Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Киев орта мектебі
БАЯНДАМА:
«Оқыту барысында белсенділікті арттырудың замануи тәсілдерін
қолдану»
Дайындаған: география пәні
мұғалімі Н.Х. Галимова
2015
ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және жалпы азаматтық құқықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани күш – қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан – жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген.
Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Сонымен казіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа замануи технологияларды менгеру қажеттілігі туындап отыр.
Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы мәселелер мектептегі география пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты.
География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтар мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педогогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.
Қазіргі таңда география пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіру дегеніміз - ол ойлау қабілетін белсендіру деп айтуға болады. Оқушыға оқу барысында тек берілген танымдық тапсырмаларды орындау әдістерін үйрету ғана емес, сол тапсырмаларды өздігінен орындауға ынталандыру қажет. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру казіргі заманғы мектептің басты талабы. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу емес, жаңалыққа жаны құмар, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген, білімі мен білігі
жоғары тұлға болу, ақпараттық сауаттылық талап етіледі.
Қазіргі таңда оқыту үрдісінің замануи әдіс – тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс – тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, нақтылы жағдайға орай ең тиімдісін таңдап алу және оларды түрлендіре үйлесімді, әрі шығармашылықпен қолдану – сабақтың сәтті өтуінің кепілі.
Әрбір сабақ - мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушының есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі.
Ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан - жақта ашылуына жағдай жасайды, шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосады.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс
жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар,
бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер (компьютерлер, мультимедиялық, электрондық оқулық, ақпараттық білім берудің негізгі құралы - интерактивті тақта, кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б.). Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпараттық
технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін,
ізденушілігін дамытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру -ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
- сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі;
- дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндік
береді;
- оқушы мен мұғалімнің шығармашылығында әңгімелерін
әрлеуге көмектеседі;
- дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол;
- интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар;
- бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді экранда үлкейту мүмкіндігіне ие;
- әртүрлі қосымшалармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді;
- ақпарат өнімінде көрсетілген өзіндік бет (флипчарт) құру мүмкіндігі бар;
- оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында берілуге тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады;
- білімге бір-бірінен алыс арақашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орындарында отырып қол жеткізуге болады;
- оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады;
- компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
География сабағын информатикамен тығыз байланыстырып, компьютерде ақпараттық технологияларды және электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың білімін одан әрі жетілдіреді. Сондықтан, бірінші кезекте мұғалім өз пәнін жүргізуде компьютерді сауатты пайдалану үшін дайын болу керек. Сондай- ақ, сабақта интерактивті тақтаны, электронды оқу-құралдарын пайдаланудың әдіс-тәсілдерін де үйреніп, сабақты қызықтыра жүргізудің маңызы зор. Сабақ қызықты болса, онда оқушылардың да сабаққа деген белсенділігі артады.
География пәнін оқыту барысында оқушылардың белсенділігін арттырудын замануи тәсілдеріне интерактивті тақта, электронды оқулықтар, Интернет желісін жатқызуға болады. Пайдаланғанда келесі мүмкіндіктердің арқасында сабақ тиімділігін арттыруға болады:
-
Оқылатын материалдың инновациялық көрнекілігі;
-
Балалардың креативті қабілеттіліктерін дамыту мүмкіндігі;
-
Оқушылардың оқу пәніне деген қызығушылығы мен оқу мотивациясын арттыру
Интеактивті тақта. География сабағында интерактивті тақтаны қолдануы оқушының пәнге деген қызуғышылығын арттыруға және сабақтың нәтижелі өтуіне ықпалын тигізеді. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыруда сабақ барысында дидактикалық материалдар түрінде қолдануға, жаңа тақырыптар меңгерген кезде мұғалімге түсіндіру барысында оқушыларға тақырыпты меңгеруге көмекші құрал ретінде қолданылады. Әр тұлғаның қайталанбас мүмкіндігін есепке ала отырып, әр оқушының өзіндік дамуына өзіндік ізденуіне ықпал ету арқылы оның ой- өрісін кеңейту, біліктілігін нығайту. Бұл технологиялық оқыту әдісінің тиімділігі, баланың жеке тұлға ретінде ашылуы, оның жан-жақты дамуына табиғи әсер етеді. Сонымен қатар сабақта көрнекті материалдарды, кесте, тірек сызба арқылы, видео сюжет арқылы көрсетуге мүмкіндік береді, бұл оқушылардың білімдерін бақылауына да мүмкіндік туғызады. Оқушылар тек көріп қана қоймай , сабақты эмоциямен қабылдайды.
И
нтерактивті тақтаның мұғалім үшін
тиімділігі

Уақытты сабақты түрлендіруге дидактикалық тиімді материалдар түрінде
пайдалану видео сюжет, тірек сызбалар,кесте
жаңа сабақты түсіндіруге көмек
Интерактивті оқыту әдісінің оқушыға тиімділігі
![]()
біліктілігін нығайтады жан –жақты дамиды қызығушылығы артады
ой—өрісін кеңейтеді өзіндік дамуына ізденуіне ықпал етеді
Сабақта интерактивті тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады. Өз бетінше білім алу –білім сапасын көтерудің, сабаққа деген белсенділігін арттырудын бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет.
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б.
Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік мекемелер интернет жүйесіне қосылған, оның ішінде біздің мектепте бар. Интернетті география сабағында қолдануға өте ынғайлы, өте көп қосымша мәлімет алуға болады: суреттер, сызбалар, видео роликтер және т.б . Мысалы: 11 сынып географиясында дүние жүзі елдерін өткен кезде интернет арқылы нақты мемлекетке байланысты қосымша қызықты деректермен танысуға мүмкіндік туады.
Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.
Жалпы орта білім беретін мектептерде қолданылып жүрген география пәні бойынша 6- 11 сыныптарға арналған оқулықтар- білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сай жасалынған оқулықтар.
География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен тығыз байланысты екенін ескеріп, оқушылардың география сабағында материк пен дүние бөлігіндегі және аралдағы елдер мен халықтар жайында қызғылықты деректерді тек оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайдаланумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілген бейне арқылы пайдаланған тиімдірек. Материктердің қалыптасуын, дамуын және қазіргі табиғат жағдайындағы ұқсастықтарын, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерін көзбен көріп, есте сақтау үшін Жерсерік арнасы арқылы қашықтықтан оқыту жүйесін пайдаланған жөн.
Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы білім мен біліктіліктерін арттыратын болса, көзбен көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттырады. (электрондық оқулықтардың мысалдары келтіріледі)
7 сынып.
Электронды оқулықтың мазмұны
модульдік технология бойынша құрылған. Сондықтан да оқу ақпараты
келесі тақырыптар бойынша географиялық білімдердің жүйесі
«Құрлықтар мен мұхиттар географиясы» ретінде модульмен
берілген:
- Құрлықтар мен мұхиттардың
қалыптасуы.
- Жер табиғатының негізгі
ерекшеліктері.
- Құрлықтар.
География жөніндегі қажетті білім мен дағдыларын пысықтау үшін 10
интерактивті тапсырмалар орын алған. Бағдарлама бойынша берілген
тақырыптардың (барлығы 18) түсініктемелері диктордың мәнерлі
дыбыстауымен сүйемелдене отырып, мультимедиалық анимациялармен
түсіндіріледі. Мұнда маңыздысы, оқушы түсіндірулерді, берілген
мағлұматтарды, тақырыптарды толығымен түсініп білгенше, қайталап
қарастыра алатындығында. Ал, мектепте мұғалімнің бір тақырыпты
бірнеше рет әр балаға қайталап түсіндіруге мүмкіндігі жоқ.
Оқулықта үйде немесе сыныпта таңдаған тақырыбына ой-толғау (эссе)
түріндегі шығармашылық жұмыстарын орындау ұсынылады, оны принтерден
шығарып, өзінің портфолиосында сақтауына болады.
Электрондық оқулық арқылы білім алу күрделілігіне қарай үш деңгейлі
300 тестілеу жұмыстарын орындаумен
аяқталады. Графикалық нәтижені тек оқушылар өздері ғана
емес, олардың ата-аналары да талдай алады.
Компьютерлік оқыту үрдісі барынша қызғылықты, балалардың оқу материалдарын толық меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады.
10 сынып.

келесі тақырыптар бойынша географиялық білімдердің жүйесі «Қазіргі
әлем географиясы» ретінде модульмен берілген:
- Әлемнің саяси картасы.
- Әлем тұрғындарының географиясы.
- Әлем шаруашылығының географиясы.
- Халықаралық экономикалық байланыстар.
География жөніндегі қажетті білім мен дағдыларын пысықтау үшін 4

тақырыптардың (барлығы 11) түсініктемелері диктордың мәнерлі

емес, олардың ата-аналары да талдай алады. Компьютерлік оқыту
үрдісі барынша қызғылықты, балалардың оқу материалдарын толық
меңгерулеріне қызығушылықтарын тудырады.
Бүгінгі таңда менің алдымда тұрған үлкен міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан – жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Сол мақсатыма жету үшін география сабақтарында жоғары айтылған замануи тәсілдерін қолданамын.
Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай
мұғалім – хабарлайды . Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім
–көрсетеді . Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен. Сондықтан
ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп
ойлаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Оқыту барысында белсенділікті арттырудың замануи тәсілдерін қолдану" баяндама

шағым қалдыра аласыз