400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер. «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқудың мәні»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ үдерісіне топтық жұмыстың тиімді әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы оқушыларды пәнге қызықтырып, ойлануға, пікірлерін жүйелі жеткізе білуге үйрету арқылы мектептің білім сапасын көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқудың мәні»

тақырыбындағы коучинг сессия жоспары

Байсугурова Рахат Жаксимуратовна

Тақырыбы

«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер. «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқудың мәні»


Мақсаты

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.«Ынтымақтастық» және «бірлескен оқудың» мәні туралы мәлімет беріп, тиімділігін айқындау.


Күтілетін нәтижелер

Оқыту үрдісінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқудың» мәні туралы мәлімет алады, тиімділігіне көз жеткізеді.


Негізгі идеясы

«Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» , топтық жұмыс .


Құрал-жабдықтар

Флипчарт қағаздар, маркерлер, стикерлер(түрлі түсті), тапсырмаларды орындауға арналған қағаздар, бейнеролик. Т.б.




Өтілу барысы

Кезеңдері

Уақыт

Коучтың іс- әрекеті

Коучингқа қатысушылардың іс- әрекеті

Сәлемдесу (эмоционалдық көңіл-күйді қалыптастыру)

3 минут

Коуч көтеріңкі көңілмен сәлемдесіп, сәттілік тілейді.

Коучинг қатысушылары бір - біріне сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

5мин

«Атом»,«Молекулалар» ойынының шартын түсіндіреді.

Топқа бөледі

Коуч: қатысушыларға өздерін атомдар деп сезініп, үнемі қозғалыста болып, молекулаларға бірігуді көрсетеді.

Барлық қатысушылар коучтың сөзі бойынша

2,3,4,5,6 болып молекулаларға бірігуі керек.

.

Ой, қозғау

7 мин

Бұл ойын қандай мақсатпен қолданылды деп ойлайсыздар?

Коучинг қатысушыларының пікірін тыңдау. Коучинг тақырыбын ашу.

Конструкция әдісі

5 минут

SMS хаттардағы сөйлем бөліктерін құрастыруларын сұрайды.

Сөйлемнің бөліктері арқылы толық сөйлем құру, яғни логикалық тізбек құрау.( Шатасқан логикалық тізбек әдісі)Коучингтің мақсаты жазылған хаттарды оқып,мақсатын анықтайды.

Видео ролик көру

«Мықты ұжым»

5 минут

Бірлескен жұмыстың тиімділігіне байланысты видео ролик көрсету.

Видео роликтен алған әсерлері мен өз ойларын қысқаша шағын топта талқылайды.

Топпен жұмыс


15мин

Әр топ берілген сұрақтар аясында постер құрастырады.

  1. Топты ұйымдастыру ережелері. Топтың мүшелерінің саны нешеу болуы мүмкін? Неліктен?

  2. Топта жұмыс істеу ережелерін визуалды көрсету.

  3. Топ жұмысында мұғалімнің ролі қандай?

  4. Топпен жұмыстан қандай нәтиже алуға болады?

  5. Топпен жұмысты қалай бағалауға болады?

Тыңдалым

10 минут

«Құс тұмсық» арқылы спикерді анықтайды.

Спикерлер құрастырған постерлерін қорғайды.

Теориялық материалдар

8 минут

Таныстырылым. «Ұжымдық» және «Бірлескен жұмыс» мақсаты жөніндегі түрлі анықтамалар)

Коучинг қатысушылары топтағы өз жұмыстарымен теориялық материалдарды сәйкестендіреді.

Бағалау

5 минут

« Екі жұлдыз, бір тілек» жазады.

2 жұлдыз, бір тілек арқылы топтардың жұмыстарын бағалайды. Постерларына жапсырады.

Сергіту сәті

2мин

«Қара жорға» биіне билету

Би билеп, қимылдарды қайталап, сергіп алу.

Топпен жұмыс

12 минут

Топтық жұмыс барысында дамитын дағдыларды ролдік ойын арқылы көрсету.

1 топ: Топтағы қарым – қатынас

2 топ: Топта өзін –өзі таныту

3 топ: Топта басқаларды қолдау

4 топ: Топ жұмысын бақылау.

Видео ролик көру

«Қаздар сабағы»

Милтон Ольсон

5 минут

Жабайы қаздардың өзара топтық, ынтымақтастық жайлы бес сабағымен таныстырады.

Жабайы қаздардың ұшу кезіндегі өзара топтық, ынтымақтастық пен бірлескен әрекет етуінен бес сабақ алады.

Коучинг сессияның қорытындысы

5 минут

5+5+1 әдісі бойынша қорытынды жасау

  • Бүгінгі коучинг сабағы бойынша 5 сөйлем жазады;

  • Ол сөйлемді 5 сөзге қысқарту керек;

  • Бір сөзге қысқарту.

Кері байланыс

3 минут

Себет/жасыл түс/,еттартқыш /сары түс/,қоқыс шелегінің /қызыл түс/
суреттерін есікке жапсыру.

Коучинг қатысушылары толық түсінген болса себетке жасыл стикерді, әлі жетілдіруі керек болса сары түсті стикерді, түк түсінбеген болса қызыл түсті стикерді жапсырулары керек.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
764
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі