жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Зайсан ауданы әкімдігінің «М.Әуезов орта мектебі» КММ
«Оқыту мен оқудағы
жаңа әдіс-тәсілдер»
Қатысушы: Изетова Арай Мұратқызы
Тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер»
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Мекеме: Зайсан ауданы әкімдігі «М.Әуезов орта мектебі» КММ
Email: izetovaa@mail ru.
Телефон: 8-775-894-64-81
Тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.
Мақсатым: «Нәтижеге бағытталған оқытудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдана отырып, сапалы білімге қол жеткізу және шығармашылыққа баулу, дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру»
Міндеттерім:
-Оқытудың әрбір кезеңінің жылжуда болуын қамтамасыз ету.
-Тиімді әдістерді тәжірибеге енгізу үшін шығармашылықпен жұмыс істеу.
-Көшбасшылығымды барлық қырынан дамыту.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
«Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының
негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің
белгісі. Бәрімізді бүгінгі таңда
алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Бүгінгі
таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды
қолдануды талап етеді. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек
біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта
отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру, бiлiм беру
саласында инновациялық үрдiстi жүзеге
асыру..
Атап айтсақ, инновация білім
беру процесін өзгертуге бағытталған педагогикалық жаңалық.Жаңалық
енгізу мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет. Осы орайда
инновациядағы мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін компоненттерді
атап айтқым келеді.
Ақпараттық(қабылдау, жүйелеу, талдау, тарату)
Зерттеу(проблема туғызу,жоспарлау,эксперимент, қорытынды)
Интеллектуальды(жүйелеу, жалпылау, талдау, салыстыру)
Приативті(елестету, топтастыру, әсірелеу, қайта түзеу, жаңа түрлендіру) Диагностикалық(диагностикажүргізу, тәртіін білу) Болжау(мақсат қою,соңғы нәтижені болжау) Коммуникативті(байланыс орнату) Аксиологиялық(өзін-өзі ұйымдастыру) Басқару(мәлімет беру, ынталандыру, қадағалау) Жобалау(мақсат қою, жоспарлау, жобалау, модельдеу) Инновациялық(нәтиже жинау, өңдеу) Орта білім беру жүйесінде жоғары деңгейге қол жеткізген , яғни оқушының өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру, оқушы мен мұғалім арасына ынтымақтастық орнату , өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпал тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, өмірлік ұстанымды, көшбасшылық негіздерін қалауда 7 модуль әдіс-тәсілдері тиімді.
1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдері . Сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге, уақытқа бағыну, постер қорғату. Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты.
2-модуль. Сыни тұрғыдан ойлау модулі. Бұл жаңаша әдіс – тәсіл арқылы оқушының өз ойын суреттеу арқылы ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті дамиды. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты қағидаларының бірі шәкірттердің әр сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:
3-модуль. Оқыту үшін және оқытуды бағалау. Бұл әр сабақтың соңындағы оқушылардың білімдерін тиянақтау жиынтығы. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады
4модуль.Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
АКТ-ны пайдалану үстіндеОқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады
5модуль.Талантты және дарынды балаларды анықтау. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6- модуль. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
Күнделікті сабақ өту барысында деңгейлік ерекшеліктері әртүрлі оқушыларды бір топқа бөлу қарастырылады және осы оқушылар үшін деңгейлік сұрақтар дайындалады. Оқушыларды мұндай тәсіл арқылы топтастыру оқушылардың когнитивтік дамуына байланысты жүргізіледі. Когнитивтік даму- баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Сондай-ақ, бұл оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру негізі болып табылады. Оқытудың мұндай түрі оқушылардың зейінін тұрақтандыруға және шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға негізделеді
7модуль.Оқытудағы басқару және
көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды
таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа
негізделеді.Мектеп жұмысының бағдарламасына
балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар
кіреді.
Ол үшін мынадай мақсаттар қою шарт:
-
Мен … жақсартқым келер еді.
-
Мен … жаңа тәсілін әрі қарай дамытқым келеді.
-
… үшін мен стратегиялар жасар едім
-
Мен біздің … тәсілді өзгертер едім.
Яғни, соңғы модуль мұғалімнің жұмысын дамытуға бағытталған. Дамыту жұмысының мақсаты:
-
жақсарту
-
дамыту
-
өзгерту
Жаңаша білім беру – жаңа білімді өз бетімен игеру дағдыларын меңгерген, шығармашылық қабілетті, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, проблемалық ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздегендіктен мен бүгінгі жобаға 1-ші модулді «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»
Неге осы модуль менің қызығушылығымды оятты?
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді, яғни «Диалогтік оқытуды» және сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді өз шығармашылығымда күнделікті қалай қолданып жүрмін, шығармашылықпен айналысу, дарынды оқушылар тобымен жұмыста нәтижеге қалай қол жеткіздім, осы тұрғыда өмірмен байланыстыра отырып, өз идеям мен өз іс-тәжірибемді ортаға салмақпын.
Балалар белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрену» , себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. (МАН – 12б) Оқушылар қалай оқу керек екендігін түсінеді. Сонымен қатар бұрын алған білімдерін ой елегінен өткізе отырып, сабақта алған білімдерімен салыстыра алады, жүйелейді, қорытынды жасауға дағдыланады.Олардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті артады. Сабақ барысында бір-бірімен ой-пікір бөлісуді, айтқан пікірлерімен санаса білуді, ақылдасуды, санасуды, келісімге келе отырып, түсінбегенін мұғалімнен емес сыныптастарынан, достарынан көмек алуды үйренеді.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті дамып, шығармашылыққа, ізденуге бағытталған тапсырмаларды орындауда қолданатын креативті тәсілдерді шеше білуге машықтанады. Сонымен тапсырмалар бойынша постерге құрастырып, қорғай бастағанда топтар жинақылық таныта бастайды. Осы жерде оқушылардың ұтымды жауаптарын бақылай отырып, сыни тұрғыдан ойлаудың ұтқырлығы мен диалогтік оқытудың өздігінен кіріктіріліп ықпалдасып жатқандығы көрінеді.Оқушылардың сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысуы, маған балалардың білімге, зияткерлік ойлауларға, сабақ үстіндегі танымдық әрекеттерге деген ұмтылыстарының жоғары бола алатындығы көңілімнен шығады.Диалогтік оқытудағы кей әдіс-тәсілдерге тоқталсам,
Ең алдымен
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда
көбінесе шаттық шеңберінде «Жақсы тілек тілейік» , «Күн сәулесін шашады», «Аяқталмаған
сурет», «Мен қандаймын», «Жүректен жүрекке» , «Тілек гүлі»
тренингтерін өткізу арқылы оқушыларды сабаққа психологиялық
тұрғыдан дайындап, көтеріңкі көңіл-күй орнатып, топ ережесімен
таныстырып, топқа бөліп аламын.(Тілек гүлі атмосферасын аудиторияға
орнату)
Сұрақтар шеңбері әдісі арқылы әр топ бір-бірлеріне қарсы тұрып (бір оқушыдан шығып)өткен материалдардан түрткі сұрақтар қояды.Себебі, оларға сұрақтарды әзірлегенде олардың алдыңғы сабақтардан алған білімдеріне сүйене отырып, жаңа тапсырмаға жақсы көңіл-күймен, ынтамен кіріседі.Бұл оқушылардың өзін-өзі ынталандыра алуына, осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылықтың пайда болуына септігі тиеті сөзсіз.Қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытумен қоса, өздерін және өзгені бағалай білуге, бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуге, ойын жинақтап, сұрақты мұқият тыңдап, сұраққа нақты да толық жауап беруге машықтанады.
Диалогтің «оқушы-оқушы» жағдайындағы жұптық әңгімеде оқушылар «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясын қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінуге,бірге оқуға сыни ойлауға жету үшін бір-бірін ынталандырып, бір-біріне жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарға толықтыруларын жасайды. Сонымен қоса, бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге, талдауға дағдыланады.
Өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруда сабаққа таңдалып алынған тапсырмалардың ықпалы зор. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді. Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасау үшін талдау кестелерін толтыру тапсырмаларын берген болатынмын. Және де оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру мақсатында оңайдан күрделіге қарай құрастырылған кеңейтілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде ұсындым. Тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік алғаннан көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктерінің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай жасалды. (Wells, 1999).
Белсенді әдісті топтық сурет бойынша әңгіме құрау барысында оқушылардың бір-бірінің айтқандарын тез ұғатындары,оқу барысында оқу дағдыларының жетілетіндігі, қарым-қатынас кедергілерінің жойылатындығы анық. Жалпы белсенділікке жетелейді, шапшаң оқуға машықтануға көмектеседі.
Бірлескен сұқбат әдісінде топтағы пайымдаулар, білім берудің диалогтік тәсілдерін дамыту, сындарлы сөйлеуіне ынталандыру, білімге құштарлығын ояту, кез келген жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы және өзгелер арасында серіктестік құру арқылы ой бөлісетіндігін дамыта алдым.
Аквариум стратегиясы арқылы әр топтан бір-бірден оқушы шығарып, мәтіннен ұққандарын мазмұндатамын. Ұққанын айтып, дәлелдеп, талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастырады.
8 бұрыш ішінде стратегиясы арқылы ойлаудың сегіз жолына жеке жұмыс түрлерін беремін.(Кілт сөздерге сай келетін деректер тауып жазады.)Бұл жерде оқушылардың пән аралық байланыс қалыптасып, тікелей өмірмен байланыс жүргізуге де болады.
Өздеріне бұрыннан таныс ақпараттың тізімін дәптерлеріне жазу, содан соң жұпта талқылау, топта жазу үшін «Кең ауқымды дәріс» стратегиясы да тиімді. Осылайша оқушылар арнайы сұрақтардың жауаптары төңірегінде ой бөлісіп,бірінің білмегенін бірі толықтырып,сабаққа қаншалықты қатысқандарын байқатады.
Зерттеушілік әңгіме оқушыларға сыни сұрақтар қою барысында, сондай-ақ жұптық, топтық жұмыстарда жүзеге асырылады. Бір байқағаным, зерттеушілік әңгімені қолдану үшін ең әуелі сол жүмысқа қызықтыра білу керек. Топтағы әр бала өз ойын ортаға алып, «сондықтан», «егер де» деген сияқты сөздерді қолдана отырып, талдаулар жүргізеді. Кейбір істеген қылықтарымның дұрыс емес екендіген түсіндім - деп жауап берді. Міне, осындай топ арасында талқылаулардан кейін оқушылардың сабаққа деген ынталары артып, үнемі жаңа бір идеяларды айтуға ұмтылатын, соның нәтижесінде өзіндік пікірлері қалыптасқандарын байқадым.Сабақ соңында қорытындылау кезінде Бес саусақ ,Кезбе тілші әдістері арқылы «Нені білдің?» «Тағы не білгің келеді?» «Бүгін қандай тақырып өттік?», «Балаларға көмегің тиді ме?», «Сабақтың ұнамаған жағы болды ма?» «Бүгінгі сабақ жайлы өз пікірің?» т.б. сұрақтарға жауап аламын және өз ойын білдірудегі «Екі жұлдыз,бір тілек» әдістері оқушы қызығушылығын арттырары сөзсіз. Әр тапсырма орындалған сайын оқушылар ынталандырылып, «Үш шапалақ» , «Бас бармақ»әдісі арқылы бағаланады.Сабақ соңында Бағдаршам әдісі арқылы да бағаланады. Қорытындылай келе, бірден диалог көрініс тапты деп айта алмаймын. Оқушылардың алғашқы әрекеттерінде ортақ келісімге келе алмай, әдетінше қысқа жауап қайтарып жатқандықтары байқалды.
Нәтижесінде осы модуль идеялары негізінде орын алған сәтті тұстарым:
- Оқуға деген қызығушылықтары арта түсті;
- Ашық сұрақтарға жауап бере отырып, сыни тұрғыдан ойлана бастады;
- Ортақ идеяларды біріктіру арқылы, пікір алмасты;
- Ойын жинақтап, әрекеттерін жүйелеуге және бағыттарын анықтауға мүмкіндік алды;
-Шынайы бағалауға үйренеді.
-Оқушы шығармашылығы арта түсті.
І тоқсанды аяқтау
деңгейлерінің қорытынды мониторингісіне тоқталсам, үлгерім 100%,
сапа көрсеткіші 91 %
Қорытындай келе осы сыныбымдағы былтырғы оқу жылынан бергі нәтижеге бағытталған оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді шығармашылық тұрғыда қолдана білуімнің дәлелдемелері ретінде оқушыларымның аудан,облыс деңгейінде алған жетістіктерін көрсете аламын.
Биылғы оқу жылында «Зерде» ғылыми зерттеу жобасының аудандық кезеңінен «Мысық» тақырыбында Бақтыбаева Ақбаян жүлделі ІІІ орынға ие болды.Өткен оқу жылында облыстық «Балапан» зияткерлік конкурсынан жүлделі ІІ орынды Бауыржанқызы Айша , ІІІ орындарды Әділбек Кәусар, Кусайнова Ажар иеленді.
Облыстық зияткерлік сынып бойынша «Тілашар» конкурсынан Валеология пәні бойынша жүлделі І орынды Болат Әмина, Математика пәнінен ІІІ орынды Темірғалиева Інжу, Тілашар пәнінен ІІ орынды Мұрат Еркенұр иеленіп қайтты. Сонымен облыстық Драматизация конкурсынан «Үздік қойылым» атағын иеленсек, қоян ролін сомдауда «Үздік ролді сомдаушы» атағымен Мұрат Еркенұр иеленіп қайтты.
«Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей;
-
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 3-деңгей
-К. Дайрабаев, А. Дайрабаева Педагогика негіздері
-Интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы 2013

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген