400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН





АЛҒЫ СӨЗ



Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. Бұл жинақта осыны басты назарда ұстап, соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдіс-тәсілдердің біршамасының басын қосып беруді мақсат тұттық. Әрі пайдалануға жеңілдік тудыру үшін әдіс-тәсілдердің атауын алфавиттік ретпен орналастырып шығуды жөн санап отырмыз.

Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.

Сөз басын талантты педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаева апайымыздың айтып кеткен ұстаздық жауһар жазбаларынан үзінді келтіре отырып бастауды жөн санап отырмыз. Тағылым берер, ұстаздық жолдың ұлағатын сездірер алтын көмбе – ой орамдары кез келген ұстазды бей-жай қалдырмасы анық. Әрі осы жинақтағы әдіс-тәсілдерді мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар, әр сабағына шығармашылықпен пайдаланып, түрлендіріп жүргізуіне түрткі боларына үміт арттық. Сонымен:

«Ең жақсы өткен сабақтың қай жерден, қалай аяқталатынын күні бұрын білмейсің. Бұл сабақты шәкірт пен ұстаздың бірлескен ізденісі деуге болады. Сабақтың барлық жағдайын алдын ала жоспарлап қою шәкірттің еркіндігіне шідер салумен бірдей.

Шәкіртке «екі» қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. «Екілік» - өзіңе қойған бағаң. Өзіне талап қоюға ерінген мұғалім балаға талап қойғыш болады.

Бала әділетсіз жазалаудан, үздіксіз ескерту жасай беруден не істерін білмей, өзіне-өзі сенімсіз болып, жүйке ауруына ұшырайды.

Мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілік әр адамның туғаннан жаратылысы бөлек, адамның туғаннан өзіне ғана тән табиғаты бар екенін мойындамаудан шығады. Баланың мінезін өзгертемін деуге болмайды, мінезінің жақсы жақтарын байқап, дамытуға ғана болады.

Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! Бірақ тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді – тәртіпті қылу деп ойлаймыз.

Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан, қажетті жерде шулата білген сабақ қызық.

Кісімен қарым-қатынас мәдениетін отбасынан сіңіре алмаған балаға мектепте де, өсіп, кісі болғанда да мақсатына жету қиын. Ол баланы мұғалімі өте сезімталдықпен жетектеуі қажет болады. Сүйкімсіз баладан, ертең айналасына қадірсіз адам шығуы мүмкін.

Тіл алмайтын ызақор бала кемшілігін бетіне баса беруден шығады.

Шәкірттің сеніміне кіру қиын. Ол үшін шәкіртке әуелі өзің сенуің керек болады.

Ежелгі гректер даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады деп есептеген.

Баланың қайғысы мұғалімнің жақсы оқитын және жаман оқитын бала деп бөлуінен басталады. Осыдан кейін баланың рухани дүниесі тек бағамен өлшенеді.

Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.

Өзі білетін адам ғана басқаны білдіре алады.

Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.

Педагогикалық өрістетпейтін нәрсе: «Анау керек емес, мынау керек емес» дейтін шектеу. Керегі: ізденіс, ізденіс.»

Ал 30 жылдан аса педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз ретінде менің әріптестеріме айтарым: "Дәрігер адам тәнін емдесе, мұғалім адам жанын емдейді.

Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек.

Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім – бақытты.

Әр сабақтың қайталанбас тағдыры бар.

Жеке басыңның проблемасы үйіңнің босағасында қалсын.

Сабақтағы әдісті «менікі» деме, «біздікі» де.

Балаларға сабақ үйретудің жаңа әдісін тапсаң, әріптестеріңмен бөлісуге асық. Себебі бәріңнің «илеп жүргендерің бір терінің пұшпағы». Сенің бөлігің жұмсақ болғаннан дұрыс дүние құрастырылмайды.»

Ендеше, ізденіске жетелейтін, ізденгенге көмекші құрал болар әдіс-тәсілдер қоржынынан шыққан дүниелер кәдеңізге жарасын!

«А Ә Б В»

Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.

1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;. 2-қадам керісінше. 3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.

«А,В,С»

А - сұрақ қояды.

В - жауап береді.

С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.



«Айдаһар»

Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.

«Айқын мақсат қоя отырып»

-  Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.

  • -  Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.

  • -  Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).

  • -  Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.

  • -  Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.

«Айна»

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

  • «Айналмалы бекеттер»

  • Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.

«Аквариум» әдісі

  • «Аквариум әдісі» - балаларға мәселені «қоғам алдында» талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен рөлін атқарады. Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.

  • Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.



«Ақындар мен жазушылар»

  • Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.

«Алдын-ала берілген атаулар»

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.

Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады. Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез, жасуша, хлорофилл, терезе» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара қатысы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.

  • «Алма, шие, өрік, банан»

  • Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.













































Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері Автор: Жайлауова Манат Кенесовна Рубрика: Спецвыпуск Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г. Дата публикации: 20.04.2015 Статья просмотрена: 12814 раз Скачать электронную версию Скачать Спецвыпуск 2 (pdf) 2 Библиографическое описание: Жайлауова М. К. Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 25-27. — URL https://moluch.ru/archive/88/17452/ (дата обращения: 24.03.2019). Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды. Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді: - коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі; - ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді; - жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді; - командада жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді. Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді. Интербелсенді оқыту технологиялары мыналар: 1.                 Жұппен жұмыс. 2.                 Ауыспалы үштіктер. 3.                 Әткеншек. 4.                 Шағын топтардағы жұмыс. 5.                 Аквариум. 6.                 Аяқталмаған сөйлем. 7.                 Миға шабуыл. 8.                 Шешімдер ағашы. 9.                 Рольдік (іскерлік) ойындар 10.             Пікірталас. 11.             Дебаттар[1]. Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады: - топтық оқыту;  - фронтальдық оқыту; - ойын барысында оқыту; - пікірталас барысында оқыту. Топтық оқу әрекеті - оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға, әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады. Фронтальдық интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: «Микрофон», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Миға шабуыл», «Оқи отырып, үйренемін». Ойын барысында оқыту әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жатады.Пікірталасқа оқыту әдісі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетінің маңызды тәсілі, өйткені пікірталас – даулы мәселені көпшілік алдында кеңінен талқылау. Бұндай әдістерге «Ток-шоу», «Пресс» әдісі, «Бағытыңды таңда» әдістері жатады. Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс: - бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану; - оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу; - әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу; - бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану. Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ сегіз кезеңнен тұрады: 1.Мотивация. Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет. 2.Мақсат қою. Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағытталған етуге мүмкіндік береді.Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді. 3.Жаңа ақпарат беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді.Бұл кезеңді миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Бұл сөз Сізде қандай ассоциация тудырады?», «Бұл сөзбен қандай ұғымдар байланысты?». Интербелсенді жаттығулар. Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс. 1. Жаңа өнім. Оқушылар игерген ақпараттың көлемін есепке ала отырып, олардың өз қорытындылырын жасауына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалады. 2. Рефлексия кезеңінде оқушылар жасаған әрекеттің қорытындыларын шығару көзделеді. Бұл кезең оқушыларға жаңа игерілген білімдерді бөліп көрсетуге және қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді.Рефлексия кезінде төмендегі сұрақтарды қоюға болады: - Не қатты ұнады? - Нені үйрендіңдер? - Келешекте бұл білімдер қандай пайдаға асады? - Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады? Қойылған сұрақтар оқушыларға сабақта болған нәрсенің ең бастысын, жаңасын бөліп көрсетуге, бұл білімдердің қайда, қалай және қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі. 1.                  Бағалау. Бұл интербелсенді режимде жұмыс істейтін мұғалім үшін күрделі мәселе болып табылады. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Бағалауда мынадай қатынасты қолдануға болады: топтың әрбір мүшесі әрқайсысын бағалайды, яғни әр жолдасына бағалау парағына баға қояды. Мұғалім парақтарды жинап алып, орташа баллды есептеп шығарады. Оқушылар жұмысын өзіндік бағалауды да қолдануға болады. 2.                  Үй тапсырмасы. Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан кейін игерілген материалды шығармашылықпен қайта қайта қарауға мүмкіндік жасайтын тапсырмалар беріледі: шығарма жазу, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру және т.б. [2]. Интербелсенді сабақта мұғалім оқушылар әрекетін сабақ мақсаттарына жетуге бағыттап отырады. Диалогқа қатысу тыңдай білуді ғана емес, ести білуді де, сөйлей білуді ғана емес, түсінікті бола білуді де талап етеді. Интербелсенді әдістер оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен мінезқұлықтарына төзімділікті тәрбиелеу маңызды. Интербелсенді оқытуды жұптық жұмыстан бастаған жөн. Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма. Жұпта оқушылар бірін- бірі тексере алады, жаңа материалды бекіте, өтілген материалды қайталай алады. Қазақ тілі сабақтарында төмендегі тапсырмалардың түрлерін пайдалануға болады: Ауызша жұмыс. 1.                  «Интервью-таныстық» ойынын 3-сыныптағы алғашқы сабақтардың бірінде өткізген дұрыс.Әр оқушы өзінің парта бойынша көршісімен әңгімелеседі, содан соң ол жайлы бүкіл сыныпқа айтып береді (немен айналысқанды жақсы көреді, нені оқығанды жақсы көреді). Ойын сыныптың портретін жасауға, оқушылардың коммуникативтік біліктерінің қалыптасқандық деңгейінің бастапқы диагностикасын өткізуге көмектеседі. 2.                  Ережені өзара тексеруді жүзеге асыру (ауызша сұрау). Оқушы парта бойынша көршісіне ережені айтып береді, мысал келтіреді, оларды түсіндіреді. Содан соң оқушылар рөлдерін алмастырады, бірін-бірі бағалайды. Мұғалім кез келген жұптан сұрай алады. Жазбаша жұмыс 1. «Көршіге арналған сөздік диктант». Үйде балалар өткен ережеге сәйкес сөздік диктант құрастырады (жекелеген карточкаға). Жоғарғы жағына «Құрастырған…» деп жазады. Содан соң оқушылар сабақта карточка алмасады, тапсырманы орындайды, төменге «Орындаған…» деп жазады. Күні бұрын мұғалім қанша сөз болуы керек екенін айтады. 2. Балаларға үйде орындау үшін шығармашылық сипаттағы тапсырма беріледі  (эссе, шығарма, ертегі жазу). 3. Сабақтың басында немесе аяғында сөздік диктанттарды, үйге берілген жаттығуларды өзара тексеруді ұйымдастыруға болады. Сабақтың алғашқы бес минутында дәптерде жіберілген қателердің ізімен өзара диктант өткізген дұрыс.Балаларға жұппен жұмыс істеген қатты ұнайтынын атап өткен жөн[3]. Сонымен, интербелсенді оқытуды пайдалану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рольдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесе шешуді көздейді.   Әдебиеттер: 1.      Бесова, М.А. Познавательные игры для младших школьников от А до - Иркутск, 2004. -272 с. 2.      Загурская, Е.Л. Использование активных форм и методов обучения в работе с младшими школьниками -Мозырь, 2006. – 58 с. 3.      Кашлев, С.С. Интерактивные методы обучения педагогике. - Минск., 2004.

Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:
Жайлауова М. К. Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 25-27. — URL https://moluch.ru/archive/88/17452/ (дата обращения: 24.03.2019).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.04.2019
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі