Материалдар / Оқыту технологиясын пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту технологиясын пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге ,мұғалімдер, тәрбиешілерге керек мағлұмат. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсіктері,яғни жас ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу,балаға сұрақ қою,ойнату,түйсігіне байланысты тапсырма беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2021
347
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі













КУРСТЫҚ ЖҰМЫС



Тақырыбы: Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына таным процесінің әсері











Орындаған: Қайыпбергенова Қ.

Тексерген:Орынбасарова Ж.







Ақтау,2021ж.




Жоспар

Кіріспе

І тарау. Мектеп шағындағы психикалық даму

Оқушының мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері

Оқушының оқу іс-әрекетінің қалыптасуы

1.3Оқушылардың еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктері


ІІ тарау. Мекептегі оқу процесінің нәтижелі болуына таным процесінің әсері

2.1 Мектеп оқушыларының танымдық процестері

2.2 Мектеп оқушыларының жеке басының дамуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


























І тарау. Мектеп шағындағы психикалық даму

Оқушының мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері

Қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің I—III кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал оқу ұзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепке мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білім алуының алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуымен байланысты.

Орта білім берудің әлеуметтік міндеттері мен мазмұны әлі түпкілікті қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі ретіндегі бастауыш мектеп шағының хронологиялық шектерін және психологиялық ерекшеліктерін де түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылымн көзқараспен қарағанда, әзірше салыстырмалы түрде тұрақты, осы жасқа неғұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы оның ролі балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.

Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, сапасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш класс оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

Мектеп оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс зардаптарға да (дене дамуының қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Мектеп оқушысы отыратын мебельдер көлемінің сай болуы, стол мен партаға дұрыс отырғызу — бала денесінің, оның тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шарты екендігі, осыдан.

Мектеп оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшықк ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті, алайда оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз — он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он — он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш класс оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш класс балаларына, әсіресе I—II класс оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Балаларда ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу тілегі көбінесе нәтижені жақсартпайды.

Мектеп оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшац өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады. Күре тамырлардың диаметрінің үлкендігі арқасында ми жеткілікті қан алады, бұл оның жұмысқа қабілетті болуының маңызды шарты болып табылады. Мидын салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады. Әсіресе, маңдай бөліктері өспелі олар адамның психикалық іс-әрекетінде жоғары әрі неғұрлым күрделі функцияларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу (ұстамдылықтың және өзін-өзі бақылаудың негізі) мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда неғұрлым елеулі болады. Алайда қозуға бейім болу әлі де аса күшті, бастауыш класс оқушыларының қолды-аяққа тұрмайтындығы осыдан. Саналы да дұрыс тәртіп, үлкендердің жүйелі талап қойып отыруы — балалардың қозу және тежелу процестерінің қалыпты, өзара қатынасының қалыптасуына қажетті сыртқы шарттар. Сонымен қатар жеті жасқа қарай олардың жалпы байланысы тәртіпке, орнықтылыққа, төзімділікке қойылатын жаңа, мектеп талаптарына сай болады.

Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда мектеп оқушыларының скелет-бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек-тамыр қызметі салыстырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу процестері көбірек тепе-теңдікке ие болады. Мұның бәрі — мектеп өмірінің бастамасы баладан айтарлықтай ақыл-ой күшін гана емес, сонымен қатар үлкен дене төзімділігін де талап ететін ерекше оқу қызметінің бастамасы болғандықтан ерекше маңызды.

Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс. Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта оның іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып табылады.

Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Мектеп оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа кездерін ашатын оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар.

Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірденелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланыңц бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне-қатысты мұғалімнің талаптарын қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды. Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету — бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.

Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам (ұшқыш, аспаз, шофер) болуы үшін, оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп ойлантын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы, теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оныңи кең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.

Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын мәнінде әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді тереңдеп оқу кезінде қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастапақ тиісті мағлұматтар ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға сүйенеді. Ынталықтың жеке-дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе грамматикада байқалады. Мұғалімдер бұл ынталылықты алғашқы сабақтарда дереу пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердін реттілігі және т. б. сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.

Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және басқа пәндердің өздерінің күтпеген, таңқаларлық, қызықты жайттарын паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарын қалыптастыруға
мүмкіндік береді.

Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың кластағы және үйдегі мінез-құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен қиналмай етуі — оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі. Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда қандай да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды.

Мектеп оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері. Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.

Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т. б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда бол

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!