« №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ
орта мектебі» КММ
Г.Сыздықтың коучинг
жоспары
Тақырыбы:
«Оқыту
үдерісін жақсарту үшін
кері
байланысты орнатуды
тиімді
қолдану»
2017
жыл
Kоучинг
жоспары
|
Коучинг тақырыбы
|
Оқыту үдерісін жақсарту үшін кері
байланысты орнатуды тиімді қолдану
|
|
Жалпы мақсаты
|
Мұғалімдерге сабақтағы
кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға
жағдай жасау. Оқушылардың көңіл-күйіне,
сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын
жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
|
|
Күтілетін нәтиже
|
Мұғалімдер сабақтағы кері
байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс
болады. Кері байланыстың мәнін түсінеді. Оқушылардың көңіл-күйіне,
оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін
біледі.
|
|
Негізгі идеясы
|
Сын тұрғысынан ойлау
технологиясында кері байланыстың ойлауға, ой қорытуға, ой-өрістің
өсуіне әсері мол, маңызы жоғары.
|
|
Пайдаланылған әдебиет
|
1. Мұғалімге арналған
нұскаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші
басылым
2. Үлестірмелі материалдар. І деңгей. Екінші
апта. Екінші басылым,
3. Интернет материалдары.
|
Барысы
|
Сабақ
кезеңдері
|
Өтілу уақыты 45 минут
|
Мұғалімнің және
қатысушылардың іс-әрекеттері
|
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
8
мин
|
Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға
шақыру.
Тренинг өткізу. «Суретші». Қатысушылардың екі
адамнан жұптасуын сұрау. Қатысушылар екі адамнан бір-біріне
қарама-қарсы тұрады. Олар құшақтасқан күйі бірінің арқасына бірі ақ
парақты қойып сурет салады. (Не салып жатқанын өздері көре
алмайды).
Суреттерді салып болған
соң
ұқсас суреттер бойынша
топқа бөлу. Мұғалімдер төрт-төрттен топқа
бөлінеді.
Бастапқы кері
байланыс.
Көңіл - күй мен эмоциялық
жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан
дайындығын «Ауа райы» әдісі арқылы байқау. (Сіздердің
көңіл-күйлеріңіз қандай?)
|
|
Қызығушылықты ояту.
«Мақсатты оқу»
|
12 мин
|
Мұғалімдермен Сократ туралы «Үш елек» атты
аңызды әңгімелеп, талдау. (Аңызды үзінділермен оқып, қатысушылардан
оқиғаның әрі қалай қалай өрбитінін сұрап отыру).
|
|
«Миға
шабуыл»
Топтық жұмыс
|
10 мин
|
1-топ: Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері
байланыс немесе рефлексия деген
не?
2-топ: Кері байланыстың
(рефлексияның мақсаты) мақсаты не?
3-топ: Кері байланыстың
қандай түрлерін білесіздер? Қандай әдіс-тәсілдері
бар?
Қатысушылар кері байланыстың қажеттілігі
жайлы бір-бірімен ойларымен бөліседі.
|
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
«Еркем-ай» әнін
кезекпен топ арасында айту
|
|
Презентациямен таныстыру
|
5
мин
|
Сабақтағы кері байланыс.
Слайдтар арқылы мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс
жайлы, оның түрлері, формасы жайлы мәліметтер
беру.
• Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға
арналған кері байланыстың әдіс-тәсілдері: Көңіл-күйдің алуандығын
білдіретін әртүрлі суреттер, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар
(смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы»,
«Бағдаршам» т. с.с).
• Сабақтағы іс-әрекетке кері байланыс.
Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 -
ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы
*мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы
*Мен.........ЖАСАЙ АЛАМЫН*
• Оқу материалының
мазмұнының рефлексиясы (кері
байланысы) - Аяқталмаған сөйлем
әдісі; тезистер беру; афоризм
таңдау. - “Бұрын мен білмеуші
едім. Енді мен білемін”, - деген сияқты ой-пікірлеріңді
білдіру.
|
|
Қорытынды
Бағалау
|
8
мин
|
ІІІ. Қорытынды
кезең. • Сабақ соңындағы кері
байланыс. «Ақылдың алты
қалпағы» әдісімен тыңдаушылар өз жұмыстарына, топ жұмысына, сабаққа
баға береді.
жағымды
жақтарын айқындайды.
кері
жақтарын айтады.
және ішкі түйсікті білдіреді
|
• Көңіл-күй мен эмоциялық
жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс-тәсілдері:
Көңіл-күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, бет әлпетті
бейнелейтін смайликтер, көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау.
(«Ауа райы», «Бағдаршам» т.
с.с).
Мысалы: «Алма ағашы»
әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма”
беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті
алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл –
күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым,
көңіл – күйім жоқ.
Немесе «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне
берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын
сипатайтындай 3 сөзді таңдап
айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, *
Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,*
Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік,
*Рахаттану.
• Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс. (Мысалы:
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші
баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы
*мен................ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы *Мен.............
ЖАСАЙ АЛАМЫН* )
• Оқу материалының мазмұнының
рефлексиясы (кері
байланысы)
- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру;
афоризм таңдау.
- “Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен
білемін”, - деген сияқты ой-пікірлеріңді
білдіру.
• Сабақ соңындағы кері
байланыс. «Ақылдың алты
қалпағы»
«Плюс, минус,
қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған,
білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “
түсініксіз болып тұр ” деген ойларын
жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты
болды, соны жазады, немесе не жайында көбірек
білгісі, соны жазады.