400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқытуда білім алушылардың дивергентті ойлауын қалыптастыру арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сынып ұстаздарына тәжірибе алмасу үшін керек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқытуда білім алушылардың дивергентті ойлауын қалыптастыру арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру жолдары»


Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге,  болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, проблеманы шеше шешуге лайық, шығармашыл, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, ұлттық тілді, отандық және әлемдік мәдениеті бойына қалыптастырған жеке тұлға қалыптастыру.

Зерттеп отырған құзыреттілік мәселесін, кәсіби құзыреттілік туралы Ш. Х. Құрманалина, Б.Т.Кенжебеков, Г.Ж.Меңлибекова, А.Дорофеев, А.Б.Ежова, А.В.Райцев, Б.Б.Кенджаева, М.Ж.Жадрина, Г.Қасымова, Р.Даулетова және т.б. еңбектерінде қарастырды.

Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”, “кәсіби мүмкіндіктер” және т.б. түсініктерді біріктіреді.

Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары “құзыреттілік” және “құзырет” сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. “Құзыреттілік” – хабардар болушылық, абыройлық; “құзырет” – жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы.

Ғалым С.М.Вешнякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Кәсіби құзыреттілік (латын сөзі) competenens - қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген.

Ғалым Дж. Равеннің «Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік» атты еңбегінде «кәсіби құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама беріледі

Осы орайда отандық ғалымдардың зерттеуіне сүйеніп, соның ішінде ғалым Ш.Х Құрманалинаның «Құзыреттіліккке бағытталған сапалы білім беру» атты және «Әдістемелік және технология электрондық әдістемелік жүйе түрлері білім беру ақпараттық жағдайда» еңбектерінде көрсетілгендей «Жетістікке жету үшін тұлғаға қажетті құзыреттіліктердің бірден бірі: проблеманы шешу құзыреттілігі». Әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болу; өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға; өзі үшін барабар жағдайлар, іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдауға дайын болуы делінген.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Жас ұрпақ оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, әр тұлға осы ақпараттық қоғамнан қалыспай жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық, қабілетті, нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы -бұл қазіргі заманның талабы.

Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі-қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.

Сонымен педагог ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның бойында белгілі бір құзыреттіліктер қалыптасуы қажет:

  • бағдарлы құзыреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);

  • мәдениеттанымдылық құзыреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

  • оқу-танымдық құзыреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

  • коммуникативтік құзыреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

  • ақпараттық-технологиялық құзыреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

  • проблеманы шешу құзыреттілігі ( әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болу қабілеті ).

  • әлеуметтік- еңбек құзыреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

  • тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Білім беру жүйесінде осы аталған құзыреттілік қасиеттерді білім алушының бойында қалыптастыруды бастауыш сыныптан бастап сабақтарда оқушыларды сындарлы, дивергентті ойлануын қалыптастыра отырып, білім алушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана білуіне назар аударамын. Ол үшін оқушылардың білім алуын дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей шығармашыл тұлға қалыптастыруды көздеймін. Олай болса, оқушылардың коммуникативтік құзыреттілік қабілеттерін дамытуда жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқушыларды дивергентті ойлата отырып, оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады:

I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)

II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау, және оны бақылау, дивергентті ойлау, талқыланған шешімді қабылдау)

III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру)

Бұл жерде «Бинго» әдісі, «Идеялар банкі», «Не? «Қайда? Қашан?» ойыны «Сюжетті ролдік ойындар» арқылы сабақтар жүргііледі. Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендіруші- лік) маңызы зор.

«Детальдарын қосу» әдісі Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!

Бастапқы сөйлемнің мысалы: Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы басталды.

Кеңейтілген сөйлемнің мысалы: 1939 және 1945 жылдар аралығында орын алған екінші дүниежүзілік соғыс, немістердің Польшаға баса-көктеп кіруінен басталды және Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады.

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

· сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;

· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;

·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

Жұптық әңгіме. Мақсаты: Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру:Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып талқылаудан сақтап қалу үшін жұптар арасында аз да болса арақашықтық сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ.

Жаттығудың сипаттамасы: Оқушылармен талқылау үшін ынталандыра- тын немесе арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданамын. Белсенді тыңдап, жауап беруге оқушыны жетелеймін. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атаңыз ( мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керісінше. Сұрақ жұпта талқыланады. Әр жұпқа мақсат қойып – сұраққа жауап алынады.

Бұл әдістерді тиімді қолдана отырып, нәтижесінде оқушы бойында талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті артады.

Проблеманы шешу құзыреттілігі(әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болу қабілеті) болса, оқушылардың дивергентті ойлауын қалыптастыра отырып, проблеманы шешу құзыреттілігі қалыптасады дегеуге болады. Оқушыны дивергентті ойлатаудың көмегімен проблемаға жаңа шешім жасау үшін сананың компоненттерін пайдаланады деп қорытындыға келуге болады. Дивергентті ойлаудың белгілі бір ерекшеліктері бар: ол түсініксіздікті іздеуге, қолданыстағы стандарттардың шегінен асып кетуге, ерекше жолдарды іздейді, әдетте, белгілі бір проблемаға бірнеше шешімдерді табуға, белгілі және жаңа позициялардан құруға тырысады. Дивергентті ойлаудың бұл қасиеттері, конвергентті, білімге бағдарланған, логикаға, белгілі бір дәйектілікке қарағанда, дәл, логикалық санаттармен жұмыс істейді және оларда бар мәселені белгілі бір ережелерге, заңдарға, формулаларға сәйкес шешуге тырысады. Менің ойымша оқушының дивергентті ойландыру үшін сабақ барысында қолданылатын тапсырмалар оқушыны логикалық тұрғыда ойландыратын берілген тапсырманың бірнеше шешімі бар әртүрлі шешу жолдарын ұсына отырып, проблемадан шығу жолын қарастыруға бағытталуы керек. Сондай тапсырмаларды үнемі, жүйелі сабақ барысында қолдана отырып, оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеймін. Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық тəсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу стратегияларынан тұрады. Оқушыларға бастауыш сыныптарда проблеманы шешуді ұсыну арқылы мұғалім «оқушылардың Пиаже сипаттаған танымдық даму сатыларының нақты бір операциялық кезеңінде»- екенін есте сақтау керек. Белгілі бір жастағы балаларға проблема ұсынғанда мұғалімдер абстарктілі, ойдан шығарылған нəрселермен жұмыс істегенше, қарапайым бірақ нақты мысалдарды пайдаланғаны абзал. Өз тәжрибемде сабақтарда, үзіліс кездеріңде тренингтер өткізіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға баса назар аударамын. Себебі сапалы білім алу үшін ынтымақтастық атмосфера қалыптасуы қажет. Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне байланысты деп ойлаймын. Адам өміріндегі қиындықтармен тиімді күресу үшін ойлаудың кейбір маңызды сипаттамаларын дамытуға назар аудару қажет. Сондықтан 1-сынып оқушыларын ерте кезеңнен шығармашылық ойлауын дамыту, мен үшін маңызды болды. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарлатады дегім келеді. Оқушының дивергентті ойлауына сыныптағы диалогтің маңызы зор, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын ескеріп, тізбектелген сабақтарымда оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшелігіне сай үнемі қолданамын. Сабақтарда флипчартпен, маршруттық картамен, интелек картамен жұмыс, жұптық әңгіме арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытамын.

Сондай әдістердің бір: «Идеялар банкі» әдісі. Топтың алдына бір міндет қойылады (мысалы: теңдеуді шешудің тиімді жолдары) осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды бір топ жинап алып, оларға баға береді. Сонда бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылады, ол топтармен талдау жасалып, бағаланады.

Әдебиеттік оқу пәнінде оқыған мәтін бойынша мазмұнын айтқызып қана қоймай,оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, мысалы, «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы оқушыларға мәтін мазмұнына бойынша сурет салғызып, салған суреттерін оқиға желісі бойынша орналастыруды тапсырамын. Оқушылар өз түсінігі бойынша бейнелерді орналастырды. Бұдан шығатын қорытынды оқушының мәтіннің мазмұнын қаншалықты дәрежеде меңгергенін көруге болады.

«Ойды аяқта» әдісінде көбіне қолданамын. Қазақ тілі немесе әдебиеттік оқу пәнінде ертегі не мәтін аяқталмай беріледі. Оны оқушы өз ойы бойынша аяқтайды. Бұл әдісті қолана отырып, әр оқушының мәтінді түрліше өрбітіп әртүрлі аяқтай отырып, оқушы дивергентті және сыни тұрғыдан ойлануына тура келеді.

Қазақ тілі пәнінен оқушының қойылған сұрақтарға жауаптарын дәлелмен жауап беруін талап етіп отырамын. Сабақта оқушыларға тапсырмаларды түрлендіріп отырамын. Оқушының ой-өрісінің ұшқыр болуына көмектесу мақсатында мысалы: «Сөз құрастыр» атты тапсырманы /1-кесте/ беруге болады. Оқушы бұл тапсырманы орындай отырып, сөздік қорын дамытады, дивергентті ойлана отырып, проблемадан шығудын түрлі жолдарын қарастырады.

«Сөз құрастыр» 1-кесте

е,ш,т,б,р,ә,і,н,и

Би, ер, тер, іш, би, ет,Әбіш, әр.

к ,е,у,с,е,р,т

Ес,кес,кет,ту, ет,,есе,ер, кер,ек.

Ө,к,е,ш,д,е

Көшеде, кқше, көш, кеше, ек

Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті). Оқыту мен оқуда ақпараттық - комуникациялық технологияларды енгізу. Тізбектелген сабақтарда үнемі ақпараттық-комуникациялық технологиялар- ды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейінің шоғырландыра отырып, сабақтың басты сәтін анықтауға болатынын ескеріп, сабақтарымда үнемі проектор, белсенді тақтамен жұмыстанамын. Әр пән бойынша білім сапасын салыстырмалы түрде әр тоқсанда диаграммамен салыстырып өсу, төмендеу векторы бойынша салыстырып, тұжырымдап білім сапасын арттыру бағытында жұмыстанамын. Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді демекші өзімнен жас ұстаздар оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерге қызығушылық білдіреді. Сабақтарымды ғаламтор сайыттарына жариялап, сертификат иеленіп, тәжірибе алмасамыз, керек ақпараттармен танысамыз. Сонымен қатар оқытуда оқыту әдістерін тиімді қолдана отырып, дарынды оқушының пәнді терең түсіне отырып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету мақсатында пән мұғалімі ретінде нәтижелі жұмыстанып келемін.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж. Педагогика, Алматы – 2002 ж. С.Б.Бабаев, Ж.Қ. Оңалбек Жалпы педагогика, Алматы – 2007 ж Құрманалина Ш.Х «Құзыреттіліккке бағытталған сапалы білім беру»

  2. М.Барбер. М.Муршед «Как добиться стабильно высокого качества обучения в школах»

  3. Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар» «Атамұра» 1997ж

  4. Машарова Т.В. Современные технологии обуения, 2009 ж.

  5. «Формирование дивергентного мышления» Разумникова, О. М. Новосибирск, 2003ж








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
965
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі