Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқыту + қызықтыру «Қарағанды – менің туған қалам»

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық сыныбының мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқыту + қызықтыру «Қарағанды – менің туған қалам»

Тақырыбы: «Қарағанды - менің туған қалам».

Мақсаты:

Білімділік: қала туралы түсінік беру, Қарағанды қаласы жөнінде  мағлұмат беру.

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабіліттерін дамыту.Сөздік қорын жетілдіру, ұзақ саусақтар қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік: тияналыққа, сүйіспеншілікке, төзімділікке тәрбиелеу

Кұралдар. демонстрациялық құралдар:  Қарағанды қаласының суреттері,қара алтын суреттері; Үлестіретін: заттық қиылған суреттер(қала суреттері)

Алдын-ала жұмыс:  бейнефильм «Қарағанды»

Қостілдік компонент: қала-город,көмір-уголь,Қарағанды менің сүйікті қалам- Караганда мой любимый город.

 

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Қонаққа қуыршақ Асан келеді,әдемі қораппен көмір алып келеді.

Балалардан мынау не?

Көмір қайдан шығады?

Оны не үшін пайдаланамыз? Деген сұрақтар қою арқылы балаларға туған қаласы туралы айтады.

Балалар қуыршақ Асанмен амандасады.Сұрақтарға жауап береді.

Мынау көмір,оны отын үшін пайдаланады,көмір Қарағандыдан шығады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Қала туралы,Қарағанды қаласы туралы түсінік беру. Суреттер бойынша әңгімелеу.

Біз қалада тұрамыз.Біздің қаламыз сәнді де сәулетті.Қаланың үйлері биік,көшелері кең. Біздің қалада аласа үйлерде бар.Қаланың көшелері жасыл желекке бөленген.Ерсілі-қарсылы жүріп жатқан машиналар.Қарағанды қаласында демалыс саябақтары,стадион,көрме,мұражай,кино-тератрлар,балаларға арналған «Қиал әлемі»саябағы бар.Қарағанды қара алтынға өте бай қала,ол осы қара алтын мен әлемге әйгілі.Қарағанды үлкен қалалардың бірі.

2.Балалар сендерге өздерің тұратын қала ұнай ма?

Қарағанды да қандай ғимараттар бар?

3.Сегіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Жаттығуды жасаймыз

4.Дид\ойын «Бөлшегін тап»

Мақсаты:балаларға Қарағанды ғимараттарының бөлшектерін тауып қоюға үйрету

5. Мақал – мәтел жаттау

Туған- елдей ел болмас

Туған- жердей жер болмас

Туған -жердің топырағы ыстық

5.Қостілділік копонент «Говорим на русском языке»

қала

-көмір

-Қарағанды менің сүйікті қалам.

Қарағанды менің сүйікті қалам тақырыбында сурет салуға балаларға өзіндік жұмыс береді.

 Тыңдайды,сурет бойынша әңгімелейді.

 

 

 

 

 

 

 

Сүйікті қаласы туралы әңгімелейді,қаладағы ғимараттар туралы айтады.

 

Балалар орындарынан турып жаттығуды жасап бір демалып алады.

 

Үстел үстінде қаланың ғимараттары жатады .Балалар ұсақ ғимараттардың бөлшектерін тауып қояды,қандай ғимарат құрастырғанын айтады.

 

Балалар:тәрбиешімен бірге мақалдарды қайталап жаттайды.

 

 

Орысша айтады.

 

-город

-уголь

-Караганда мой любимый город







Балалар өзіндік жұмысты жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

 

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Біз қай қала туралы әңгімелестік?

Қуыршақ Асан балаларды сабаққа жақсы қатысқаны үшін мақтайды.

Өз ойларымен біледі,жетістіктеріне қуанады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені  біледі: Қала, Қарағанды қаласы ерекшелігін , жаңа мәліметтер.

Қандай түсініктерді игерді: Қала мен ауыл айырмашылықтарын,қала ғимараттарын.

Меңгерген дағдырлары мен іскерліктері:

Сұрақтарға жауап беруді,нұсқауларды дұрыс орындауды. Өзіндік жұмысты қуана орындайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2019
797
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12