Умирбекова
Арайлым Мухтаровна
Математика
пәнінің мұғалімі
«Ескелді
ауданы әкімдігінің Жалғызағаш
орта
мектебі мектепке дейінгі шағын-
орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Жалғызағаш
ауылы
arailym_u@inbox.ru
Оқыту
нәтижесі бойынша Сіздің кәсіби дамуыңыздың
қарқыны
«Адамның
адамшылдығы жақсы ұстаздан болады»
Абай
Құнанбаев
Мен
«Тиімді оқыту мен оқу» курсына келмес
бұрын «Кері байланыс» пен «Рефлексия»
деген не екенін түсінбейтінмін. Мектепте
«Кері байланыс бер» - десе қашатынмын.
«Ол не үшін керек?» - деп ойлап жүретін
едім. Кері байланыс айтылған жауаптарға
көмек ретінде сабақтың басынан-соңына
дейін жүріледі. Ерекшелігі – жіберген
қателіктерді түзету мүмкіндігі болады.
Кешегі күнге шолу жасау, келесі сабақта
қателіктерге бой алдырмау үшін, сабақ
жоспарлағанда сол кері байланыста
айтылған пікірлерді ескере отырып
жоспарлау және әр оқушының осы сабақ
жайлы не ойлайтынын білу өте маңызды
екенін енді түсіндім. Бүгінгі таңда
оқушыға да мұғалімге де қиналмастан
«Кері байланыс» орната аламын.
Рефлексия
– сабақ соңынан оқушылардың бүгінгі
сабаққа деген көзқарасы, мұғалім сол
арқылы өзінде қандай артықшылық немесе
кемшіл тұстары бар екенін түсініп,
келесі сабаққа дайындық жасауы.
Сыныпта
психологиялық ахуал өте маңызды
«Капитан,
шлюпка, юнга, кеме» ойынын ойнап, шағын
топтарға ұжымдасып отырдық.
Топтық жұмыстың арқасында әртүрлі
көзқарастарды білдім. Еркін ой білдіріп,
сұрақтар қойып, нақты жауап беруді
үйрендім. Топтық жұмыстың ерекшелігі
әр сабақта тиімді стратегиялар мен
әдістерді қолданып отырамыз. Мысалы;
шағын топтарға біріге отырып,
«Ынтымақтастық» және «Қадағалау.
Мәдениет» тақырыптарын өткенде, әр топ
өз беттерімен қадағалаудың түрлерін
ойластырып шықты. Топта өз арамызда
сұрақ
қоя отырып тақырыпты игеруге, күрделі
тапсырманы шешуге мүмкіндік алдық. Топ
мүшелері ойларымен бөлісіп, ортаға
салып отырдық. Топпен
жұмыс жасауда өз бойымдағы сенімділікті
де ояттым десе болады. Өзіндік бір орын
алған – «Smart» мақсатты етістіктерді
дұрыс қолдана отырып қоюды үйрендім.
Курс
адамды жеке тұлға ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді. Өзінің даму жолындағы
әрекеттер, өмірге деген көзқарас
өзгереді. Әсіресе, біз секілді жас
мұғалімдерге психологиялық тұрғыдан
көмек. Курс барысында оқушыларыммен
тығыз қарым-қатынаста болуды, оқушыларыма
қолдау көрсетуді, олардың кедергілерін
анықтап, сабақта тиімді әдіс тәсілдерді
қолдануды, белгілі бағыт бере отырып,
оқыту мақсатына жетуді үйреніп келемін.