400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерді жаңа критериалды бағалау жүйесімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг

Өткізу мерзімі:

Коучинг тақырыбы

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың маңызы

Жалпы мақсаты

Мұғалімдерді жаңа критериалды бағалау жүйесімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

 Оқыту үшін бағалау не екенін мұғалімдер біледі. Оны іс жүзінде қолдана алатын болады. Өз бағалау критерияларын құрастыра алатын болады.

Құрал-жабдықтар

Плакаттар, маркерлер, презентация, интерактивті тақта, компьютер, бейнетаспа.

Коучинг барысы

Коучинг-сессияны жүргізу кезеңі

Уақыты:

45 мин

Коуч пен қатысушы мұғалімдердің іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин.

Психологиялық көңіл-күй орнату: «Ынтымақтастық кілті» тренингі арқылы ұжым мүшелерін бірлікке,достыққа шақыру

Түрлі кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді. Топ ережесімен таныстыру. Тақырыпқа байланысты табыс критериін құру

Ой шақыру кезеңі.

 

5 мин.

Коуч әр топқа өз кәмпитін бағалауға шақырады: түсі, формасы, дәмі, қағазы, иісі, құрамы бойынша, т.б.

 «Санадағы кинофильм» әдісі бойынша лентаға бағалау туралы өз білетіндері туралы жазып, топта постерде талқылау

Кумулятивті әңгімелесу

3 мин.

- Қандай бағалау формасын қолданасыздар?

- Сабақтың қай кезінде балаларды бағалайсыздар?

- Оқушыға қойған бағаңызды қалай түсіндіресіздер?

- Сіз үшін оқушыны бағалау кезінде ең бастысы не?

- Сіз өзіңіздің бағалау тәжірибеңізге қанағаттанасыз ба?

- Ол қаншалықты тиімді?

«Табысқа жету, жетпеу» жағдайларын ұйымдастыру

7 мин

Коучинг  қатысушылардың ішінен ең нашар сурет салатын екі мұғалімді сыныптан шығуын сұрайды, ал қатысушыларға бірінші мұғалімді қалайда қолдауды, екінші мұғалімді керісінше, қолдамауды айтады. Екі мұғалімге де бір сурет – сиырды салу ұсынады, сосын суреттеріне баға қояды.

Мұғалімдерге сұрақ:

Оқушыны қолдау, мақтау – қандай нәтиже береді? Қолдау, мақтау – бағалаудың қай түріне жатады? Оқыту үшін бағалау не үшін керек?  

Коуч:  оқыту үшін бағалау кері байланыс туғызады, оқушылардың өз оқуында белсенділігін арттырады, яғни өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау.

Тренинг

1 мин.

 

 

 

 

 

 

3 мин.

А) өз беттерімен көбелектің суретін салады (жеке жұмыс)

Б) екі қатысушы бір-бірінің суретін бағалайды  (жұптық жұмыс).

- Сіз неге осылай бағаладыңыз? (мұғалімдердің қойған  баға бойынша жауаптары).

- Қандай қиыншылықтар кездесті:

а) осы тапсырманы орындаған кезде?

б) бір-біріннің жұмыстарынды бағалаған кезде?

В) суретті критериялар арқылы бағалау:

- Ал енді осы суреттерді мына бағалау критериялары арқылы бағалаңыздар

Критериалды бағалау:  (10 ұпай – «5»)

  1. Көбелектің денесі 3 бөлшектен тұрады: басы – 1 ұпай

                                             кеудесі – 1 ұпай

                                             денесі – 1 ұпай

   4 қанатының симметриялығы– 2 ұпай

                                                  мұрты – 1 ұпай

                                                  көздері – 1 ұпай

                                                       бізтұмсығы – 1 ұпай

                                                  3 жұп аяғы – 1 ұпай

  Суреттің түп нұсқасы – 1ұпай

- өзін бағалау;

- бір-бірін бағалау;

- критериялар арқылы бағалау;

- қойылған бағаларды салыстырып, қорытынды жасау.

Сергіту сәті

3 мин.

Жапон тілінде өз аттарын жазып,бір бірімен таныстыру

Теориялық материал

5 мин

Презентация «Критериалды бағалау – педагогикалық технология»

Топтық жұмыс

7 мин.

«Бетпе-бет» әдісі

  1. Оқыту үшін бағалау

  2. Оқу үшін бағалау ( топта талқылау)

Кері байланыс

5 мин.

«Өрмекші торы» әдісі. Қатысушылар өздеріне ұнаған жақтарымен, келешекте сабақта қолданатыны туралы ой қорытады.

Сауалнамаға жауап.



Математика пәні мұғалімі: Қ.Рабай

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі