйкес келмесе, оның бейімделу процесі күрделене түседі. Зерттеушілер оқушылардың жаңа мектепке сәтті бейімделуінің маңызды факторларын, мысалы, оқушылардың қауіпсіздігі және мектеп микроклиматы деп аталатын жылы және қонақжай орта сияқты факторларды анықтайды. Алайда, оқушылардың бейімделуі және олардың жаңа мектепте одан әрі жұмыс істеуінің сәттілігі көбінесе оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынасына байланысты. Мұғалімдердің мінез-құлқы оқушыларына қызығушылық таныту, оқушыларына қамқорлық жасау, оқушыларының күш-жігерін бағалау, оқушыларын тыңдау, олардың оқуға белсенді қатысуы сияқты қасиеттерімен ерекшеленетін басқа мектепке ауысудың жағымсыз салдарын жеңеді, бұл оқушылардың мұғалімдерінің қолдауын сезінуіне және олардан жеке көмек алуларына мүмкіндік береді. Мұғалімдердің мінез-құлқының көрсеткіші, әсіресе оқушылардың жаңа мектепке бейімделуі үшін маңызды, оқушыларға басқа мектепке ауысқаннан кейін оқушылардың оқудағы, жеке және тұлғааралық қарым-қатынастарындағы көптеген өзгерістерді түсінуге көмектесу. Оқушылардың мұғалімдерінен алған көмегін бағалауға сүйене отырып, көптеген басқа айнымалылардың көрсеткіштерін болжай аламыз, атап айтқанда оқушылардың психологиялық жағдайы (өзін-өзі бағалау, депрессия), тұлғааралық қатынастар (мұғалімдермен, құрдастарымен, девиантты оқушылармен қарым-қатынас, балалар мен ата-аналардың қақтығыстары).

Бірнеше ғылыми зерттеулер мен еңбектерді қарастыра келе мұғалімдердің мінез-құлық санатына мыналарды біріктірдім (оқушы және ата-ана тарапынан):

1. Мұғалімдер оқушыларды жақсы біледі: оқушылардың жетістіктерін атап өтіп, оқушыларының сәтсіздіктері туралы алаңдайды;

2. Мұғалімдер мейірімді және менімен (баламмен) жақсы әрекет етеді;

3. Мұғалімдер мені (баламды) жиі мақтайды, жігерлендіреді;

4. Мұғалімдер мені (баламды) әділ бағалайды;

5. Мұғалімдер маған (балама) мектептегі тәртіпті, талаптарды түсіндіріп, маған (балама) іс-шаралар туралы хабарлайды;

6. Мұғалімдер маған (балама) көбірек ескертеді, қажет болған жағдайда маған (балама) жеке көмек көрсетеді;

7. Мектепте оқуда қиындықтарға тап болған оқушыларға немесе ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға педагогикалық көмек көрсетеді.

Қорытынды. Оқушының жаңа мектептегі адаптация кезеңінде оқушының психологиялық, әлеуметтік, академиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушылар мен мектеп ортасы арасында тепе-теңдік орнатылады. Мақалада оқушылардың жаңа мектепке бейімделуінің негізгі көрсеткіштері белгіленді, бұл олардың мектепке ауысуға қанағаттануы және мектепке ауысқаннан кейінгі эмоционалдық жағдайының өзгеруі. Оқушылар мектепке көшуге қаншалықты қанағаттанса және жаңа мектептегі эмоционалдық жағдайын неғұрлым жоғары бағаласа, олардың мектепке бейімделуі соғұрлым сәтті болады. Ата-аналардың жаңа мектепке қанағаттануы балаларының жаңа мектептегі эмоционалды жағдайына байланысты: балаларының эмоционалдық жағдайы жақсарды деп санайтын ата-аналар сол мектепке көбірек баға береді.

Оқушылардың жаңа мектепке бейімделуіне оң әсер ететін шешуші фактор мұғалімдердің оқушыларға жеке көрсеткен көмегі болып табылады. Мұғалімдердің мінез-құлқының бұл аспектісі оқушылардың жауаптарында да, ата-аналарының жауаптарында да басым. Оқушыларды жаңа ортаға бейімдеу үшін мұғалімдердің тағы бір маңызды әрекеті-оқушылармен достық қарым-қатынас, оқушылармен жақсы танысу, әділ бағалау және мадақтау, мектеп талаптарын түсіндіру, оқушыларды жаңалықтар туралы хабардар ету, оқуда қиындықтарға тап болған балаларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық жасау. Бұл сипаттамалар қыз бала үшін де, ұл бала үшін де ортақ.


ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Anderson, L. W., Jacobs, S., Schramm, S., & Splittgerber, F. (2000). School transitions:

Beginning of the end or a new beginning? International Journal of Educational Research, 33, p.

325-339.

2. Barber, B. K., Olsen, J.A. (2004), Assessing the Transitions to Middle and High School. Journal

of Adolescent Research, Vol.19 (1), p.3-30.

3. Битянова М. Н. Как вы яхту назовете..., Школьный психолог.-2000.-№12.-С.6-10.

4. Варламова А. Я. Школьная адаптация подросков.-Волгоград:Изд-во Волгоградский гос.ун-т, 2001.-103 с.

5. Кузнецов П. С. Адаптация, как фактор развития личности.-Саратов:СГУ, 1991.-61 с.

6. Максимов М. В. Психологический условия адаптации: Автореф. Дис, … каид. психол. Наук.-М., 1994.-С.1-15


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2025
19
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі