2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Оқыту мен оқуда АКТ-ны тиімді пайдалану

Оқыту мен оқуда АКТ-ны тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
АКТ бойынша мұғалімдерге коучинг өткізуде көмекші болады
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Коучинг

Күні: 07.02.2018

Тақырыбы:

Оқыту мен оқуда АКТ-ны тиімді пайдалану

Модуль

Білім саласындағы жаңа қадам:

«Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану»

Мақсаты

АКТ-ды күнделікті сабаққа қолданудың маңыздылығын, осы құралдар көмегімен балалар әлемін танып біліп, балалардың ойымен ойлай алу қабілетіне ие болуға, олардың ғаламтордағы тіршілігінен хабардар бола білуге және мұғалім жұмысын автоматтандыру үшін арналған тиімді тәсілдерін білдіру, қажеттілігін мойындату.

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер оқушыларды оқытуда АКТ-ды қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігіне көз жеткізеді. ХХІ ғасыр мұғалімдеріне қойылатын негізгі талаптардың бірі екендігін біліп, өз тараптарынан АКТ-ды игеруге бағытталған стратегиялық жоспарларын айқындап алады.

Ресурстар

Интерактивті тақта, маркер, қалам, топтардың аттары, сабақтардағы АКТ қөмегімен қолданылған әдіс-тәсілдер фрагменттері, бейнебаян.

Коучинг барысы: Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында (Н. Ә. Назарбаев)

Коучингті өткізу кезеңдері

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-ірекеті

Бағалау

Коучтың кіріспе сөзі.

Ұйымдастыру бөлімі

3-минут


Орамаларына әр түрлі операторлардың атаулары жазылған конфеттерді алып,3 түрлі топқа бөлу.

  1. Beeline

  2. Active

  3. Tele 2

Мұғалімдер ұялы телефондардың қызмет операторлары бойынша 3 топқа бөлінеді.

Тақырыпты ашу қолайлығын көрсетеді.

Тренинг (жағымды психологиялық ахуал орнату)

3-минут





Әр оператордың атының әріптеріне сәйкес топтағы көршілес мұғалімнің жағымды қасиеттерін 3 тілде айту.

Мысалы: А- ақылды,аккуратный, к- керемет, креативный, б – батыл, богатый , т.с.

Коуч айтқандай барлық мұғалімдер көршілері туралы мәлімет айтып, кейбіреулері таңырқап қалады. Осы ойларымен бөліседі.

Бір-бірінің жақсы қасиеттерімен таныс болады.

Білу

15-минут

Тапсырма №1

https://bilimland.kz/kk#lesson=11892

бейнебаян көрсету

Тақырыптың өзектілігі мен қажеттілігін дәйектеу. АКТ –ның оқу мен оқытудағы алатын орны.

АКТ қажеттілігі мен маңыздылығы туралы Веер әдісі бойынша пікір талас жүреді:

1. АКТ құралдарын сабақта тиімді пайдалану дегенді қалай түсінесіздер?

  1. Сіздің ойыңызша сабақтың қай кезеңінде АКТ қолдану тиімді болады?

  2. 3. АКТ қолдануда туындайтын негізгі кедергілерді атаңыз?

«АКТ-ны қажеттілігіне қарай қолданамын, тиімділігіне қарай қолданамын» деген қалыптасқан дәстүрлі пікірлерін дәлелдейді.

Түсіну

25-минут

Тапсырма №2

https://prezi.com/hm7zvdjb0f1x/presentation/

Теориялық бөлімнен практикаға көшу ұсынылады: 1-топ: Күнделiк сайтына кіріп,топтағы әрбір мұғалім Excel бағдарламасының әрбір бетіне өз пәнінің 2-тоқсандағы журналын экспорттасын және диаграмма жасасын.

2-топ. АКТ құралдарының ішінде ұялы телефонды пайдаланып, өздерін суретке түсіріп, сол суреттермен презентация жасау

3-топ. Интернет желісін пайдаланып “Рухани жаңғыру” тақырыбына презентация жасау.

Орындалған тапсырмаларын мектеп почтасына жіберсін.

Топ мүшелері ақылдасып, өз ойларын түйіндеп, тапсырмаларын қорғайды.

Shape1


Әр топ берілген крийтерилер бойынша бір-бірін бағалайды.

Shape2


Сергіту сәті

5мин

«Орын ауыстыру» ойыны.

Мұғалімдер шеңберге тұрады. Қандай да бір ортақ қасиетіне байланысты орындарын ауыстырады.


Қолдану

15мин

Тапсырма №3



Ең үздік білім парталына жарнама жасау. Тапсырмаларды видеодан мектеп оқушылары ұсынады.

1-топ: bilimland.kz

2-топ: Imекtер

3-топ: Itest

Мұғалімдер постер, презентация, онлайн түрде, өлең шумақ, ән шумақтарымен еркін түрде жарнамалайды.


Талдау

Жинақтау

5-минут

«Интервью» әдісі.

Тележүргізуші әр топ мүшелерінен бүгінгі тақырып туралы интервью алады.

1.Қолыңыздағы ұялы телефонды қалай үйренгеніңіз туралы айтып беріңізші?

2. Компьютерде жұмыс істеуді «компьютерлік сауаттылық» сертификатын берген орыннан біліп шықтыңыз ба?

3.Компьютерді оқып үйрену үшін күнделікті бір сағат отырған тиімді ме, жоқ әлде арнайы курстарға барған дұрыс па?

4.Интерактивті тақтаны ашық сабақтарда ғана қолданған тиімді деп ойлайсыз ба?

5. Мұғалім жұмысын автоматтандыру керек пе, жоқ әлде қағазға жазған тиімді ме?

6. Электрондық оқулық қолданасыз ба, оны жасау ойыңызда бар ма?

Мұғалімдер компьютер мен интерактивті тақтада жұмыс істеуді үйрену немесе оның мүмкіндіктерін күнделікті пайдалана алуға дағдылану өз қолдарында және оған күнделікті бір сағат уақыт бөліп, проблемалық сұрақтарға қарай

іздену керектігін айтады.

Басбармақ арқылы маңыздылығы мен қажеттілігін бағалайды.

Shape3

Бағалау

3-минут

Кері байланыс

«Өрмекші» әдісі бойынша жұмыс

Әр топқа жіп таратады.


Әр топ алған білімдерін тоқиды. Желілік қауымдастық түрінде қалыптасуды алға мақсат етіп қояды.

  1. АКТ-ның тиімді жақтары?

  2. АКТ-ның адам өміріне зияны?

  3. Бүгінгі коучинг жұмысына баға беріңіз?


Shape4



22 Қаңтар 2019
767
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі