|
Коучинг сессияның өту барысы
|
|
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері, уақыты
|
Коучтың
іс-әрекеті
|
Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
|
|
Психологиялық
ахуал туғызу
(2 мин)
|
Көтеріңкі көңіл орнату
үшін «комплимент»
тренингін ұйымдастыру
|
Ақ
қағазға жылы лебіздерін
жазып, бір-біріне лақтырады.
|
|
Ұйымдастыру кезеңі
«Дейін- кейін» стратегиясы
(5
мин)
|
Мұғалімдердің
тақырып бойынша білім деңгейін формативті бағалау
үшін не білетінін жазуды
тапсырамын.
|
Мұғалімдер
үлестірілген ақ
қағаздың «дейін» бағанасына
формативті бағалау туралы не білетінін жазады.
|
|
№1 слайд
Александердің сөзі, 2001ж
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 109 бет
(8
мин)
|
Бүгінгі мектептегі білім беруде Баға-Бағалау-Сандық баға
деген ұғым бар. Біз
үшін бұл
үш сөз синонимдес
болғанымен, әртүрлі ұғымды
білдіреді.
Бағалау - оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның
білім деңгейін анықтау үшін
ақпарат жинау;
Баға беру-бағалаудың нәтижесі,яғни сапалы кері
байланыс;
Баға - символ,
оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.
«Бағалау»
термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа
адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында
өзінің дербес
ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады.
Бағалау:
Диагностикалық
Формативтік
Суммативтік
Формативтік
бағалаудың (оқыту үшін бағалау, қалыптастырушы)
мақсаты: оқушылардың оқуын
жақсарту. Оқушы үшін
өзінің білімі
қай деңгейде екенін
біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу
керектігін түсінеді.
|
Мұқият тыңдап отырып,
баяндамашының сөзіне өз тәжіриесінен мысалдар
келтіріп отырады.
|
|
«Бағдаршам» тәсілі
(3
мин)
|
Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді
қанша
мұғалім меңгергенін бақылаймын.
|
Қызыл
түсі –
түсінбедім,
сары түс- әлі сұрақтарым бар,
жасыл түсі- маған бәрі түсінікті.
Стикердің біреуін көтереді.
|
|
№2 слайд
Бағалау
реформасының тобы берген анықтамасы,
2002 ж (112
бет)
«Үш адым»
ойыны
(10
мин)
|
Оқыту үшін бағалау
неге мұғалімдер үшін маңызды?
Мұғалімдердің жаубын тыңдап, негізгі фактілерді мысалмен
дәлелдеу.
Оқытудың қиындықтарын анықтау;
Кері байланыс;
Уәж мәжбүрлеу емес, ынталандыру,
әрекет етуге
итермелеу;
Болжау мен сұрыптау яғни оқушының білімін
бағалау арқылы біз оның болашағы дамуын болжаймыз.
Ортаға үш әріптесімді шақырып, «Үш адым» ойнын ойнатамын.
Бұл ойынды
тақырыппен байланыстырып, дәлел келтіруді
тапсырамын.
|
Сұраққа жауап береді.
Ортаға үш мұғалім
шығып, коучтің белгісі
бойынша үшеуі
бірдей үш адым оңға,
үш
адым солға жасау керек.
Бірінші,
екінші айналымнан кейін әріптестер өз
ұсыныстарын айтады. Ойыншылар жіберілген қателерін ескере отырып, біркелкі адым жасауға тырысады.
|
|
Видео
(3 мин)
|
Мұғалімдерің
назарына сабақтың үзіндісін ұсыну
|
|
|
«Бағдаршам» тәсілі
(2
мин)
|
Әріптестерімнің білім деңгейін бағалау үшін түрлі-түсті стиктің біреуін көрсетуін сұраймын. Практикалық
жұмысты қанша
мұғалім меңгергенін бақылау.
|
|
|
№3 слайд
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ашық сабақтарының
суреттері мен оқушылар дәптерінің көрмесі
(5 мин)
|
Мұғалімдер
оқушының жетістігін ауызша немесе жазбаша түрде бағалайды.
Әр мұғалім
өз сабағында формативтік
бағалау үшін қандай
әдіс-тәсіл
қолданғанына тоқталып,
жазбаша кері байланыс қамтамасыз ететін «Маған
көмек қажет» деген дәптерді,
сонымен қатар өзімнің әр
мұғалімнің ашық сабақтарын жазбаша бағалағанда
екі түсті сия қолданғанымды айту.
Қара сия-сәтті тұстар, ал
жасыл сия-менің ұсыныстарым мен туындаған
сұрақтарым.
|
|
|
«Дейін-кейін» стратегиясы
(5
мин)
|
Коучинг
сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып
бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды
сұрау.
|
|
|
«Толық банка» әдісі
(2
мин)
|
Мұғалімдер алдына бос банка, тас, ұсақ тастар,
су, құм
қоямын да,
банканы бұл
заттармен толтыру үшін қай
ретімен салу керектігін сұрау.
Ең алдымен, тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға
амандығы;
Ұсақ тас-жеке басымызға тілейтін
армандар;
Құм-бізді бақытты ететін
қуанышты сәттер;
Су-тіршілік көзі болғандықтан,
ұзақ ғұмыр. Толық банка - өміріміз мәнді де сәнді болуын
білдіреді.
|
|
|
|
|
|
|