400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жанысбаева Перизат Омирбековна «Тиімді оқыту мен оқу» А есебі

3-топ Мұғалім портфолиосы

ПШО-ның Тараз филиалы 3.10.2016 жыл



Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасынан күтілетін нәтиже-оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы,сенімді,сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптасуы[1,4-бет].Себебі бүгінгі күні білім беру жүйесінде үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым- қатынас арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан «Тиімді оқу мен оқыту» бағдарламасын басшылыққа ала отырып,теориялық білімімді мектептегі тәжірибемен өзара әрекеттестіру мақсатында 11-12 жас аралығында оқитын 5-сынып оқушыларымен әдебиет пәнінен «Ертегілер» тақырыбы бойынша тізбектелген орта мерзімді сабақтар топтамасын жоспарладым. Тізбектелген сабақтар топтамасының аясында ертегілер туралы білу, басқа ертегі түрлерімен айырмашылығын ажырату, мазмұнын түсіну, өмірмен байланыстыру, ертегінің құрылысына талдау жасау туралы сөз болады. Осыған сәйкес оқу мақсатым - оқушылар қиял-ғажайып ертегілерді басқа ертегі түрлерімен салыстырады; мазмұнын меңгереді, талдау жасайды; кейіпкер бейнесін ашып, дәлелдейді; құрылысына талдау жасап, тұжырымдайды. Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.[1,86-бет] Оқу үдерісінде ертегі түрлерінің ерекшелігін меңгерте отырып, ортақ мақсат бойынша күтілетін нәтижем төмендегідей: топпен жұмыс істеу барысында тақырыпты түсінеді; ынтымақтастыққа үйренеді, жеке көзқарастары қалыптасады,ертегінің ерекшелігін аша біледі; ертегілерді басқа ертегі түрлерімен салыстырады және бір-біріне баға береді,талдайды,өмірмен байланыстырады. Сындарлы оқытудың негізгі міндеті оқушыға жүктеліп, мұғалім бағыт беруші, жетелеуші ретінде рөл атқарады.[3,32-бет]Сондықтан тізбектелген орта мерзімді сабақтар топтамасын жасауда мыналарға ерекше мән бердім. Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы; әрбір жоспарланған сабақтың мақсатын қоя білуді; жеті модульдің әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды;оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін белгілеу;осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын анықтау; оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету; барлық оқушыларды сабақта қамту үшін стратегиялық жоспарлауды[1,85-бет]ескердім.Оқу үдерісінде оқушыларға оқудағы кедергілерді жеңуге көмек беру жолдарын да қарастырамын.Оқушылар шығармада кездесетін кейбір сөздердің (тағылым,құдірет,күлдіреуіш,құбыжық,інген,жұт) сөздерінің мағынасын түсінбейді.Осы кедергіні шешу үшін түсіндірме сөздігін пайдаланамын. Бұдан әрі тыңдау,оқу, жазу, айту және жаңа лексикалық бірліктерді зерделеу дағдылары кезек- кезек қарастырылатын болады. Егер сіз мұны тек қана бір сабақта істесеңіз,онда оқушылардың көпшілігі бұл туралы ұмытып кетеді,тек бір-екеуі ғана есте сақтап,сабақта қолданады. [2,2-апта]Сондықтан оқытуда кездесетін кедергілерді әр сабақта анықтап отырамын. Осылайша оқу үдерісінде 7 модульдің әдіс- тәсілдерін бір -бірімен байланыстыра отырып, балаларды сыни тұрғысынан ойландыруға болады.Оқытуда оқушылардың жекелеген жұмыстарын қамтамасыз ету үшін «Қалам ортада», «Миға шабуыл», «Сиқырлы микрофон», «Доп ортада», «Серпілген сауал» стратегияларын қолдануды жоспарладым.Себебі оқушылар бұл әдістер арқылы өздерінің жеке білімін айқындайды. Ал жұптық жұмыстар үйренушілерде бірлік, бірегейлік сезімдер қалыптастырып,сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады[3,51-бет].Сондықтан оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарын қамтамасыз ету үшін «Ойлан,жұптас,талқыла», «Рөлдегі оқушылар», «Венн диаграммасы», «Концептуалды кесте», «Пирамида» сияқты әдіс-тәсілдерді қолдануды көздедім. Себебі әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді.Сондықтан топқа бөлудің қызықты әрі танымды тәсілдері олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады,араларында бір-біріне деген жылы сезімдер орнайды[3,52-бет]. Аталған әдіс-тәсілдерді « Ертегілер», «Ер Төстік», «Кейіпкерлер әлемі», «Ертегінің құрылысы» тақырыбындағы тізбектелген сабақтарымда пайдаланамын. Осы орайдағы негізгі мақсатым – оқушылардың ойын ашық жеткізуге,еркін пікір білдіруге,ынтымақтастық ахуал тудыруға мүмкіндік жасау.Сондықтан мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орындалатын жұмыс барынша күрделі және әр түрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оқушылардың бойында бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім береді.Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады[1,31-бет].Оқу үдерісінде оқушылар топта жұмыс істеуді, бірлескен жұмыста ортақ жауап табуды, өзін-өзі реттеуді, өзін және өзгелерді бағалауды үйренеді.Сондықтан жаңа тақырыпты игерту үшін «Ойлан,жұптас,талқыла» әдісі арқылы оқушыларға тақырыпты топтасып, жұптасып талқылауды тапсырамын.Себебі оқу үдерісінде оқушылардың өзін-өзі реттеуі үшін топтық, жұптық жұмыстың орны ерекше.Тапсырманы жұптар арасында талқылағаннан кейін топтар арасында ойларын нақтылайды.Нәтижесінде берілген тапсырманы оқушылар бір-біріне түсіндіріп,талдап,ынтымақтасты түрде тиянақты орындайды. Әр топ мүшелері өз ойын еркін жеткізеді.Топтар арасындағы мұндай талқылаулар оқушылардың өз ойларын дәлелді түрде жеткізуге, сыни көзқарастарының қалыптасуына ықпалын тигізеді. Басқа топ мүшелері толықтырулар енгізіп, өздерінің қосатын ұсыныстарын айтуы мүмкін.Алғашқы сабақтағы топтар арасындағы талқылау кумулятивті әңгіме барысында жүзеге асады.Аталған әңгіме барысында оқушылардың айтылым,тыңдалым,оқылым,жазылым сияқты дағдылары қалыптасады. Қиял-ғажайып ертегісін басқа ертегі түрлерінен айырмашылығын салыстыру мақсатында «Венн диаграммасы» әдісін пайдаланамын. Әр топ ертегі түрлерін шеңберде салыстырып, өз идеяларын ұсынады.Бұл әдісті қолданған себебім: оқушыларға мағынаны таныту, ертегілердің ерекшелігін саралай білу. « Рөлдегі оқушылар» әдісі бойынша оқушылар рөлге еніп, ертегінің мазмұнын баяндайды, бір-біріне сұрақтар қояды,қиындық тудыратын сөздерге талдау жасайды , тақырыпты сыни тұрғыдан ойлана отырып, өмірмен байланыстырады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың ұйымшыл, алғыр, белсенді болуына ықпал етеді. Шығармашылық қабілеттері дамиды.Бұл сабақта оқушылар білімді бірлесіп алуда зерттеушілік әңгіме арқылы ой өрбітеді.Себебі зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар ұжымдық білім мен түсініктерін қалыптастырып,сөйлеу,тыңдау дағдыларын дамытады.Бір-бірінің идеяларын талқылайды,баға береді,бірге ойланады.Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды,мағынаны тану үшін саналы түрде стратегиялар қолданады[1,49-бет].Сондықтан бұл сабақта оқушылардың еркін сөйлеуіне, сыни көзқарастарының қалыптасуына, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасай отырып, дүние танымының кеңеюіне де ықпал етемін.Танымдық даму- баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті[1,56-бет]. Осыған сәйкес оқу үдерісінде қолданылатын тапсырмаларды балалардың жас ерекшелігіне сәйкес таңдап алып отырамын.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін «Концептуалды кесте» әдісін таңдап алдым. Мұнда оқушыларға белгілі бір дәлелдерді талқылап,талқылауды қажет ететін тапсырмаларды тапсырамын. Оқушыларға талдау жасата отырып, мына мақсатты негізге алдым: оқушылардың қиял,шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Өйткені оқу үдерісінде оқушылардың топқа бөлініп,өзара әрекеттестікте бірлесіп жұмыс атқаруы, диалог арқылы ой бөлісуі,сыни тұрғыдан өз көзқарастарын білдіруі олардың логикалық ойлау,жағдаятты шешу сияқты дағдыларын қалыптастырады. Аталған тапсырмалар олардың өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды деп ойлаймын.Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады.[1,66-бет].Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жоспарларын өзгертуге болатындығына бастауыш буында жүргізілген шағын зерттеулерден дәлелдер келтіреді. Осы әдісті іс- тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын кеңейте отырып,бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасайды[1,69-бет].Себебі басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған,олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп,қабылдай алады[1,67-бет]. Оқыту үдерісіне дарынды және талантты оқушыларды тарту әдістерінің бірі-саралау тапсырмалары. Мұнда оқушыларға өз деңгейі бойынша жекелеген,жұптық,топтық тапсырмалар беру арқылы логикалық дарынын дамытуға тырысамын.Мұндағы мақсатым-берілген тапсырмаға талдау жасата отырып,жағдаяттарды нақты және дұрыс шешуге ұмтылдыру,дәлелді ой айта білуге жұмылдыру.Өйткені білім дайын түрде берілмейді,білімді күмәнданып қабылдау: бұл ұстаным диалогтық қарым- қатынас, сыни көзқарас пен шығармашылық белсенділікке негізделеді[3.39-бет].Мұнда бала өз мүмкіндігін сезінеді әрі өзіндік «мен «-і қалыптасады,бір-біріне баға береді.Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Бағалауды Реформалау Тобы(2002а)оқу үшін бағалауға мынадай анықтама береді:Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.[1,53-бет]Бүгінде бағалау тек мұғалім тарапынан жүзеге асырылмай, оқушылардың өзін- өзі және бірін- бірі бағалау жағына ойысқан[3,91-бет].Жұмысқа баға қоюмен ғана шектеліп қалмайтын оқушыларды өзін-өзі бағалауға ынталандырудың көптеген тәсілдері бар[4,61-бет].Сондықтан өзіндік бағалау бойынша «Күлегештер»,«Алақан-жұдырық»әдістерін оқу үдерісінде қолданамын деп жоспарладым.Өзара бағалауда «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Басбармақ»сияқты түрлерін қолдануды көздедім.Себебі тақырыпты қаншалықты түсінгенін байқау үшін оқушыға «Өзіндік бағалау», « Өзара бағалау»әдістері өте тиімді деп ойлаймын.Осыған сәйкес балалар өздерінің артықшылығын біле отырып,жіберген қателерін анықтайды, бір-бірін бағалайды. Келешекте жіберген қателіктерін жібермеуге тырысады. Үш сабақта қолданған әдіс-тәсілдерімнің тиімділігін нақтылау барысында сабақты қорытындылау үшін төртінші сабағымның екінші тармағында оқушылардан тақырыптық тест алынады.Себебі мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады.Оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну олардың бұдан былайғы оқуда алға ілгерілеуінің ажырамас бөлігі болып отырады. Өзара бағалау оқушыларға бір-бірімен өзара оқуға және бір-бірін өзара қолдайтындай,қажетті кері байланысты орнатуға көмектеседі.Кері байланыс – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі.Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады: әрекеттерді түзету мен реттеу,тұлғааралық қатынастарды реттеу, өзін- өзі тану құралы.[3,66-бет]Сондықтан кері байланыс алуда «Сұрақтары бар қорап», «Табыс сатысы», «Шеңбердегі доп», «Екі жұлдыз,бір тілек» атты тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтаймын.Мұндағы мақсатым- жасалған істі бағалау емес, не жасалуы керектігін білу, көрсетуді ескеру.Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады[3,67-бет].Тізбектелген сабақтар топтамасының кіріспе сабағының тақырыбы: «Ертегілер».Мақсатым- қиял- ғажайып ертегілерінің басқа ертегі түрлерінен айырмашылығын білу,ерекшелігін түсіну.Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып,өткен сабақтар бойынша сұрақтарға жауап ала отырып, түтікшелер арқылы 3 топқа бөлемін.Себебі адамның санасы тек басқа адамдармен қарым- қатынаста ғана дамиды, тек қарым- қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі.[3,51-бет].Алдыңғы тақырыпты жаңа сабақпен байланыстыру үшін «Ертегі дегеніміз не? «Ертегі қалай басталады? Ертегі қалай аяқталады? деген сұрақтарды қоя отырып, балалардың ойларын ашық айтуына жағдай жасаймын.Өйткені осы арқылы оқушы бұрынғы білімін жаңа біліммен салыстырып,жаңа білімді игеруге ынталанады.Қызығушылық пайда болады.Оқушыларға «Ертегілер» тақырыбын «Ойлан,жұптас, талқыла»әдісі бойынша оқытамын.Алдымен оқып,жұптасып талдап, топпен талқылайды. Себебі бірлесе оқу оқушылардың назарын білім игерудің қиыншылықтарынан қызықты жағына аударып, еркіндік береді, сабаққа белсенді қатысуына жағдай жасайды.Ертегіден оқытуда кедергі келтіретін сөздерді тапқызып, түсіндірме сөздік арқылы мағынасын аштырамын.Себебі оқушылар жаңа ақпаратпен тікелей қарым- қатынас жасап, зерттейді, ізденеді.Топпен саралау тапсырмаларын жүргізу барысында 1,2-топ ертегі сөзіне бес жолды өлең құрастырады.Мұнда оқушылар белсенді танымдық жұмысқа жұмылдырылып,жеке пікір қалыптастырады.Жеке жұмыс жасауға әрекеттенеді. 3-топ « Ертегінің тәрбиелік мәні неде?»деген сұрақ бойынша ойларын ортаға салады. Ой талқыда келтірілген көзқарастардың көптігі оқушылардың жаңа мәліметті игеруіне көп септігін тигізеді.Себебі өз айтқандары,сөздері ,білімдері естерінде көбірек қалады. «Венн диаграммасы» әдісі бойынша ертегі түрлерін салыстыртқызамын.Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, тиянақтау үшін қолданамын.Топтардың жаңа тақырыпты қаншалықты игергендігін анықтау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен ауызша бағалатқызамын. Үйге тапсырма беріп, «Сұрақтары бар қорапқа»кері байланыс аламын.Кері байланыс арқылы оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтаймын.Әр сабақтан соң, өз-өзіме рефлексия алып отырамын.Рефлексиялық білім адамның өзіне деген талаптарын жоғарылатады,ойлау қабілеттерін арттырып,өз әрекеттерін түзету қабілетін дамытады[1,19-бет].Сондықтан рефлексия өзіңді тану мен түсінуге көмектеседі.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Тиімді оқыту мен оқу», Мұғалімге арналған нұсқаулық 2016жыл

2. «Үлестірме материалдары,ІІ апта»

3.А.Әлімов «Интербелсенді әдістер»Алматы 2015ж

4. «Үлестірме материалдары,ІІІ апта»





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
986
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі