Түсінік
хат
«Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен
байланыстырады.» Н.Назарбаев
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты
міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың
өсуіне жол бермеу.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса
маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы
қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып,
жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу
қажет.
Қазақстан Республикасында кәмелетке
толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және
балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі
заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке
және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және
жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы
мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы»
заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке
толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін
реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің
басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің және
жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес,
сонымен қатар басқа да мемлекеттік ұйымдардың және азаматтық қоғам
институттарының үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің
бірі.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда ұлттық
тұтастығымызға, ел болашағына қауіп төндірері сөзсіз. Жаңадан
өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы –
дәуір қасіреті. Сотталған жас өспірімдердің көбеюі – қоғам өмірінің
келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін
байқатады. Қоғамда не құрылым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар
көбейген сайын, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да
жедел дами бастайды.
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің
көбею себептері:
-
Отбасындағы ақау тәрбие;
-
Отбасындағы материалдық
әл-ауқаты;
-
жұмыссыздық;
-
баланың бос уақытының шамадан тыс мол
болуы;
-
ата-ана тарапынан бақылаусыз
қалуы;
-
мінез-құлқының ауытқушылығы;
-
Рухани құлазуы;
Құқықтық
тәрбие беру
Мақсаты:
-
Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң
алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің
тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа
баулу.
Міндеттері:
-
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге
үйрету;
-
Оқушылар бойында демократиялық көзқарас
қалыптастыру;
-
Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей
білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа
тәрбиелеу;
-
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін
жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін
шыңдау.
Сынып жетекшінің жүргізетін
жұмыстары:
-
Құқық туралы түсінік беру: сынып сағаты, әр сабақ
сайын, жағдаяттарды талдау кезі.
-
Құқықтық тәрбие беру мақсатында сынып сағаттарын
өткізу.
-
Ата-аналар жиналысы,
-
Ата-аналар мен балаларды қатыстыра отырып
жұмыстар жүргізу.
-
Заң
қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру.
«Біліп жүрейік!»
1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан – адам құқығы күні
10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ
қабылдады
1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу
Декларацияны жариялаудан басталды
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті
20.11.1989ж – БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28.01.1993ж – ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы
Конвенцияны бекітті
30.08.1995ж – ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда
баяндалып, екінші рет қабылданды
Оқушының құқықтық
мәдениетін қалыптастыру
күнтізбелік-тақырыптық
жоспар
4-сынып
-
№
р/с
|
Тақырыптың атауы
|
Сағат
саны
|
Өткізілетін
уақыты
|
1.
|
Менің құқығым және
міндетім.
|
1
|
|
2.
|
Менің
отбасым.
|
1
|
|
3.
|
Менің мектептегі
өмірім.
|
1
|
|
4.
|
Бұзақылықтың соңы
неге апарады?
|
1
|
|
5.
|
Балалар, тату
болайық!
|
1
|
|
6.
|
Сау
болу-мықтылық!
|
1
|
|
7
|
Мен және
үлкендер.
|
1
|
|
8
|
Менің жеке
келбетім.
|
1
|
|
9
|
Қауіпсіз және
көңілді өмір сүр!
|
1
|
|
Барлығы
|
9
|
|
|
4 класс
|
Тема занятия
|
Цель занятия
|
Количество
Часов
|
|
«У
меня есть права»
|
Формирование правовой культуры
учащихся.
|
1
час
|
|
«Мои родители»
|
Донести до детей то, что за их проступки несут
ответственность их родители, углублять представление о ценности
семьи.
|
1
час
|
|
«Моя жизнь в школе»
|
Развитие у детей навыков дружелюбного поведения
по отношению к одноклассникам противоположенного
пола.
|
1
час
|
|
«К
чему приводит озорство»
|
Развитие в детях умение предвидеть последствия
своих действий и поступков.
|
1
час
|
|
«Ребята, давайте жить дружно»
|
Формирование дружелюбного отношения между
одноклассниками
|
1
час
|
|
«Быть здоровым - модно»
|
Расширение знаний школьников о здоровом питании,
о взаимосвязи здоровья и употребляемых веществ.
|
1
час
|
|
«Я
и взрослые»
|
Дать представление о том, почему хорошо
воспитанные люди имеют потребность в проявлении уважения к старшим
по возрасту.
|
1
час
|
|
«Мой личный имидж»
|
Развитие умения придумать свой образ и воплотить
его в жизнь.
|
1
час
|
|
«Живи весело и безопасно»
|
Формирование основ безопасности собственной
жизнедеятельности.
|
1
час
|
|