400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОҚЫТУ – ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс – тәсілдер жасалуда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚЫТУ – ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІНДЕ

ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ

ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Соңғы жылдары елімізде экокномиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс – тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез – келген оқыту технологиясы оқытушыдан және өндірістік оқыту шеберінен терең теориялық, практикалық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педгогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. XXI ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өңірінің барлық саласы компьютерленуде. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ комьютердің қыр – сырын терең меңгерген маман болуға тиіс.

ҚР Үкіметінің 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарында: «Орта, кәсіптік техникалық және жоғарғы оқу орындарында электронды оқыту жүйесі еңгізілетін болады» деген. Электронды оқыту ақпараттық – коммуникациялық технологиясы арқылы еңгізіледі. Елімізде 2012 жылдан бастап ЖОО – на және ТжКББ – дуалды оқыту жүйесін ендіру қолға алынды, 2020 жылы бұл оқыту жүйесі Республика бойынша түгел ендіріліп болады. Соның бірі қашықтықтан оқыту, бұл дуалды оқыту жүйесінде тиімді және нәтижелі қолданатын әдіс. Бәсекелестікке төтеп тұра алатындай маман болу үшін колледж білім алушылары алдымен өз біліктілігін дамытып нығайту қажет. Электрондық оқыту барысында өндіріс орындарында, шеберханаларда жұмыс істей отырып білім алушылар бос уақытында телекоммуникациялық технологиялар арқылы оқытушылармен байланысып, теориялық біліммен қамтылады. Әлемдік тәжірибеде электрондық оқыту қазіргі білімнің ажырамас бөліктерінің бірі болып табылады. Электронды оқыту жүйесін қолдану үдерістеріндегі барлық қатысушылардың өзара әрекеттесуі жағдайында тек олардың кірігуінің нәтижесінде тиімді болады.

Қазіргі уақытта кәсіптік білім беру оқу орнында оқу – тәрбие үрдісінде көптеген педагогикалық технологияларды қолданып жүрген мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамті мүмкін емес. Сондықтан білім мекемесіндегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс – әрекеттік тұрғыда жетілдіру оқытушының педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты. Өндірістік оқыту шеберлері, арнаулы пән оқытушылары интернет желісіне еніп, өзара элктрондық ақпарат алмасуды ұйымдастырып және оқу жоспарына қажетті өзгертулер еңгізе отырып жоспарға сай ақпараттар алулары қажет.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа комьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта қолдану үлкен нәтижелер беруде. Білім беру жүйесі электронды байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электронды пошта, телеконференция, On – line сабақтар арқылы іске асырылуда. Өндірістік оқыту шебері компьютер желісі арқылы әрбір білім алушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, біліктілігін көтеруге және оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндіктер береді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі