400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефликсиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына енгізуді негіздеу ; жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабаққа бір немесе бірнеше модуьдің қалай және неге енгізілетінін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халжанова Асия Шодиеровна Мұғалім портфолиосы

9 топ ІІ деңгей А есеп

Шымкент қаласы ПШО


А есебі

Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефликсиялық есеп.

Бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына енгізуді негіздеу ; жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабаққа бір немесе бірнеше модуьдің қалай және неге енгізілетінін түсіндіру.

Бұл бағдарламаның басым бөлігі түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.. Оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен оқулықтан, достарынан алған білімдерімен бірге жүзеге асады. .

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (мұғалімге арналған нұсқаулық,40-бет)

Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой- өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады.

Шығыстың ұлы ғұламаларының бірі Ж.Баласағұнидың «Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, оны үйрете алмас ешбір мұғалім» - деген екен. Қазіргі таңда елімізге білімді де, білікті , мамандар керек. Әлемдегі азаматтардың білім алуға деген, құлшыныстары күннен-күнге артып, алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болуда. Қазіргі таңдағы басты міндет- біліммен қаруландыра отырып, білуге деген құштарлығын ояту. Ал бастауыш сынып мұғалімі ретінде менің басты мақсатым- оқушылардың сөйлеу мәдениетін , ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту, сабаққа деген деген қызығушылығын арттыру. Ең бастысы сабақты үйлесімділік жағынан жетілдіру қажет. Өйткені, оқыту мен тәрбие, қызығушылығы тек сабақ арқылы жүзеге асып, меңгеріледі.

Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімінің алдында тұрған басты мәселе - жеке тұлғаны оқытудың танымдық, қызығушылығын арттыру барысында, біліммен нәрлендіру, болғандықтан, мақсатымды жүзеге асыру барысын өз сабақтарымда оқытудың жаңа әдіс- тәсілін кеңінен, қолданып жүзеге асырамын. Сабақ барысында оқушыларды, жас ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі ойын түрлерін ойнатуға болады.Сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау элементтері мен диалогты тиімді пайдалану әсері оң ықпалын тигізеді деп есептеймін. Сол себепті сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалана отырып жаңа әдіс түрінде сабақтың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығын көруге болады.

Қолданылған әдіс- тәсілдер: Оқыту және оқушылар туралы терең білім, сабақ берудегі тәжірибелік дағды, этикалық моральдық өлшемдерді жақсы білу.Сыни оқытудың маңыздығын, дағдыларын қалыптастыру үшін өз бетімен көп жұмыс жасау керек екенін өз ойыма түйдім.Сыни тұрғыдан ойлау мән-мәтінді еске ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырдым.







Халжанова Асия Шодиеровна Мұғалім портфолиосы

9 топ ІІ деңгей А есеп

Шымкент қаласы ПШО

Миға шабуыл,топқа бөлу, ,Венн стратегиясы , негізгі ойды суреттеу стратегиясы, Джигсо әдісі,Ыстық орындық әдісі, ынталандыру әдісі , Веер әдісі, ой қозғау әдісі , Оқы жұптас бөліс ,Қар лақтыру, Дөңгелек үстел, Кубизм әдісі кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек», «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?», «Білемін, Білдім, Білгім келеді» Бағдарламаның негізгі идеяларымен танысу барысында түсінгенім: аталған курстың бірінші бетбе –бет кезеңіңде жалпы мақсат-міндеттері туралы және жеті модуль жайында білімге ие бола отырып мынадай ой түйдім : бүгінгі күні оқушыға дайын білімді меңгеру негізгі мақсат емес,ол тек қана адамның интеллектуалдық дамуына көмекші құрал деп қабылдау керек. Бағдарламаның түйінді идеялары мен ұстанымдарын ой елегімнен өткізе отырып, бұл жүйенің менің өмірлік және кәсіби ұстанымым екендігін тұжырымдадым. Өйткені оқушының жан дүниесін түсіну және өмірді түсінуге көмектесу ұғымы көңіл түйіткілінде жүрген, өз шешімін таппай жүрген сұрақтарыма жауап тауып, кәсіби өрлеу мен тың өзгерістің, қарқынды, әрі қызықты жұмыстың бастауы екендігін ұқтым. Менің сыни тұрғыдан ойлау модулді тандаудағы негізгі мақсатым:

Оқушылар тақырып аясында білімдерін толықтырып, ажырата алуды, анықтауды, сәйкестендіруді, өз ойын еркін айтуды, ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға , сыни тұрғыдан ойлап, шешім қабылдауға деген дағдыларын қалыптастыра отырып бұрын білетін мәліметтеріне қосымша мәліметтер қосуды,білімді терең меңгеруге барлық іскерлігін пайдалана отырып ,өз білімін толықтыруды және бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауды және топты бағалауды үйренуге дағдылана бастауын қалыптастыру. Сондықтан да мен өз тізбектелген сабақтарымда осы модульді әдіс –тәсілдерді ықпалдастыра отырып кіріктуруды жоспарладым . Менің мектептегі іс- тәжіребеден өтуге 3-сыныбын аламын.Өйткені өзім бастауыш сынып мұғалім болғандықтан, өзім сабақ беретін сыныбыма әдебиеттік оқу пәні бойынша осы оқытуды сабақтарыма ықпалдастыру үшін «Абылайхан» « Төле бидің төрелігі» , «Қазыбек бидің толғауы» , «Бала Әйтекенің билігі» тақырыптарын таңдадаған болатынмын. Мектептегі тәжіребе кезінде тізбектелген сабақтарыма Бағдарлама модулін «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін ықпалдастыруды жоспарланғанда алдымен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру , сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында топқа қалай бөлу керектін ойландым.

Оқып үйренудің нәтижесінде:Оқушылар тақырып аясында ажырата алуды , анықтауды, сәйкестендіруді, өз ойын еркін айтуды, мақсатын айқындай отырып проблеманы шешуге әрекетенуді, ақпаратты өз бетімен табуға , талдауға,сыни тұрғыдан ойлап, шешім қабылдауға уйрету. Қорытынды шығаруды білімді терең меңгеру үшін барлық іскерлігін пайдалана отырып, өз білімін толықтыруды және бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауды және топты бағалауды үйренуге дағдылана бастайды.











Халжанова Асия Шодиеровна Мұғалім портфолиосы

9 топ ІІ деңгей А есеп

Шымкент қаласы ПШО

Алғашқы сабағымда оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып жақсы тілек айтудан бастаймын. «Мен таңдаған фигура» әдісі бойынша үш топқа біріктіргеннен кейін « мен үшін қымбат»деген сөзді айтамын сол сөзді естігенде оқушылар ойына не келетінін сұраймын .Бірінің айтқанын екіншісі қайталамауы керек екенін ескертемін. Үй тапсырмасын «Ой қозғау» әдісі арқылы жүргіземін. Билер немесе шешендер деген сөздерді қалай түсінесіңдер? Осы билер немесе шешендердің айтқан сөздерін естеріңе түсіріп айта аласыңдарма ? Егер осы билер қазіргі заманда болса қалай болар деп ойлайсыңдар?

1Өз өміріңде осылай бір ерекше жауап айтқандарың естеріңдеме?

2 Билердің бойынан қандай қасиеттерді байқадың?

«Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы арқылы білімдерін кеңейту мақсатында оқушыларға тапсырма беремін «Отан» «Ана» «Мектеп» тақырыбында өлең, мақал- мәтел құрастыру керек. Әр топта талқылап топтан бір оқушы шығып тапсырманы түсіндіреді

Оқулықпен жұмыс

«Джигсо» әдісі арқылы мәтінді топқа бөліп оқу. Жұпта бөлісу. Топта талқылау. Әр топ баяндама жасайды

1)топ Қазыбек бидің өмірі туралы деректер айтады

2)топ Мәтіндегі негізгі идеяны айтады

3 )топ Қазыбек бидің шешендік сөздеріне талдау жасайды

Жаңа сабақты пысықтау мақсатында «Ойлан тап!» ойыны оқушыларға интербелсенді тақта арқылы таныстырып өтіп суретпен жұмыс жасаймын . «Ойлан тап!» әдісімен көрсеткен суреттерді талдау жұмысын жүргіземін Талқылау барысында өзіндік танымдық әлеуетті ерекшеленеді. Осы әдіс арқылы оқушылар саралау , пысықтау , жинақтау ойлау сияқты процестерді меңгереді. Сыныптағы үлгерімі нашар оқушылар білгендері бойынша топтық жумыста өз ойларын қоса отырып алға қарай ұмтылысы жақсарады. Қазіргі оқушы өзі алдына мақсат қойып , оның шешімін табуды оны логикалық ұйымдастырып , өз ойын нақтылай білуі , яғни , түпкі нәтижеге өзі жетуі қажет . Менің пайымдауым бойынша оқушы сабақта мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен білімді іздене отырып , өзіне жаңалық аша білуі .Білімге жандасудың бұл жолы оқушының өзіндік белсенділігі , өзін - өзі реттей алуы , оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі негізгі ұстаным болуды көздейді.




















Халжанова Асия Шодиеровна Мұғалім портфолиосы

9 топ ІІ деңгей А есеп

Шымкент қаласы ПШО



Сабақты қорытындылай келе оқушылар сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы бойынша ойлау, бағалау, талдау , өз пікірін айту, бойынша жұмыс жасайды

Оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы бірлесіп, өзара әрекеттесудің арқасында қарым-қатынас біліктілігін үйренді, оқушының зерттеу біліктілігі дамыды. Мәселен, топтық жұмыстарды орындауда бірлесіп проблема шешу, мәлімет табу, бақылау, талдау, сұрақ қоя білу , өз ойларын ашық жеткізе алуы т.б.Сабақтың жағымды жағы жаңа тәсілдердің ұнағаны,ынтымақтастық атмосферасын құрғанда оқушылар өз ойларын білдіре алуы,Көшбасшы оқушылар белсенділік танытқандығы. Оқушыларды топтарға бөліп , топта жұпта жұмыс жасаған кездерінде барынша қолдау көрсете отырып , бағыт- бағдар беріп отыру керек . Оқушыларға топта жұмыс істеудің мақсаты бір-бірімен жарыс түрінде емес , ақылдаса отырып білімдерін толықтыру керек екендігін түсіндіру.

Сабақта сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолдану нәтижесінде оқушылар жұптық жұмыс,топтық жұмыс арқылы өз білімін тереңдете алады , оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым –қатынас қалыптасады . Олар өз ойларын еркін жеткізуге және жоғары деңгейдегі сұрақтар қоюға ұмтылады . Пікір –көзқарастарын нақтылай бастайды . Оқушылардың өзіне болған сенімі, жауапкершілігі арттады .

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы диалогтік тиімділігі мұғалімнің шеберлігіне байланысты екендігі көрсетіледі . Оқушыны сөйлете білу, қызуғышылығын арттыра білу және де ұйымшылдыққа баулу мұғалімдер , яғни мына біздің қолымызда .

Өз ойымды қорыта келе «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының негізгі әдістемелік жүйесі жеті модуль менің сабақтарымның өң бойында тапты.

















Халжанова Асия Шодиеровна Мұғалім портфолиосы

9 топ ІІ деңгей А есеп

Шымкент қаласы ПШО

А 2 Коучинг- сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс еңгізу туралы рефликсиялық есеп

Мақсатым ; Әріптестердің білім деңгейін арттыруда жаңа әдіс –тәсілдерді тәжірибеде қолдану .

Міндеттерім:

-әріптестер тәжірибесін жетілдіруге ықпал ету ;

-мұғалімдерді ұжымдық жұмысқа тарту

«Мектептегі мұғалім кошбасшылығы» бағдарламасын оқу барысында ұғынғаным, мұғалімдерге әріптестерімен бірлесе жұмыс атқарып , коучинг мен тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді қолданысқа енгізуге мүмкіндік беретін дағдыларды игеруді ұсынады .

Коучинг –ағылшын тілінен аударғанда–тәлім ету ,дайындау жаттықтыру . Бұл әріптестердің құпия белсенді жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Мектептегі мұғалім бағдарламасынан меңгерген қазіргі заман талабына сай жаңаша әрі тиімді әдіс-тәсілдерді әріптестеріме үйрету арқылы еліміздің ертеңгі болған жас буын сіңдіру –менің адамгершілік те, ұстаздық та міндетім деп білемін . Коучинг әдетте коуч пен үйренушінің коучинг сабақ түріндегі тұрақты кездесулері арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен кейде тәлім алушының тәжірибесімен тікелей сабақтастықта жүргізілуі мүмкін Кәсіби немесе жеке проблемаларға барысында бірлескен немесе жеке кеңес берудің жоғары деңгейде құрылымдаған тәсілі болып табылатын коучинг барысында адамның тұлғалық әлеуеті жан-жақты ашылып тиімділігі барынша артады . Коучинг тікелей үйретуге емес ,адамның өз бетінше үйренуіне көмектесуге бағдарлануы тиіс (Ман 103бет)

Бірінші бетпе-бет кезеңінде маған үлкен жауапкершілікті, тыңғылықты дайындықты көп ізденісті талап ететін үдеріс екенін түсіндім. Менің мақсатым бірінші бетпе –бет кезеңінде мені «сыни ойлауға» , және «ойлануға», талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізуді үйретуі , бағалаудың маңызы түрлері туралы шеберлікпен шыңдалған білімімді өзім меңгерген даңдыларды қолдана отырып, мектептегі әріптестерді де осы «өзгеріс үдерісіне» тарту еді.





















Халжанова Асия Шодиеровна Мұғалім портфолиосы

9 топ ІІ деңгей А есеп

Шымкент қаласы ПШО



Оқу үдерісінің сапасын арттыру үшін мұғалімдерді , сыни тұрғыдан ойландыру , осы арқылы оқушы қабілетін дамыту. Жоспар бойынша коучинг сессия сабағымды ынтымақтастық атмосферасын құрумен бастаймын. Бір –бірінің ыстық алақандарын ұстап жылы лебіздер білдіру- әріптестер арасында ұжымдық қатынас орнап , ынтымақтаса бірлесіп жұмыс жасауына негіз болады. Сын тұрғысынан ойландыру мақсатында дайындаған тапсырмаларды , орындау барысында әріптестерім , топтық жұмысқа бейімделе бастағанын өздері де сезбей қалады. Мұғалімдерге дәстүрлі сабақ пен белсенді сабақтың айырмашылықтарын ажыратып көрсетемін. Соның нәтіжесінде интербелсенді сабақ беру арқылы , сын тұрғысынан ойландыра отырып баланың қызыуғышылығын арттыруға , алған білім , білік дағдыларын іс жүзінде қолдануға зор ықпал ететінін түсінеді. Сабақ барысында сергіту сәтінің де оқушы үшін маңызды екенін мұғалімдер өз тәжірибесінде аңғарады. Менің өзім де сабақтарымда сергітуге онша мән бермей келгенімді түсіндім. Келешектегі жоспарларымда осы мәселені маңызды деп қарауды ойластырдым.

Коуч өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында мұғалімге көмек көрсетеді.( Мұғалімге арналған нұсқаулық 103 бет)

Коучинг сабақтардың негізгі мақсаты – мұғалімдердің қызметі барысында жетістікке жету үшін мүмкіндік ашатын іс -әрекеттерін талдау олардың көкейінде жүрген мәселені анықтап , оның шешімін бірге қарастыру өздеріне деген сенімін арттыру мақсатында оларға әріптестік қолдау көрсету болып табылады . Осы мақсатта ұйымдастырылган коучинг сабақтардан соң үйренген мұғалімдер жаңа -әдіс тәсілдерді өз сабақтарында қолдана алады . Осындай үдеріс арқылы әріптестерге өз педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізудің қажеттілігін ұғындыра білсек, олар арқылы оқушылардың таным белсенділігі арта түседі деп ойлаймын.

Менің осындай мақсатты көздеп өткізетін коучинг сессия сабақтарымнан соң әріптестерімнің бойында мынадай өзгерістер болады деген сенімдемін.























Халжанова Асия Шодиеровна Мұғалім портфолиосы

9 топ ІІ деңгей А есеп

Шымкент қаласы ПШО


1 Сабақтарда оқушылардың сын тұрғысынан ойландыруға бағыттайды .

2 Тақырып мазмұнын оқушының өздеріне іздену арқылы ашуға мүмкіндік береді.

Мектептегі коучинг мәдениеті мектептегі педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби дағдыларын жеке қабілеттері мен талантын дамытуға және мектептегі білім беру сапасын арттыруға , ықпал ететін маңызды әдіс ретінде қарастырылады . (Ман 103 бет.)


А3 Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы рефлексиялық есеп .

Тәлімгерліктің мақсаты ; Тәлім алушының алдына мақсат қою , жету жолдарын жоспарлау , кәсіби тәжірибе алмасу.

Міндеттер ;

-тәлім алушының тәжірибесін жетілдіру ;

- жаңа әдіс- тәсілдерді меңгерту ;

-кәсиби қолдау көрсету ;

-сенімді қарым-қатынас құру ;

Күтілетін нәтіже;

Заман талабына сай өзгеріп , бәсекеге қабілетті ,құзыретті тұлға ретінде қалыптастыру.

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы негізінде алған білімімді сабақта оқушыларды зерттеумен бірге бір әріптесіме тәлімгерлік етумен ұштастыру . Осы бағдарлама мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучинг пен тәлімгерлік арқылы тиімді, нәтижелі әдістерді өз мектебіне өзгеріс енгізуді мақсат еткен әр бір мұғалім үшін жауапты іс екенін түсіндіруге бағытталған .





























Халжанова Асия Шодиеровна Мұғалім портфолиосы

9 топ ІІ деңгей А есеп

Шымкент қаласы ПШО

Тәлімгерлік –ұзақ уақытта жүзеге асатын , тәжірибелі , озық үлгідегі мұғалім мен тәжірибесі аз әріптес арасындағы сенімді , жеке тұлғаға бағытталған өзгеріс енгізу үдерісі . Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуына әсер ету мақсатында өзінің білімін , ойлауын , тәжірибелік ,іс- амалдарының , тиімділігін жетілдіруде, айтарлықтай дамуына көмектеседі . Тәлімгерлік үдерісінде тәлім алушыға өзінің білімін тәжіребесін бөлісіп тәлім алушының еңбек жолында айтулы жетістікке жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып проблемаларды шешу жолдарын іздейді. ( Ман 105бет)

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға сабақ үдерісін тиімді жоспарлауды , қалай оқу керектігін түсінуді, бағалаудың маңызын , талантты және дарынды баламен жұмыс жүргізуді, баланың жасын ескере отырып оқытуды қамтитын және бұлар бір-бірімен тығыз байланыста екенін айтамын . Жеті модульді әр сабағына дұрыс ықпалдастырса , сабақ үдерісіне бала әрекетіне әсері барын түсіндіре отырып , бағдарламаның жеті модулі тереңірек түсіндіремін . Әріптесіме тақырып мазмұнын оқушы өзі ізденіп ашатындай етіп жоспарлау керектігін айтамын . Өзі ізденгенде , топта бірге талқылағанда , өзін-өзі бағалағанда сабақ үдерісі сәтті , әрі баланың есінде көбірек қалатынын , сонымен бірге әдістерді тиімді қолдану арқылы оқушының қызығушылығын арттыруға болатынын түсіндіремін . Тәлімгерлік үдерісі нәтижелі болуы үшін тәлім алушының қызығушылығы мен тәлімгердің оның кәсіби өсуіне деген жауапкершілігі маңызды . Сол себепті Бағдарламаның түйінді идеяларымен танысып , өзінің педагогикалық шеберлігін арттырғысы келетін мұғалімді анықтауға тырысамын .

Тәлімгерліктің өзіне тән сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым –қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдылары : белсенді тыңдай білу , тәжірибені дамыту үшін бір қатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған . Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп , қолдау көрсетуге : соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді : сенімділік , ортақтастық , шынайылық , адалдық танытуға дайын болады . ( Garret-Harris& Garvey 2005) (Нұсқаулық –106 бет )Тәлімгерлік отандық білім беру саласында жаңалық емес . Директордың бұйрығымен ұжымдағы тәжіребесі мол мұғалім тәжіребесі аз әріптесіне әдістемелік көмек көрсететін . Өкінішке орай , тәлімгерліктің бұл түрі екі мұғалімнің қызығушылығы төмен болғандықтан , әрқашанда өз мақсатына жете бермейтін .
















Халжанова Асия Шодиеровна Мұғалім портфолиосы

9 топ ІІ деңгей А есеп

Шымкент қаласы ПШО



Ал білім берудегі «Мектептегі көшбасшылық бағдарламасы» идеяларды тәлімгерлік үдерісіне жаңа серпін береді.

Қазіргі уақытта тәлімгерлік –жүйелі түрде әріптесінің педагогикалық қызметін дамытуға бағытталған. Тәлімгерліктің тиімді түрлеріне Buddying және Shadowing жатады. Buddying – орын алған қиындықтарды жеңуге бағытталған . Buddying-дің міндеті –тәлім алушыға әділ кері байланыс бере отырып , оның аздаған жетістіктерін мадақтау арқылы дамуына ықпал ету .

Shadowing- салыстырмалы түрде айтатын болсақ бұл көлеңке әдісі –тәжіребесі аздау мұғалім, тәжіребесі мол әріптесінің көлеңкесі болып оның жұмысын бақылайды . Сонымен бірге, күрделі емес тапсырмаларды орындайды .

Осы тұста өзімнің мектептегі тәжірибе кезеңіндегі жүргізетін тәлімгерлік үдерісті ой елегімнен өткізетін болсам , жұмысым нәтіжелі болады деп ойлаймын . Тәлім алушы екеуіміздің жұмысымызда Buddying және Shadowing те орын алады.

Жақсы тәлімгер әріптестерінің сезімдерін түсінеді және құрметтейді . Қажетті ақпараттардан хабардар болып , өзімде бар білім мен дағдыларды мұғалімдерге үйретуге тырысамын . Тәлім алушының кәсіби дамуы үшін үнемі ізденіп , әріптестеріммен бірге ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз деп ойлаймын .

Пайдаланылған әдебиеттер :

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
825
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі