400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқыту мен оқу үдерісінде компьютерді қолдануға бағыттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлік курста оқып жатқан мұғалімдерге рефлексивті есеп жазуға үлгі ретінде көмекші құрал болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп


Тақырыбы: Оқыту және оқу үдерісінде компьютерді қолдануға бағыттау


«Мектептегі тәжірибе» кезеңін бастау мақсатында алдымен сәуірдің екісі күні бірінші, екінші деңгей бағдарламасын оқып келген әріптестеріммен және де мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісімен кездесіп, екінші деңгей бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі: мұғалімдер бойында рефлексивті ойлау дағдысын қалыптастыру, мұғалімдер тобын оқытуды басқару мақсатында коучинг және тәлімгерлік жүргізу, өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойланту керек екені туралы пікірлестім.

Коучинг жүргізу, мектепте мұғалімдердің кәсіби білім беру қоғамдастығын құруға негізделгендігін түсіндірдім. Сұхбат барысында мектеп директоры "Мұғалімдер сабақтарында АКТ құралдарын қолдану барысында көптеген қиындықтарға тап болып, кейбір мұғалімдер мүлде қолдана алмайтынын" айтып өтті. Мен коучингті "Оқыту және оқу үдерісінде компьютерді қолдануға бағыттау" тақырыбында өтетінімді айттым.

Менің бұл тақырыпты алуыма түрткі болған жағдай мынадай болатын. Мектебімізде наурыз айында 3 айлық курстың бірінші деңгейін оқып келген мұғалімге коуч болып, 2 коучинг өткізген болатынмын. Коучингтен кейінгі кәсіби сұхбат барысында, "Сіз осы коучингті қайтадан өтсеңіз нені өзгертер едіңіз?" - деген сауал берген еді. Мен осы сауалға "Мен бұл коучингті қайтадан өтсем, мұғалімдердің алдына ноутбуктерді беріп, жұмыс жасататын едім", - деп жауап берген болатынмын. Міне осы сәтте келген сияқты. Мен осы 3 айлық оқуға келіп, коучингтің не екенін, коучтың бойында қандай дағдылардың болуы қажеттігін үйрендім. Бұрынғы коучингті өткізген кезде, мен коучтың кім екенін, коучингтің не екенін толық түсінбеген екенмін. Міне, енді осы тақырып аясында коучинг өткізуді жоспарлап отырмын.

Мектебіміз 2013-2014 оқу жылынан бастап, жалпы орта білім беруге арналған типтік мектеп болып есептеледі. Мектебімізде 500-дей оқушы білім алуда, 48 мұғалім жұмыс жасайды.

Бұл коучинг сессияға жаратылыстану және гуманитарлық пәндері бірлестігінің мұғалімдері қатысты. Коучингке қатысқан мұғалімдердің АКТ-ны қолдану деңгейлері әр түрлі болатын. Кейбіреуі сабақта еркін қолдана алып, кейбірі жеткілікті дәрежеде қолдана алмайтын еді. Мен бұл тақырыпты мақсатым, әр түрлі деңгейдегі мұғалімдердің бір-бірінен үйренуіне ықпал ету болатын. Себебі, кейбір мұғалімдер үнемі әріптесінің көмегіне жүгінеді. Менің таңдаған тақырыптарым мектебім үшін де маңызды деп ойлаймын. Мұғалімдер ақпаратты сауатты болса, оқушыларға да жаңаңша білім беруге ұмтылады деп ойлаймын.

Мен коучингке дәл осы мұғалімдерді қатыстыруымның себебі, олардың қажеттіліктері слайд жасап, ашық сабақ өтуде қиналады. Сондықтан толық білетін, қолдана алатын әріптесінен үйренуіне ықпал ету үшін осы мұғалімдердің қатысуын маңызды деп есептедім.


2- бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау


Коучинг сабағына арналған оқыту мақсаттары: Әріптестеріме оқыту үдерісінде АКТ-ның құралдарын қолдануға бағыттау. Деңгейі жоғары әріптесінен үйренуіне ықпал жасау.

Коучинг барысында "Шаттық шеңбер" құрып болған соң бір–біріне тілек айту арқылы жағымды атмосфера қалыптастырылды. Сурет бөліктерін құрастырып, топтарға бөлінді.


Сурет бөліктерін құрастыру Құрастырған сурет туралы

арқылы топқа бөліну не білетінін жазу барысы


Осы құрастырған суреттеріңіз жайлы не білесіздер? деп ойландырып, топ ішінде талқылап, жазып шығуға тапсырма бердім. Жазғандарын АКТ-ны қолдану деңгейіңіз қандай? деп өзін бағалауға тапсырма беріп, өздерінің қай деңгейде екенін бағалады. Егер толық білемін десе жасыл стикерге, жартылай білетін болса сары стикерге, мүлде білмейтін болса қызыл стикерге жазуға тапсырма берілді.


Өзін-өзі бағалау сәті Өзін-өзі бағдаршам әдісімен бағалау


АКТ-ны жоғары деңгейде меңгерген мұғалім төмен деңгейде білетін мұғаліммен жұптасып, "Ақпараттық технология дәуірінің ұстаздары", "Болашақтағы АКТ" және "АКТ-ның білім берудегі пайдасы" тақырыптарының бірін таңдап алып, жұптасып жұмыс жасауы қажет.


Әріптесін бақылап, үйрену, Басқа топтың жұмысын

жазып алу сәті бағалау сәті


Picture 10

Әріптестерінің жұмысын

критерийлер арқылы бағалау сәті


Әріптесімен жұмыс барысында, білмейтін нәрселерін түртіп алып отыруы тиіс. Жұмыс аяқталғаннан соң, әріптесінен не үйренгенін айтуы қажет болатын.

Мұғалімнің жазбалары


Презентацияны қорғау сәті


Жасаған презентацияларын қорғауға, қарсы топтағы әріптесін "Үш шапалақ" әдісімен бағалауға тапсырма беріледі. "Электронды оқулықтар" бейнежазбасын тамашалап, топ ішінде талқылайды. Түйінді идеяны, яғни не түйгендерін айтады. Топтар бір-бірін бағдаршам әдісі арқылы бағалайды. Презентациямен тамашалайды. Рефлексия парағын толтырады.

Рефлексия жазу барысы


Коучинг барысындағы сәтті тұстарына тоқталатын болсам, деңгейі жоғары әріптесінің презентация құру кезіндегі іс-әрекеттерін бақылап, өзіне керек ақпараттарды жазып алғандары, әріптесінен үйренуге болатынын түсінгендері байқалып тұрды. Әріптесіне сұрақ қою дағдысы қалыптасқаны, әріптесімен жақсы қарым-қатынас жасағаны байқалды. Өз жұмысын көпшіліктің алдына шығып қорғап, өз ойларын орта салуға дағдыланғаны, критерийлерді ескере отырып презентация құрғаны және бір-бірінің жұмысын бағалағаны сәтті шықты. Сәтті шығуының себебі, олардың ашық сабақтар кезінде слайд жасауда қиналғаны үшін жазып алуға тырысып, түсінбеген жерін әріптесінен қайтадан көрсетіп жіберуін сұрап отырғанын байқадым. Критерийлерді алдын ала ұсынғаннан кейін тапсырманы сәтті орындап шықты деп ойлаймын.

Алайда, әр нәрce кeмшілікcіз бoлмайды, тoптарға тапcырма бeргeндe кeйбір мұғалімдeр oқушылар секілді басқа мұғалімдeрдің көлeңкecіндe oтырып қалу, бoйында сенімсіздіктің oрын алуы байқалып тұрды сонымен қатар әңгімeні жалғаcтыру кeзіндe ұшқыр қиялмeн oйлау дeңгeйінің төмeндігі көрініс алды, бағалау кeзіндe артық бағалау oрын алды. Ocындай жаcалынған жұмыc бар жeрдe кeмшіліктің oрын алуы да дұрыc дeп oйлаймын. Өйткeні, өткeн cабақты талдаудың нәтижecіндe, кeмшілік тұcтарыңды байқау - кeлecі өткізeтін cабақты cәтті өткізудің бір жoлы деп ойлаймын.


3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

Өткізілген коучинг сабағы мұғалімдер үшін пайдалы болды деп айтуға болады. Оған дәлел ретінде қоучинг сабағының соңында рефлексия парағын толтырғаннан байқауға болады.

Коучинг сабағының нәтижесінде коучингке қатысқан мұғалімдер әріптесімен жақсы қарым-қатынас орната алды. Компьютерді толық меңгерген әріптесінен презентация жасау жолдарын жазып алуға, әріптесінің іс-әрекеттерін бақылауға дағдыланды. Әріптесінен білмегенін сұрауға, сұрақтар қоюға дағдыланды. Топ алдына шығып, өз жұмысын қорғауға, өз ойларын ортаға салуға, бір-бірінің айтқанын мұқият тыңдауға дағдыланды. Бір-бірінің жұмысын, өзін-өзі бағалауға дағдыланды. Коучинг барысында Оқыту және оқу үдерісінде компьютерді қолданудың маңызы жайлы, оның білім беруде қандай пайдасы бар екенін өздері сын тұрғысынан ойлана отырып, слайд құрып, өздері бір-біріне таныстырып өтті. "Электронды оқулықтар" бейне жазбасын тамашалап, өз пікірлерін ортаға салды. Пікірлерін ортаға салу барысында, АКТ-ның пайдасы мен зиянын ортаға салып, салыстырып өтті.

Бұл сабақтан мұғалімдердің түйгені: барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейлі кәсіпқой болып табылатынын. Жекеленген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет етеді және оқыту мен оқу үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын түсінді.(МАН, 114 б.) Сонымен қоса, оқыту мен оқу үдерісінді АКТ құралдарын қолданудың маңызды екенін түсінді.

Болашақта осы курстан алған білімімді міндетті түрде әрі қарай жетілдіріп дамытамын. Технологиялық, пәндік, мазмұндық білім салаларын бір-бірімен байланыстырып сабақ өтетін мұғалім болып қалыптасуына әріптестеріме ықпал ету үшін жұмыс жүргіземін деп жоспарлаудамын. Болашақта мен осы

тақырыпта коучингті қайтадан өткізетін болсам, психологиялық тренингті өздерінің ұялы телефондарын қолдандырып өткіземін. Телефон нөмірлерін қағазға жазып, аралас түрде таңдатып, таңдаған нөмірге бір-біріне SMS арқылы тілек жаздырудан бастайтын едім. Құрастырған суреттері жайлы не білетінін жаздырып болған соң, ұялы телефондарын қолдандырып, интернеттен осы құрастырған сурет бойынша ақпарат алуға тапсырма беретін едім. Интернеттен алынған ақпаратпен өзінің жазған мәліметін салыстыртып, өзінің қандай деңгейде білетіні жөнінде ойларын ортаға салуға тапсырма беретін едім. Өзін бағалауға тапсырма беретін едім. Компьютерді жоғары деңгейде білетін, қолдана алатын әріптесінен үйренгендерін қолданып, постер жасауға, және оны қорғауға тапсырма беретін едім. Топ арасында бір-бірінің жасаған жұмысын критерийлер арқылы, екі жұлдыз, бір тілек әдісімен немесе мадақтау сэндвичі арқылы бағалататын едім.











Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп


  1. бөлім. Тaқырыпты негіздеу

Мектептегі тәжірибе кезіндегі әріптестеріммен жүргізген екінші коучинг сaбaғымның тaқырыбы: «Сын тұрғысынан ойлау арқылы топтағы бірлескен жұмысты дамыту».

Мақсатым: Күнделікті сабақта сын тұрғысынан ойлау арқылы топтағы бірлескен жұмысты дамытудың тиімділігін көрсету.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Сын тұрғысынан ойлау арқылы топтағы бірлескен жұмысты дамытудың маңыздылығын түсінеді.

  2. Оның білімді жетілдірудегі тиімді тәсіл ретінде, әр сабақта пайдалануға тырысады.

  3. Топтағы бірлескен жұмысты дамытуда кедергілерді анықтауды үйренеді.

Бұл тaқырыпты тaңдaуымa бірінші коучинг барысында коучингке мұғалімдердің аз келуі себепші болды. «Сын тұрғысынан ойлау арқылы топтағы бірлескен жұмысты дамыту» тақырыбына коучинг өткізе отырып, бірлескен жұмыстың маңыздылығын ұғындыруым қажеттігін түсіндім. Коучингке қызығушылық тaнытқaн мұғaлімдер қатысты.

Сын тұрғысынан ойландыра отырып, мұғaлімдерге осы тaқырыпты өздерінің ашып шығуына бағыттадым. Бейне жазбаларды көрсете отырып, сын тұрғысынан ойлана отырып, топта бірлесіп талқылауға, өздерінің ойларын ортаға салуға бағыттадым. Бұл тақырыптың мектеп үшін мaңыздылығын түсінуге ықпал еттім. Оқушының топта бірлескен жұмысын жандандырып, қоғaмдa жеке тұлғa ретінде қaлыптaсуынa көмек көрсету. Бір-біріне көмектесуге, бірлесе жұмыс істеуге, бір-бірін қолдауға, бағытталған шынaйы қарым-қатынас орнатуға бағытталған сабақтар өтуіне ықпал ету мақсатында осы тақырыпты таңдадым. Мен коучингті " Сын тұрғысынан ойлау арқылы топтағы бірлескен жұмысты дамыту" тақырыбын алуды жөн санадым.

Менің бұл тақырыпты алудағы мақсатым сын тұрғысынан ойландыра отырып, топтағы бірлескен жұмысты дамытуға ықпал ету болатын.

Мектебіміз 2013-2014 оқу жылынан бастап, жалпы орта білім беруге арналған типтік мектеп болып есептеледі. Мектебімізде 500-дей оқушы білім алуда, 48 мұғалім жұмыс жасайды, соның ішінде екі мұғалім бірінші деңгейді, екі мұғалім екінші деңгейді оқыған.

Бұл коучинг сессияға курсқа бармаған жаратылыстану және гуманитарлық пәндері бірлестігінің мұғалімдері қатысты. Менің таңдаған тақырыптарым мектебім үшін де маңызды деп ойлаймын. Себебі мектеп ұжымы бірлесе жұмыс жасаса, ұйымшыл болса, онда биік мақсаттарға сөзсіз жетеді деп ойлаймын.

Мен коучингке дәл осы мұғалімдерді қатыстыруымның себебі, оларды сын тұрғысынан ойландыру арқылы топтағы бірлескен жұмысты дамыту үшін мұғалімдердің қатысуын маңызды деп есептедім.

Мектептегі мұғaлімдердің осы тaқырыпқa қaтысты қaжеттіліктерін қaнaғaттaндыру үшін осы тaқырыпты тaңдaп aлдым.

Әріптестерімнің сын тұрғысынан ойлана отырып, топтағы бірлескен жұмысты дамыту үшін не істеу керектігін түсінулеріне ықпал етіп, олaрдың білімдерін жетілдіргім келді. Бірлескен оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Бірлескен оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Бірлескен оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ұжымдасу арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.(МАН, 78б.)

2-бөлім: Коучинг сaбaғының сипaттaмaсы және оқытуды бaғaлу

Коучинг сaбaғымды психологиялық aхуaлды жақсарту мақсатында, яғни «Әсем әдемі» тренингісімен бастадым. Коучингке қатысушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, өздерінің есімдеріне байланысты әдемі сын есімдерді қосып айтудан бастадым. Әр қатысушы өзінің есіміне әдемі сын есім қосып, айтқанда өзін ерекше сезінгенін байқадым. Жaғымды сөздер aйтқaнды кім жек көрсін қатысушыларымның бәрі де мәз болып, көңіл күйлері көтеріліп қалды. Түрлі түсті стикерді тaңдатып, түсіне қaрaй топқa бөлдім. Стикерлердің түсіне қарай екі топ құрылды.

Енді олaрғa интербелсенді тақтадан "Миға шабуыл" ретінде "Аққу, шортан, һәм шаян" суретін ұсындым.


Picture 6

Миға шабуыл әдісі Өз ойларын айтуы


Мына сурет туралы не ойлайсыздар? Осы сурет туралы не айтуға болады? деп ойландырдым. Әр топтан мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. 1-ші топтан: ""Аққу, шортан, һәм шаян" суретін көріп тұрмыз. Бұл суреттен түсінгеніміз, үшеуі үш жаққа тартып, арбаны бірге тарпағаннан кейін арбамыз кері кетіп бара жатыр. Бірлік болмай, тірлік болмайды. Үшеуі де бірге тартқан кезде қиыншылықты жеңіп, арбаны тартып кететін еді. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс жасамаған соң, осындай болды",- деп өз ойларын білдірді. Ал екінші топ:"Біз бұл суреттен аққу, шортан, шаянның бірлесіп жұмыс істемегенін және арбаның бір орында тұрып қалғанын көріп тұрмыз. Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ. Бірлесіп жұмыс істесе, ұйымшылдық орын алатын еді", - деп ойларын ортаға салу арқылы коучингтің тақырыбын ашты. Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіріп өттім.


Сабақ мақсатын түсіндіру "Құмырсқалар" бейнежазбасын тамашалау


"Құмырсқалар" бейнеролигін

талқылау сәті


Әрі қарай "Құмырсқалар" атты бейнежазбаны тамашалауға ұсындым. Мұғалімдер бейнежазбаны тамашалап, топ ішінде бірлесіп талқылады. Өз ойларын ортаға салды. Бірінші топтағы ағылшын тілі пәні мұғалімі Жансая : "Бұл бейнежазбадан байқағанымыз, құмырсқалардың ұйымшылдығын, олардың бірлесіп жұмыс жасайтындығын көріп тұрмыз. Бірлесе жұмыс істегеннен кейін істері де өнімді, тез болып жатыр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегенге келіп тұр", - деді. Ал екінші топтан қазақ тілі пәні мұғалімі Мақпал: "Бұл видеороликтен бір құмырсқаға бағынып тұрғанын, бірлікті, ұйымшылдықты және көшбасшылықты көріп тұрмыз. Ол қадағалап, қауіпсіздігін ойлап тұрғанын байқадық", -деп өз идеяларын ортаға салды. Келесі "Мотивация в команде" атты бейнежазбаны тамашалатып, өз ойларын ортаға салуды сұрадым. Топ ішінде талқылау барысында, топтағы мұғалімдер бірлесе отырып бір-бірін толықтырып, ойларына ой қосып отырды. Мұғалімдер "бір фирманың бастығы жұмысты алып бара жатыр, қарамағындағылар жұмыстың жүруіне кедергі болып жатыр.

"Мотивация в команде" бейнеролигін "Мотивация в команде" бейнеролигін

тамашалау сәті талқылау сәті


Бірлескен жұмыс болып жатқан жоқ. Ал басқа фирма бірлесіп жұмыс жасағаннан кейін олардан озып кеткенін көріп, оларда бірлесіп жқмыс жасауға кіріскенін, алға жылжығанын көріп тұрмыз", -деді. ал екінші топтағы мұғалімдер бірінші топтың идеясымен келісетінін, компаниядағы кедергілерді жойып, бірлесе жұмыс жасап, өз мақсаттарына жетті",- деп ойлаймыз деді. Топ арасында бағдаршам әдісімен бағалауды ұсындым. Барлығы жасыл түсті стикерді көтеріп бір-бірін бағалады.


Бағдаршам әдісімен бағалау


"Топтағы бірлескен жұмыс қандай болуы керек деп ойлайсыздар?" өз ойларыңызды алдарыңыздағы А3 парағына түсірсеңіздер деп тапсырма бердім. Постер жасату арқылы бірлесіп жұмыс жасауға ықпал еттім. Бірлесіп жұмыс жасау барысында мұғалімдерді бір-бірін тыңдап, идеяларымен санасып, бір-бірін толықтырып, өз ойларын ортаға салып, бөлісіп жұмыс жасауға бағыттадым. Бірінші топ мұғалімдері алдына қойған мақсатқа жету үшін бірлесіп жұмыс жасау керектігін, ұйымшыл болып, кедергілерді анықтап, ынтымақты жұмыс жасау қажеттігін бейнеледі.

Постер қорғау сәті Әріптестерінің жұмысын

"2 жұлдыз, 1 тілек" әдісімен бағалау сәті


Бірнеше мақалдармен қорытындылады. Ал екінші топ егін шаруашылығын бейнелеп, бірлік болмай, тірлік болмайды, бірлесіп жұмыс жасасаң күткен нәтижеңнен де артығына жетесің деді. Осы жұмыстарын бір-бірімен алмастырып, екі жұлдыз бір тілек әдісімен бағалауды ұсындым. Жұмыстарын бағалау барысында екі жақсы жағын, бір ұсыныстарын жаза алды. Бірінші топтың жұмысына мақалдарды суреттеп көрсетсе, оданда жақсы болды деген ұсыныс айтылды. Ал екінші топтың жұмысына түстерді дұрыс қолданып суреттегенде, әдемі болатыны ұсыныс ретінде айтылды.

Ұсынысын айту барысы


Қорытынды ретінде, "Бірлескен жұмысты дамыту" презентациясын таныстырып өттім.

Коучинг жөнінде кері байланыс алу үшін "Алақан" рефлексиясын қолдандым. Ақ параққа өз алақандарын салып, ортасына есімдерін жазып қоюды сұрадым. Бас бармағымызға не ұнады? Балан үйреке жаңа не білдім? Ортан терекке не жөнінде ойландыңыз? Шылдыр шүмекке өз қоржыныма не аламын? Кішкентай бөбекке не білгім келеді? деген сұрақтар аясында өз ойларыңызды жазыңыздар дедім.

Рефлексия жазу барысы "Алақан" рефлексиясы


3-бөлім.Коучинг сaбaғының сипaттaмaсы және оқытуды бaғaлaу


Бірінші сaнaтты, жыл бойы ұстaздық еткен С әріптесім: «Дұрыс екен, біз көп жерде оқушылaрдың бірлескен жұмысын дамытуымыз қажет екендігін ойлaнбaғaнбыз»- десе, A. әріптесім: «мектеп мұғалімдері де бірлескен жұмысқа бет бұруымыз керек екен» деді.

Мен әлі де, мектеп мұғaлімдермен осы тaқырыптa көптеген жұмыстaр жaсaуғa болaтынынa көз жеткіздім. Бірлескен оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бірлескен оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.(МАН, 78 б.)

Олaрды бірлікке деген, ұйымшылдықққa деген көзқарасын өзгерту үшін, коучинг сессиясы мұғaлімдерге бағыт беріп, өздерін реттеуі үшін ықпал ететін ең тиімді тәсіл екендігін бaйқaдым.

SWOT талдау

S – күшті жақтары

Әріптестерім бірлескен жұмысты дамытудың тиімділігін үйренді.

Бірлескен жұмысқа байланысты постер жасағанда мұғалімдердің шығармашылығын байқадым. Халықтық педагогикамен, күнделікті өмірмен байланыстыра отырып жасағандығын атап кетуге болады.

Ынтымақтастық атмосферасын құруды үйренді.

Бірлескен жұмысты дамыту үшін не істеуге болатынын ойланып, постерлерге түсіріп, қорғауды, бір-бірінің жұмысына сыни көзқараспен қарай отырып ұсыныс жазуды, бағалауды, өзіне сұрақ қоя отырып рефлексия жазуды үйренді.

W - әлсіз жақтары

«Миға шабуыл» жасағанда мұғалімдер суреттегі және бейнероликтегі көріністерді мектеп өмірімен байланыстыра алмады. Не көріп тұрса, дәл сол сурет аясында пікірлерін білдірді. Қазіргі мектептегі бірлескен жұмыс жайлы, сыныптағы бірлескен жұмыс жайлы байланыстырып айтпады.

О – мүмкіндіктері

Барлық пікірлер бірлескен жұмыс аясында айтылды, бірлескен жұмыс туралы постер жасалды. постер жасау, бір-бірінің жұмысын бағалау барысында бірлесіп жұмыс атқарылды. Тақырыпты мұғалімдер өздері аша алды. Бейнежазбаны тамашалау кезінде, әріптесі өз ойын айту кезінде мұқият тыңдап отырды. Сын тұрғысынан ойланып, жауап бере алды. Рефлексия жасауға дағдыланды.

Т - қауіптері

Коучинг барысында кейбір мұғалімдердің бойынан мұқият тыңдалымның жоқтығын, қызығушылықтың төмендігін, қосымша басқа іспен айналысып



отырғандығын, жауапкершілікті сезіну, терең тыңдау дағдысының төмендігін байқалды.

Болашақта мен мектеп мұғалімдерінің бойында сұрақ қою, терең және мұқият тыңдалымның, жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін, ұйымшылдығын арттыру мақсатында түрлі тренингтік ойындар, ой қозғаушы сапалы видеороликтер, астарлы әңгімелерді көптеп – көлемдеп пайдаланатын боламын және бағдарлама модулдерінің негізінде тақырыптар алып, мектебімде коуч қызметін жалғастыра беремін.



Коучинг жүргізу саласында алған білім туралы рефлексивтік есеп

Коучинг жүргізу туралы идеялар: Мен коучингті жүргізу барысында көптеген дүниелерге көз жеткізген секілдімін. Өзің бәрін жетік меңгерген ойлағаныңмен, қатысушылардың алдына шығып коучинг жүргізу оңай еместігін түсіндім. Коуч болу үшін әріптестерге дұрыс сұрақ қойып, олардың жауаптарын мұқият тыңдап, олармен жақсы қарым-қатынас жасау керек. Коучинг жүргізу арқылы әріптестерім өздерінің оқуын оқушыны оқуына ауыстыруы мектеп үшін маңызды деп ойлаймын. Мен коучинг сабақтарын жүргізу барысында, мұғaлімдерге бағыт беріп, өздерін реттеуі үшін ықпал ететін ең тиімді тәсіл екендігін бaйқaдым.

Менің коучинг өткізудегі мақсатым: мұғалімдерге екінші деңгей курс бағдарламасы туралы мәлімет беру, сонымен қатар коучингке қатысушы әріптестерімнің өзіне деген сенімін арттырып, бойындағы жеке дағдыларды жақсартып, бірлесіп жұмыс істеуге жұмылдырып, қазіргі жұмысы мен болашақ еңбек жолы туралы ойланып, өз тәжірибесіне өзгеріс енгізуге, өз-өзіне есеп беруге ықпал ету болатын.

Мен бірінші коучингті мектеп әкімшілігінің ұсыныстарын және әріптестерімнен алған сауалнамалардың нәтижесін ескере отырып, "Оқыту және оқу үдерісінде компьютерді қолдануға бағыттау" деген тақырыпта коучинг сабығын өткіздім. Ал екінші коучингімді мектептегі мұғалімдердің бірлескен жұмыстың маңыздылығын ұғындыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау арқылы топтағы бірлескен жұмысты дамыту» атты тақырыбында өттім. Коучингтің екеуінде де, алты мұғалімнен қатысты. Олар жаратылыстану және гуманитарлық пән мұғалімдері, биология, тарих, география, ағылшын тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Бүгінгі таңдағы мұғалімдердің алдында отырған балаларды болашақта – өз бетімен әрекет ете алатын, өз бетімен талдау, жинақтау жасап, бағалай алатын, ойын ашық түрде еркін жеткізе алатын, білімді, мәдениетті, шығармашыл, қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыруымыз керек.

Осы мақсатпен мектептегі тәжірибемнің алғашқы күндері кіріспе коучинг өткіздім. Әріптестеріме кіріс ІІ деңгейпе коучинг барысында бағдарламасының мақсатын, міндеттерін таныстырып өттім. Блум таксаномиясымен ОМЖ, ҚМЖ жоспарларын қалай түзу керектігін көрсеттім. Коучинг деген не? Коуч деген кім? Деген сұрақтарға толық түрде мәліметтер бердім. «», «» атты видеороликтерді көрсетіп талқылаулар жасадық.


Оқушыларды оқыту

Сабақ - мұғалімнің кәсіби шеберлігінің көрсеткіші. Л.С. Выготскийдің айтуынша: «Баланы қандай да бір іс –әрекетке шақырғың келсе ең aлдымен, оны қызықтыру керек, оның осы іс-әрекетке әзір екенін, осы іс-әрекет үшін қажетті барлық күш жігерінің жиналғанын, балaның өз бетінше әрекет ететінін, мұғалім тек оның іс-әрекетін басқарып, бағыттaйтын болады, осының бәрін анықтап алу керек». Сондықтан да ең алдымен оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тудыруға, білуге деген ынтасын арттыруға айырықша көңіл бөлу керек екені сөзсіз.

Өзімнің жоспар бойынша өткен төрт сабағымда да, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, топтық жұмыста оқушыларға сұрақтар беріп, сыни ойлау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге, сонымен бірге өз бетінше оқып, өзара оқытуға, достарының пікірлерін тыңдауға үйретіп отырдым. Сабақтарда ынтымақтастық атмосфераны, сергіту сәттерін пайдаланы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып отырдым. Өзім оқушылардың ойымен санасып, оларды дұрыс шешімге бағыттап отырдым. Оқушылар бірін–бірі, өздерін шынайы бағалауға бағыттап, өзіндік реттелуіне ықпал еттім. Соңғы сабақтарымның нәтижелері шығар ұяң мінезді оқушылар да топтық жұмыста өз ойларын айтуға, жеке жұмыстарды өзбетінше орындауға дағдыланды. Сабақ сайын балалардың қызығушылықтары артқанын байқап отырдым, ал бұл мен үшін үлкен жетістік.


Ересектер коучингісі

Ересектерді оқытқанда балалармен жұмыс істеу әлде қайда оңай, әрі қызық екенін байқадым. Коуч ретінде теориялық білімділікпен қоса, шебер ұйымдастырушы болу және таңдап алынған тақырыптың негізгі идеясы мен маңыздылығын ұсына білу керек екенін түсіндім. Себебі, коуч ретінде мен әріптестеріммен жұмыс жасау кезінде оларды үйрету үшін өзім сол тақырып көлемінде ғана емес, жан-жақты білімді болу керек екендігін байқадым. Мәселен, екі сабақты өткізу үшін мұғалімдердің қызығушылығын арттыруда тренингтер өткіздім, жаңа тақырыптың негізгі идеясын ашуда тиімді әдіс-тәсілдерін іздестірдім, сабақтың соңында кері байланыс пен рефлексия жүргізіп отырдым.

Ересектермен жұмыс жасағанда оларды топ ережесіне бағындыру, оларға басшылық жүргізу және жасы үлкен мұғалімдердің қатып қалған көзқарастарына өзгеріс енгізу мен үшін қиын екенін түсіндім, себебі ол мұғалімдер дәстүрлі сабаққа қалыптасып кеткен. Бірақ, жұмыс жасау кезінде олардың сыртынан бақылау жүргізген кезде, олардың балалар сияқты ізденіп, өзіне маңызды ақпарат алуға тырмысып, тапсырмаларды дұрыс орындауға, өздері істеген жұмыстарын қорытындылап, бір–бірінің жұмыстарын бағалауда әділ болуға тырысқан кездері мені қуантты. Бұл ересектер коучингісін жүргізу барысында кейбір мұғалімдердің бойында терең, мұқият тыңдалымның аздығын байқадым.


Мұғалім ретінде өзім туралы:

«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістігін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.» деп Strong, Wаrd айтқандай, ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек? сұраққа жауап іздейік. Менің пайымдауымша, мұғалім – бай пәндік білімімен қатар, терең технологиялық біліммен қаруланған, жаңа әдіс-тәсілдерді терең меңгерген, баланың жан дүниесін ұғынатын көшбасшы тұлға болуы керек. Мишра мен Кёлер айтқандай: "Барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейлі кәсіпқой болып табылатынын. Жекеленген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет етеді және оқыту мен оқу үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын" (МАН, 114 б.) ескеріп, өзіндік мақсаты бар, ұстанымы берік, көзқарасы дұрыс, қабылдаған шешімдері нақты және өз іс-әрекетімен үйлескен жоғары деңгейлі мұғалім болуымыз қажет деп ойлаймын. Енді мұғалім ретінде өзім туралы айтар болсам, бүгінге дейін жинақтаған тәжірбиеме өзгерістер енгенін көрдім. Сабақ мақсатын SMART-қа салуға, сабақ жоспарларын Блум таксаномиясына салып құруға жаттықтым, сабақты жеті модульді ықпалдастырып, белсенді әдіс-тәсілдер арқылы, қалыптастырушы бағалауды енгізіп өтуді меңгердім. Өз бойымнан коучқа тән дағдыларды қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Сұхбаттасуда ашық сұрақтар қоюға дағдыландым. Өзімнің әрбір іс-әрекетіме есеп беруге, ойлануға дағдыландым. Бойымда көшбасшылықтың пайда болғанын сезіндім.

Коуч ретінде өзім туралы:

Мектептегі тәжірбие кезеңінде өзім еңбек ететін мектепте коуч ретінде екі коучинг өткіздім. Екінші деңгей бағдарламасының негізгі міндеттері болып табылатын мұғалімдерді оқытуды басқарудағы коучинг әдісі өте маңызды, өйткені өзара ынтымақтастықта топтарда бірлесіп оқу және жұмыс жасау өте қолайлы және ұтымды екеніне көзім жетті.

Өйткені сабағыма қатысқан әріптестерімнің кейбірі менен жұмыс өтілі бірнеше жыл көп, жоғары санатты мұғалімдер болды. Коучинг сабағын өткізу барысында өзімнің ұйымдастыру қабілетім артты, әрбір адамның пікірінің құнды екенін, әрбір адамды формативті бағалаудың мәнінің зор екенін түсіндім. Топтық жұмыс өткізу арқылы олармен бірлесе жұмыс жасауды дамытуды, топқа бөлініп оқытудың тиімділігін, құндылықтар, ұстанымдар мен іс–әрекет түрлерінің қалыптасуы туралы білімімді дамыттым. Және келешекке осы құндылықтарды өзіме азық етемін деген ой түйдім.

Өз коучингімді болашақта қалай жақсартатыным туралы нені

зерделедім?

Болашақ жоспарым туралы айтатын болсам, мектеп әкімшілігімен және деңгейлік оқу оқып келген әріптестеріммен ақылдаса отырып, мектепте бірлестіктер бойынша коучингтер өткізу туралы ойландым. Блум таксаномиясына ОМЖ, ҚМЖ жоспарларын түзуге, сабақтарына 7 модульді ықпалдастыра енгізген мұғалімдерге әріптестік көмек көрсетуге бар күш жігерімді саламын.


Болашақта не істеуім керек деген сұраққа :

Болашақта алған мол тәжірибемді ары қарай дамытып, жетілдіріп отыра, жаңаша қолданыста жүзеге асыруды мақсат етіп отырмын. Ол үшін:

Әріптестеріммен етене жақын араласып, түрлі тренингтер ұйымдастырамын;

  • Жеті модульді сабақтарымда пайдаланыламын;

  • Формативті, критериалды және т.б бағалау тәсілдерін сабақтарда тиімді пайдаланыламын;

  • Кері байланыс жасауға дағдыландырамын;

  • Оқушылардың шығармашылығын арттыруына қолдау көрсетіп отырамын;

  • Мұғалімдерге сабақтарында компьютерді тиімді қолдануға үйретемін;

  • Мұғалімдердің ынтымақтастығын нығайту мақсатында мұғалімдердің қажеттіліктеріне қарай бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастырамын.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі