жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау
Халенова Гульнар Абдулкасымқызы С- есебі
I - топ
Оқыту мен оқу тәжірбиесіне өзгеріс енгізілгені және ол басқарылғанын растайтын сабақтар өткізілгенін және оның тиімді екенін талдау туралы рефлексивті есеп.
Мектебімізде III деңгейлік курс бойынша теориялық білімімді тәжірибе жүзінде іске асыру кезеңі біраз қиындықтар тудырды. Сындарлы оқыту бойынша оқу үдерісіне өзгеріс ендіру үшін мектебіміздің биылғы жылғы тақырыбына қарай «Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау » әдісін таңдаған болатынмын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқу үдерісіне ендіру үшін жеті модульді ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаған болатынмын. Өзім сабақ беретін 7 сыныпта ағылшын тілі пәнінен төрт сабаққа орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап «Денсаулық» тарауын өздігінен оқып үйренуге дағдыландыруды алдыма мақсат тұттым. Бұл сабақтар барысында дәстүрлі сабақтарға қарағанда оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артып белсенділік танытқаны байқалды. Оқушылардың деңгейлеріне қарай берілген тапсырманы тиянақты орындап шығулары, сабақта енжар оқушылардың да сұрақтарға жауап беріп, топтық жұмыста бағалауға ерекше мән беріп, сыныптастарымен пікір алмасып отырғаны , талантты және дарынды оқушылардың зерттеуге, шығармашылыққа бет алысы енгізіліп жатқан өзгерістің оң нәтижесі деп ойлаймын. Топтық жұмыста берілген тапсырмалар оқушының өздігінен реттелуіне, тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығына, проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауына, мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауына бағыттап отырды.
Алғашқы сабақтарда оқушылар тосырқап, сергіту сәттерін жасауға ұялып тұрғанымен тізбектелген сабақтар топтамасының кейінгі сабақтарында оқушылардың бойында сергектік, еркіндік сезіле бастады. Оқушыларда қалыптастырушы бағалаудың бағалау критерийлерімен танысқан соң, әрбір оқушы жетістікке жетуге тырысты , сабақтың әрбір тапсырмасын орындауда топтар арасында бәсекелестік болғанымен барынша өзара шынайы бағалауға бағыттап отырдым. Мен орта мерзімді жоспарлау кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай берілетін тапсырманың деңгейін таңдауда қателеспеу керек екендігін түсіндім. Күрделілігі жоғары тапсырманы бере салғанымен оқушы мұғалім көмегіне көбірек жүгіне бастайтынын аңғардым. Мұнда оқушыға бағыт көрсету үшін мұғалім-оқушы арасындағы диалогті сауатты түрде жүргізу керектігін білдім. Сынамалау, түрткі болу, қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы оқушыны сын тұрғысынан ойландыра отырып күрделі тапсырмалардың шешімін табуға болатынына көзім жетті. Сондықтан да сабақ барысында «Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау» әдісін ендіргенде сыныптастардың бірін –бірі бағалау, өзара бағалау, белгілі бір критерийлерге сүйене бағалау тәсілдеріне көбірек назар аударып отырдым. Сабақ барысында тапсырмаларды орындаудағы жұмыс оқушыларды шаршататын бірсарындылықтан әртүрлілікке ыңғайластырылғанда қажетті дағдыларды қалыптастырып білім беретіндігін түсіндім. Сабақ барысында ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану уақыт үнемдеудің бірден-бір тиімді тәсілі, әрі көрсетілімдер жасау арқылы оқушылардың танымдық және есте сақтау дағдысын қалыптастырудың құралы екеніне көзім жетті. Оқу үдерісіне жеті модульді кіріктіруде өз мақсатына, сабақ мақсатына жетуі үшін мұғалім шығармашылығын, ізденімпаздығын қажет ететінін түсіндім. Күтілетін нәтижең жоғары деңгейде болуы үшін мұғалімнен тынбай еңбек етуді талап етеді екен.
Мен әрбір сабағымды бастар алдында міндетті түрде әртүрлі сергіту жаттығуларын жасатып отырдым. Ондағы мақсатым сабақты бастар алдында оқушыларды ынталандыру, жағымды орта орнату, оқушылардың бір-біріне деген сенімдерін арттыру, жақындастыру, көңіл-күйлерін көтеру. Оқушылардың білімге деген тиімді көзқарасын дұрыс бағыттауға апаратын бірден-бір жол. Қазіргі кезеңде психология ғылымы бойынша психологиялық процестер әрекет арқылы дамиды деп саналады. Бұл көзқарасты алғаш рет ұсынған психолог Л.С.Выготский. Сонымен қатар Выготский когнитивті дамуда оқушылар өзінің «жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе жақсаратындығын атап көрсеткен.
Жада оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. (нұсқаулық).
Оқушылардың да
сабақ
барысындағы ұсыныстарын ескере
отырып, оқушылар мен мұғалім арасында, оқушылар өздері топ арасында
серіктестік қатынасты орнатуға тырыстым. Шынайы бағалауға жол
аштым.
Бұрынғы дәстүрлі
сабақ
аяғында оқушыларды әрдайым
өзіміз бағалайтынбыз. Осы курстан кейін сабақ
беру кезінде мен оқушыларға
өзін-өзі бағалау жайында айта отырып, сабақта бірін-бірі
бағалауларына күш салдым. Оқушылардың өздеріне бағалату кезеңім
алғашқы кезеңде сәтті шықты деп айта алмаймын. Себебі оқушылар топ
ішінде артық бағалап, бір-бірінің көңілдерінен шықпай жатты. Мұндай
кемшіліктерді болдырмау үшін мен бағалау критерийлерін жасап келіп,
топ басшысына беру арқылы бағалатуды ұйғардым.
Cабақ
соңында критерий бойынша
талқылап, топ мүшелерінің бір-біріне қойған бағасымен топ
басшысының қойған бағасына назар аударып отырдым. Соңғы сабақтарда
бағалау критерийін де оқушылардың өздеріне жасатуға ықпал жасадым.
Сабақты бастар алдында критерийлерінің дұрыс немесе бұрыстығын
тексеріп, жетіспейтін тұстарын толықтырдым. Осы уақыттарда
оқушылардың қызығушылығы артқанын кері байланыста өзіндік
ұсыныстарын оқи отырып, оларға өзін-өзі бағалау ұнағандығын
білдім.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдісімен оқушылардың өздері сабақта сыни тұрғыда ойлана отырып, бір-бірінің жұмысын бағалады.
Менің бірінші сабағымның
тақырыбы «Аt the doctor`s» ( дәрігерде ) болды. Сабағымды сергіту
сәтінен бастадым. Балалардың көңіл-күйін сабаққа деген ынтасын
арттырып алдым. Соңынан тақырыпқа байланысты сөздермен төрт топқа
бөлдім.

Үй тапсырмасын пысықтауға екі әдісті алдым. Бірі «Миналы алқап» әдісі, екіншісі «Фишбоун» әдісі. «Миналы алқап» әдісі арқылы үйге берілген жаңа сөздерді жаттаған немесе жаттамағандарын анықтадым. Яғни бұл әдісте жерде миналар шашылып жатады (ішінде жаңа сөздер жазылған, мыжылған ақ қағаздар). Әр топтың оқушыларын жеке-жеке шақырып, көздерін байлап, миналы алқап алаңымен жүргіземіз. Балалар минаға аяқтарын тигізбеуге тырысады, себебі,ешқандай минаға тимей өтсе ,ешқандай сұраққа жауап бермей-ақ бір балға ие болады. Ал аяғы тисе сол сұраққа жауап береді, ағылшынша сөз берілсе қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларын айтады. Екеуін де дұрыс айтса, екі балға ие болады. Біреуін айтып, екіншісін айта алмаса бір балға ие болады. Ойын осылай жалғаса береді, топтың жинаған балын есептеп, бағалау плакатына жазып отырдым.
Үйге берілген мәтінді қаншалықты ұғынғандарын « Фишбоун » әдісі арқылы тексердім. «Home remedy» тақырыбында үйде жасалатын ем-дом түрлерін балық қаңқасына жазып шықты. Aуру түрін, оған жасалатын ем-домдарды және одан шығатын нәтижені жазып шықты. Соңынан топтар бағдаршам әдісі арқылы өзара бағалады. Бағалағанда табыс критерийіне мән беруін ескертіп отырдым. Фишбоун әдісі бойынша басы, ортасы, аяғы болуы керек екенін түсіндірдім. Балалар қызыға тексерді және шынайы бағалады.

Жаңа сабақты бастар алдында ой қозғау жүргізген өте пайдалы. Сол мақсатпен мен жаңа сабақты бастар алдында ой қозғау жаттығуын орындаттым. Бұл әдіс балалардың ойларын жаңа сабақтың алдында жинап алуға үлкен көмегін тигізді (өзара бағалау жұмысы жүргізілді).
Мәтінмен жұмыс жасағанда менің байқағаным алдыңғы дәстүрлі сабақтардағыдай емес балалардың барлығы топта жұмыс жасап жатты . С деңгейіндегі оқушылар да кейбір сөздерді сөздіктен қарап топ мүшелеріне өз көмектерін тигізіп отырды. «Жабыла істеген жүк жеңіл» дегендей барлығы жұмыла жұмыс жасағандықтан өздеріне берілген бөлікті уақытынан бұрын аяқтады, мағынасын ашты.
Барлығынан қатты ұнағаны балаларға сабақта рөльдік ойын көрсеткені, олар бар ынты-шынтысымен рөльге кіре ойнады. Сабақта селсоқ отыратын балаларға дейін назар сала тыңдады, көңіл бөлді.
Балалар өз еңбектерін қол шапалақтау арқылы бағалады. Бұрын бұл тәсілді пайдаланбаған оларға барлығы қызық болды.
Кері байланысты стикерлер мен смайликтер арқылы жасады. Балаларға тақтада ілінген бағалау парақшасының ішіндегі қайсы әдіс немесе қайсы тапсырма ұнады немесе қиындық тудырды,қызықты болды деген сияқты түр-әлпетті білдіретін смайликтерді таңдап, әр әдістің тұсына жабыстыру керек болатын бірақ, балалар кері байланысты дұрыс түсінбегендіктен бере алмады, шатастырды. Яғни с деңгейдегі оқушылар өздері дұрыс орындай алмаған әдістің тұсына o.k бейнесін беретін смайликтерді жабыстырған. Бұл
бірінші сабақта болған қателік болатын , түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен соң, бұндай қателіктер кейінгі сабақтарда қайталанбады.
Менің бұл жүргізген
сабақтарымда күнделікті қорытынды бағалау немесе мадақтау арқылы
және сабақ
соңында жиынтық бағалау үрдісі
жүріп отырды. Осыған дейінгі тәжрибемде мен оқушыларды
сабақ
үстінде ынтасын жоғарылату
мақсатында мадақтап, марапаттап отырмаппын. Курстан алған білімімді
тәжірибеден өткізу кезінде алдыңғы
сабақ
беру үрдісінен мүлде басқа
екенін байқадым. Ауызша мадақтаудың өзі балалардың еңсесін бір
көтеріп тастайды екен. Әсіресе мақтау сүйер балалар бұл әдіке бір
марқайып қалды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген