жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер»
«Оқытудағы жаңа
әдіс-тәсілдер»
жинағы
Құрастырған:
Айтжанова
Ләйлә Өмірбекқызы
Кіріспе
Кіріспе
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді. Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді. Алдағы уақытта балалардың білімін арттыру мақсатында жаңашыл технологияларды пайдаланып, заманға сай өзгеріп, жаңашыл ұстаз болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз деп ойлаймын. Жалпы қорыта айтқанда, аталған әдіс — тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни,білім алушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді ұжымда ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа кез-келген пәндер осындай әдістерді пайдаланса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осыдан кейін ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.
«Фрейер моделі» әдісі
Алғашқы екі кестесін, яғни «не білемін», «не білгім келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.«БББ» кестесі
«Борт журналы»
5-10 минут мұғалім бүкіл аудитория бойынша дәріс оқиды. Оқушылар 20 минут ішінде өз «борт журналдарын» толтырады (түйінді сөздер, суреттер, тәжірибемен байланыстыра отырып. Оқушылар жұпта, сосын топта өз журналдарының мазмұнын талқылайды, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді, түсінбеген жағдайларда – мұғалімнен кеңес алады. Мұғалім бүкіл сыныппен «борт журналдарын» талқылайды, жалпы сұрақтарға жауап береді.
“ Ыстық орындық” әдісі.
Берілген
тапсырмаға байланысты қойылған
сұрақтарға жылдам жауап беру керек,
себебі, орындық ыстық.
“Автор
орындығы”
оқушының өзі жазған шығарма, эссесін
оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл
әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен
сабақты бекітуде тиімді.
«Миға
шабуыл»
стратегиясы
(Мұғалімдермен
жұмыс)
Тақырыпқа байланысты идеяларды
көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда
кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз,
идея қайталанбау керек. Қайталанған
идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы:
“оқушылар мектепті тастамас үшін не
істеу керек?”
“3
таяқша” әдісі
Берілген
тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1
жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке
салады.
Мысалы: “деңгейлі оқыту
туралы”
«Өзіңізді
тексеріңіз» әдісі
Бұл
мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН
ба?
Өтілген
мәтін бойынша мысалдар келтіріледі.
Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар
ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде
бар, жоғын анықтайды.
«Он сұрақ!» әдісі.
Мұғалім
бір оқушыны таңдап алады және оның
маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді
жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ
«Хат жазу» стратегиясы арқылы шығарма авторына өз пікірін
білдіріп, пікір білдіру.
«Әткеншек»
стратегиясы
топтық
жұмыс Топтық жұмыс
«Әткеншек»
стратегиясын пайдалану
1
топ: Қалай оқушыларды топқа бөлуге
болады?
2
топ: Топта жұмыс істеу ережесін
әзірлеу.
3
топ: Рөлдер мен ресурстарды бөліп
беру.
4
топ: Топтың жұмысын қалай бағалауға
болады?
Әрбір
топқа бір сұрақтан беріледі, берілген
сұрақ топта
талқыланады, әр топтың спикері қағазға жазылған
жауабымен топтарды аралап, өзінің тобы не істегені
туралы айтады. Сұрақтарды талқылайды, талдайды,
қорытындылар
жасайды. 10 мин
«Ақпарат
текшесі» Текшені лақтыру барысында
түскен сұраққа жауап бере отырып, әрбір топ постер дайындайды.
стратегиясы арқылы шығарма авторына өз пікірін
білдіріп, пікір білдіру.
«Ынталандыру»
әдісі
Қызығушылықтың
үш түрі:
• іс-әрекетке
деген оң көзқарастың болуы;
•
танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі
Рефлексия. «Раундробин» әдісі
Білім алушылар бүгінгі өтілген сабақ бойынша парақтарына
өз ойлары мен идеяларын белгілі бір уақыт аумағында жазып,
уақыт аяқталған соң қасындағы көршілеріне парағын береді.
Көршілері алдынғы жолдасының жазғанымен танысып, ары
қарай жалғастырады.
Білім алушыларды бағалау
«Бағалау таблосы»
Топтық бағалау. Топтардың белсенділігіне қарай бағалау.
«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» ұстанымы басшылыққа
алынады, яғни топ қалай бағаланады, топ мүшелерінің бәрі солай бағаланады
Топ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қ.Б |
1-топ |
|
|
|
|
|
|
|
2-топ |
|
|
|
|
|
|
|
3-топ |
|
|
|
|
|
|
|
Топ бойынша тапсырма.
1-топ: Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістерді талдау
2-топ: Таным белсенділігіне қарай топтастырылған әдістерді талдау
3-топ: Дәстүрлі емес әдістерді талдау
«Қосу —
алу — қызықты», «Айналмалы бекеттер»
стратегиясымен
сабақты бекітуге болады. Әрі осы
стратегияның негізінде оқушыларды
бағалауға, рефлексия жүргізуге болады.
Бұл стратегия негізінде бағаланған
оқушы, шынайы бағаланады.«Айналмалы
бекеттер» стратегиясын орта буында
қолданған дұрыс деп ойлаймын. Бұл
стратегия бойынша оқушылардың білімдері
бір -бірінің көмегімен толығады, яғни
оқушылар бір- бірін дамытады. Бұл
стратегияны жаңа сабақ өткенде қолдануға
болады.
«Аквариум» әдісінде оқушылар екі топқа бөлінеді. Әуелі бірінші топ берілген мәселе бойынша жан-жақты шешім табуға бағыттайды нақты ой- пікірлер мен дәлелдер келтіреді. Мәселені шешуге тырысады. Келесі топ бұл кезде мұқият тыңдайды ,сұрақ қояды. Кейін берілген уақыт бойынша , келесі топпен орын ауыстырады.Мәселені арғарай дамытып бір шешімге келеді.
«Химиялық лабиринт» Плакатқа әр команда өзі дайындау мүмкін,немесе мұғалім дайындайды. Дұрыс жолын табу керек.
«Детектив» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.Сипаттамасы: Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Олар 15 минут ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.
.«Коллаж әңгіме» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.
«Менің сөзім» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын) айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.
«Суретті әңгімеле» әдісі
Ұйымдастыру: барлық сыныппен, жұппен жұмыс.
Мақсаты: бір бөлігі берілген сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаның басын және соңын болжату арқылы тапқызу.
Қажетті материалдар: сериялы суреттер
Сипаттамасы: оқушыларға сурет көрсетіліп, әңгімелетіледі. Қажет болған жағдайда әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан кейін әңгіменің толық нұсқасы оқып беріледі.
Оқушылар өздері құраған әңгіме мен әңгіменің шынайы сюжетін салыстырады. Оқушыларға әңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.
«Неге? Неге? Неге?» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың түйінді тұстарымен ой бөліседі.
«Әңгімеге негізделген жазу»
Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс
Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.
Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам
Сипаттамасы: берілген әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді. Оқушылар берілген жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікіралмасады. Жазып біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой бөліседі.
Шақыру қағазы
Егер дұрыс бұрылмаса сабақ бойынша сұрақтар қойылады.
«Алғыр оқушы» ойыны.
Әр партада екі оқушы, текст бойынша 10 минут сұрақтар жазады да, бір-біріне сұрақтарын алмастырып, жауап бере алмаған сұрақтарын бір-біріне түсіндіреді. Қай оқушының алғыр екенін мұғалім анықтайды.
«
Температура өлшеу әдісі ».
Бұл
әдіс топтық жұмыс барысында мұғалім
топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп
жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы
оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін
бағыт береді.
«Сұраққа
жылдам жауап».
Тақырыпты
терең түсіну және оқушылардың назарын
сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту
мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға
толық жауап қайтару тапсырыңыз.
М
ысалы,
«Мадина, Болаттың жауабы дұрыс деп
ойлайсың ба?»
«Болат,Әсемнің
жауабын қалай толықтыруға болады?»
«Марат,
айтылған барлық жауаптарды қалай
біріктіруге болады?»
«Сюжеттік
кесте»
Оқушылардың
мәтінді қаншалықты меңгергенін бақылау
үшін сұрақтарға сәйкес төрт сөзден
тұратын сөйлем құруды тапсырыңыз.
«Бес
сатылы эссе жазу»
1.
Тақырып бойынша негізгі идеяларды
анықтап алу;
2. Кірпарақпен
жұмыс;
3.
Жұптық жұмыс. Қателерді анықтау;
4.
Жіберілген қателерді есепке ала отырып,
қалыпқа келтіру жұмысын жүргізу;
5.
Сынып алдына жұмысын жариялау.
«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі
Үй тапсырмасын не жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауабы тыңдалады. Оқушы сұрақтарға нақты жауап беру керек.
«Адасқан әріптер» әдісі
Негізгі мақсаты:
Әріптерден сөздер құрастырамыз.Сабақты бекіту кезінде қолданамыз.
«Сиқырлы сандық» әдісі
Мақсаты: Оқушыларды сабақ соңында пайдалану.
«Кір жуу»әдіс
Үй тапсырмасын бекіту.
Өткен сабақтағы оқушы түсінігін еске түсіру, қалай оқып келгені жайында байқау мақсатында пайдаланады
«Пирамида» әдісі
Әңгіменің кейіпкерін табу, сол кейіпкерге мінездеме жазу
«Бірге ойлаймыз» әдісі
Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа таратуға қолданылады.
«Көршіге арналған сөздік диктант» әдісі
Интербелсенді әдістердің тиімді түрлерінің бірі- жұптық жұмыс. Жұптық жұмыс-ынтымақтықпен өзара көмек таптырмас форма. Жұпта бір\бірін тексере алады, жаңа матералды бекітеді, өтілген матералды қайталай алады.
Полиглот. Жеті жұрттың тілін біл.
Мақсаты:
Оқцшылардың ой- өрісін дамыту. Басқа
пәндермен де пәнаралық байланыс
орнату.Сергіту сәтіндеде пайдалануға
б
олады.
«Құпия хат» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың қызығушылын арттыру. ( бір тілек,бір сұрақ)
«Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі
Мақсаты:
Топтық білімді жинақтау ынтымақтаса
жұмыс жасай отырып өз ойларын еркін,
дәлді түрде жеткізе білуге ықпал ету.Әр
оқушы алдымен өзі о
рындайды,көршісімен
ақылдасады, топқа түсіндіреді.
Сказка «Болтливая жена»
Басты кейіпкердің кейіпін салып, ішкі бетіне сол кейіпкер жайлы білетіндерін жазып , сыртында одан не сұрағысы келеді соны сұрайды..
Мақсаты: Оқушылардың өзін қалай және қандай дәрежеде бағалайтынын анық
«ДЖИГСО» әдісі
М
ақсаты:
оқушылардың жауапкершілігі артылады..
Мақсаты:Оқушыларға бір әріптің екі дыбыс беруі сурет салу арқылы есте сақтайды.
Мақсаты: Есте сақтау қабілетін арттыру үшін қолданылады.
Мақсаты:Оқушы
сөзді сурет арқылы көріп е
ске
сақтау
М
енің
ұраным!
ШАРШАМА ТАЛМА ,
ТЕК АЛҒА!
«Сиқырлы қолғап» ойын әдісі арқылы сабақ мақсатын жариялау үшін, оқушылардың ойын қозғауға бағытталған ойынын ойнатылады.
Мұғалім оқушыларға жәй қолғап емес, «сиқырлы» қолғап екенін айтып, киіп үстел үстіндегі заттарды қозғайды. Не байқағандарын сұрап, қорытынды жасатады. Магнит-темір заттарды өзіне тартып алатын және темірге жабысатын қасиеті бар, кейде магниттер бір-бірінен тебіледі екендігін айтады. Аттас полюстер бірін-бірі тебеді, ал аттас емес полюстер тартылады. Соңында «Магнит» бейне баян көрсетіледі.
«
Құпия
зат» әдісі қолданылады. Оқушыларға
түрлі материалдан жасалған заттар
беріледі(мысалы: түйреуіш, шанышқы,
тарақ, темір ақша, шыны, орамал, ағаш
қасық, т.б.). Әрқайсысы бір затты таңдап
алады да, қайта ортаға жинап қояды.
Мұғалім ортадағы заттарға магнитті
жақындатады. Металдан жасалған заттар
магнитке тартылып қалады. Мұғалім:-Бал
«Допты лақтыру» әдісі
арқылы бағаланады. Мұғалім допты шартты түрде магнит деп атайды. Кез келген зат атауын айтып, допты оқушыларға қарай лақтырады. Егер айтылған заттың магниттік қасиеті болса, оқушы бопты ұстап алуы қажет. Ал магнитке тартылмайтын зат болса, допты қайтып лақтыру талап етіледі.
Оқушылардың табыстарын мадақтап, өздеріне деген сенімін нығайту мақсатында ауызша репликалар айтылады. «Қол шапалақтау» әдісі қолданылады. |
«БББ» әдісі бойынша кері байланыс
Топ басшыларына бағалау парақтары тапсырылды. Топ басшылары әділ оқушылар.
Стикерге аттарын жазып тақтада ілулі тұрған ватманға жабыстырады.
«Білемін» |
«Білдім» |
« Білгім келеді» |
|
|
|
«Ойлан
– жұптас – бөліс» әдісі. Әр
топқа жеке тапсырмалар беріледі.
1-топ тапсырмасы: Қоспаның 40%-ын күміс, 20%-ын мыс, қалған пайызын мырыш құрайды. Қоспаның құрамын көрсететін диаграмманы Microsoft Excel-де салыңдар.
2-топ тапсырмасы: Ауа құрамының 70%-ын азот, 20%-ын оттек, қалған пайызын әртүрлі газдар құрайды.Осы мәліметті диаграммамен .
«Өзіңді тексер» әдісі
Кеcтедегі мәліметтерді пайдаланып, бағанды диаграмма салыңыз:
№ |
Қазақстанның облыстары |
Аудандары |
1 |
Ақмола облысы |
146219км |
2 |
Ақтөбе облысы |
300629 км |
3 |
Алматы облысы |
223911 км |
4 |
Атырау облысы |
118631 км |
5 |
Шығыс Қаз облысы |
283226 км |
6 |
Жамбыл облысы- |
144264 км |
7 |
Батыс Қаз облысы |
151339 км |
8 |
Қарағанды облысы |
427982км |
9 |
Қостанай облысы |
196001км |
10 |
Қызылорда облысы |
226019км |
11 |
Маңғыстау обылысы |
165642км |
12 |
Павлодар облысы |
124755км |
13 |
Солтүстік Қаз облысы |
97993км |
14 |
Оңтүстік Қаз облысы |
117249км |
Рефлексия
«Блоб
ағашы». Сабақ
соңында окушы сабақта өзiн калай ұстады,
қандай дәрежеде өз бiлiмiн көрсете алды,
ағаштан өзiн тауып бояп қояды. Жұппен
жақсы жұмыс iстесе құшақтасып отырған
екi адамды белгiлейдi. Сабаққа араласпаса
жерде бұртиып жатқан баланы бояп
қояды.т.с.с.
«Өзіңізді
тексеріңіз» әдісі
Бұл
мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН
ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар
келтіріледі. Мысалдарды оқу КЕЗІНДЕ
оқушылар
ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде
бар, жоғын анықтайды.
«Қол белгісі»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.
Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.
Оқушылардың табыстарын мадақтап, өздеріне деген сенімін нығайту мақсатында ауызша репликалар айтылады. «Қол шапалақтау» әдісі қолданылады.
«Бағдаршам»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
«Әңгімеге негізделген жазу»
Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс
Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.
Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам
Сипаттамасы: берілген әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді. Оқушылар берілген жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікіралмасады. Жазып біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой бөліседі.
1. Шақыру қағазы
Оқушылар мазмұны кеш, туған күн немесе басқа да мерекелер туралы айтылған әңгімені тыңдағаннан кейін шақыру қағазын жазады.
2. Хат
Оқушылар әңгіме кейіпкерінің атынан хат жазады.
3. Ашықхат
Оқушылар әңгіменің кейіпкерінің атынан кейіпкердің ата-анасына хат жазады.
4. e-mail
Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады..
Кері байланыс түрлері
«Алма ағашы» әдісі
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*,
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
Кері - байланыс әдістерінің бірі:
«Тазалық» ойыны
• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
1. Чемодан(суреті)
2. қоқыс жәшігі (суреті)
3. еттартқыш (Суреті)
бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
«Құпия зат»
– мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз:
Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ
«Лездеме!» әдісі.
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:
Конверттен бір сөзді бір рет алу
Сөздің өзін атамай түсіндіру
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
«9 - ромб» әдісі
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
«Бірге ойлаймыз» әдісі.
Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.
көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;
осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
«Детальдарын қосу» әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс. Оқушы сабақтан көп қалады.)
Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!
Бастапқы сөйлемнің мысалы:
Бүгін біз мектепке жиналдық.
Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:
« Төрт бұрыш»
От- қолды айқастырамыз
Су — қолды жоғары көтереміз
Ауа — қолымызды ерсілі-қарсылы сермейміз
Жер – жерге төмен иілеміз.
Зейінді күшейту үшін миға шабуыл
«Қос құты» әдісі бойынша /слайдтта көрсетілген/
Кинометафора-ой тастау үшін /рухани жаңғыруға байланысты мультфильмнен үзінді ары қарай не болады деп ойлайсыздар/ топ болып жалғасын жазады.
«Карусель» әдісі ойды ойлана отырып толықтыру үшін жазылған мәтінді сағат тілімен айналдырады. Келесі топқа береді.
«Редакциялау» әдісі- мәтіндегі ойды жалғастырады. Соңында әр топ жұмысты оқиды.
ҚАҚ (Қосу-Азайту-қызықты)-авторы Эдвард де Боно.
Қосу (+) –«Не жақсы?», «Несімен жақсы?» деген сұрақтарға жауап беретін айғақтарды жазамыз.
Азайту (-)-«Несі жаман?» деген сұраққа жауап беретін айғақтар мен ойларды жазамыз.
«?»-«Несімен қызықты?» деген сұраққа жауап беретін оқушыны түрлі ойға салатын ойлар мен айғақтарды жазуға арналған.
қосу азайту қызықты
Ым-ишара арқылы тілдесу (бала өзгелерге өз ойындағы сөзді ыммен жеткізеді);
«Парадокс» әдісі (мұғалім оқыған мәтіннен балалар қатені тауып, дұрыстайды);
«Өрбіту» әдісі (бір сөзді сиппаттау арқылы ой өрбіту: Үй. Үлкен үй. Бұл үлкен үй. Бұл әдемі үлкен үй – Айша апанікі) ;
Мәтінді сипаттау (мәтін мазмұнына сай сурет салу);
Мәтінді өз фантазиясымен аяқтау, өрбіту;
“Мина” әдісі;
“Шеңбердегі шығарма”
Суретке қарап детальдарды жазу (баланың зейінін шоғырландырып, байқағыштыққа баулу);
“Миға шабуыл” (мәтін мазмұнына сай проблемалық ахуал туғызу);
Асық арқылы жүзеге асатын тапсырмалар (ханталапай, асық ату);
“Жұмбақ бейне”(жасырылған сөзді иә-жоқ жауабымен тауып алу)
“Жетелеуші сөздік”(жасырылған сөзді сипаттама арқылы табу: қатты, суық-мұз)
Жеңіс туы (балалар бір біріне ту беріп, себебін айтады)
Шеңбердегі тілек
Арқадағы жазу
Сыйлық (гүлде жазылған тілек)
Мақтау мадақтау
Есім мен сын есім (өз есіміне сын есім қоса айту)
Топқа бөлу:
Гүл шоғы арқылы
Туылған жыл мезгіліне сай
Түстер мен фигуралар арқылы
Есімінің басқы әріптері арқылы. Психологиялық сәт Әр қатысушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын (немесе өзіне тән) сын есімдер (эпитеттер) келтіруі керек. Мысалы, Айгүлдің былай деп жазуына болады: А – алғыр И – инабатты Г – гүлденген Ү – үлбіреген Л – лапылдаған.
«Қайта қарап өңдеу» Қатысушылар хаттан түсінгендерін жазып, бірін-бірі тексеру арқылы мәтіндерін толықтырады
Талдау «Кейіпкерге хат»
«Ортадағы қаламсап»
1)Қатысушылар кейіпкерге өз әжелері туралы хат жазады.
2) Әр топтан қаламсабы таңдалған қатысушы хатын оқиды
Жинақтау «Жаялық» Қатысушылар жаялық бөлігіне «Әже» туралы қорытынды ой жазады. (аты –жөнін жазу) Ортасына топтың қорытынды шешімі ұсынылады.
Бағалау «3 минуттық үзіліс»
Менің……………туралы көзқарасым өзгерді……………………
Мен…………жайлы хабардар болдым……….
Менің……….жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы……………………
Мені ……таңқалдырғаны……………..
Рефлексия «Тир» Қатысушылар шебер сынып туралы ойларын стикерге жазып, тирдің суретіндегі түстерге орналастырады
Қорытынды
Жұмысқа уақыт табыңыздар, бұл – табыс шарты.
Ойлануға уақыт табыңыздар, бұл – күштің қайнар көзі.
Ойынға уақыт табыңыздар, бұл – жастықтың құпиясы.
Оқуға уақыт табыңыздар, бұл — білімнің негізі.
Достыққа уақыт табыңыздар, бұл — бақыттың шарты.
Арманға уақыт табыңыздар, бұл — жұлдыздар бөліңіздер
" Дайындал...Назар сал…Оқыңдар! "әдісі
Тыңдаушылар берілген тақырыпты түсіндіруге көмектесетін заттар жинағын алады. Оны топ мимикамен көрсетеді
"Әліпби желісі " әдісі
Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады.
«Соңғы сөзді мен айтайын... » Қатысушылар өздерін қалай сезінгендерін және сабақ жөнінде өз ойларын айтады
Кері байланыс "Почта" әдісі Кері байланыс жасады
"Құпия зат "
Осы зат туралы 5 сұрақ жазыңыз: Тыңдаушылар берілген серттке арнап 5 сұрақ жазады. Оны басқа топтар шешедіҚатысушылар берілген суреттер топтамасымен танысып, жіпке іле отырып, тізбек бойынша әңгіме құрастырады
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
«Де Бононың қалпақтары:
мәтінге/суретке/оқуға ықпал етудің 6 тәсілі» әдісі
Ақ қалпақ - Фактілер
Менде қандай ақпарат бар? Білетіңізді ғана жазыңыз.
Сары қалпақ - Позитив
Жағымды тұстары қандай болды?
Оның артықшылығы қандай?
Маған не ұнайды?
Оң тармақтарын жазыңыз.
Қара қалпақ - Жағымсыз
Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?
Қандай проблемалар бар?
Маған не ұнамайды?
Жағымсыз тармақтарды жазыңыз.
Жасыл қалпақ - Креатив
Көк қалпақ - шолу
Мен не аштым?
Тағы не ашылған жоқ?
Мен оны қалай аша аламын?
Қатысушылармен амандасу
Танысу. « Карусель»
Топқа бөлу
(сөйлем құрастырады)1,2 сандары бойынша екі топқа бөлінеді.
2-топ ішке бетке орналасады. Бір-біріне шеңбер құра беттесіп қарап тұрады. Айнала жүріп, бір-бірімен танысады.
Сөйлемдер құрастыру арқылы бес топқа бөлінеді
Жеңімпаз аю
Аю,түлкі, қасқыр - үшеуі бірге жарысты. Қорбаңдаған аю араның ұясын бұзып кетті. Аралар қорбаңдаған аюды қатты шаға бастады. Араларға таланған аю тез тез жүгірді. Сөйтіп, аю түлкі мен қасқырдан озып кетті
«Хат » әдісі.
3 конвертін ішінде 10 сөз жазылған парақшалар. Әр топтан бір мұғалім таңдап, сыртқа шығарамыз. Жеке- жеке шақыра отырып, конверттің 1-еуің таңдап алдырып, ішіндегі сөздерді бір- бірімен ұйқастырып, сөйлем құрастыру. Әңгіме бір мәтінде болуы керек.
Қ
орытынды
Топтық жұмыс. « Жасырын бейне » әдісі.
Алдарына берілген фотодан жасырылған бейнені мұқият қарап, топпен табу
Алдарына берілген фотодан жасырылған бейнені мұқият қарап, топпен табады.
Рефлексия «Теледидир»
Берілген смаиликтерден өз эмоцияларын білдіретін суретін қиып теледидарға жабыстыру.
Қатысушылар рефлексия береді
«Сұраққа жетіп ал» әдісі
Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші топ – сұрақ қояды, 2-ші топ сол сұраққа жауап береді
«Кластер» әдісі
Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер)
«Фишбоун» әдісі (постерде)
Жапондық профессор Исикава бойынПостерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
«Үштік» әдіс
(Ойлан, жұптас, бөліс) Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
SWOT — талдау
Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.
«Кейс – стади» әдісі
Жұмысты жүргізу үшін бір жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.
«Кинометафора» әдісі
Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.
«Сұрақ ілмегі» әдісі
Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.
«Эйлер шеңбері» әдісі
Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады. 1-ші топ – өлең шығару, 2-ші топ – эссе жазу, 3-ші топ – суреттеу, 4-ші топ – сахналық көрініс, 5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.
«Бес саусақ» әдісі
Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»— бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
«Желпуіш» әдісі
Саймон Браунхилл бойыншаА-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен идеялар жазылады, кейін талқыланады.
«МИКС» жаттығуы
А.Ж.Егизбаев бойыншаТақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады. 1-ші топ – өлең шығару, 2-ші топ – эссе жазу, 3-ші топ – суреттеу, 4-ші топ – сахналық көрініс, 5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген